Куршмана спиралі – майда бронхтардың көшерме бедерден тұратын қақырықтың ұзын түйірлері. Шарко – Лейден кристалдары – ацидофилды гранулоциттер.
Қанда – эозинофилия (8 – 15 %), лимфоцитоз.
Рентгенография: эмфиземаға байланысты өкпе сүретінің мөлдірлігі жоғарылайды.
Пикфлоуметрия тыныс шығарудың максималды жылдамдығын пикфлоуметр құрал арқылы анықтау әдісі. Бронх демікпесінде пикфлоуметрияның, пневмотахометрияның, пневмотахографияның көрсеткіштері төмендейді.
Бронхтық астманың асқынулары :
астмалық статус
жедел өкпелік жүрек
өкпе эмфиземасы
спонтанды пневмоторакс
ателектаз
миокардтың дистрофиясы
Ағымының түрлері :
1. жеңіл түрі – ұстама сирек, аптасына бір реттен көп болмайды, ұстама ұзақтығы бір сағаттан аспайды, қалталы ингалятормен басылады
2. орташа түрі – аптасына 1-2 рет ұстама болады, ұзақтығы 2-3 сағатқа созылады, бронхолитиктерді енгізгенде басылады;
3. ауыр түрінде – ұстамалары жиі және ұзаққа созылады, созылмалы пневмония, бронхоэктаз ауру, өкпе-жүрек жетіспеушілік фонында өтеді.
Бронхиалды астманың ұстама кезіндегі көмек және емі:
Аллергияны тұдыратын заттармен жаңасуды тоқтату;
Науқасты ыңғайлы отырғызу (ортопноэ), таза ауаны келтіру, кеудесіне және аяғына қыша қағазын қою;
Қалталы ингаляторлар (астмопент, беротек, интал, сальбутамол,
беродуал, атровент, бенокорт) қолдану немесе изадрин, эуспиран,
новодринмен ингаляциялар жасау;
Бронхолитиктер және спазмолитиктерді енгізу:
эуфиллин 2,4 % - 10,0 көк тамырға, атропин 0,1% - 0,5 – 1,0 т/а немесе адреналин 0,1% - 0,5 т/а;
оттегі беру;
гормондар (преднизолон, триамцинолон, дексазон, кеналог-40)
тыныштандырушы дәрілер (NaBr 3 %, седуксен) ;
десенсибилизациялық, аллергияға қарсы дәрілер (антигистаминді препараттар - кальций хлорид 10 %, димедрол, тавегил, пипольфен, супрастин, кестин, лоратидин);
антибиотиктерді байқап қолдану;
қақырық түсіретін дәрілер (термопсис, 3% калий йодид ерітіндісі, мукалтин, травясил, Доктор Мом, амбробене, амбро, АЦЦ);
плазмоферез, гемосорбция;
физиотерапия (бронхолитиктермен ингаляция, УВЧ, электрофорез, ультразвук, индуктотермия);
құрғақ және жылы ауа райы бар курорттар (Кавказ, Қырым, Армения, Қырғыз);
Дәстүрлі емес ем -
Спецификалық иммунды ем – әр түрлі аллергендерді аз дозадан бастап, кейін дозаларын көбейтіп, қолданады.
Жеңілдету - диеталық терапия –
Гемосорбция – токсиндерді жою үшін қанды сорбент арқылы өткізу
Плазмоферез – науқастың қанының сары суынан аллергенді жою
Лимфоцитоферез – қанның гравитациясы арқылы цитотоксикалық лимфоциттерді қаннан жою
Қанды лазер немесе ультракүлгін сәулелермен емдеу –ағзаның глюкокортикоидтерге қажеттілігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |