Дауыс дірілін анықтау.
Сөйлеген кезде дауыс желбезегінің маныңда пайда болған дауыс тыныс жолдарымен тарап келіп, кеуденің дірілін тудырады, ол дауыс дірілі деп аталады. Дауыс дірілін анықтау үшін кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерге екі қолдың алақанын қоямыз, науқасты «Р» әріпі бар сөзді айтуға сұраймыз. Қалыпты жағдайда екі жақта дауыс дірілінің күші бірдей болу керек. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі, әлсіреуі мүмкін.
Дауыс дірілінің күшеюі - өкпе тығыздалғанда (ауасы азайғанда) және қуыс пайда болғанда анықталады (пневмония, өкпе инфарктісі, пневмосклероз, абсцесс пен каверна).
Дауыс дірілінің әлсіреуі - өкпенің эластикалық қасиеті жойылғанда, плеврада сұйықтық немесе ауа жиналғанда кездеседі ( өкпе эмфиземасы, плеврит, пневмоторакс, ісіктер).
Д ауыс дірілін
анықтау
ӨКПЕ ПЕРКУССИЯСЫ.
Топографиялық перкуссияны өткізген кезде перкуссияның жалпы ережелерін және топографиялық перкуссияның ережелерін қатаң түрде сақтау керек. Перкуссияны аурудың тұрған не отырған күйінде жүргізу керек. Топографиялық перкуссияда өкпенің төменгі шегін, өкпе ұшының биіктігін және өкпе шетінің экскурсиясын анықтайды.
Өкпенің төменгі шегін анықтау. Перкуссия жолымен өкпенің төменгі шегі белгілі сызықтар бойынша екі жақтан бірдей анықталады. Өкпенің шегін өкпе (анық) дыбысының бәсең (тынық) дыбысқа айналуына қарай анықталады.
Өкпенің төменгі шекарасын төс жаныңдағы, бұғана ортасы, қолтықтың,
алдыңғы және жауырын сызықтары бойынша анықтау.
Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі
|
Оң жақ
|
Сол жақ
|
Төс жанындағы сызық
Бұғана ортасы сызығы
Қолтықтың алдыңғы “-”
Қолтықтың ортаңғы “-”
Қолтықтың артқы “-”
Жауырын сызығы
Омыртқа жанындағы “-”
|
VI қабырға
VI қабырға аралығы
VII қабырға
VIII қабырға
IX қабырға
Х қабырға
ХI кеуде омыртқасы
|
III қабырға
VI қабырға аралығы
VII қабырға
VIII қабырға
IX қабырға
Х қабырға
ХI кеуде омыртқасы
|
Өкпенің төменгі шегінің төменге ығысуы :
а) қалыпты жағдайда диафрагма төмен ығысуына байланысты кездеседі
(астениктерде, жүктілік кезінде, көп азғанда).
б) патологиялық жағдайда альвеолаларда шамадан тыс ауа көбеюіне
байланысты кездеседі ( өкпе эмфиземасы, бронх демікпесі).
Өкпенің төменгі шегінің жоғары ығысуы :
а) өкпеде дәнекер тін өрбіп өскенде, өкпе бүріседі - өкпе туберкулезінде,
өкпе абсцесінде, экссудативті плевритте кездеседі.
б) құрсақ қуысында қысым көтерілгенде – асцитте, метеоризмда,
семіздікте кездеседі.
Өкпе ұшының биіктігін анықтау.
Өкпе ұшының биіктігін науқастың алдыңғы және арт жағынан анықтайды. Алдыңғы жақтан анықтағанда плессиметр саусақты бұғанадан жоғары, оның орта шетіне параллель орналастыру керек. Жәй перкуссияны пайдаланып, бұғанаға параллель жоғары қарай біртіндеп жылжып отыру керек. Өкпе ұшының биіктігі айқын дыбыстың тынық дыбысқа ауысқан жерінде анықталады.
Қалыпты жағдайда өкпе ұшының биіктігі бұғанадан 3-4 см жоғары тұрады.
Өкпе ұшының биіктігін арт жақтан жоғары жауырын кеңістігінің ортасынан бастап анықтайды. Жәй перкуссияны пайдаланып, ҮІІ мойын омыртқасының қырлы өскініне қарай біртіндеп жылжып отырады. Қалыпты жағдайда арт жақта өкпе ұшының биіктігі ҮІІ мойын не І кеуде омыртқаларының тұсында анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |