Алдын алу шаралары. Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады.
Эпидемия кезінде шұғыл профилактика үшін оксолин майы, лейкоцитарлы интерферон, ремантадин, арбидол ұсынылады.
Эпидемияға қарсы шаралар:
науқасты бөлек жатқызу (изоляция);
- науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру;
- ылғалды тазартулар;
- бетперде кию;
- ультрафиолет лампаларын қолдану.
Парагрипп.
Аныктамасы. Парагрипп - айқын емес интоксикация белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының, әсіресе көмейдің шырышты қабатының зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты респираторлы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 2-7 күн, көбінесе 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Науқаста әлсіздік, бастың ауыруы, тоңғыштық байқалады. Дене қызуы субфебрилді немесе қалыпты. Ларингит белгілері басым болады (дөрекі жөтел, дауыстың қарлығуы немесе кырылдауы). Одан басқа мұрынның бітелуі, кейін ринорея байқалады. Қарап тексергенде: мұрынның шырышты қабаты кызарған және ісінген. Жұмсақ тандай мен жұтқыншақта ұсақ түйіршіктер бар, қызарған және аздап ісінген. Пульс жиілейді. Жүрек тондары бәсеңдеген.
Қанда: нормоцитоз немесе орташа лейкопения, ЭТЖ қалыпты. Ауру ұзақтығы 1 -3 аптаға созылады.
Аденовирусты инфекция.
Анықтамасы. Аденовирусты инфекция - лимфоидты тіннің және тыныс жолдарының, көздердің, ішектің шырышты кабаттарының зақымдалуымен және айқын емес интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлы вирусты ауру. Этиологиясы. Қоздырғышы Adenoviridae тұқымдастығына, Mammaliade тегіне жататын, құрамында ДНҚ бар вирустар.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 1-13 күн (көбінесе 5-8 күн). Клиникалық көрінісі полиморфты. Бұл аурудың келесі клиникалық түрлерін ажыратады:
- жедел респираторлы ауру (ринофарингит, ринофаринготонзиллит, ринофарингобронхит); -фарингоконъюктивалды қызба; -кератоконъюктивит және конъюнктивит; -аденовирустық атипиялық пневмония. Ауру жедел басталады: қалтырау немесе тоңғыштық, бастың ауыруы, дененің «сынуы» пайда болады. Аурудың 2-3-ші күні дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері орташа деңгейде дамыған. Кейбір науқастарда эпигастрий аумағындағы ауыру сезім және диарея байқалады. Аурудың бірінші күнінде мұрынның бітелуі, шырышты бөлінулер, жөтел, дауыстың карлығуы мазалайды. Қарап тексергенде: науқастың беті қызарған, склералар мен конъюнктивалар тамырлары инъекцияланған. Аурудың 1-3-ші күні конъюнктивит пайда болады. Мұрынның шырышты қабаты ісінген және қызарған. Аңқа гиперемияланған, шырышты қабат түйіршіктелген. Сонымен қатар, тонзиллит белгілері пайда болады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден қатайған тыныс және құрғақ сырылдар естіледі. Аскорыту жолдарының зақымдалуы ішек дисфункциясымен, іштің ауыруымен, бауыр мен көк бауырдың үлкеюімен көрінеді. Гемограммада айтарлыктай өзгерістер байқалмайды, кейде біріңғай лейкопения, эозинопения болады, ЭТЖ калыпты немесе аздап жоғарылаған.
Достарыңызбен бөлісу: |