Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет11/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

Диагностикалық манипуляциялар.
Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар-жоқтығын, ол сұйықтықтың түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.


Плевра пункциясының техникасы.
Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (йод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды (спирт, йод). Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала стерилизациядан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8-10 см, көлденен қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 7-ші не 8-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдерді өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тап болғаны сезіледі. Плеврадағы сұйықтықты анализге алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет