Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


Ө к п е н і ң і р і ң д і а у р у л а р ы



бет12/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Ө к п е н і ң і р і ң д і а у р у л а р ы :



  1. Өкпе іріңдігі (абсцессі)

  2. Өкпе гангренасы (шірімесі)

  3. Бронхоэктаз ауруы



Өкпе іріңдігіөкпеде қуыс пайда болып, іріңге толуы; бір немесе бірнеше іріңдік түзіледі, бронхпен байланысты болады, іріңдік сау тіннен айқын шектеледі.
Іріңдік қоздырғыштары: алтын сары стафилококк, стрептококк А тобынан, клебсиелла, энтеробактериялар, протей.
Өкпе гангренасы - өкпе тіндері ыдырап, некроздалуы (өкпенің шіріп ыдырауы). Өкпенің гангренасында некроздалған тін сау тіннен шектелмейді.
Гангрена қоздырғыштары: анаэробты микробтар.


Этиологиясы: жедел пневмониялар, бронхтың ісікпен, жылауықпен (киста), бөтен денелермен (кілегей, ірің, құсық) бітелуі, тромбофлебиттер, сепсис.


Патогенезі: іріңдік тудыратын микробтар өкпе тініне әр түрлі жолмен енеді :
а) бронх арқылы – бронхогенді жол (пневмония, бронхоэктаз ауруы,
тамақ немесе бөгде денелермен аспирациясы);
б) қан арқылы енсе – гематогенді жол (тромбофлебит,
остеомиелит);
в) лимфа арқылы болса – лимфогенді жол.
Жіктемесі:
I. Этиологиясы бойынша:
1) аэробтық микрофлора;
2) анаэробтық микрофлора;
3) аралас микрофлора;
4) бактериялық емес (саңырауқұлақшалар, қарапайымдар, т.б.;
II. Патогенезі бойынша:

  1. бронхогендік, соның ішінде аспирациялық, постпневмониялық, обструкциялық (ұйыған қанмен, тағаммен, іріңмен, т.б.;

  2. гемотогендік;

  3. жарақаттық;

  4. басқа себептерден;

III. Клинико – морфологиялық ерекшеліктері бойынша:

  1. өкпенің іріңді абсцесі;

  2. өкпенің гангреналық абсцесі;

  3. өкпе гангренасы;

IV. Орналасуы бойынша: орталық (түбір маңы)‚ шеткерілік;
V. Таралуы бойынша: бірлі-жарым, көптеген : бір жақты, екі жақты;
VI. Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр, аса ауыр;
VII. Даму түрі бойынша: жедел, жеделдеу (созылыңқы), созылмалы: өршу және ремиссия фазалары;
VIII. Асқынулары:

  1. пиопневмоторакс ;

  2. өкпеден қан кету ;

  3. сепсис ;

  4. бактеремиялық шок ;

  5. екінші өкпенің зақымдануы .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет