Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет2/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

Демікпе түрлері:

  • Экспирациялық демікпеде демді сыртқа шығару қиын. Ол тыныс демікпесінде, обструктивті бронхитта және өкпе эмфиземасында кездеседі.

  • Инспирациялық демікпеде демді ішке алу қиын. Ол тыныс жолдарында бөтен дене барында,кеңірдек пен көмейдің ісікпен қысылып қалғанында кездеседі.

  • Аралас демікпеде демді ішке алу да, іштен шығару да қиын. Ол пневмонияда, пневмоторакста, экссудативті плевритте кездеседі. Демікпенің ең күшейген түрі тұншығу астма деп аталады. Ұстамалы тұншығу тыныс пен жүрек демікпелерінде кездеседі.

Дем алу ырғағы бұзылуының түрлері:





  • Куссмауль-сирек және терең дем алу.

  • Чейн-Стокс-дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен біртіндеп баяулауы, одан кейін үзіліс болады, кейін бәрі қайтадан қайталанады.

  • Биот- мезгіл-мезгіл үзіліс жасап, терең де сирек дем алу. Дем алыс ырғағы бұзылудың себептері: бас миының аурулары (миға қан құйылу, мидың ісігі, менингиттер), ми қан айналысының бұзылуы (церебросклероз), эндогендік (уремия, диабет комасы) және экзогендік (наркотиктер) уланулар.

Қызу көтерілу негізінен қабыну мен қатерлі ісіктерге тән. Қызудың шектен тыс көтерілуі қызба деп аталады.


Қызбада болатын температура қисығының түрлері:



  • Тұрақты қызба.Қызу бір деңгейге дейін көтеріледі де, сол қалпында бірнеше күн, не бірнеше апта сақталады. Ертеңгі және кешкі қызудың айырмашылығы 1 0С-тан аспайды. Бұл қызба крупозды пневмония мен іш сүзегіне тән.

  • Әлсіретуші қызба. Қызу тәулік ішінде біраз көтеріліп басылады.

Ертеңгі және кешкі қызу айырмашылығы 1,5-2 0С-қа жетеді, айта кететін жағдай-қызу еш уақытта қалыпты мөлшерге дейін төмендемейді. Бұл ауруды әлсіретіп, қажытады. Туберкулезде, іріңді ауруларда кездеседі.

  • Ұстамалы қызба. Қызу бір тәуліктің ішінде 39-400 С-қа дейін көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін қалыпты күйге дейін төмендейді. 1-3 күннен кейін қызу көтерілуі қайталанады. Қызбаның бұл түрі безгекке тән.

  • Гектикалық қызба. Қызу өте жоғары көтеріліп барып, тәуліктің ішінде қалыпты күйге дейін төмендейді. Қызбаның бұл түрі сепсисте, іріңдік ауруларда және туберкулезде кездеседі.

  • Теріс қызбада ертеңгі қызу кешкіден жоғары. Туберкулезде, бруцеллезде (сарыпта), сепсисте кездеседі.

  • Толқын тәрізді қызба. Қызу біртіндеп көтеріліп, біртіндеп қалыпты күйде болып, қайталап тұрады. Қайталама қызба сүзекке болады.



Әртүрлі қызбаларда болатын температура қисықтарының түрлері:


1) субфебрильді (37-380 С);


2) фебрильді (38-390 С);
3) жоғары (39-400 С);
4) өте жоғары (400 С жоғары);
5) гиперпиретикалық (41-420 С).
Қызбада болатын температура қисығының түрлері :



  1. тұрақты 2. әлсіретуші 3. ұстамалы 4. гектикалық 5. теріс 6. дұрыс емес



Қайталама және толқын тәрізді қызбаларда болатын


температура қисығының ерекше түрлері :
1 - қайталама 2 - толқын тәрізді


Температура қисығының кезеңдері :


1 а , 1 б - көтерілу кезеңі ; 2 - жоғары температураның кезеңі ;
3 а , 3 б - түсу кезеңі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет