Клиникасы: алғашқыда жедел түрде, қалтыраудан басталады, t° - 39 – 40°С, қызба тұрақты. Жөтелген кезде ауырғандық зақымдалған жағында күшейеді, демікпе мазалайды. Науқас «тотық» түстес қақырықты (эритроциттер пайда болады) тастайды.
t – 7 – 12 күнге дейін тұрады, кейін бірден түседі (кризис) немесе жаймен түседі (лизис).
Қарағанда – беті қызарады, ерні мен мұрны көгереді, ентікпе, тынысы үстірт, тыныс алуы – 30 – 40 минутына. Ұшық ерін мен құлаққа шығады. Зақымданған бөлігі тыныс алуда қалып қояды. Пульс жиі - 100 – 120 рет минутына соғады.
Аурудың бастапқы кезенінде перкуторлы тимпаникалық дыбыс болады, кейін ол бәсеңдейді;
Аускультацияда - әлсіз везикулярлы тыныс, ылғалды сырыл және алғашқы үнді крепитация (crepitatio indux) естіледі.
Аурудың шешілу сатысында экссудат сұйықталады, ауа қайтадан альвеолаларға өтеді. Қатаңдау крепитация естіледі – бұл дыбыс альвеол қабырғалары бір – біреуінен ажырау кезінде пайда болады (crepitatio rеdux);
Бронхофония – күшейген.
Қанда – лейкоцитоз (15 – 20 * 109 /л ), ЭТЖ .
Қақырықта - эритроциттер, лейкоциттер, альвеолды клеткалар, макрофаг және кокктар көбейеді.
Rграфия – алғашқыда өкпе суреті күшейеді, 1 – 2 күннен кейін қарайған ошақтар, ең соңында қабынған бөліктің көлеміне сәйкес келетін бірқалыпты (гомогенді) қарайғандықты көруге болады. 1-3 аптадан кейін R суреті қайта қалпына келеді.
Крупозды пневмонияның асқынулары:
іріңді экссудативтік плеврит; 4. менингит;
өкпе іріңдігі; 5. жедел нефрит;
миокардит; 6. ателектаз.
Емі: стационарлы
төсек режимі, басын жоғары көтеріп жатқызу; тағамы жартылай сұйық, жеңіл сіңірілетін, витаминді сусындар (сок, мин. су, шай) болу керек;
антибиотиктер
пенициллиндер тобы – пенициллин, ампициллин, амоксициллин
макролидтер тобы – эритромицин, олететрин (тетраолеан), рокситромицин (рулид), суммамед (азитромицин);
цефалоспориндер тобы – цефазолин (кефзол, цефамезин), цефалексин, клафоран;
аминогликозидтер тобы – стрептомицин, канамицин;
биостимуляторлар (ыдырататын дәрілер – алоэ, ФИБС, әйнекті дене);
қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілер;
оңқа, қыша қағазын қою;
физиотерапия (УВЧ, диатермия, электрофорез, индуктотермия, бронхолитиктермен ингаляция);
тыныштандырушы (седативті) – бром, валериана;
оттегі терапия;
коллапс кезінде (АҚ тез түседі) – камфора, кордиамин, кофеин, мезатон, норадреналин;
тыныс алу жүйесіне арналған жаттығулар (ЛФК);
қабынуға қарсы препараттар – аспирин, бутадион;
бронх спазмасын жою үшін – атропин, адреналин, эуфиллин;
иммунитетті көтеру үшін (иммуномодуляторлар)– пирогенал, бетин, анабол, тимозин, тималин, тимоген, тактивин, интерферон, левамизол.
Достарыңызбен бөлісу: |