Ж е д е л (жіті) б р о н х и т – бронхтың кілегей қабатының жедел түріндегі қабынуы
Этиологиясы: салқын тию, ауа райы, еңбек жағдайлары, тұмау, қызылша, көкжөтел, дифтерия, созылмалы гайморит, ринит, тонзиллит, темекі шегу, маскүнемдік, улы заттармен дем алу (қышқыл және сілтілердің булары), ыстық және салқын ауаның әсері, басынан өткен ауыр аурулар, операциялар, гиповитаминоз, рационалды емес тамақтану.
Қоздырғыштары: пневмококк, стафилококк, стрептококк, Фридлендер пневмобацилласы, тұмау вирусы, парагрипп вирусы, хламидий, микоплазма, гемофилды таяқшасы, т.б.
Патогенезі : Зақымдану агенті кеңірдекке және бронхқа ауамен бірге, гематогенді мен лимфогенді жолдарымен енеді. Жедел бронхитта бронхтың кілегей қабаттары ісінеді (гиперемия, ісік). Бронх ішіне кілегей бөлінеді, экссудат әуелі серозды, кейін кілегейлі іріңді болады – ол екіншілік бактериалды инфекцияның енуінің нәтижесі.
Клиникасы: ауру тамақтың жыбырлауымен, мұрының бітелуімен, даусының қарлығуымен, кеуденің ауруымен басталады, жөтел, әлсіздік, кеуде, арқа бұлшық еттерінің ауырсынуы, терлеу болады. Алғашқы 2-3 күндегі жөтел құрғақ, кейін дөрекі, «ұру» тәрізді, ұстамалы болады. Сосын кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді қақырық тастайды, кейде қатты жөтелгенде алқызыл - қан аралас қақырық бөлінеді. Жөтел бірте – бірте азайып, жұмсарады. Дене қызуы – 37 – 38°С;
Қараған кезде, пальпацияда және перкуссияда – өзгеріс байқалмайды;
Аускультацияда – қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, кейін ылғалды дыбыссыз сырыл естіледі;
R - өкпе сүреті түбір аймағында күшейеді.
Жалпы қан анализі онша өзгермейді немесе нейтрофилдік лейкоцитоз ( -цитоз) – 12*109 /л және ЭТЖ-ның сәл жөғарылауы (15 – 20 мм/сағ дейін) байқалады;
Ауру ұзақтығы: 2 – 3 апта.
Жедел бронхиттың асқынулары :
бронхопневмония
созылмалы бронхитқа айналу
Емі:
Науқастар ауруханаға обструкциялық бронхит болғанда ғана жатқызылады. Асқынбаған жағдайларда ем емханада жүргізіледі.
егер t° - сұйықты көп ішу (лимонмен немесе таңқурай қайнатпамен шай ішу), төсек режимі, t°- ны түсіретін дәрілер (парацетамол, аспирин, аспирин УПСА, фервекс, колдрекс);
аэрозольды препараттар (каметон, ингалипт, йокс);
жөтелге қарсы дәрілер (бромгексин, тусупрекс, либексин, глаувент, кодеин, дионин);
қақырық түсіретін дәрілер (термопсис шөбінің тұнбасы, солутан, бронхолитин, қызылмия (корень солодки), амбросан, амбро, амброксол, мукасол, макропен, мукалтин, кофол, травясил, Доктор Мом, АЦЦ);
обструкция болса - бронхолитиктер (эуфиллин, теофедрин, сальбутамол, беротек);
қарапайым физиотерапия – оңқа, қыша қағазы, кеудесіне жылы компресс немесе перцовый пластырь, содалық ингаляция, бумен ингаляциялар (зверобой, ромашка тұнбалары, эвкалипт жапырақтары мен эфир майлары (анис, ментол), мать-и-мачеха, сосновые почки, шалфей + аяқ ванналары,соллюкс – лампасы;
2 – 3 күн көлемінде жүргізілген ем тиімсіз болса және ауыр түрінде антибиотиктер (эритромицин, ампициллин, амоксициллин, азитромицин, макропен, ципролет) мен сульфаниламидтер (бисептол) тағайындалады;
себебі вирустар болса – ремантадин, интерферрон қолданылады;
Достарыңызбен бөлісу: |