Тыныс алу жүйесі ауруларының алдын алу.
Тыныстану жүйесі ауруларынан сақтандыру шаралары мал түрлерін, шаруашылық бағытын және табиғат пен климат жағдайларының ерекшеліктерін есепке алу негізінде жүргізіледі. Сақтандыру шараларын жоспарлағанда, малды бағып-күту бағытында зоогигиеналық нормативтерді және сапалы азықтан- дыруды бұзбау үшін шаруашылық-ұйымдастыру және ветерина- риялық-санитарлық әрекеттер жан-жақты қамтылуы керек.
Мал қораларын саларда малдәрігерлік мамандар малға суық тигізбейтіндей жағдай жасалуын: жергілікті жердегі желдің негізгі бағытын есепке ала отырып қораның орнының дұрыс таңдалуын, сазды, балшықты, ойпат, су тасып төгілетін жерлерге қора салдырмауды т.б. міндетті түрде қадағалауы керек.
Малды қоныстандырғанға дейін қораларды жөндеп, жабдық- тап, желөті тумайтындай, температурасы тәулік ішінде күрт өзгермейтіндей жағдай жасайды. Қораларда, әсіресе шошқа қорасында ылғалдың артық жиналуына жол бермейді. Ол үшін, істеліп тұрған вентиляциямен қатар, үнемі жылытуды нұсқауындағы көрсетулерге сәйкестендіріп пайдаланады. Қораларда зиян газдардың және микробтардың жиналуын азайту үшін канализация жүйесі жұмыстарын дұрыс істетіп, нәжістерді дер кезінде шығарып тұрады. Малды, әсіресе төлдерді жылынбайтын асфальт не цемент еденге төсенішсіз жатқызбайды. Мал дем алатын жердегі цемент еденге ағаштан төсеніштер не жаймалар төсейді. Төсенішті жүйелі түрде ауыстырып тұрады. Жаздың ыстық күндері малды қалқада не ауа алмасуы күшейтілген қораларда ұстайды. Жылы қораларда тұрған малды жылы сумен суарады.
Аурудан сақтауда, қораларда және мал серуендейтін жерлерде шаңды азайтудың не болдырмаудың маңызы зор. Ол үшін ферманың, кешеннің маңын қөгалдандырады, айналасына ағаш отырғызады. Ыстық күндері, малды шаңды жолдармен айдамайды. Сусымалы жемдерді (шардәрі, шөп ұны, топан т.б.) мал жете алмайтын жеке бөлмеде сақтап, азықтандырудың алдында ылғал- дандырып барып береді. Шөп ұнын түйірге (гранулаға) айналдырып берген жөн.
Организмнің суыққа деген жалпы қарсылығын көтеру үшін малды сырттағы суықтың әсеріне серуендету және жаздық лагерьге ұстау арқылы бірте-бірте үйренуін ұйымдастырады.
Тыныс алу жүйесін аурудан сақтандыру шараларының кешенінде организмнің жалпы табиғи қарсылық күшін иммуно- биологиялық тұрақтылығын көтеру жолдары еске алыну керек. Осы мақсатта малды сапалы азықпен азықтандыру, рационға вита- миндер, минералды заттары бар күрделі қоспалар қосу ескеріледі және гамма-полиглобулиндер, гидролизиндер, лизоцим т.б. заттар пайдаланылады.
Сақтандыру шараларының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін шарттың негізгісі болып - жоспарлы түрде диспансеризация өткізу және уақыт талабына сай келетін анықтау әдістерін пайдаланып мезгіл-мезгіл ветеринарлық тексерістер жүргізу болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |