Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет8/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Алдын – алу шаралары:



  1. аллерголог дәрігерге «Диспансерлік» есепке тұру;

  2. салқыннан, ылғалдан сақтану;

  3. атмосфераның ластануымен күресу;

  4. бронхитпен ауырғанда дер кезінде емделу;

  5. аллергеннің әсер етуін болдырмау.



П н е в м о н и я - өкпенің қабынуы.


Жіктесесі :
Пневмониялар жедел және созылмалы болып бөлінеді.


Жедел пневмонияның түрлері:

  1. өкпенің барлық бөлігі қабынса, онда тотальды пневмония.

  2. егер бір бөлігі қабынса – крупозды пневмония.

  3. егер өкпенің кішкене бөлшегі қабынса – ошақты пневмония деп аталады.



Ошақты пневмонияның түрлері:
а) бронхопневмония
б) гриппозды
в) гипостатикалық .
Пневмонияның кейбір этиологиялық түрлері :

  • Ауруханадан тыс дамыған

  • Ауруханаішілік

  • Стафилококтық

  • Стрептококтық

  • Клебсиелламен қоздырылған пневмония (Фридлендер пневмониясы)

  • Атипті пневмониялар (микоплазмалық, легионеллалық, хламидтік...)

К р у п о з д ы п н е в м о ни я (бөліктік пневмония)
– өкпенің бір бөлігінің жедел қабынуы.
Этиологиясы: салқын тию, зиянды әрекеттер (алкоголь,темекі), организмнің қорғаныш қасиеттерінің төмендеуі.
Қоздырғыштар: пневмококк, Фридлендера және Пфейффер таяқшалары, стрептококк, стафилакокк.
Крупозды пневмония дамуында 4 саты болады :

  1. қан кернеу сатысы (12 сағаттан 3 күнге дейін созылады) – пневмококк бронх арқылы немесе қанға токсин (у) бөледі, ол альвеолдардың қабынуына әкеп соқтырады, экссудат пайда болады.

  2. қызыл бауырлану сатысы (3 – 5 күнге созылады) – кеңейген қантамырларынан эритроциттер экссудатқа (сары суға) түседі. Альвеолдардағы ауа айналаға шығады, сосын альвеолдар фибринге толады.

  3. сұр бауырлану сатысы (6 – 7 күнге созылады) – экссудатта лейкоциттер жиналады.

  4. аурудың шешілу сатысы (7 – 11 күні) – фибрин мен лейкоциттер альвеолда сіңіріліп, қақырықпен сыртқа шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет