Асқынулар:
1) өкпенің жетіспеушілігі – аурудың бастапқы кезеңінде күш түскенде науқас ентігеді, кейін жай отырғанда да ентігу мазалайды;
2) созылмалы өкпелік жүрек – жүрек оң қарыншасының гипертрофиясы және дилятациясы (кеңеюі), оң жүрекшесінің дилятациясы дамиды;
3) өкпе эмфиземасы және жайылма пневмосклероз;
4) өкпеден қан кету;
5) паренхиматозды мүшелерінің амилоидозы;
6) созылмалы теміртапшылықты анемия.
Емі: консервативтік және хирургиялық :
диета № 15 (белок пен витаминге бай тағамдарды жеу)
антибиотиктер (ампициллин, амоксициллин, карбенициллин, стрептомицин, канамицин, амикацин, неомицин, абактал, офлоксацин, цефалоспориндер – цефамандар, цефуроксим, цеклор, клафоран, цефазолин, цеф, мегасеф),
бронх тазарту (бромгексин, амброксол, емдік бронхоскопия),
бронхолитиктер (эуфиллин),
қақырық түсіретін дәрілер (термопсис, қызылмия, мукалтин, кофол, травясил, АЦЦ),
позициялық дренаж,
кеуде массажы,
дезинтоксикациялық ем (гемодез, инфузол, 5% глюкоза),
иммуномодуляторлар (тималин, тактивин, левамизол, декарис женьшень, элеутерококк, мумие),
ЕДШ мен тыныс жаттығулар,
физиотерапия (кальций хлоридімен, калий йодидімен электрофорез, индуктометрия, УВЧ);
жүрек әлсіздігінде – жүрек гликозидтері және зәр жүргізетін дәрілер.
2 – 3 айдан соң көрсетпе бойынша – хирургиялық ем (резекция) тағайындалады (ұзақ уақыт қан қақыру, консервативтік емнен нәтиже болмаса, өкпе абсцесі дамыса), бірак өкпе жүрек жетіспеушілігінде хирургиялық ем қолдануға болмайды.
санаторлы- курорттық ем (Қырым, Кавказ)
Достарыңызбен бөлісу: |