Клиникалық көріністері.
Грипптің жіктелуі:
* ағымы бойынша – типтік және атипті;
* клиникалық көріністерінің ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа, ауыр түрлері ажыратады.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3 күнге дейін, әдетте1-2 күн.
Клиникалық көріністе 2 негізгі синдром бөлінеді: жалпы улану және тыныс жолдарының зақымдалуы (катаральды синдром).
Әдетте (типтік жағдайда) грипп жедел басталады: тоңғыштық, бастың ауыруы пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы 38,5-40 С-қы дейін жоғарылайды. Әлсіздік, дененің «сынуы», бұлшық еттердің, сүйектердің, буындардын ауыру сезімі дамиды. Бас ауыру маңдай және самай аумақтарында орналасады, бірте-бірте күшейді. Сонымен қатар, көз алмаларының ауыру сезімі пайда болып,жарыққа сезімталдық жоғарылайды.
Асқынбаған жағыдайда қызба ұзақтығы А грипп кезінде 1-6 күн (көбінесе 4 күн) , ал В грипп кезінде одан көбірек болады.
Науқасты қарап тексергенде аурудың бірінші күндері бетінің қызаруын, ісінуін, склералар тамырларының инъекциясын, кейде 3-4 күні үшықты көреміз. Аурудың ауыр ағымында тері жабындылары бозғылт, цианоз байқалады. Аңқа қызарған , гиперемия жайылмалы, доғашықтар мен жұмсақ тандайда, жұтқыншақтың артқы қабырғасында айқынырақ көрінеді. Мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген. Ас қорыту жүйесі аз зақымдалады. Ауыр жағдайларда тәбет жоғалады. Науқастың тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Перифериялдық қанда: лейкопения, нейтропения, эозинопения, моноцитоз, ЭТЖ қалыпты немесе төмендеген. Зәр шығару жүйесінен диурездің төмендеуін, протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия байқауға болады. Реконвалесценция кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады.
Диагностикасы: Мұрынның, жұтқыншақтың бөлінулері,қан-вирусологиялық зерттеулерге алынады. Сонымен қатар, серологиялық әдістердің маңызы жоғары: гемагглютинацияны тоқтату реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы. Соңғы жылдары иммундық ферменттік анализ және молекулярды гибридизация әдістері қолданылады.
Емдеуі. Гриппен ауырған науқастардың көбісі үйде емделеді. Ауруханаға аурудың ауыр түрімен және асқынулары пайда болған науқастар жатқызылады. Емдеу шаралары:
1) Төсектік тәртіп;
2) Көп мөлшерде сұйықтық ішу;
3) Этиотропты ем: а) гриппке қарсы иммуноглобулин;
б) лейкоцитарлы интерферон; в) ремантадин, амантадин,альгирем, занамивир, рибавирин; г) оксолин майы.
4) патогенетикалык ем: а) гипосенсибилизация (димедрол, супрастин т.б,); б) дәрумендер (В, С тобы); в) дезинтоксикациялық ем (5% глюкоза, Рингер ертіндісі ж.т.б.).
5) симптоматикалық ем: а)жөтелге қарсы және қақырық түсіретін дәрілер (тусупрекс, либексин, пектуссин, бромгексин, амбросан, лазольван, мукалтин және т,б,); б) дене қызуын төмендететін дәрілер (аспирин, колдрекс, парацетамол ж.т.б.);
6) бактериальды асқынулар қосылған жағдайда – антибиотиктер (бензилпенициллин, ампициллин, амоксиклав және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |