ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРИДТІК ЗОНАСЫНЫҢ ӨЗЕН АҢҒАРЛАРЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ
Активная антропогенная деятельность и климатические условия оказали большое влияние на развитие речных долин аридной зоны Казахстана. В статье рассматривается современное состояние долины реки Сырдарии. Определены основные факторы загрязнения окружающей среды бассейна реки.
Anthropogenic activity and climatic conditions have rendered a large influence on development of the river valleys of Kazakhstan’s arid zone. Modern state of the Syrdariya river valley is considered in the paper. Main factors of the pollution of the river basin environment are determined.
Аридтік зонаға, И.С.Щукиннің айтуынша, аридтік климатты табиғи зона жатады (шөл және шөлейт зонасы) [1]. Қазақстанның аридтік зонасы Каспий маңы ойпатының және Мұғалжардың солтүстік жартысын, Торғай елінің және Қазақтың ұсақ шоқысының, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік бөлігін қамтиды. Оңтүстігінде ол Тянь-Шанның, Жоңғар Алатауы және Сәуір-Тарбағатай таулары жүйесімен және ТМД елдерінің мемлекеттік шекарасымен шектеледі. Аридтік зонаның гидрографиялық торабы өте сирек және осы территориядан тек транзитті өзендер ағып өтеді. Оңтүстік Қазақстанның аридтік зонасының ең үлкен өзені Сырдария болып табылады. Сырдария атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазаншұңқыр болған. Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен алдымен жол бойындағы Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол ірі өзен болса керек. Өйткені, ол кезде Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм лайды ала келген. Бұл шұңқыр 56 мың жылда су мен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм бөлігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойпаты деп атайды. Ойпаттың терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, онан оңтүстік батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр, шұңқырдың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы 7 м аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Шұңқырдың орта тұсында, қазіргі Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60–80 м болатын үйінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара береді де, Шірік Рабаттың тұсында 30–45 м болса, шығыс Арал өңірінде 6–20 м аспайды. Бұл екінші қабат осы өлкені ең алғаш мекендеген Келтемұнар тайпасының атымен аталады. Ең үстіңгі, яғни төменнен санағанда үшінші, қабаттың қалыңдығы 1–6 м, кей жерлерде 9 м дейін болатын саз, құмшық және құм аралас шөгіндіден тұрады.
Батысында екінші қазаншұңқыр — қазіргі Арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Арал теңізінің өте ерекше географиялық құбылыс екені сөзсіз. Олай дейтініміз әлемге әйгілі жазира шөл Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жылдың алты айы бойы мыс қазандай қызып, айнала бет қаратпайтын ыстық, аптап тұрған құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәлде болса жұмсартып тұрған — сол Арал. Әлемнің қай түкпірі болса да, құжынаған тіршілік ең алдымен өзендердің төменгі ағысынан басталғаны тарихтан белгілі. Соның бірі Сырдария өзенінің атырауы. Ол Тартоғай станциясының тұсында ені 20–30 км болып басталып, батысқа қарай біртіндеп кеңейіп, Арал теңізінің шығыс жағалауына жеткенде ені 350 км болып тірелген. Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140–150 м, Жосалы тұсында — 100 м, ал Аралдың шығыс жағында 55 м аспайды. Сонда Сырдың атырауы — теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында — Қуаңдария мен Жаңадария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жатыр. Кейде жазық бетінде жалғыз жарым төбелер кездеседі, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың биіктігі 60–80 м дейін барады. Бітім бейнесі еш нәрсеге ұқсамайтын сол қира-қира шоқылардың баурайы тік жар болып келеді. Бұлардан басқа биіктігі 40 м дейін баратын шағындау төбелер — ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны — асарлар әр жерден бой көрсетеді. Олар Құралыасар, Жалпақасар, Жетіасар, Құмқала, Шірік Рабат, тағы басқалары сағыммен бұлдырап, жолаушының көзіне ондаған шақырымнан көрінеді.
Арналар арасындағы кеңістіктің бет-бедерінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мұнда теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан ауқымы әртүрлі су айрықтары, айнала ат шаптырым жиегі түйе тайлы ойпаттар кездеседі. Дария тасығанда бұл ой-шұңқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырауда жүздеген көлдер пайда болатын. Олардың ішіндегі тұнба көлдер — Соркөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай т.б. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің ара-арасындағы ой жерлердегі ащы көлдер Сыр атырауының келбетіне осы өлкеге тән ерекшелік береді. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп Ескі дариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуаңдария, онан оңға таман Жаңадария, содан кейін негізгі арна — Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған.
Табиғи кешенді денудациялық көтерілімдерге ерекше тоқталып өтсек, ең алдымен, Амудария дельтасының жазықтық бетінде тау-жұрнақты қыраттары бөлініп шығады. Бұл — Белтау (132 м), Қошқанатау (138 м), Қызылжар (118 м), Үштаған (141 м), Бозғыл (95 м) т.б. бір-бірінен төмен түскен аласа қыраттар. Олардың оңтүстік және батыс беткейлерінде тау құрылымдары күшті түзілген. Қиманы зерттеу кезінде екі құрылымды бөлуге болады: төменгі — мергелді-саз және жоғарғы — құмды. Тау жұрнақтарының шыңдары сарғыш-қоңыр құмдар мен құм-тастарымен көмкерілген. Олардың субгоризонталдық жатуы, күрделенген терең ағынсыз биік құзды беткейлі қазаншұңқырлар орналасқан тегіс су айрық бетін қалыптастырады.
Қырат беткейлерінің асимметриясы климаттық режим және су ағындарының бағытымен шайылып кетеді. Орта ақшағыл пласты жазықтан бөлініп, олар тау жұрнақтарының қыраты түрінде қазіргі кезге дейін сақталады да және көбінесе эрозияға ұшырайды. Мұнда көбінесе шөлді-құмды топырақтар таралған. Сұр-қоңыр топырақтар құмды болып келген және қыраттық жер жанындағы белдеуде дамыған. Гипсті көкжиек морфология жағынан онша білінбейді, олардың жалпы саны 30–40 % -ке жетеді. Топырағы сорлы, 50–100 см қалыңдығында 0,7 % тұз жиналған, 0,1 % — хлор, ал 100–150 см қалыңдығында тұз — 1,4 %, 53 см тереңдіктегі жоғары сілтілігі сортаңның пайда болуын көрсетеді. Бірақ гипсті саздар кездескен жерлерде топырақтың тұздылығы 5–8 см тереңдікте 5 %-тен 8,6 % -ке дейін көбейген. 0–47 см қабатта гумустың құрамы 0,20-дан 0,29 % дейін. Белтаудың беті тасқындар аккумуляциясы әсерінен беткейден шайылып тегістелген жерде морфология жағынан тақырға ұқсас топырақтар қалыптасқан, ал төменгі бөлігінде сортаң топырақтар үлес етеді.
Қырат беткейлерінің сазды құрылымдарының тұздылығына байланысты мұнда тұзды тасқындар жиналған. Қыраттың өсімдік жамылғысы әртүрлі. Қашқантауда тұзды-жусанды шөлдер мен баялыш тобының кешені, батысында — жусанды баялыш және шығысында жусанды баялыш, әсіресе бұйырғындар, кең таралған. Төмен түсулерде жеңіл топырақтарда олармен бірге қара сексеуіл, эфедра, шеркез және жүзгіннің тобы өседі. Белтаудың солтүстік беткейі Қызылқұмға өтеді, мұнда құмды акация, жүзгін және ақсексеуіл таралған. Солтүстік шығыс және қиыр шығысы Жаңадария шөлінің тұзды-жусанымен қосылады. Тақырлардың төменгі жағында бұйырғын, қарасексеуіл және бір жылдық солянкалардың жалғыз талдары кездеседі. Қыраттар мал шаруашылығында ғана пайдаланады. Белтал, Үштаған, Бозғыл қоныстары артезиан скважиналарымен суарылған, мұнда су тұзды күкірттің дәмі бар.
Тау жұрнақты қыраттардан басқа, оңтүстік Арал маңында пласт жазықтар және эолды денудациялық төбешікті-толқынды жазықтар таралған. Солтүстік-батыс Қызылқұм шөлдерінің құмдарының шет жағасында көрсетілген құмды шөлдің фундаменті континентальді аллювиалды және пролювиалды қатпарлы құрылымдарымен құралған. Солтүстік-батыс Қызылқұм аймағында төбешікті-қырқалы, кейде барханды, құмды-эолды рельеф формалары үлес етеді. Олар көбінесе тақырлар мен сорды төмен түсулермен түзілген. Аймаққа шөлді құмды топырақтар кең таралған. Арал теңізіне жақындаған сайын аса тұзды емес топырақтардың құрамында тұз көбейеді. Теңіз шеттерінде және Амудария дельтасында қазан шұңқырлар топырақтағы судың инфильтрация әсерінен қатты тұздалған сорға айналған. Ташақыр және Саздыбай топырақтарының құм-тастарында гипсті сұр-қоңыр топырақ дамиды, ал аккумуляция әсерінен сазды құрылымында тақырлы катты тұздалған топырақтар дамыған.
Құм-тасты қырқалардың өсімдік жамылғысының ең бастысы псаммофиттер, илекті ақсексеуіл және күйінсүйештермен сипатталады. Төбешік құмдарына жүзгін, қаңғырбасшы, нашар толқындарда эфедралар, ал скважиналардың және құдықтардың топырақтарында адыраспандар кездеседі. Сұр жусан, каврах, гребенщик т.б. өсімдіктер таралған.
Солтүстік-батыс Қызылқұм оңтүстік Арал маңы аймағында орналасқан және эолды процестермен өндірілген. Қалың емес құмды жамылғылы жерлерде әсіресе қазаншұңқырдың түбінде құм-тастар немесе жоғарғы плиоценнің саздары ашылып көрінеді. Құмдар ірі және биік субмеридионалды қырқалар, бір-бірінен 1000–1300 м қашықтықта тұрады. Олардың араларында қазаншұңқырлармен бөлінген ұсақ қырқалар орналасқан.
Арал теңізінің оңтүстік-шығыс бөлігінің шетінде қазаншұңқырмен қырқааралық төмен түсулерде жағадан 2–5 км қашықтықта теңіз суының фильтрация әсерінен әртүрлі көлдер қалыптасқан. Субаквалды кешендер құрақты қамыстар мен рогоздармен қоршалған. Теңіздің құрғауы көлдердің құрып кетуіне келтірді, ал олардың орны тұзы мол аккумуляцияға ұшырады. Кейбір қазаншұңқырларда натрий-хлоридті немесе сульфатты-хлоридті тұздар натрийдың үлкен қоры 2000-нан 5000 т/га 0–50 см қабатта қалыптасқан. Бұл көл қазаншұңқырлардың жағаларында тұздың қалыңдығы 1 см-ден асады. Эолды-кұмды жазықтарда өсімдік аз емес. Бұл үлкен қырқаларда және ірі құмдарда өсетін ақсексеуіл, қоянсүйек төбешіктің беткейін қоршайды, төбешікте және құмдарда жүзгін өседі. Солтүстік-батыс Қарақұмның табиғи кешендері Арал теңізінің деңгейінің төмендеуі мен ылғалдану көлемінің азаюымен өзгереді. Ол теңіз акваториясында пайда болып, желмен шеттегі құмды шөлдерге ұшып кетеді. Осылай Арал маңында ауа ылғалдануының қолайлы режимі қалыптасады. Түбірлі қабат су буының конденсациясы ылғалданып вегетациялық экологиялық жағдайда псаммофиттер өсуіне жағдай жасайды. Теңіз деңгейінің төмендеуі грунттық және жер асты суларының деңгейіне әсер етеді. Арал грунт суларына 200 км жағалау сызығынан қашықтағаннан өзінің әсерін тигізеді. Сондықтан жер асты суының деңгейі төмен түсті, ал артезиан суларының шығуы азайды.
Оңтүстік Арал маңында ежелгі аллювиалды атыраулы жазықтар құралған: екеуі ежелгі атыраулар — Ақшадариялық және Жаңадариялық. Ақшадарияның аллювиалды атырау жазықтары ежелгі плейстоценде және голоцен жаста пайда болған, Амудария атырауының шығысына қарай созылған. Ақшадария жазығының беті солтүстіктен солтүстік-батысқа қарай құламалы орналасқан. Оңтүстігі мен шығысы Қызылқұммен қоршалған. Солтүстігінде Белтау қыратымен шектеседі, солтүстік-батысында Амудария атырауымен қосылады, ал солтүстік-шығыста Жаңадариямен жалғасқан. Жазықтың террассасы тек бөлек құм-тасты төбешіктер мен қырқалар көтерілісімен бұзылады. Атыраудың беті тегіс тақырлы және құрғақ өзен арналарымен кескінделген (Итқараөзек, Қаракөл, Қамыстысай т.б.).
Жаңадарияның аллювиалды-атыраулы жазығы орташа плейстоценді жаста және теңіздік оңтүстік-шығыс жағалық зонаны алып жатыр. Батысында Аралға құламалы, қырқалы және төбешікті құмдармен күрделенген. Беті тегіс тақырлы және теңізге жақындаған сайын эолды құмдар көбейеді. Көптеген құрғақ арналар тақыр, құмдар, ал сағалық бөлігінде қырқалы құмдармен қоршалған сорлар орналасқан. Теңіз деңгейінің төмендеуіне дейін жағалық қырқа аралық төмендеулер суға батты; су фильтрациясы арқылы өтіп, Аралдың жанында шағын көлдер орналасты. Қазіргі кезде олар құрғап, оның орнында көптеген сорлар және тұзды жазықтар пайда болды.
Грунт сулары ежелгі аллювиалды жазығында өте тереңде жатыр (10–20 м төмен) және территорияның табиғи кешенінде дамымаған. Тек суармалы жерлерде ғана грунт суларының деңгейі
10–20-ға жетіп және ішкі атырау бөлігіне қарай көтеріледі.
Ежелгі аллювиалды жазықтықтардың табиғи кешендерінің өсімдік жамылғысы үлкен деградацияға ұшырайды. Бұрын сексеуіл, ал Жетімсеңгір қонысында қарасексеуіл қоғамдастықтары болған. Оңтүстік Арал маңында тегіс сорды жазықты дельталар (атыраулар) Амударияның теңізді жазықты дельтасының субареалды бөлігінде кең таралған. Теңіздік сорлар Қуаңдария арнасының шығысына және Жылтырбас шығанағының оңтүстік жағалау зонасынан Көкдария сағасына дейін созылады. Аккумулятивті жазықтың беті нашар тілімделген және теңізге қарай құламалы орналасады. Құрғап қалған көлдер (Атабайқұм, Гелей) бар. Олардың арналарында жыралармен тілімделген жазықтар кездеседі. Көлді-аллювиальды жазықтың дельтасы көлдердің құрғап қалған түбінде анықталған. Көлдердің және батпақтың үлкен бөлігі құрғап, сортаңдарға айналады. Көлді-батпақты қазаншұңқырлар сазды және құмайтты көл фациясының жауын-шашынымен толыққан. Оның жеңіл механикалық құрамында грунттар, құмдар кездеседі. Грунт сулары 3–5 м және одан төмен тереңдікте орналасады. Су қойманың жанындағы минерализация типі хлоридті-сульфатты және хлоридті болып табылады. Теңіздің жағалық зонасында құрғақ қалдықтардың көлемі 20–50 г/л шамасында. Өсімдік жамылғысы кескінделген, онда қарабарақ, бір жылдық солянкалар, құрақтар және кермектер кездеседі.
Амудария дельтасының суармалы жері тегіс көлді-аллювиалды жазықтықтарда орналасқан. Соған байланысты суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайы дельтаның көтерілген бөлігіндегі жерлер жағдайы өте жақсы, басқалары қанағаттанарлық емес. Суармалы жерлердің бөлігінде вегетация кезеңдері грунт суларының тереңде жатуы 1–3 және 2–3 м, минерализация деңгейі 2,0-ден 5,0-ге көтерілген. Бұл топ грунттарда тұздармен айқындалады.
Құрғап кеткен түбінде Арал суының территориясы табиғи кешендері қалыптасқан. Оның рельефі құламалы жазықтардан тұрады және екіге бөлініп, бір-бірінен ерекшеленеді. Біріншісі — жаға-жайды қоршаған эолды құмдар, екіншісі — беті нашар кескінделген сорлар мен құрғаған жерлер. Рельефтің эолдық пішіні бархан, төбелі, талды құмдармен және қазаншұңқырлармен айқындалады. Теңіздің құрғап қалған түбінің табиғи кешендері құрылымды — морфология жағынан өте күрделі. Мұнда бір-бірімен байланысты геожүйелер таралған. Аймақтың экожүйелік деградациясы адамның шаруашылық әрекетімен қиындатылады. Арал маңына техноэрозия үлкен зиян әкелді. Ол үлкен территорияларды қоршаған қоқыстар және геологиялық зерттеулер мен бұрғылама жұмыстар, инженерлік құрылыс объектілердің салынуымен әсер етеді. Техноэрозия терең (1–1,5 м) қазаншұңқырлар дефляциясының бұрғылама жұмыстарының көбеюі т.б. өзгерістер әсерінен болады.
Аридті климат жағдайында суды тиімсіз пайдалану, сонымен қатар суармалы жерлерді тиімді және тиімсіз дамыту Сырдария өзені бассейнінің суының азаюына әкеліп соқтырды. Жер беті суларының ластануын бақылау нәтижелері бойынша Сырдария өзенінің ластану деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында 2 тұстамамен сипатталады: ЛЗИ (ластану заттардың индексі) — 3, 4; 4-класс — «ластанған». Бақылау мәліметтері бойынша, ластаушы заттардан сульфат, мыс, фенолдардың ШМК –сы 2–6 болған. Ең қатты ластану көктемгі кезеңге сай келді: мыс және нитриттар — 16 ШМК, сульфат — 7 ШМК, фенол — 6 ШМК, мұнай өнімдері — 4 ШМК [2]. Зерттеушілер пікірінше, Сырдария, Шу, Талас, Каратал, Аксу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария өзені ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда [3].
Қазіргі кезде Сырдария бассейннің экологиялық жағдайына «Байқоңыр» ғарыш айлағы қатты әсер тигізеді. Ғарыш айлағы 0,57 млн. га ауыл шаруашылығына жарамды жерді алып жатыр. Жалпы республика территориясында 47 ауданға ракета сынықтары түскен. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ауаға 1995 ж. 30–35 мың т қатты және газ тәріздес ластағыш заттар ұшқан. Ракета сынықтары құлаған жер тек адамға емес, қоршаған ортаға да экологиялық қауіпі болады.
Әдебиеттер тізімі
-
Акпамбетова К.М. Геоморфология аридных территорий Казахстана: Учеб. пособие. – Караганда, 2002. – 112 с.
-
Байтулин И.О., Байтулин А.И., Богачев В.П., Дускаев К.К., Родионов А.М. Экология Республики Казахстан. – Алматы, 2001. – 132 с.
-
Бейсенова Ә., Самақова А., Есполов Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. – Алматы, 2004. – 326 б.
ӘОЖ 911.3(574)
Г.Б.Тоқтағанова
Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Статья посвящена анализу развития сельского хозяйства области в текущий момент с экономико-географической позиции. Дана характеристика продуктивности сельскохозяйственных культур на посевных площадях, а также животноводству региона.
This article is devoted to the analysis of oblasts — agricultural development at the moment with economic — geographical position. The characteristics of agricultural productivity on the fields and catllebreeding of region.
Ауыл шаруашылығы шаруашылықтың маңызды бір саласы екендігі белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығы облыс экономикасының басты саласы болып табылады [1]. Қызылорда облысының шаруашылығын дамыту ауыл шаруашылығын, әсіресе егістік жерлерді, пайдалану негізінде қалыптасқан. Реформаға дейінгі жылдары облыс аумағында өндіріс өнеркәсіптерінде өндірілген өнімдерге қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру әлде қайда жоғары болғанымен, қазіргі уақытта бұл өндіріс саласы ақсап тұр. Ауыл шаруашылығының тиімсіз орналасуынан, әрі басқа да өндіріс салаларымен байланыстың болмауынан және мемлекет тарапынан қаржыландырудың қысқаруына, несие ресурсының көтерілуіне, тауармен қамтамасыз етілетін тұтынушы бюджетінің жетіспеуінен тауар құны едәуір өсуде. Мысалы, бұл сала бойынша 2001 ж. 67 кәсіпорын белгіленіп, 16 кәсіпорын ғана 62 млн. 165 мың теңге көлемінде, немесе 23,9 %, табыс түсірсе, 51 кәсіпорын 281 млн. 954 мың теңге, яғни 76,1 %, көлемінде шығынға ұшыраған. Ал 2002 ж. белгіленіп жұмыс жасаған кәсіпорын саны 61-ге қысқарып, оның 29-ы 76 млн. 931 мың теңге, яғни 47,5 %, көлемінде табыс түсіріп, 32 кәсіпорын 261 млн. 209 мың теңге, 52,5 %, көлемінде шығынға ұшыраған [2]. Сондықтан облыстағы негізгі міндет — аграрлық секторды сақтап, жетілдіріп, халық тұтынатын өнімдерді нығайтып, өнеркәсіптер мұқтаж ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз етуді және тұтынушының сұранысын қанағаттандыру болып отыр. Жалпы облыстағы аграрлық сектордың негізгі көрсеткіші 1-кестеде толығымен көрсетілген.
1-кесте
Қызылорда облысындағы ауылшаруашылық өнімінің жалпы құны [3]
Аталуы
|
Өлшем бірлігі
|
Жылдар
|
1991
|
1996
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
Барлығы
|
млн.
|
10810,6
|
5837,9
|
6129,5
|
6750,9
|
6926,3
|
7351,8
|
Оның ішінде:
егін шаруашылығы
мал шаруашылығы
|
млн.
|
4440,6
6370,0
|
3158,2
96,79,5
|
3338,8
2790,7
|
3800,9
2950,0
|
3979,8
2946,5
|
4521,4
2830,4
|
Жалпы өнім:
егін шаруашылығы
мал шаруашылығы
|
%
|
41,1
58,9
|
54,1
45,9
|
54,5
45,5
|
56,3
43,7
|
57,5
42,5
|
61,5
38,5
|
Ауыл шаруашылығының 1999–2000 жж. өнім құны соңғы он жылдағы өнім құнымен салыстырғанда 32 % төмен. 2000 ж. бар жоғы астық дақылдары 72,2 мың га жерге егілді, оның 58,0 мың га жері — күрішті алқап. Жалпы облыс бойынша 196,2 мың т, немесе 106,5 %, астық өндірілді, оның ішінде 179,0 мың т, немесе 104,6 %, — күріш, 62,3 мың т, немесе 129,5 %, — картоп, 61,1 мың т, немесе 112,1 %, — көкөніс, 88,4 мың т, немесе 109,3 %, — бақшалы жеміс-жидек (2-кесте).
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |