Тіршіліктану би­оло­гия



бет1/13
Дата15.06.2016
өлшемі1.88 Mb.
#136821
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



ТІРШІЛІКТАНУ
БИ­ОЛО­ГИЯ

ӘОЖ 581.524.3

А.Т.Байкен­же­ева

Қор­қыт Ата атын­да­ғы Қызылорда мемлекеттік университеті



СЫР­ДА­РИЯ ӨЗЕ­НІ­НІҢ ТӨ­МЕН­ГІ АҒЫ­СЫН­ДА­ҒЫ ӨСІМ­ДІК­ТЕР­ДІҢ
ГИД­РО­МЕ­ТЕО­РО­ЛО­ГИ­ЯЛЫҚ ЖАҒ­ДАЙҒА БАЙЛА­НЫС­ТЫ
ФИ­ТО­ЦЕ­НО­ЗЫ­НЫҢ ДИ­НА­МИ­КА­СЫ


В статье да­ны ха­рак­те­рис­ти­ки рас­те­ний, произрастающих в ни­зовь­ях ре­ки Сырдарьи, ме­ха­ни­чес­кого сос­тава поч­вы и зависимости сме­ны рас­ти­тель­нос­ти от уров­ня над­зем­ных и под­зем­ных грун­то­вых вод.

The article touches upon the following problems: the description of plants on Syrdaria mouth and on the way of its current, change of types of plants because of mechanical structure of the soil and level of underground and natural water.
Сыр­да­рия өзе­ні Қа­зақ­стан­да­ғы ірі су ар­те­ри­яла­ры­ның қа­та­ры­на жа­та­ды. Өзен Ази­яның төрт мем­ле­ке­ті­нің (Қа­зақ­стан, Өз­бек­стан, Тә­жік­стан, Қыр­ғыз­стан) аума­ғын ба­сып өте­ді жә­не ала­бын­да ұзын­ды­ғы 10 км аса­тын 497 тұ­рақ­ты аға­тын са­ла­ла­ры бар (Үш­қор­ған қа­ла­сы­нан жо­ға­ры жат­қан са­ла­ла­ры­мен бір­ге На­рын өзе­нін есеп­ке ал­ма­ған­да) [1, 2]. Бұл өзеннің тө­мен­гі ағы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның тер­ри­то­ри­ясында қам­ти­ды. Осы аймақ­та­ғы са­ла­сын екі­ге бө­лу­ге бо­ла­ды: ес­кі (Қы­зы­лор­да) жә­не қа­зір­гі (Қа­за­лы). Сыр­да­рия өзе­ні, Қа­зақ­стан­да­ғы бас­қа өзен­дер тә­різ­ді, шөл жә­не шө­лейтті аймақ­ты қам­ты­ған­дық­тан, мұн­да­ғы фи­то­це­ноз­дар­дың өз­ге­руі жә­не ауысып оты­руы гид­ро­ме­тео­ро­ло­ги­ялық жағ­дайға, жер ас­ты су­ының дең­гейіне ті­ке­лей байла­ныс­ты. Сыр өзе­ні­нің тө­мен­гі са­ла­сы өзі­нің ге­о­гра­фи­ялық ор­на­ла­суына сәйкес өте кон­ти­нен­таль­ді: жа­зы ыс­тық, қы­сы су­ық бо­лып ке­ле­ді. Жаз мез­гі­лін­де құр­ғақ, то­пы­рақ­ты тез құр­ға­тып жі­бе­ре­тін шаң­ды жел, дауыл­дар бо­лып, ал қы­сы бол­са қа­ры аз, күш­ті аяз бен жы­лы­лық ал­ма­сып оты­ра­ды. Аймақ­та­ғы жаз­ғы мак­си­маль­ді тем­пе­ра­ту­ра +45–47 0С, қыс­та­ғы мак­си­маль­ді тем­пе­ра­ту­ра -400 [3].

Соң­ғы жыл­да­ры қа­лып­тас­қан әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дайлар тер­ри­то­ри­ялар­ды ша­ру­ашы­лық мақ­сат­та пайда­ла­ну ба­ғыт­та­ры­ның өз­ге­ру­іне әке­ліп соқ­ты. Со­ның сал­да­ры­нан Сыр­да­рия өзе­ні аң­ға­ры­ның та­би­ғи қор­ла­ры­на, оның ішін­де өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­на, ан­тро­по­ген­дік ықпал бір­не­ше есе өс­ті. Сол себепті фло­ра­ның түр­лік құ­ра­мын анық­тап, бү­гін­гі жайына ба­ға бе­ру­дің қа­жет­ті­лі­гі ту­ын­да­ды. Бар мә­лі­мет­тер­ге сүйен­сек, об­лыс­тың өсім­дік­тер әле­мі 690 түр­ді құ­райды, оның ішін­де 50 дә­рі­лік өсім­дік­тер, 7 сү­рек­ті, 87 бұ­татек­тес, 44 жар­ты­лай бұ­татек­тес, көп жыл­дық шөп­те­сін­дер 256, өсім­дік­тер­дің 11 тү­рі Қа­зақ­стан­ның Қы­зыл кі­та­бы­на ен­ген [4].

Си­рек кез­де­се­тін жә­не қор­ға­уды қа­жет ете­тін өсім­дік­тер­дің қа­та­ры­на Aldrovanda vesiculosa, Calligonum triste, Salsola euryphylla, Soranthus meyeri, Medicago komarovii, Bryonia melanocarpa, Populus pruinosa, Tulipa borszszowii, T. lehmanniana, T. korolkowii, Eminium lehmannii жатады [5].

M.Байте­нов [6] жо­ға­ры­да аталғандарға Арал өңі­рін­де си­рек кез­де­се­тін өсім­дік­тер­дің басты себебі тө­мен­де­гі түр­лерін жат­қы­за­ды: мы­ғым дес­те­гіл (Merendera robusta), кі­ші аро­мат (Najas minor), бұ­ра­ма бұ­ран­да жа­пы­рақ (Vallisneria spiralis), са­ры ре­зе­да (Reseda lutea). Өсім­дік­тер са­ны­ның азаюының басты себебі адам­зат­тың ша­ру­ашы­лық­тық мақ­са­ты­нан, жайылым­дық жә­не ша­бын­дық жер­лер­дің ұл­ғаюы, Сыр­да­рия өзе­ні­нің ар­на­сы­ның қа­лып­ты дең­гейде бол­мауы. Қаң­тар–на­урыз айла­рын­да су­дың мөл­ше­рі күрт жо­ғар­лап, өзен жа­ға­лауынан бір­не­ше метр жер­ді су шайып ке­те­ді. Мұ­нын сал­да­ры­нан то­пы­рақ­тың гу­мус қа­ба­ты бұ­зы­лып, ми­не­рал­ды­ғы жо­ғар­лайды, 1–1,5 ай су ас­тын­да қал­ған ағаш жә­не бұ­татек­тес өсім­дік­тер­дің та­мыр­ла­ры ші­ріп, көк­те­мей қа­лу жағ­дайла­ры жиі кез­де­се­ді. Осы уақыт­тар­да жер ас­ты су­ының да дең­гейі жо­ғар­лайды. Ал шіл­де–та­мыз айла­рын­да су­дың мөл­ше­рі апат­ты жағ­дайға дейін тө­мен­дейді, бұл су­ды ша­ру­ашы­лық­қа пайда­ла­ну­дан жә­не күн­нің өте ыс­тық­ты­ғы­нан (ор­та­ша +35–40 0С) су­дың бу­ла­ну мөл­ше­рі­нің жо­ға­ры бо­лу­ына байла­ныс­ты.

Сыр­да­рия өзе­ні­нің ар­на­сы­ның бір­қа­лып­ты бол­мауы 28 мың га ор­ман то­ғайлар­дың қыс­қа­ру­ына ық­па­лын ти­гі­зіп отыр. Олар то­пы­рақ­ты қор­ғау, рек­ре­аци­ялық, мик­рок­ли­мат­тық ма­ңы­зын жо­ғал­тқан. Ке­нинг мә­лі­ме­ті бойын­ша, Populus pruinosa, P. diversifolia, P. litwinovia, Salix caspica, S. songorica, S. wilhelmsiana, S. lipsciana түр­ле­рі Арал өңі­рін­де­гі жағ­дайлар­ға байла­ныс­ты эн­де­мик түр­лер­ге айнал­ған [7]. Со­ны­мен қа­тар то­раң­ғы, жи­де­нің (Eleagnus oxycarpa), тал (Salix turanica, S. coerulea) түр­ле­рі де апат­ты жағ­дайға дейін азайған. Бұл түр­лер­ді сақ­тау үшін ағаш-бұ­та­тек­тес то­ғайлар­ды қал­пы­на кел­ті­ру қа­жет. Осы­ған себепті құр­ғақ кли­мат­тық жағ­дайда өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның қа­лып­та­су­ына, то­пы­рақ­тың тұз­ды­лық жә­не гид­ро­ло­ги­ялық ре­жи­мі­мен байла­ныс­ты­лы­ғын ба­қы­лау, су­ар­ма­лы жә­не су­ал­ған аймақ­тар­да­ғы өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның қа­лып­та­су си­па­ты­на қа­рай, олар­дың ин­ди­ка­ци­ялық ма­ңы­зын көр­се­ту қа­жет [8].

Сыр­да­ри­яның ар­на­сын­да жә­не ағу жо­лын­да­ғы әр­түр­лі шөп­те­сін өсім­дік­тер тұ­қым­дас­та­ры­нан ас­тық (Calamagrostis pseudophragmites) (Hall. f. koeler), сы­пыр­ғы, қа­мыс (Phragmites communis Trin), (Glycyrrhiza glabra), со­фо­ра (Goebelia alopecuroides L Bge), те­рі гүл­ді­лер тұ­қым­да­сы­на жа­та­тын тал жа­пы­рақ (Lythrum salicaria), айбат мия ту­ысы­нан сор­таң (Sphaerophyza salsula) (Pall) D.C. өсе­ді. Сү­рек­ті жә­не бұ­татек­тес өсім­дік­тер­дің тү­бін­де шөп­те­сін­дер­ден ас­тық би­дайық (Agropyrom repens. L.), қа­мыс, боғ­дан ар­па (Hordeum Bogdanii Wilensky) жә­не әр­түр­лі шөп­те­сін­дер­ден тал жа­пы­рақ, жа­лаң мия, жал­быз ті­кен көп­теп кез­де­се­ді.

Бұл жер­лер­дің то­пы­ра­ғы­на си­пат­та­ма бе­рер бол­сақ, тұз­ды емес (қат­ты қал­дық­тар ша­ма­мен
0,2–0,4 %). Жер ас­ты су­ының те­рең­ді­гі 1,5–3 м, кейде өзен су­ының дең­гейіне байла­ныс­ты тө­мен­дейді, тұз­ды­лы­ғы 3–5 г/л ша­ма­сын­да. Көк­тем­гі кез­де өзен ар­на­сы­ның жа­ға­сын­да бу­ла­ну жақ­сы жү­ре­тін­дік­тен, шал­ғын­дық-сор­таң өсім­дік­тер қауым­дас­ты­ғы­нан ажа­рық, қи­яқ ара­сы­нан жың­ғыл бұ­та­ла­ры да байқа­ла­ды. Аймақ­тың ал­лю­ви­аль­ді-шал­ғын­дық то­пы­ра­ғы мә­де­ни ба­у-бақ­ша егін­ге ке­ңі­нен қол­да­ны­ла­ды, сон­дық­тан өзен ар­на­сы­ның екі ше­тін мә­де­ни егін жә­не әр­түр­лі ты­ңайту­ға қал­ды­рыл­ған жер­лер үлкен территорияны алып жа­тыр. Кә­дім­гі са­ры­сояу, жа­лаң мия, кас­пий ақ­бас­шө­бі, егіс­тік қа­улен, егіс­тік са­ры­қа­улен өсім­дік түр­ле­рі кез­де­се­ді. Ас­тық тә­різ­ді­лер­ден жиі ажа­рық (Aeluropus litoralis (Gouan)), тұз­ды емес жер­лер­де — би­дайық, қа­мыс, сы­пыр­ғы кез­дес­се, ес­кі тың жер­лер­де бұ­татек­тес шең­гел (Halimodendrom halodendrom (Pall), Voss) жә­не жың­ғыл өсе­ді (Tamarix ramosissima Lab, T. hispida Willd).

Соң­ғы жыл­да­ры Сырда­ри­яның тар­ты­луы көп­те­ген қо­лайсыз жағ­дайлар­ға әке­ліп соқ­ты. Мұн­да­ғы өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның жо­ға­ры­да си­пат­тал­ған өсім­дік­тер­ге қа­ра­ған­да айыр­ма­шы­лы­ғы бар. То­пы­рақ­тың бе­тін су шайып, ке­бір­сіп кеуіп қал­ған жер­ді егін­дік­ке мүл­дем жа­рам­сыз де­се де бо­ла­ды. Ксе­ро­ме­зо­филь­ді жә­не ме­зок­се­ро­филь­ді си­пат­та­ғы тұз­ды жер­лер­ге бейім­дел­ген шөп­те­сін өсім­дік жа­мыл­ғы­сын же­ңіл ме­ха­ни­ка­лық құ­рам­да­ғы то­пы­рақ­ты жер­лер­де (құм жә­не құ­майт) кас­пий ақ­бас­шө­бі (Karelinia caspica), жан­тақ (Alchagi kirghisorum Schrenk), ауыр ме­ха­ни­ка­лық құ­рам­ды то­пы­рақ­та (ауыр құм­бал­шық жә­не бал­шық) түйета­бан­дар (Zygophyllum fabago. L.) кез­де­се­ді. Бұл жер­лер­де жер ас­ты су­ының те­рең­ді­гі 4–5 м әл­сіз тұз­ды, ми­не­рал­ды­ғы 2–4 г/л бо­ла­ды. Кейбір жер­лер­дің то­пы­рақ­та­ры­ның те­рең­деу қа­ба­ты­ның (1–1,5 м) тұз­ды­лы­ғы жо­ға­ры, 6–8 г/л ара­лы­ғын­да. Ал, то­пы­ра­ғы айтар­лық­тай сор­лан­ған жер­лер­де га­ло­фит­ті өсім­дік­тер кер­мек (Limonium otoleps (Schrenk) Ktze), ит­си­гек (Anabasis aphylla. L.), қа­ра­ба­рақ (Halostachys Belangeriana (Mog) Botsch) жә­не бас­қа­лар­ды кез­дес­ті­ру­ге бо­ла­ды. Осы өсім­дік­тер­дің са­ға­сын­да ажы­рық, жу­сан, біржыл­дық сор­таң өсім­дік­тер де кез­де­се­ді. Бұ­лар­дың бар­лы­ғы то­пы­рақ­тың бет­кі қа­ба­ты аса сор­лан­ған (тұз­ды) жер­лер­де өседі. Олар­дан бас­қа бұл жер­лер­де бұ­татек­тес шең­гел (ыза суы қа­шық тұз­ды жер­лер­де), ме­ха­ни­ка­лық құ­ра­мы ауыр, ыза суы қа­шық тұз­ды жер­лер­де орыс ті­кен бұ­та­сы (Lycium ruthenicum Murr) ұшырасады. Мұн­да­ғы ас­тық — қа­мыс, сы­пыр­ғы, би­дайық тә­різ­ді өсім­дік­тер­ді бұ­рың­ғы бай фи­то­це­ноз­дың қал­ған өсім­дік­тер­дің қа­та­ры­на жа­та­ды.

Жо­ға­ры­да си­пат­тал­ған өсім­дік­тер­ді өзен ар­на­сын­да су­дың қайта кө­бейген ке­зін­де су­ар­ма­лы жер­лер­ді өсім­дік­тер­мен то­лық­ты­ра­тын қал­ған қор деп айту­ға бо­ла­ды. Өзен­нің тө­мен­гі құ­яр са­ға­сын­да өсім­дік­тер­дің бат­пақ­ты жер­лер­де өсе­тін түр­ле­рі та­рал­ған қа­мыс жә­не ро­гоз қауым­дас­ты­ғы­нан тұ­ра­ды. Мұн­да қо­ға үне­мі су ішін­де­гі бат­пақ­ты жер­лер­де өсе­ді. Су бу­лан­ған­да көп­те­ген өсім­дік­тер қу­рап, тіп­ті кейбір ал­қап­тар өсім­дік­сіз қа­ла­ды. Мұн­дай бат­пақ­ты аймақ­тың ал­ғаш­қы өсім­дік­те­рі­не бір­жыл­дық ар­ам­шөп­тер­ді жат­қы­зу­ға бо­ла­ды. Олар­ға жа­ға­лық көк­пек (Atriplex litoralis. L.), кә­дім­гі три­по­ли­ум (Tripolium vulgare Nees), екін­ші жы­лғы са­ры­қа­лу­ен, кас­пий ақ­бас­шө­бі, шыр­мауық, та­тар ас­сү­ті­ге­ні (Lactuсa tatarica (L) C.A. Mey) жа­та­ды .

Осын­дай бат­пақ­ты жер­ге шы­ға­тын өсім­дік­тер­дің құ­ра­мы, си­па­ты жа­ғы­нан шал­ғын­дық­тан ерек­ше­леу. Бат­пақ­ты аймақ­та өсім­дік­тер тір­ші­лі­гі­нің жал­ға­суы гид­ро­ло­ги­ялық ре­жим­ге байла­ныс­ты. Тұз­ды, тұз­ды­лы­ғы жо­ға­ры жер­лер­де га­ло­фит­ті әр­түр­лі шөп­те­сін­дер кә­дім­гі три­по­ли­ум, горь­ку­ша (Saussurea salsa Pall Spreng) жә­не қа­мыс­тар өсе­ді. Мұн­дай жер­лер­де жер ас­ты су­ының те­рең­ді­гі 3–4,5 м, тұз­ды­лы­ғы өте жо­ға­ры 6–12 г/л бо­лып ке­ле­ді. Өте тұз­ды жә­не тұз­ды­лы­ғы жо­ға­ры жер­де қа­мыс­ты-со­раң фи­то­це­ноз қауым­дас­ты­ғы­нан ис­соп жа­пы­рақ­ты бо­зи­зенді (Eсhinopsilon hyssopifolium (Pall) Mog), көп­жа­пы­рақ­ты ақ­со­ра­ны (Suaeda linifolia Pall) кез­дес­ті­ру­ге бо­ла­ды. Бат­пақ­ты жер­дің суы тар­тыл­ған­да шал­ғын­ды-бат­пақ өсім­дік­те­рі өсе­ді, бі­рақ олар да ұзақ тұр­майды. Жер ас­ты ыза суы мүл­дем тар­тыл­ған­да өсім­дік­тер­дің бар­лы­ғы жойылып та­қыр­ға айна­ла­ды. Егер қа­мыс­тың ұсақ та­мыр­ла­ры те­рең­ге ке­тіп, ыза су­ды қа­был­дай ала­тын­дай бол­са, фи­то­це­ноз­да аз­да­ған қа­мыс­тар­ды кө­ру­ге бо­ла­ды. Мұн­дай шал­ғын­дық-бат­пақ­ты қауым­дас­тық­тан тип­тік зо­наль­ді фи­то­це­ноз­ға айна­лу са­ты­сын­да гид­ро­филь­ді өсім­дік­тер­дің қал­дық­та­ры қа­мыс, со­ны­мен қа­тар ксе­ро­фит­тік өсім­дік­тер жу­сан (Artemisia terrae — albae Krasch), ебе­лек (Ceratocarpus urticulosus Bluk) жә­не ме­зок­се­ро­фит­тер (Linosyris villosa, Climacoptera brachiata (Pall. Botsch)), эфер­мер­лер кез­де­се­ді.

Осын­дай жер­лер­де то­пы­рақ­тың жо­ғар­ғы қа­ба­ты­ның тұз­да­нуы жүр­ген­ді­гін Сlimacoptera lanata (Pall) Botsch, Petrosimonia brachiata (Pall) Bge, Limonium otolepis (Schrenk Ktze) тә­різ­ді га­ло­фит­ті өсім­дік­тер­дің, құр­ға­ған жер та­ба­нын­да ыза су­дың ми­не­рал­да­ну­ының жо­ға­ры бо­лу­ын тұз­да­ну­ға тө­зім­ді жың­ғыл, қа­ра­ба­рақ­тың өсу­інен бі­лу­ге бо­ла­ды.

Сыр­да­рия өзе­ні­нің ес­кі жә­не жа­ңа ар­на­сы­ның (дель­та) ара­лы­ғын­да өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның өзен жа­ға­лауын­да­ғы жә­не одан қа­шық­тап, то­пыр­ақ­тың ыл­ғал­ды­ғы тө­мен­де­ген жағ­дайда өсім­дік­тер­дің құ­ры­лы­мы, яру­сы ауысып оты­ра­тын­ды­ғын байқа­уға бо­ла­ды. Өзен жа­ға­лауын­да жә­не оған жа­қын жер­лер­де, яғ­ни бал­шық-то­пы­рақ­ты, жер ас­ты су­ының те­рең­ді­гі 0,5 м жа­қын аймақ­тар­да­ғы өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­на тоқ­та­лар бол­сақ: қа­мыс­тар қауым­дас­ты­ғы (Phragmites communis), тал түр­ле­рін (Salix caspica, Salix alba, Salix songorica), шөп­те­сін өсім­дік­тер­ден гид­ро­фит­тік, гиг­ро­фит­ті түр­ле­рі көп­теп кез­де­се­ді. Өзен жа­ға­лауы өсім­дік­те­рі­нің ал­ғаш­қы яру­сын құ­райтын өсім­дік­тер­дің қа­та­ры­на Salix songarica, Salix caspica, Salix Wilhelmsiana, си­рек­теу Populus pruinosa жатса, екін­ші ярус­ты жың­ғыл­дар (Tamarix gracilis) жә­не шең­гел (Halimodendron halodendron), үшін­ші ярус­ты кә­дім­гі қа­мыс (Phragmites communis), құр­ғақ айрауық (Calamagrostis epigeios), қы­зыл кен­дір (Apocynum lancifolium), ұзақ түйне­кө­лең (Bolboschoenus affinis), тал жа­пы­рақ­ты тер­ігүл (Zythrum salicaria) тә­різ­ді өсім­дік­тер құрайды.

Өзен жа­ға­сы­нан қа­шық­та­ған­нан кейін тал жә­не то­раң­ғы­лы то­ғайлар жың­ғыл жә­не жи­де түр­ле­рі­не ауыса­ды. Мұн­дай жер­лер­де­гі бі­рін­ші ярус­та си­рек­теу тал түр­ле­рі кездессе, ал екін­ші ярус­ты жың­ғыл түр­ле­рі (Tamarix leptostachys, T. gracilis), си­рек­теу орыс ті­кен бұ­та­сы (Lycium ruthenicum), үшін­ші ярус­ты та­мы­ры те­рең­ге ке­те­тін қы­зыл мия (Clycyrrhiza glabra), тал жа­пы­рақ те­рі­гүл (Lythrum salicaria) құрайды. Өсім­дік­тер қауым­дас­ты­ғы гиг­ро­фит­тік тү­рі­нен ме­зок­се­ро­фит­тік түр­ле­рі­не ауыса бас­тайды. Өзен жа­ға­лауынан қа­шық­та­ған сайын гид­ро­ло­ги­ялық ре­жим­ге байла­ныс­ты тал жә­не жи­де то­ғайла­ры, жың­ғыл, шең­гел өсім­дік­те­рі­не, олар га­ло­фит­тік шөп­те­сін өсім­дік­тер­ге ал­ма­сып оты­ра­ды. Га­ло­фит­ті өсім­дік­тер­дің түр­лік құ­ра­мы­ның сақ­та­луы жер ас­ты су­ының те­рең­ді­гі­не сәйкес өз­ге­ріп оты­ра­ды. Құр­ғақ­шы­лық­қа айнал­ған то­пы­рақ фи­то­це­но­зы тұ­рақ­сыз. Эко­ло­ги­ялық жағ­дайға байла­ныс­ты, жер қайта ыл­ғал­дан­ған­да не­ме­се әрі қа­рай құр­ғақ өсім­дік­тер­дің қа­лып­та­су құ­ры­лы­мы ауысып оты­ра­ды.

Қо­ры­та айтқан­да, аймақ­та­ғы өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның құ­ры­лы­мы­на қа­рап то­пы­рақ­тың тұз­ды­лы­ғы­на, ыл­ғал­ды­лы­ғы­на, жер ас­ты су­ының дең­гейіне бол­жам жа­са­уға бо­ла­ды.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі


  1. Зу­ба­иров О.З. Сов­ре­мен­ное сос­то­яние хи­ми­чес­ко­го сос­та­ва во­ды р. Сыр­дарьи и пу­ти его улуч­ше­ния // Вестн. с.-х. на­уки Ка­зах­ста­на. – 1996. – № 4. – С. 108–115.

  2. Тәуіп­ба­ев С.Т. Арал — Сыр­да­рия айма­ғын гид­ро­эко­ло­ги­ялық тұ­рақ­тан­ды­ру. – Ал­ма­ты: Ы.Ал­тын­са­рин, 2003. – 18–29-б.

  3. От­чет. Эко­ло­ги­чес­кий док­лад о сос­то­янии и ох­ра­не ок­ру­жа­ющей сре­ды Кы­зы­лор­дин­ской об­лас­ти в 2004 г.

  4. От­чет. Прог­рам­ма дей­ствия по борь­бе с опус­ты­ни­ва­ни­ем в Кы­зы­лор­дин­ской об­лас­ти. – 1997. – С. 6–7.

  5. Байте­нов М.С. В ми­ре ред­ких рас­те­ний. – Ал­ма-Ата: АН­ КазССР, 1986.

  6. Крас­ная кни­га Ка­зах­ской ССР. – Ал­ма-Ата: АН КазССР.

  7. Ке­нинг Г.Ф. Об ох­ра­не эн­де­мич­ных дре­вес­ных рас­те­ний в до­ли­не р. Сыр­дарьи // Проблемы освоения пус­тынь. – Аш­ха­бад, 1985. – № 5. – С. 78–81.

  8. Байкен­же­ева А.Т. Сыр­да­рия өзе­ні­нің тө­мен­гі ағы­сын­да­ғы өсім­дік­тер жа­мыл­ғы­сы­ның экобо­та­ни­ка­лық си­пат­та­ма­сы // Әуезов оқу­ла­ры — ІV ха­лы­қа­ра­л. ғы­л. кон­ф. – Шым­кент, 2004. – 129–131-б.

ӘОЖ 576.893.19

М.К.Өте­ба­ева

Е.А.Бө­ке­тов атын­да­ғы Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті



ҚАР­ҚА­РА­ЛЫ АУДА­НЫ ЕШ­КІ­ЛЕ­РІ­НІҢ ЭЙМЕ­РИ­ОЗЫ

При ис­сле­до­ва­нии 200 коз в де­вя­ти кресть­ян­ских хо­зяй­ствах Кар­ка­ра­лин­ско­го района за­ра­жен­ность эйме­ри­ями рав­ня­лась 36,5 %. У об­сле­до­ван­ных коз об­на­ру­же­но три ви­да эйме­рии. Вы­яс­не­на за­ра­жен­ность коз эйме­ри­ями в за­ви­си­мос­ти от воз­рас­та и се­зо­на го­да.

Under examination of 200 goats in 9 peasant farms of Karkaralinsk district infection with eymeria was equal to 36,5 % three types of eymeria of the examined goats found ouf. Аnd infection of goats with eymeria depends on the age of goats and seasons.
Эйме­ри­ямен ауыр­ған еш­кі­лер­дің қа­ны­ның құ­ра­мын­да қы­зыл қан түйір­ші­гі­нің са­ны аза­яды, ге­мог­ло­бин­нің пайызы тө­мен­дейді [1]. Кок­ци­ди­ямен за­қым­дал­ған лақ­тар өс­пе­ген, еш­кі­лер­дің тү­бі­ті­нің са­па­сы 28,7 пайыз­ға, тә­улі­гі­не сү­ті 36 пайыз­ға дейін азайған [2]. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қар­қа­ра­лы ауда­ны­ның ша­ру­а қожалықтарының еш­кі­ле­рі­ эйме­ри­озы ту­ра­лы еш­қан­дай де­рек­тер кез­дес­пе­ді. Сол се­беп­ті еш­кі­лер­дің эйме­ри­озын қоз­ды­ра­тын па­ра­зит­тер­дің түр­ле­рі, оның әр­түр­лі ша­ру­ашы­лық­та иесі­нің бойын­да та­ра­луы, эйме­ри­яның жұп­тұ­яқ­ты­ның жа­сы­на жә­не ма­усым­ға қа­рай өз­ге­руі тек­се­ріл­ді. Еш­кі­лер­дің эйме­ри­ясы­ның түр­ле­рі­нің құ­ра­мы, оның әр ша­ру­ашы­лық­тар­да мал­дар­дың ара­сын­да та­ра­лу­ын анық­тау мақ­са­ты­мен, Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның Ес­кі Нүр­кен, Са­ры­жайлау, Ақ­шо­қы ша­руа­шы­лық­та­ры­нан, Бейбіт­ші­лік ұжы­мы­ның Жы­лы­сай, Ке­ңес­тас, Байда­лы ша­ру­ашы­лық­та­ры­нан, Тоқ­тар Әубә­кі­ров ұжы­мы­ның Шор­тан­ды ша­ру­ашы­лығы­нан 137 бас еш­кі­лер зерт­тел­ді. Жа­сы­на байла­ныс­ты еш­кі­лер­дің па­ра­зит­пен жа­ра­қат­та­ну­ын бі­лу үшін 2000–2001 жж. төрт ма­усым Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның ор­та­лы­ғын­да 63 бас жұп­тұ­яқ­ты­лар ба­қы­лан­ды. Оның жи­ыр­ма же­ті­сі (42,8 пайыз) эйме­ри­ямен за­қым­дал­ған. Бар­лы­ғы зерт­тел­ген 200 бас еш­кі­нің 73 (36,5 пайыз) па­ра­зит­пен ауыр­ға­ны анық­тал­ды. Де­рек­тер­ді Дар­лин­г әді­сі­мен өң­де­ген­де бұ­рын ғы­лым­ға бел­гі­лі Eimeria ту­ысы­нан еш­кі­де Eimiria ninakohlyakimovae, Eimeria galouzoi, Eimeria faurei түр­лері анық­тал­ды. Тө­мен­де сол түр­лер­ге қыс­қа­ша си­пат­та­ма бе­ре­міз.

Eimeria ninakohlyakimovae (Yakimoff et Rastegaieff, 1930)

Па­ра­зит­тің бұл тү­рі зерт­тел­ген 200 еш­кі­нің 39-да (19,5 пайыз) кез­дес­ті. Ооцис­та­сы со­пақ тә­різ­ді не­ме­се до­ма­лақ. Ооцис­та­ның қа­бық­ша­сы те­гіс, іш­кі қа­бы­ғы сыр­тқы­сы­нан қа­лың, са­ры-жа­сыл түс­ті, қа­лың­ды­ғы 1,0–1,5 мк. Қақ­пақ­ша­сы мен мик­ро­пи­ле­сі жоқ, бі­рақ по­люс­те­рі­нің кейбір қа­бық­ша­лары­ның жұ­қар­ға­ны байқа­ла­ды. Жа­ңа бө­лін­ген ооцис­та­ның ци­топ­лаз­ма­сы іш­кі қу­ысын тү­гел алып жа­та­ды. По­ляр­лы гра­ну­ла­сы жоқ. Ооцис­та­ның мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 21,826,8, ең кі­ші­сі — 14,316,4, ор­та­ша­сы — 19,923,8 мк. Спо­ра­ның пі­ші­ні со­пақ не­ме­се жұ­мыр­тқа тә­різ­дес. Спо­ра­ның мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 9, 811,4, ең кі­ші­сі — 5,87,7, ор­та­ша­сы — 7,211,0 мк. Әр­бір спо­ра­да екі үтір тә­різ­ді спо­ра­зо­ид бо­ла­ды. Қал­дық де­не өте ұсақ дән тә­різ­ді, ол бел­гі­лі пі­шін­де бол­майды жә­не ша­шы­лып жа­та­ды. Ооцис­та­ның спо­ра­ла­нуы 2–3 күн­де өте­ді. Eimeria ninakohlyakimovae Бейбіт­ші­лік ұжы­мы­ның Жы­лы­сай, Ке­ңес­тас ша­ру­ашы­лық­та­ры­ның бір, төрт айлық лақ­та­рын­да жә­не бір жа­сар еш­кі­ле­рін­де анық­тал­ды. Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның он се­гіз күн­дік лақ­та­ры мен бір жа­сар еш­кі­ле­рін­де кез­дес­ті.



Eimeria galouzoi (Howkins, 1950)

Бұл түр тек­се­ріл­ген 200 еш­кі­нің 43-де (21,5 пайыз) анық­тал­ды. Па­ра­зит­тің ооцис­та­сы­ның пі­ші­ні эл­липс тә­різ­ді. Ооцис­та­ның қа­бық­ша­сы те­гіс, екі кон­тур­лы, сыр­тқы қа­бық­ша­сы ақ­шыл-қыз­ғылт, ал іш­кі қа­бық­ша­сы қа­ра-жа­сыл түс­ті, қа­лың­ды­ғы 1,0–1,6 мк. Қал­пақ­ша­сы мен мик­ро­пи­ле­сі жоқ. Ооцис­та­да бір кейде екі по­ляр­лы гра­ну­ла­сы бо­ла­ды. Ооцис­та­ның мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 21,331,9, ең кі­ші­сі — 15,220,2, ор­та­ша­сы — 16,926,3 мк. Спо­ра­ның пі­ші­ні эл­липс тә­різ­ді, мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 10,813,8, ең кі­ші­сі — 5,610,8, ор­та­ша­сы — 7,211,4 мк. Әр­бір спо­ра­да екі үтір тә­різ­ді спо­ра­зо­ид бо­ла­ды. Спо­ра­зо­ид­тың мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 5,47,9, ең кі­ші­сі — 4,55,4, ор­та­ша­сы — 4,96,7 мк. Ооцис­та­ның қал­дық де­не­ші­гі жоқ, бі­рақ­ спо­ра­ның айқын байқа­ла­тын қал­дық де­не­сі бар. Ол екі спо­ра­зо­ид­тың ара­сын­да нүк­те тә­різ­ді ор­на­лас­қан. Ооцис­та­ның спо­ра­ла­нуы екі күн­де аяқ­та­ла­ды.



Eimeria galouzoi Тоқ­тар Әубә­кі­ров ұжы­мы­ның Шор­тан­ды ша­ру­ашы­лы­ғын­да екі, бес айлық лақ­тар­да жә­не бір жа­сар еш­кі­лер­де, Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның Са­ры­жайлау жә­не Ақ­шо­қы ша­ру­ашы­лық­та­рын­да он се­гіз күн­дік, бір айлық лақ­та­ры мен он бір айлық еш­кі­лер­де кез­дес­ті.

Eimeria faurei (Moussu et Marotel, 1902), Martin, 1909

Бұл түр тек­се­ріл­ген 200 еш­кі­нің 31-де (15,5 пайыз) кез­дес­ті. Па­ра­зит­тің өзі­не тән ерек­ше­лі­гі мик­ро­пи­ле­сі өте жақ­сы кө­рі­не­ді, ол ооцис­та­ның жі­ңіш­ке­ріп кел­ген по­лю­сі­нде ор­на­лас­қан. Қа­быр­ға­сы қос қа­бат­ты қа­бық­ша­дан тұ­ра­ды, бі­реуі, яғ­ни сыр­тқы­сы, ақ­шыл, ал іш­кі қа­ба­ты — қо­ңыр­қай. Қа­бық­ша­ның қа­лың­ды­ғы 1–1,5 мк, тү­сі қо­ңыр-са­ры. Ооцис­та­ның пі­ші­ні со­пақ­ша не­ме­се жұ­мыр­тқа тә­різ­ді. Жа­ңа бө­лін­ген ооцис­та­ның ішін ци­топ­лаз­ма­лық мас­са тол­ты­рып тұ­ра­ды. Ооцис­та­ның мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 33,648,8, ең кі­ші­сі — 28,832,0, ор­та­ша­сы — 31,739,5 мк. Спо­ра­ла­ры со­пақ не­ме­се ал­мұрт пі­шін­дес. Спо­ра­лар­дың мөл­ше­рі: ең үл­ке­ні — 18,323,4, ең кі­ші­сі — 5,417,4, ор­та­ша­сы — 16,818,3 мк. Әр спо­ра­да­ғы спо­ра­зо­ид­тар­дың мөл­ше­рі — 4,5–8,42,1–4,2, ор­та­ша мөл­ше­рі — 3,26,2 мк. Ооцис­та­да қал­дық зат бол­майды, ол спо­ро­цис­те бо­ла­ды. Мик­ро­пи­ле­сі­нің ұзын­ды­ғы 3–5 мк. По­ляр­лы қал­пақ­ша­сы жә­не Штид де­не­ші­гі жоқ. Ооцис­та­ның спо­ра­ла­нуы 4–5 күн. Eimeria faurei Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның Ес­кі Нүр­кен ша­ру­ашы­лы­ғын­да он се­гіз күн­дік, төрт айлық лақ­тар­да жә­не бір жа­сар еш­кі­лер­де анық­тал­ды. Бейбіт­ші­лік ұжы­мы­ның Байда­лы жә­не Ке­ңес­тас ша­ру­ашы­лық­та­рын­да екі, ал­ты айлық лақ­тар­да жә­не бір жа­сар еш­кі­лер­де, Тоқ­тар Әубә­кі­ров ұжы­мы­ның бір, бес айлық лақ­тар мен бір жа­сар еш­кі­лер­де кез­дес­ті.

Зерт­те­улер­дің нә­ти­же­ле­рі көр­сет­кен­дей (кес­тені қар.), әр ша­ру­ашы­лық­тың еш­кі­ле­рі­нің эйме­ри­озы­ның та­ра­луы әр­түр­лі дә­ре­же­де бол­ды. Кес­те­де­гі көр­сет­кіш­тер­ді са­лыс­тыр­ма­лы түр­де қа­ра­ған­да Ке­ңес­тас ша­ру­ашы­лы­ғы­ның эйме­ри­ямен за­қым­да­луы 56,2 пайыз, Са­ры­жайлау ша­ру­ашы­лы­ғы­ны­кі — 47,7, «Нүр­кен Әб­ді­ров» — 42,8, «Жы­лы­сай» — 41,1 пайыз. Мұн­дай жо­ғар­ғы дә­ре­же­де жұп­тұ­яқ­ты­лар­дың эйме­ри­оз ауру­ымен ауруы па­ра­зит­тің эк­зо­ген­ді ста­ди­ясы­ның өту­іне қо­лайлы жағ­дайдың бол­ған­ды­ғы­мен байла­ныс­ты. Эйме­ри­яның спо­ра­ла­нуы үшін дым­қыл­дық жә­не +22 0С-дан жо­ға­ры жы­лы­лық қа­жет. Сол жағ­дайда ин­ва­зи­ялы ооцис­та­ның са­ны кө­бейіп, еш­кі­лер­дің за­қым­да­нуы жи­ілейді, яғ­ни ин­ва­зи­яға жағ­дай ту­ады. Ке­ңес­тас ша­ру­ашы­лы­ғы не­гі­зі­нен та­улы аймақ­та ор­на­лас­қан. Та­уды бойлай то­ғайда би­ік ағаш­тар өс­кен. Осы та­улы, то­ғайлы жер­дің шө­бі қа­лың жә­не то­пы­ра­ғы әр уақыт­та дым­қыл. Еш­кі­лер жайыла­тын жайылым­ға күн­нің кө­зі айтар­лық­тай жақ­сы түс­пейді. Се­бе­бі, би­ік ағаш­тар­дан кө­лең­ке көп тү­се­ді. Жұп­тұ­яқ­ты­лар­дың қиы дым­қыл әрі кө­лең­ке жер­де тез кеуіп үл­гер­мейді. Мұн­дай жағ­дайда ооцис­та тез спо­ра­ла­на­ды, ин­ва­зи­яның са­ны кө­бейеді де па­ра­зит­ті жұқ­ты­ра­тын мал­дың са­ны өсе­ді. Са­ры­жайлау ша­ру­ашы­лы­ғын­да­ғы еш­кі­лер­ді тө­бе­шік­тер­дің сайына жайылу­ға апа­ра­ды. Тө­бе­шік­тер­дің сайла­рын­да ші­лік­тер, қыс­қа қыл­та­нақ­ты ағаш­тар көп жә­не жайылы­мы­ның шө­бі қа­лың бо­лып кел­ген. Мұн­дай жер­ге түс­кен ооцис­та­лар өзі­нің өмі­рін ұзақ сақ­тап, тез ин­ва­зи­яның көп та­ра­лу­ына се­беп­ші бо­ла­ды. Нүр­кен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның Са­ры­жайлау ша­ру­ашы­лы­ғы­ның еш­кі­ле­рі эйме­рия па­ра­зи­ті­мен за­қым­да­ну­ын­да пайыз­дық көр­сет­кіш­тер­дің жо­ға­ры бо­луы да ооцис­та­ның эк­зо­ген­дік жағ­дайына байла­ныс­ты. Жұп­тұ­яқ­ты­лар­дың жайылы­мы жыл сайын жа­ңар­тыл­май жыл­да бір ба­ғыт­та жайылым қа­ла­ды. Са­ры­жайлау ша­ру­ашы­лы­ғы­ның мал жайыла­тын жайылы­мы Қо­па өзе­ні­не жа­қын бол­са, Нү­ркен Әб­ді­ров ұжы­мы­ның жайылы­мы Жар­лы өзе­ні­нің бойынан алыс емес. Еш­кі­лер су­ды сол өзен­дер­ден іше­ді. Өзен­нің ма­ңы дым­қыл жә­не қыс­қа қыл­та­нақ­ты ағаш­тар­дан түс­кен кө­лең­ке қи­лар­ды күн сә­уле­сі­нен, аз да бол­са, қор­ғайды. Еш­кі­лер­дің қиы әрі дым­қыл, әрі ағаш ара­сын­да жа­тып қо­лайлы жағ­дайға ие бо­ла­ды. Мі­не, осын­дай қи­дың ішін­де­гі ооцис­та­лар тез спо­ра­ла­на­ды әрі өмі­рін ұзақ сақ­тайды.

Са­лыс­тыр­ма­лы түр­де эйме­ри­оз па­ра­зи­ті­мен за­қым­да­ну­да тө­мен­гі көр­сет­кіштер бол­ды: «Байда­лы» 23,5 пайыз, «Шор­тан­ды» — 27,7, «Тоқ­тар Әубә­кі­ров» — 29,4, «Ес­кі Нүр­кен» — 30,0 пайыз. Се­бе­бі, еш­кі­лер­дің жайылы­мы жа­зық жер­де жә­не ол жыл­да ауыс­ты­ры­лып оты­ра­ды. Жа­зық жер­де­гі жайылым­ға шіл­де–та­мыз айла­рын­да (де­рек­тер сол айлар­да алын­ды) күн­нің ультракүл­гін сә­уле­сі күш­ті­рек тү­се­ді. Ооцис­та­ның спо­ра­ла­ну­ына ультракүл­гін сә­уле­сі кері­сін­ше әсер ете­ді, яғ­ни ин­ва­зи­яның са­ны, аз ­да бол­са, аза­яды. Бұл ша­ру­ашы­лық­тар­дың жайылы­мын­да шөп си­рек, ші­лік­тер мен қыс­қа қыл­та­нақ­ты ағаш­тар мар­дым­сыз. Құр­ғақ жер мен шөп­тің си­рек­ті­гі, жұп­тұ­яқ­ты­лар­дың ара­сын­да спо­ра­лан­ған ооцис­та­ның азаюына се­беп­ші бо­ла­ды. Жо­ға­ры­да си­пат­тал­ған ша­ру­ашы­лық­тар­ға қа­ра­ған­да «Ақ­шо­қы» ша­ру­ашы­лы­ғы­ның еш­кі­ле­рі­нің ара­сын­да эйме­ри­яның 13,3 пайыз бо­луы са­лыс­тыр­ма­лы түр­де өте тө­мен. Се­бе­бі, мал­дар­ды қа­майтын шар­бақ­тың ішін­де­гі алаң мал қи­ының қал­дық­та­ры­нан ұқып­ты та­за­ла­нып оты­ра­ды. Қыс­та ұс­тайтын қо­ра­да­ғы қи­лар жыл­да ойылып алы­на­ды. Еш­кі­лер­ді құ­дық­тан ал­ған су­мен қол­дан су­ара­ды. Мұн­дай жағ­дайлар эйме­ри­яның көп та­ра­лу­ына тос­қауыл бо­ла­ды.



Кес­те


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет