Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет3/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Іріңді пневмония.



Іріңді пневмония - өкпеге бактерия қоздырғыштарын организмнің басқа ағзалары мен ұлпаларынан әкеліну салдарынан оның бөлшектеніп қабынуы. Көбінесе қойлар және жылқылар ауырады.
Себептері. Метастазды пневмония, көп жағдайларда, кейбір індетті, гинекологиялық және хирургиялық аурулардың асқыну барысында организмнің жалпы қарсылық күшінің әлсіреуінен пайда болады. Дамуы. Қабыну ошағынан өкпелерге індет қоздырғыштары қан не лимфа жолдары арқылы келіп түседі. Өкпелерде іріңді және іріңді-шірімелі қабыну бөлшектері (метастаздар) пайда болып, олар бірнеше тәуліктер ішінде бір-бірімен қосылып үлкен ошаққа айналады. Егерде дерт тез арада үдемелі түрде дамыса, онда ауру малдар тұншығудан не сепсистен тез арада-ақ өліп қалады.
Симптомдары. Ауру жіті түрде және ауыр өтеді. Аурудың жалпы күйі кенеттен күрт нашарлайды, дене қызуы қалыптағыдан 2-3°С дейін көтеріліп, сол бойы біраз уақыт өзгермей тұрады. Метастаздар үдегенде мал қатты ентігеді, солғын жөтел пайда болады, өкпелерінен қатаң тыныс алу дыбысы және ылғалды сырылдар естіледі, перкуссия кезінде, метастаздың сырттау орналасқан жерлерінде шектелінген күңгірт бәсеңдеу дыбыстар анықталады. Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің әлсіздік белгілері: тамыр соғуының жиілеуі, оның қанға толуы мен толқынының бәсеңденуі, жүрек түрткісінің тарсылдауы, жүректің систолалық функционал- дық шуылының пайда болуы, екінші сазының күшеюі, кейбір малдың тері астының клетчаткасының, төсасты және аяқтарының ісінуі т.б. тез дамиды.
Балау. Ауруға тән клиникалық белгілері мен анамнезіне (организмде індетті ошақтың барлығы) негізделеді. Қанын тексергенде ЭШЖ артады, нейтрофилді лейкоциттер көбейеді, эозинофильдер азаяды. Рентгенмен зерттегенде метастаза болған жерлерде қарауытқан жаңа ошақтар анықталады.
Емі. Микробтарға қарсы дәрілер ретінде жоғары мөлшерде антибиотиктер не сульфаниламидтер қолданады (крупозды пневмонияның емін қараңыз). Қан тамырына тәулігіне 2-3 реттен глюкозаның гипертоникалық ерітіндісін, кальций хлориді, гекса- метилентетрамин енгізеді. Ем кешенінің ішінде хирургиялық және гинекологиялық әдістерді де пайдаланып зақымдалынған іріңді ошақтарды емдейді (жараны тексереді, іріңді ошақты жарып аузын ашады, жатырды спринцовка арқылы жуып-шаяды, шуын ажыратады т.б.). Сақтандыру шаралары малдарды, іріңді-септикалық процесс- термен қатарласып өтетін індетті, хирургиялық және гинеколо- гиялық ауруларға шалдықтырмай, ал шалдыққан жағдайда дер кезінде кәсіпті көмек көрсетуге негізделеді. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет