«Тұмау және басқа жрви» Тұмау(грипп). Анықтамасы



бет5/6
Дата18.01.2024
өлшемі27.17 Kb.
#489331
1   2   3   4   5   6
АЗ №5н

Реовирусты инфекция.
Анықтамасы. Реовирусты инфекция - жоғарғы тыныс жолдарының және асқорыту жолдарының зақымдалуымен көрінетін жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы.Қоздырғышы Reoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезең -2-5 күн. Ауру біріңғай интоксикациямен өтеді. Науқас әлсіздікке, тоңғыштыққа, бастың ауыруына, жөтелге шағымданады. Кейбір науқастарда кұсу, диарея, іштің ауыруы пайда болады. Дене қызуы субфебрилді, кейде 38-39°С-қа дейін жоғарылайды.
Қарап тексергенде: склералар мен конъюнктивалар тамырларының инъекциясы, аңқа гиперемиясы. Кейде полиморфты экзантема пайда болады. Өкпеден қатайған тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Іштің пальпациясы арқылы он жақ мықын аймағындағы ауыру сезім, ішектің құрылдауы аныкталады. Кейде бауыр үлкеюі мүмкін.
Гемограммада: кейде біріңғай лейкопения және лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты.
Менингококкты инфекция.
Анықтамасы. Менингококты инфекция – менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымданумен, ерекше септицемиямен (менингококкемиямен) сипаталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды - бактериятасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел жұқпалы ауру. Тақырып өзектігілігі. Әртүрлі клиникалық көріністері болуына байналынысты көптеген аурулармен салыстырмалы диагностика жасау кезінде қиындықтар туады. Бұл аурудың ауыр түріне шалдыққан балалар мен жас адамдарда ұзақ уақытқа қалдық өзгерістер сақталу қаупі жоғары. Этиологиясы. Менингококкты инфекцияның қоздырыштары Neisseria meninqitidis Neisseria тегіне, Neisseriacea тұқымдастығына қатысты. Ол – Грам теріс диплококк, қозғалыссыз. Ол сыртқы ортаның әртүрлі факторларына , антибиотиктерге өте сезімтал. Менингококтар қайнатқанда бірден, дезинфекциялаушы ерітінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады. Эпидемияның көп сандары А тобындағы менингококқа, сирек – С тобына байлнысты. Эпидемиологиясы. Менингококты инфекция – антропонозды ауру. Инфекция көзі – менингококты инфекцияның әртүрлі түрлерімен ауырған науқас адам немесе бактериятасымалдаушы.Олардың 3 тобын ажыратады: 1)жайылмалы турлерімен ауырған науқастар; 2) менингококты назофарингитпен ауырған науқастар; 3)бактерия тасымалдаушылар. Сыртқы ортаға ең қауіптісі – үшінші топтағы адамдар , себебі клиникалық белгілері жоқ. Тасымалдаушылық кең таралған. Берілү жолы – ауа– тамшы арқылы. Менингококты инфекциямен көбінесе балалар ауырады. Бұл аурудың 50-90%-ы 5 жасқа дейінгі балаларда тіркеледі. Эпидемиялық аралық кезенде спорадикалық түрде жасөспірімдер мен ересектер ауырады. Маусымдылығы – қараша-желтоқсаннан бастап наурыз-сәуір айларына дейінгі мерзім. Ауылды жерлерге қарағанда бұл ауру қалада көптеп тіркеледі.
Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпасы – мұрынжұтқыншықтың шырышты қабықтары. 10-15% жағдайларда менингококктың шырышты қабықтарына түсуі қабынуға алып келген (назофарингит, катаралдық тонзилит). Шырышты қабықтардың жергілікті қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қоздырғыш қанға түседі. Бактериемия транзиторлы немесе ұзақ болуы мүмкін. Қанның бактрицидтік әсерінен менингококтар көптен жойылады да, эндотоксинемия дамиды. Кейде ішкі ағзалар , қан тамырларының қабырғалары, ми қабықшалары зақымдалып , септикопиемия түрінде өтеді.
Организмде қоздырғыштың негізгі таралу жолы – гематогенді, сирек – торлы сүйек арқылы. Қабыну процесі көбінесе үлкен жарты шар беткейінде және бас миы негізінде орналасады. Менингококты инфекцияның аса ауыр түрлерінің патогенезінде токсикалық және аллергиялық компоненттер маңызды болып саналады. Мұндай жағдайларда инфекционды-токсикалық шок дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет