Себептері. Аурудың себептері аяғына дейін зерттелмеген. Аурудың тууы мен өтуін клиникалық бақылау арқасында оның табиғаты инвазиялық (трипаносомдар, кокцидиоздар, гельминт- тер, буынаяқтылар), инфекциялық (микрококктар, клостридий- лер, эшерихиялар, лептоспирлер) және микотикалық (аспергиллез) аурулар себепкер екендігін дәлелдейді.
Симптомдары. Ауру ошақтарында 2 жастан жас мал ауы- рады. Аурудың бастапқы кезінде малдың жалпы жағдайы және несеп бөлу жүйесі жағынан айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың негізгі белгілері - ашық-қызғылт түсті несеп бөлу, ол өзгермейді, әсіресе қан қоспасы несеп бөлудің ең соңында бол- са, ауру малдың несебінің түсі әртүрлі дәрежеде болады: бо- зғылт-қызғылт түстен, ашық-қызыл түске дейін. Қанды несепті 4бөлу мезгіл-мезгіл болуы мүмкін (бірнеше күннен айға дейін), ремиссия (ауру белгілері білінбейді) мен рецидив (аурудың қай- талануы) кезектесіп отырады. Ауру үдеген мезгілде несеп бөлу тәулігіне 20-25 ретке дейін жиілейді, несептің түсі тек қан түстес ғана емес, оның құрамын- да ұйыма болады. Мұндай кезде несеп шығару өзегі (несепағар) бітеліп қалуы мүмкін. Ауру ұзақ мерзімге созылған кезде мал күйзеледі, көзге көрінетін кілегейлі қабаттары бозғылт, қан қысымы барынша төмен, тахикардия, жүрек саздары көме- скіленеді, кейде эндокардиальды шуылдар естіледі.
Балау. Клиникалық және несепті зерттеу нәтижелеріне не- гізделіп диагноз қояды. Олардың негізгісі: ұзақ мерзім микро және макрогематурия және анемия. Аурудың аумақтылығы мен жергіліктілігін ескереді. Созылмалы гематурия қызбасыз өтеді, жыл мезгіліне байланыссыз болады. Негізгі белгі гемаглобину- рия емес гематурия, қанпаразитарлы аурулары мен лептоспиро- здан өзгешеленеді. Уроцистит пен несеп тас ауруы жіті өтеді, оларда гематурия әлсіздеу, несеп тұнбасында тұздардың көптеген кристалдары бар. Қызбаның болмауы нефриттерді жоққа шыға- рады (нефритте - цилиндрурия болады), несепте эпителий жасу- шалары болады және бүйректің ауырсынуы байқалады.
Емі. Ірі азықтармен азықтандырады. Малдың жағдайы минералды заттар бергеннен жақсарады (тәулігіне 1 басқа: натрий хлоридін - 40 гр; трикальцийфосфатын - 0,04; кобальт сульфатын - 0,02; никель нитратын - 0,08 г), сонымен қатар қан түзетін ағ- заларды серпіндіретін ем қолданады (қан немесе қан плазмасын құю, камполон, темірі бар препараттар). Бірақ асқынған жағдайда ем нәтиже бере бермейді.
Сақтандыру. Ауру шыққан жерлерде жайылымдарды жақ- сартады (әкпен, органикалық және макро-микро тыңайтқыштар- мен өңдеу), малға минеральді қоспалар береді, ауру малды дер кезінде анықтау, несептің тұнбасын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |