Қосымша тыныс дыбыстары.
Сырыл деп бронх ішімен ауаның және секреттің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды (шуды) атайды. Сырыл құрғақ және ылғалды болып бөлінеді.
Құрғақ сырыл – тарылған бронхтан ауа өткенде пайда болатын дыбыс. Ол демді алғанда және шығарғанда естіледі. Құрғақ сырылдың түрлері :
а) ысқырықты – майда бронхтарда пайда болады, жіңішке дыбысты сырыл
(бронхит, бронх демікпесі).
б) ызылды – ірі бронхтарда пайда болады, төмен дыбысты сырыл.
Ылғалды сырыл – бронх ішінде сұйық секрет жиналғаннан пайда болады. Сұйықтық арқылы ауа толқыны өткенде пайда болатын көпіршіктер жарылғанда туатын дыбыс ылғалды сырылға жатады.
Бронхтардың калибріне қарай түрлері :
а)ірі көпіршікті
б)орта көпіршікті
в)ұсақ көпіршікті
Крепитация. Альвеола ішінде аздап сұйық пайда болса, демді сыртқа шығарғанда оның қабырғалары бір-бірімен жабысады. Демді ішке алғанда, олардың бір-бірінен ажырасуынан туатын дыбыс крепитация деп аталады. Қалыпты жағдайда крепитация қарт адамдарда кездеседі.
Крепитация кездеседі - крупозды және ошақты пневмонияда, өкпе шеменінде, ателектазда, созылмалы жүрек әлсіздігінде.
Крепитацияның ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдан айырмашылықтары :
Крепитация тек демді ішке алғанда ғана естіледі, сырыл демнің екі фазасында да естіледі.
Крепитация жөтелден кейін өзгермейді , сырыл жөтелден кейін өзгеріс береді.
Плевра үйкелісінің шуы. Құрғақ плевритте плевра беттерінің тегістігі бұзылып, адыр-бұдыр пайда болады, бір-бірімен үйкелісуіне жағдай туады. Плевра үйкелісінің дыбысы демнің екі фазасында да естіледі.
Бронхофония – аускультация жолымен анықталатын дауыстың бронхтан кеуде үстіне тарауы.
Бронхофонияның пайда болу жолы дауыс дірілінің пайда болуымен бірдей.
Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастардың
Достарыңызбен бөлісу: |