Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет20/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Аурудың жұғу жолдары:

  1. аэрогенді (тыныс алу жолы арқылы, жөтел, түшкіру, шаң – тозаң);

  2. контакты жолы (ыдыс – аяқ жеке зат, киім арқылы жұғады);

  3. алиментарлы – шикі сүт (ет) қолданғанда;

  4. жатыр ішінде (бала жолдасының зақымдануы, қағанақ суын жұту);

  5. тері зақымдалса (пат.анатом, сауыншы, лаборант);

  6. ана сүтімен.

Патогенезі: микобактерия өкпеге осы жолдар арқылы еніп, туберкулез төмпешік – ошақты түзейді, жазылғаннан кейін ыдырап, тыртық пайда болады.

Жіктемесі:
Локализациясы бойынша өкпе туберкулезі (83-88%) және өкпеден тыс туберкулез (12-17%) түрлерін ажыратады.
Өкпе туберкулезінің түрлері:

  • Біріншілік туберкулез кешені (комплексі) ;

  • Трахеобронхиальды лимфа түйіндерінің туберкулезі ;

  • Жедел милиарлы туберкулез (тары тәрізді) ;

  • Гематогенді диссеминацияланған (шашыранды) туберкулез (қан арқылы микобактериялармен тұқымдандыру) ;

  • Инфильтративті туберкулез ;

  • Казеозды (ірімшік тәрізді) туберкулез ;

  • Өкпе туберкулемасы ;

  • Өкпенің кавернозды туберкулезі ;

  • Фиброзды – кавернозды туберкулез ;

  • Өкпе циррозы ;

  • Туберкулезды плеврит ;

  • Басқа түрлері (бронх туберкулезі, трахея туберкулезі, көмей туберкулезі т.б.) ;

Өкпеден тыс туберкулез:

  • Сүйек – буын туберкулезі ;

  • Зәр шығару, жыныс мүшелерінің туберкулезі ;

  • Көз туберкулезі ;

  • Туберкулезді менингит ;

  • Лимфа түйіндерінің туберкулезі ;

  • Іш пердесінің туберкулезі ;

  • Тері туберкулезі ;

  • Перикард туберкулезі ;

  • Ішек туберкулезі ;

  • Бүйрек үсті безі туберкулезі .

Компенсаторлық процесс – А


Субкомпенсаторлық процесс – В
Декомпенсаторлық процесс – С

Егер ВК бөлінсе, онда ВК+ деп (ашық формасы) жазылады.


Егер ВК жоқ болса, ВК (жабық түрі) деп жазылады,
ал егер тұрақсыз болса – ВК .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет