ХАЛЫҚТЫҢ ҚОНЫСТАНУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Статья посвящена исследованию факторов трансформации расселения населения в Республике Казахстан. Интеграция Казахстана в мировую экономику сопровождается изменениями в размещении производственных сил и формированием новой территориальной структуры населения. Такой подход позволяет определить ожидаемые тенденции в расселении, которые в наибольшей степени отвечают потребностям современного периода реформирования экономики Казахстана.
Article is devoted to research of factors of transformation of moving of the population in Republics Kazakhstans. Integration of Kazakhstan into world economic is accompanied by changes in accommodation of productive forces and formation of new territorial structure of the population. Concentration of manufacture in large industrial, trade and economic and administrative centres results in outflow of the population from small and average cities and especially rural settlements, and it as a whole defines features of moving of the population in republic. Such approach allows to define expected tendencies in moving the population and to come nearer to that model of moving which to the greatest degree meets needs of the modern period of reforming of economy of Kazakhstan.
Нарықтық қатынас жағдайында экономикалық көрсеткіштердің ішінде халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің халық қоныстануын анықтаудағы маңызы өте зор, өйткені бұл көрсеткіш кешенді мәні бойынша нақтылы экономиканың барлық жақтары мен ерекшеліктерін анықтайды. Қазіргі жағдайда жұмысшы күшін, қоныстануды дамыту сияқты ұтымды пайдаланудың негізгі талабы олардың әлеуметтік және экономикалық тиімділіктерін қолайлы ұштастыру қажетті болып отыр. Сонымен, халықтың әлеуметтік талабын қамтамасыз ету міндетті, іске асыру қоғам дамуының осы кезеңінде кепілденеді. Мұндай талаптарға: елдің барлық аудандарындағы тұрғындардың еңбек ету құқығын, аймақтық тұрғыда біркелкі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бірдей мүмкіндіктерді жасау; қалалық және ауылдық мекендерде тұру үшін қолайлы тұрмыс дәрежесін жасау; халықтық тұрмыс үшін ең қолайлы аудандарда басымырақ орналастыру және басқалар жатады. Өндіріс үшін еңбек күшін мүмкіндігінше ең аз шығын кететін жағдайда орналастырған тиімді. Өкінішке орай, осы кезеңде оңтайлы өндіріс, еңбек күшінің жұмыспен қамтамасыз етілуі және қоныстануға қойылатын ұтымды талаптар туралы айтуға келмейді. Көбінесе, бүкіл ел бойынша жұмыспен қамтамасыз ету, өндіріс және қоныстану бір-бірімен толық қайшылыққа келді. Бұл туралы қазіргі кезеңде нарықтық қатынаспен байланысты туып отырған халықты жұмыспен қамтамасыз ету, өндіріс және қоныстану мәселелері жайлы қалыптасқан жағдай бойынша бағалауға болады. Әсіресе, бұл өзара байланыс ел және оның аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз етілуді талдауда анық сезіледі.
Республикадағы жұмыспен қамтамасыз етілу нарық кезеңінің ерекшелігі және экономикалық жағдайымен сипатталынады. Бұл ерекшеліктер экономика салалары бойынша жұмыспен қамтамасыз етілудің төмендеуі, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясында еңбек үшін қайта бөлу, жұмыссыздықтың тез өсуі, жалпы алғанда еңбек нарығындағы жағдайдың нашарлауынан байқалады. Сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз етілудің тек көрсетілген байқау формасымен бірге, терең аймақтық айырмашылықтары да болады. Атап айтқанда, аймақтық айырмашылықтар болашақта, біздің пікірімізше, халықтың тек географиялық қайта бөлінуіне ғана емес, халықтың қоныстану жүйесінеде әсер етеді. Мұндай тәсілдер, біздің ойымызша, республика шеңберінде халықтың географиялық қайта бөлінуін болжамдауда, іске асыруға мүмкіндік береді.
Республиканың экономика салаларында жұмыс істейтіндердің саны мен құрылымы соңғы жылдары мынадай болып ауысты (1-кесте). Мысалы, республикадағы жұмыспен қамтамасыз етілудің қазіргі жағдайын талдау жалпы экономикалық тұрақсыздықты, өндірістің құлдырауы, кәсіпорындардың тоқтауы (өзін ақтай алмаған), жұмыспен қамтамасыз етуге әсер етудің қаржылық және экономикалық құрылымдарының жоқтығын дәлелдеп, бұл қажетті дәрежеде кәсіпкершілік құрылымдардың дамуына мүмкіндік бермеуде.
1-кесте
Қазақстан Республикасының еңбек ресурстарының саны мен құрылымы*
|
1994 ж.
|
1995 ж.
|
2000 ж.
|
мың адам
|
еңбек ресурстарына %-бен
|
мың адам
|
еңбек ресурстарына %-бен
|
мың адам
|
еңбек ресурстарына %-бен
|
Жалпы еңбек ресурстары
|
92040,5
|
100,0
|
9153,0
|
100,0
|
9140,1
|
100,0
|
Экономикалық активті халық
|
7118,2
|
77,0
|
7359,8
|
80,4
|
7489,5
|
81,9
|
Экономика салаларында еңбек етушілер, оның ішінде:
|
6581,8
|
71,2
|
6551,5
|
71,6
|
6518,9
|
71,3
|
мемлекеттік, қоғамдық, коллективтік ұйымдарда
|
5415,0
|
58,6
|
5039,4
|
55,1
|
4401,7
|
48,2
|
шаруалар, фермерлік қожалықтарда
|
68,8
|
0,7
|
102,1
|
1,1
|
208,6
|
2,3
|
аз санды кәсіпорындарда
|
343,8
|
3,7
|
159,1
|
1,7
|
147,8
|
1,6
|
біріккен кәсіпорындарда
|
22,9
|
0,2
|
25,1
|
0,3
|
31,9
|
0,3
|
Халықтың өзбетінше жұмысы
|
541,5
|
5,6
|
1069,0
|
11,7
|
1567,5
|
17,1
|
Жұмыссыздардың барлығы
|
187,4
|
2,0
|
156,8
|
1,7
|
161,4
|
1,8
|
Экономикалық активті емес халық, оның ішінде:
|
536,4
|
5,8
|
808,3
|
8,8
|
970,6
|
10,6
|
еңбекке жарамды жастағы өндірістен қол үзіп оқитын оқушылар
|
670,6
|
7,3
|
625,4
|
6,8
|
610,9
|
6,7
|
еңбекке қабілетті жастағы экономикалық әрекетпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті халық
|
1451,7
|
157,0
|
1167,8
|
12,8
|
1039,7
|
11,4
|
_______________
*Деректер жин. «Eңбек және Қазақстан халқының еңбекпен қамтылуы». – Алматы, 2003. – 23-б.
Соңғы 3 жылда республикадағы экономикалық белсенді халықтың саны 371,3 мың адамға көбейсе де, экономика салаларында еңбек ететіндердің жалпы саны 63 мың адамға азайды, ал мемлекеттік, қоғамдық, коллективтік ұйымдарда еңбек ететіндер 1013,3 адамға төмендеді. Жалпы алғанда экономиканың өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мен ғылыми қызмет көрсету салаларында еңбек ететіндер азайды (2-кесте).
Қазақстанның еңбек рыногы экономиканың мемлекеттік секторында еңбек ететін халықтың үлесінің азаюы, ал соған сәйкес мемлекеттік емес акционерлік ұйымдарда, біріккен кәсіпорындарда, кіші және орташа кәсіпкерлікте, шаруа қожалықтарында (фермерлік), жекеше кәсіпкер ретінде еңбек ететіндердің көбеюімен сипатталады. Соңғы жылдары өнеркәсіп салалары ішінде еңбекпен қамтамасыз етудің құрылымдық өзгерістері жүзеге асуда. Мұндай қайта бөлу отын-энергетика кешендерінде, түсті және қара металлургияда көбірек болып, ол мұнай мен газ кен орындарын игерумен және бұл салаларға шетелдік капиталдың белсенді инвестициясы бөлінуімен байланысты болып отыр (3-кесте).
Келешекте республиканың мұнай мен газ өндіру, мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және жаңа зауыттарды салу мүмкіндіктерін ескере отырып, мұнай-химия саласымен қоса отын өнеркәсібінде еңбек ететіндер санының өсетіндігін күтуге болады, осының бәрі Қазақстан облыстары бойынша халықтық бөлінуіндегі аумақтық үйлеспеушілікке, сонымен бірге қоныстану жүйесіндегі белгілі бір өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін.
2-кесте
Республика экономикасында еңбек ететіндердің өндіріс салалары бойынша таралуы (бөлінуі), %*
|
1985 ж.
|
1990 ж.
|
1993 ж.
|
1994 ж.
|
1995 ж.
|
1996 ж.
|
2000 ж.
|
Жалпы экономика саласында еңбек ететіндер
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Материалдық өндіріс саласында
|
72,6
|
71,9
|
71,8
|
72,5
|
73,3
|
72,9
|
-
|
Өндірістік емес аяда
|
27,4
|
28,1
|
28,2
|
27,5
|
26,7
|
27,1
|
-
|
Өнеркәсіп пен құрылыста
|
31,0
|
33,0
|
27,8
|
26,0
|
22,7
|
20,6
|
16,3
|
Ауыл және орман шаруашылығы
|
23,0
|
20,0
|
25,4
|
24,4
|
22,5
|
21,2
|
35,3
|
Көлік пен байланыста
|
12,0
|
10,0
|
8,4
|
8,5
|
7,9
|
7,7
|
7,6
|
Сауда және қоғамдық тамақтандыру, материалдық- техникалық жабдықтау және өткізу, дайындау
|
8,0
|
8,0
|
7,0
|
11,9
|
16,2
|
21,4
|
15,0
|
Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету
|
18,0
|
20,0
|
19,4
|
19,4
|
19,3
|
17,4
|
4,3
|
Мемлекеттік басқару, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың, несие беру және мемлекеттік сақтандыру органдарында еңбек ететіндер
|
3,0
|
3,0
|
2,7
|
3,0
|
3,1
|
3,0
|
4,2
|
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудің өндірістік емес түрлері және халық шаруашылығының басқа салаларында еңбек ететіндер
|
5,0
|
6,0
|
9,3
|
6,8
|
8,3
|
8,7
|
-
|
_______________
*Қазақстан Республикасының Деректер бойынша агенттігінің мәліметтері.
3-кесте
Өнеркәсіптің өндірістік әлеуеті салаларындағы орташа тізімдік саны, мың адам*
Салалар
|
1990 ж.
|
1995 ж.
|
1995 ж. 1996 ж. %-бен
|
Бүкіл өнеркәсіп бойынша
|
1295,2
|
902,7
|
69,7
|
Электрэнергетика
|
66,3
|
93,1
|
140,4
|
Отын өнеркәсібі
|
97,8
|
97,6
|
99,8
|
Қара металлургия
|
69,2
|
73,3
|
106,6
|
Түсті металлургия
|
102,2
|
111,9
|
109,5
|
Химия және мұнай химия
|
76,3
|
62,8
|
82,3
|
Машина жасау және металл өңдеу
|
387,2
|
156,2
|
40,3
|
Құрылыс материалдары
|
126,2
|
49,4
|
39,1
|
Орман және ағаш өңдеу
|
60,5
|
20,6
|
34,0
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
223,2
|
98,4
|
44,1
|
Тамақ өнеркәсіп
|
146,7
|
82,7
|
56,4
|
Басқа салалар
|
41,8
|
27,2
|
65,1
|
_______________
*Қазақстан Республикасының Деректер бойынша агенттігінің мәліметтері.
Жүйелерді атқарушы факторлар ретінде өндірістік, технологиялық және өндірістік-технологиялық байланыстар дамуы қарқындылығының төмендеуін қарайтын болсақ, әртүрлі дәрежедегі қалалық және ауылдық елді мекендердің арасындағы өзара байланыстылық пен өзара тәуелділікті айтарлықтай әлсіретуі мүмкін.
Қазақстан экономикасының жетекші саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. Егер өнеркәсіпте 21,1 % адам еңбек етсе, ал республика халық шаруашылығында барлық еңбек ететіндердің 22,9 % ауыл шаруашылығына келеді. Инфрақұрылымның дамуы ауыл тұрғындарының еңбек әрекетінің өзгешелігімен байланысты, атап айтқанда, осы салада халықты еңбекпен қамтамасыз ету өткір байқалады. Өндірістің төмендеуі, қызметкерлердің босауымен бірге жүретін аграрлық сектордағы нарықтық қайта құрулар ауылдағы еңбек нарығы жағдайын күрделендіреді.
Ресми мәліметтерге қарағанда еңбекке қабілетті жастағы миллионға жуық адам экономикалық белсенді қызметке қатыспайды, яғни нақты жұмыссыздар болып табылады. 1995 ж. әйелдер арасындағы жұмыссыздық 1,6 есе өсіп, яғни әйелдер жалпы жұмыссыздар санының 57 % құрады [1–3]. 2001 ж. мәлімет бойынша, жұмыссыз әйелдердің саны жұмыссыз ерлерден 30,9 % артты (4-кесте). Егер 1994 ж. жұмыссыз әйелдердің саны 45409 болса, ал 1995 ж. республикадағы жұмыссыздар санының 83802 адамын құрады. Бағалау мәліметтеріне қарағанда республикадағы жұмыссыз әйелдердің саны 2010 ж. 230 мың адамға жетуі мүмкін.
4-кесте
2001 ж. жұмыссыз халықтың жынысы және негізгі еңбекке белсенді жасы
бойынша жұмыссыздық дәрежесі, %*
|
Барлық халық
|
Қала халқы
|
Ауыл халқы
|
екі жыныста
|
оның ішінде
|
екі жыныста
|
оның ішінде
|
екі жыныста
|
оның ішінде
|
ерлер
|
әйелдер
|
ерлер
|
ерлер
|
әйелдер
|
ерлер
|
әйелдер
|
Жұмыссыздардың барлығы
|
10,4
|
8,9
|
12,0
|
12,6
|
10,5
|
14,5
|
7,8
|
6,9
|
8,7
|
Жас аралығы оның ішінде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16–19
|
24,6
|
23,2
|
26,4
|
33,1
|
32,2
|
34,0
|
19,3
|
17,8
|
21,2
|
20–24
|
16,9
|
14,6
|
19,2
|
20,7
|
18,3
|
23,1
|
13,0
|
11,5
|
14,7
|
25–29
|
11,9
|
9,8
|
14,3
|
14,5
|
12,1
|
16,9
|
8,7
|
7,1
|
10,7
|
30–34
|
9,8
|
7,2
|
12,5
|
11,7
|
8,0
|
15,3
|
7,5
|
6,4
|
8,6
|
35–39
|
9,2
|
6,8
|
11,5
|
10,9
|
7,9
|
13,7
|
6,8
|
5,4
|
8
|
40–44
|
8,5
|
7,0
|
10,0
|
10,4
|
8,6
|
12,1
|
5,7
|
4,9
|
6,6
|
_______________
*Деректер жин. «Еңбек және Қазақстан халқының еңбекпен қамтылуы». – Алматы, 2003. – 23-б.
Мысалы, 1995 ж. жұмыс іздеушілердің еңбекке орналастыру биржасына келгендердің жартысынан астамы (50,5 %) — әйелдер, сондай-ақ жұмысқа орналасқандардың 39,8 % әйелдер болды. Ал, бұл көрсеткіштің 1993 ж. ара қатынасы 51,8 % және 46,3 % болған еді (5-кесте).
Аймақтың еңбек нарығының еңбекпен қамтамасыз етілу аясындағы жағдай нақтылы аймақтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Олар көбінесе аймақтың геосаяси жағдайы, табиғи және шикізат ресурстарымен, экономикасының дамуы мен әлеуметтік инфрақұрылымының қол жеткен деңгейімен және басқа факторлармен түсіндіріледі [3–5].
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |