«Тұмау және басқа жрви» Тұмау(грипп). Анықтамасы



бет6/6
Дата18.01.2024
өлшемі27.17 Kb.
#489331
1   2   3   4   5   6
АЗ №5н

Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) дейін созылады. Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін ажыратады:
1. Біріншілік-ошақты түрлері:
а)менингококк тасымалдаушы;
б)жедел назофарингит;
в)пневмония;
2. Гематогенді-жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия – типті , созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас (менингококкемия+менингит);
д) сирек түрлері: эндокардит, артрит, иридоциклит.
Жедел назофарингит – ірінді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін, немесе менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінүі болуы ықтимал. Ол дене қызуының орташа көтерілуімен (38 С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз улануымен (шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған. Менингит жедел басталады. Ауру ағзаның улануымен, көз алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай-самай тұстарындағы, сирек-желке тұсындағы бастың ауруымен ерекшеленген. Науқастың тәбеті жойылып , жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр түрлерінде ақыл-ес бұзылады(сомноленция, сопор, кома). Қанда-жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған Менингококты менингоэнцефалит ауыр ағыммен сипатталған. Ми симптоматикасы тез күшейеді. Науқастарда тез арада психикалық бұзылулар, толық немесе жарым-жартылай амнезия , көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды. Менингитсіз менингококциемия сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене қызуы -38-39 С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм.). Гемморагиялық бөртпелер сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терілеріне, ішке және кеудеге шығады. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін.
Диагностикасы.Аурудың диагностикасы клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтерге негізделген. Ауруханада ерекше диагностикалық маңызды люмбальды пункция алады. Ликвордың түсі «лайлы», цитоз нейтрофильді ,қант пен хлориттердің мөлшері төмендеген, белок мөлшері жоғарылған, Панди және Нонни-Аппельт тұнба реакциялары оң мәнді. Менингококцемияны қызылшадан , қызамықтан, Шенлейн-Генох ауруынан ажырату керек.Диагностика үшін менингеалды синдроммен қатар менингококцемиялық бөртпенің маңызы зор . Бактериологиялық тексеруге мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан мен жұлын-ми сұйықтығын алады.
Емдеуі. Ерте басталған және адекватты терапия науқастың өмірін сақтауға мүмкіндік бермек.Этиотроптық және патогенетикалық емдерді қоса отырып, комплексті терапияны жүргізеді. Этиотропты терапияның негізгі препараты - бензилпенициллин, оны тәулігіне науқастың дене массасының 1 кг-на 200-300 мың бірліктен есептен тағайындайды . Препараты 3 сағат аралығымен бұлшық ет ішіне енгізеді . Бір мезгілде кофеин бензоат натрийді (1 реттік дозада 4-5 мг/кг), лазикс (15-20 мг/кг), натрий хлориді мен глюкозанның (15-20мл/кг) ерітінділерін белгілеу тиімді болып саналады . Бұл препараттарды 8 сағат аралығымен күре тамыр енгізеді. Терапияның ұзақтығы 6-7 тәулік. Левомицетин-сукцинатты 1,0-1,5 г күре тамырға немесе бұлшық ет ішіне 8 сағат сайын, рифампицинді пероральды 0,6 г-нан 8 сағат сайын қолданады. Жедел назофарингит кезінде мұрын-жұтқыншақты фурацилин ерітісіндісімен шаю керек.
Алдын алу шаралары. Этиотропты терапия тоқтаған соң, 3 тәуліктен кейін бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Ошақта науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар 10 күнге бақылауға алынады. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырып, жазылғандар невропотолог-дәрігерде 2-3 жылдай диспансерлік бақылауда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет