Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Пиелит. Пиелит (Pyelitis)



бет53/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Пиелит.



Пиелит (Pyelitis) - Бүйрек астаушасының кілегейлі қабығының қабынуы; өз бетінше өте сирек кездесетін ауру. Бүйрек астаушасының қабынуынан бүйректің немесе қуықтың қабынуы туындайды. Қабыну жиі катаральді-іріңді немесе іріңді-некрозды болады. Пиелит жиі ірі қара малда және итте, сирек шошқа мен жылқыда кездеседі. Пиелит негізгі және туындаған болады.
Себептері. Пиелиттің себептері пиелонефрит сияқты инфекциялық болады. Қабынуға мүмкіндік туғызатын несеп жолында, қуықта жіті және созылмалы несептің кідіруінен несептің ыдыраған өнімдері бүйрек астаушасын тітіркендіреді. Пиелиттің пайда болуында бүйрек тастары мен гельминттер аз роль атқармайды.
Симптомдары. Аурудың жеңіл жағдайында малдың жалпы күйі өгере қоймайды. Кейде белгісіз ауырсыну болады және дененің қызуы көтеріледі, кейде ол 40-41°С жетеді. Ауру дамыған сайын малда күйзелу байқалады, ол мазасыздануымен ауысып отырады. Бүйрек астаушасындағы ауырсынудан мал жиі несеп бөледі. Мал жиі күшенеді, ал бірақ несеп аз бөлінеді. Ірі малды тік ішек арқылы зерттегенде, ал ұсақ малдың бүйрегін сырттан сипап көргенде бүйрек ауырсынады.
Несептің құрамында кілегей, ірің және белок көп; оны тұндырғанда құрамында лейкоциттер, микробтар, эпителиальді жасушалар, триппельфосфаттың кристалдары немесе несеп қышқылды аммоний, ал кейде фибринозды пленкалар және астаушаның үзіліп түскен кілегейлі қабығы бар тұнба түседі.
Өтуі. Ауру жіті және созылмалы болуы мүмкін. Созылмалы өткенде мал азады, өнімділігін жоғалтады. Ауру жеңіл өтеді, егерде қабынудан бүйрек бос болса.Егерде нефрит қосылса, онда ауру асқынады және жиі өлімнің себепкері боады.
Балау. Клиникалық симптомдар және несепті зерттеу қорытындыларына байланысты қояды. Пиелиттің ең өзіне тән симптомдары, ол бүйректің сезімталдығының күшеюі және бүйрек астаушасының флюктуациясы, ылайсаң несеп, ұзақ мерзім тұнбайды, құрамында белок көп лейкоциттер бүйрек астаушасының эпителиі бар. Пиелитке диагноз қойғанда қуықтың қабынуын жоққа шығару керек. Пиелонефритте несепте бүйрек эпителиі және цилиндрлер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет