Гепатит.
Гепатит (Hepatitis) – бауырдың диффуздық сипаттағы қабынуы; осы кезде гиперемия, айқын білінетін бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі жасушалық инфильтрация, дистрофия, гепатоциттер мен өзге құрылымдық элементтердің некрозы мен лизисі белгілері байқалады. Орган паренхимасының қабынуы түрінде өтетін жедел (паренхиматозды) және орташа дәрежедегі фиброз бен қабыну-дистрофиялық ұдеріспен сипатталатын созылмалы гепатитті айырады.
Этиологиясы. Оның байқалу себебіне инфекцияларды, патогенді қарапайымдыларды (протооз) және уыттық заттардың әсерін жатқызуға болады. Бауыр қабынуы лептоспироз, сальмонеллез т.б. бактериалдық аурулар кезінде байқалады. Гепатитті экзогенді және эндогенді улар, патогенді сағырауқҧлақ уыттары, химиялық заттар, люпин мен ӛзге ӛсімдік алкалоидтары, картоп соланині т.б. тудырады.
Симптомдары. Гепатит кқбіне негізгі инфекциялық немесе инвазиялық аурудың салдары түрінде байқалады, сол себептен симптоматикасы негізгі ауру және бауыр синдромдарынан құралады. Жалпы симптомдар ішінде күйзелу, тәбетінің төмендеуін немесе жойылуын, дене температурасының жоғарылауын, бауыр кӛлемінің ҧлғаюын және капсуласының тартылуы салдарынан қатты ауырсынуды бӛле-жара атауға болады. Бауыр (паренхиматоздық) сарыауру синдромы айқын білінеді: диспепсия тҥріндегі бҧзылыстар, тері қышынулары, қасынулар, кілегейлі қабаттар мен терінің пигменттелмеген бӛліктерінің қарқынды сары тҥске боялу белгілері, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы. Несеп қоңыр тҥсті, себебі бҥйректер билирубин мен уробилиноген бӛледі.
Диагнозы. Анамнез деректерін, клиникалық және зертханалық зерттеу нәтижелері ескеріледі.
Ағымы мен болжамы. Себептерін уақытында жойғанда, тиісті ем қолданғанда сауығу орын алады. Жіберіліп алған жағдайларда жедел гепатит созылмалыға ауысады, ал ол ӛз алдына бауыр циррозына ауысуы ықтимал.
Емі. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастайды, майлы азықты аз беруге тырысады, жақсы витамині мол пішен, астық тұқымдастарының концентраттарын, жарма быламықтарын, тамыр түйнектілер немесе картоп беріледі. Жайылым кезеңінде қҧрамында нитраттары мен нитриттері аз жасыл азықтарды кӛп беруге тырысады. Қантқа бай азықтар берілуіне шектеу қойылады, себебі олар бауырда липогенездің кҥшейуін тудырады. Медикаментоздық емді қатаң регламенттеу керек, себебі патологиялық ҥдерістерді ушықтырып алу және бауырдың жасушаларына медикаменттерді қосымша залалдау тұрғысынан жҥктеме тҥсу қауіпі бар. Терапиялық зат ретінде негізінен бауыр ҧлпаларында алмасу ҥдерістерін жақсартатын – гепатопротекторлар мен қабынуға қарсы және иммунодепрессивтік әсердегі препараттар қолданылады. Гепатопротекторлар ретінде А, Е, С, В1, В2, В12 витаминдерінің препараттарын, Лив-52, липой қышқылын, эссенциале т.б. тиісті мӛлшерлемеде қолданады.
Профилактикасы. Жалпы және арнайы шаралар инфекциялық және инвазиялық ауруларға жол бермеуге, сондай-ақ, оларды уақтылы емдеуге бағытталады. Бҥлінген, сапасыз, улы азықтарды пайдалануға мүлдем жол берілмеуін қатаң бақылауға алады.
Достарыңызбен бөлісу: |