Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет75/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Аурулар-Ветеринария

Қандыдақ ауруы.

Қандыдақ ауруы (Morbus moculosus) - кілегейлі қабаттар,тері, тері асты шелі, бұлшық ет және ішкі ағзалардың симметриялық ісініп, әрі қанталаумен сипатталатын аллергиялық ауру.
Бұл ауру жазғытұрым жаз айларында көбінде жылқы малында, сирегірек қара малда, шошқа және итте кездеседі.
Себебі. Қанталап ісіну ауруы сақау, пневмония, жоғарғы тыныс ағзалардың қабынуы, жауыр, дұрыс пішпеу т.б. зардабынан пайда болады. Кейде шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалардың шағуынан кейін де пайда болады деген деректер бар.
Сиырларда ол пневмония, желінсау, эндометрит, вагинит ауруларымен ауырғаннан соң кездеседі. Шошқа тілмесінің көгерген (теңбілді) түрінде, энтеротоксемияда, иттерде оба, кейбір гельминтоздармен ауырғаннан кейін байқалады. Бұл аурудың пайда болуына көмектесетін жағдайға температураның кенет өзгеруі, ішек, бауыр аурулары және С, Р гиповитаминоздар жатады.
Дамуы. Бұл аурудын даму негізінде организмнің гипергиялык реакциясының маңызы өте зор. Ол аллергияның жедел (деpey) түрінде дамиды. Осы кезде тамыр қабырғасынын өткізгішті- ri жогарылап маңайындағы ұлпаларға плазма мен эритроциттер шығады. Сөйтіп ісіну мен қанталаулар пайда болады.
Симптомдары. Ауру малдың дене кызуы көтеріліп, көңіл- күйі сылбыр, азықты қабылдауы, шайнауы, жұтуы қиындайды. Жүрек соғысы мен тыныс алуы жиіленеді. Ауруға тән белгілерге танау клегейлі қабығында, коньюнктивасында, анусында, пиг- ментсіз терілерде нүктелі және теңбілді қанталаулар пайда бола- ды. Кілегейлі қабаттардан қызғылт сұйықтық ағып олар кепкен кезде күрең түсті қабықшаларға айналады. Осылармен бірге бет, мойын, кеуде, құрсақтың төменгі жағында, упек, ұма, желін және аяктарда ісік пайда болады. Ерін, бет, танаудың үсті ісінгендіктен су сиырының (бегемоттың) басына ұқсайды. Ісінген аумақ әуелі Ыстық және ауырады да кейін суып, сезіну қасиеті жойылады. Көбінде ісінген аумак іріңді некрозға айналады. Бұлардан басқа ауырған малда қарын, ішек, бүйрек және т.б. органдардын қабынуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет