1.17. Сурет.Астыңғы жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы
ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д —
көлденең кесінді; е,— тігінен кесінді
1.4.4. ҮЛКЕН АЗУ ТІСТЕР ТОБЫ
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.18 сурет)
Тіс сауыты
Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб
тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық.
Төмпешіктерді бһліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас.
Ұрт жақ
төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы
аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге
қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен.
Тіс қуысы
Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу
және төмпешік аймақтарында 4 тереңділі сайлар бар. Тіс
қуысының табанында түбір өзегі сағалары орналасқан.
Нұсқалар
Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәрежеде бейнеленген,
бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін
қосалқы төмпешік
орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі).
Тіс түбірі
Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай
иілген екіұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі
алдыңғыартқы бағытта жалпақтанған және алдыңғы, артқы деп
бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа.
Тіс
түбірінің
өзегі
Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш
тәріздене орналасқан.
Ең кең өзегі таңдайлық, алең тар өзегк
ұрттық
Нұсқалар Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиобуккальді түбір өзегі
болады.