Даму кезеңі:
инфильтрациялану;
ыдырау;
басқа мүшелерге тарау;
сіңу;
тығыздану;
тыртықтану.
Клиникасы: Кейде ешқандай шағым болмайды, кездейсоқ рентгенологиялық зерттеулер арқылы табылады. Алғашқы кезеңде – әлсіздік, тез шаршау мазалайды, тәбеті төмендейді, науқас көп терлейді, сосын арықтайды. Кешке қарай субфебрильді 37 – 38°С температура болады, кейін құрғақ немесе кілегейлі – іріңді қақырықпен жөтел, көбінесе таңертеңгілік, кейде түнде мазалайды, артынан қан қақыру мен ентігу қосылады.
Қарағанда: тері бозарады, көзі жалтырайды, бетінің ұшы қызарады.
Пальпацияда - лимфа бездері ұлғаяды.
Перкуссияда – дыбыстың бәсеңдеуі немесе қорапша дыбыс естіледі.
Аускультацияда – кавернозды туберкулез кезінде ылғалды сырыл, қатқыл немесе амфора тыныс естіледі.
Қанда – нейтрофильды лейкоцитоз, лимфоцитоз (қалыпты жағдайда -19-37%), ЭТЖ .
Қақырықта – эпителий тіндері көп, туберкулез таяқшасы, эластикалық талшық көп болады. Қақырықты флотация әдісімен жинайды.
Rграфия – өкпенің жоғары бөлігі зақымдалған, ошақтар қараяды.
Кейінірек өкпелік жүрек және өкпе-жүрек жетіспеушілігі дамиды, сонымен қатар ісіктер, бауыр ұлғаюы, цианоз қосылады.
Асқынулары: туберкулезді плеврит, өкпеден қан кету, бронхоэктаз, өкпе – жүрек әлсіздігі, басқа мүшелердің амилоидозы.
Диагностикалық мақсатпен Манту сынағы жасалынады – тері ішіне жасайды (0,1 мл туберкулин ерітіндісін 1:10 000 салады). 72 сағаттан кейін қарайды. Егер қызару көлемі 5 мм-ден асса, сынақ «оң» деп есептелінеді, адамды туберкулезге тексереді.
Манту сынағының нәтижесі бойынша келесі топтар анықталады:
біріншіреттік оң мәнді реакциямен анықталған адамдар
күдікті немесе 6мм түйіншекпен оң мәнді реакциясымен анықталған адамдар
20мм – ден аса түйіншекпен гиперергиялық Манту реакциясымен анықталған адамдар.
Осы топтағы адамдар туберкулезге қарсы диспансерге міндетті түрде тексерілуі қажет.
Емі:
емдік – сақтау тәртібі (арнайы ауруханаларда);
диетотерапия (белокты, каллориялы, витаминмен, микроэлементпен) емдеу;
қымызбен емдеу (күніне 2 л қымыз ішу);
климатотерапия – таза ауада серуендеу(20 минуттан 10 сағатқа дейін );
арнайы ем – туберкулезге қарсы препараттар. Негізгі және резервтік түрлері болады.
а) Негізгі препараттарға – тубазид, изониазид (фтивазид),
пиразинамид, метазид, ларусан, самозид, ПАСК
(парааминосалицил қышқылы), стрептомицин жатады.
б) Резервті түрі – рифампицин, этамбутол.
симптомдық ем (жөтелге қарсы дәрілер, қақырық түсіретін дәрілер, қан тоқтататын, жүрек – қан тамырларын жақсартатын препараттар).
коллапсотерапия – плевра қуысына ауа жіберу.
хирургиялық ем – өкпенің зақымдалған бөлігіне резекция жасау.
сан-курорттық ем (Қырым, Кавказ, Көкшетау)
Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының нұсқауы бойынша туберкулезді анықтау және емдеу тәжірибесіне тікелей бақылаулы қысқа мерзімді химиотерапия - ДОТS бағдарламасы енгізіледі.
ДОТS бағдарламасы біздің елімізде 1998 жылдан бері қолданып келеді.ДОТS – Directli (тікелей), Observed (бақылаулы), Treatment (емдеу), Short (қысқа мерзімді).
Науқас емді ұзақ уақыт алады, яғни 6 айдан -2 жылға дейін (резистентті түрлерінде) және үзіліссіз болуы қажет. «Бірінші қатардағы» туберкулезге қарсы препараттарға изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин жатады. «Екінші қатардағы» препараттар резистентті түрлерін емдеуге қолданады – офлоксацин, каприомицин, этионамид, циклосерин, ПАСК.
Ем бірнеше препараттарымен жүргізіледі (4-5 препарат). Ем бақылаулы болу керек, препараттардың біреуін ішіп, біреуін ішпеуге, басталған курсты уақытша тоқтатуға болмайды. ДОТS схемасын бұзған жағдайда – дәрілік резистенттілікке әкеледі.
Ем бастағаннан кейін 2-3 ай кейін микобактериялардың қақырықпен бөлінуі тоқтайды, басқа белгілер де жойылады.
Дәрілерді дұрыс қабылдамаған жағдайда ем нәтижесіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |