Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


Б р о н х о э к т а з ауруы



бет15/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Б р о н х о э к т а з ауруы бронхтың патологиялық кеңеюі.
Этиологиясы:
Бронхоэктаз ауруы біріншілік (бронх қабырғасының әлсіздігінен іштен туа пайда болатын) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді.
Туа біткен бронхоэктаздар бронх талының кемшіліктерімен байланысты (туа біткен бронх қабырғаларының әлсіздігі, тегіс салалы бұлшық еттерінің, эластикалық және сіңір тіңдерінің жеткілікті емес дамуы, қорғаныш механизмдерінің төмен болуы).
Екіншілік бронхоэктаздардың даму себептері: созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, өкпе туберкулезі, өкпе абсцесі, пневмосклероз, плеврит, зиянды кәсіптік ықпалдар (көмірсулар, силикаттар), бөгде денемен обтурациясы (аспирациялық пневмонияда).


Патогенезі:
бронхішілік қысым жөтелгенде жоғарылайды. Бронхтың эластикалық тіні тыртықтанады. Сосын бұлшық ет қабатының атрофиясы дамиды, бронх қабырғалары жұмсарып, созылып, өз тонусын жоғалтып, кеңейеді.
Жіктемесі:
I. Клиникалық дамуына байланысты аурудың түрлері:
1) жеңіл (бронхиттік);
2) орташа ауыр;
3) ауыр;
4) асқынған;
II. Бронхтардың кеңею түрлері:
1) цилиндірлік;
2) қапшық тәрізді;
3) ұршық тәрізді;
4) аралас;
III. Өршу фазалары: өршу кезеңі, ремиссия;
IV. Процестің таралуына байланысты түрлері: бір жақты немесе екі жақты (орналасу сегменттерін белгілеу қажет).


Клиникасы: Үш кезеңге бөлінеді.
I кезең – бұл кезең созылмалы бронхиттің жиі өршуінен болады.
Шағымдары: кілегейлі–іріңді қақырық тастап жөтеледі, әлсіздік, жылдың суық уақыттарында ауру өршиді.
II кезеңшағымдары: жөтел, таңертең «ауызды толтыра» іріңді сасық иісті қақырық тастайды, тәулігіне 500 мл, қақырық 3 қабаттан тұрады – ірің, сұйықтық, кілегей. Аурудың өршу кезінде қан кету, кеуденің ауырсынуы мен интоксикацияның белгілері болады - әлсіздік, бас ауыруы, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерлуі және іріңді қақырықтың көбеюі.
III кезең – жүрек–өкпе әлсіздігі және интоксикация белгілері қосылады. Қақырық 1 л–ге дейін бөлінеді; аузынан жағымсыз иіс шығады, жүрегі айну, құсу, тәбеттің жоғалуы болады.


Қарағанда - жүре-бара науқастың терісі сұрланады, саусақтары «дабыл таяқшалары», ал тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді болады. Науқас жүдейді. Өкпе эмфиземасы дамыса кеудесі «бөшке» тәрізді болады.
Перкуссияда - қорапша тәрізді дыбыс шығады.
Аускультацияда - тыныс әлсіз, қатқыл, құрғақ, орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Қанда - анемия, нейтрофилді  цитоз байқалады, ЭТЖ  .
Қақырык анализінде – лейкоцит, эритроциттер көбейеді және әр түрлі микрофлора табылады.
Rграфия – өкпе суреті «ара ұясына» ұқсас болады, «қапшық тәрізді бронх», бронхтардың деформациясы, эмфизема, пневмосклероз көрінеді.
Бронхоскопия - локальды іріңді эндобронхит табылады.
Бронхография- бронхоэктаздардың орналасуын, көлемін, түрін, санын анықтауға мүмкіндік береді.
Спирометрия - өкпенің өмірлік сиымдылығының төмендеуі анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет