Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет15/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
id174798

1.14.Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б 
— таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең 
кесінді; е— тігінен кесінді; 
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСІ (1.15 сурет) 
Тіс сауыты 
Бірінші кіші азу тіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және 
таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, 
орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші 
кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, 
тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу. 
Тіс қуысы 
Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, бірақ 
төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс құысының ең 
кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан. 
Нұсқалар 
Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы 
мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері ір түрлі болуы 
мүмкін.
Тіс түбірі 
Көбіне түбірі біреу ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус 
тәріздес. Түбірдің медиальді және дистальді беттерінде сайлар 
бар. 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып өзек сағаларын құрайды 
және кең өзекке айналып кетеді. 
Нұсқалар 
Кейде түбір мойыннан төмен деңгейде екіге айырылады. 
Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы 
мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір 
немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін. 


1.15. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б 
— таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең 
кесінді; е— тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары 
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ (1.16 сурет) 
Тіс сауыты 
Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы 
дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке 
ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық 
бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы 
төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Язычная поверхностьіктер бір 
бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы 
дамыған. 
Тіс қуысы 
Қуыстары медиодистальді бағытта қысылған. Пішіні сауыт 
пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық 
бейнеленбеген. 
Нұсқалар 
Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір 
жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. 
Барлық кіші азу тістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып 
келеді. 
Тіс түбірі 
Түбірі тік, алдыңғыартқы бағытта аздап жалпақталған. 
Медиальді және дистальді беттерінде түбірдің орта бөлігінде 
жақсы бейнеленген сайлар бар. 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне 
ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін 
түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. 
Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес. 
Нұсқалар Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет