Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет23/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Өкпе рагі – өкпеде қатерлі ісіктің пайда болуы. Альвеолалардан немесе бронхтардың эпителий тінінен қатерлі ісік дамиды.
Өкпе рагі ерлерде асқазан рагімен салыстырғанда екінші орын, ал әйелдерде жатыр рагімен салыстырғанда үшінші орын алады. Барлық қатерлі ісіктер арасында 10% құрайды. Өкпе рагі 40-60 жастан асқан ерлерде әйелдерге қарағанда 6 есе жиі кездеседі. Сонымен қатар өнеркәсібі жоғары дамыған қалалардағы тұрғындар көбірек сырқаттанады (атмосфераға канцерогенді заттар көп бөлінеді).

Этиологиясы: көбіне ірі қаланың адамдары ауырады, канцерогенді заттардың әсері (никель, кобальт, темір шаңдары, темекі түтіні, газдың көп шығуы), кәсіптік ауру, өкпенің созылмалы қабыну процестері (созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, бронхоэктаз ауруы, пневмосклероз), тұқымқуалаушылық.
Түрлері:

  1. орталық рак (егер ісік ірі бронхта болса);

  2. перифериялық рак (майда бронхта ісік болса);

  3. обтурациялық рак (бронхтың саңылауының жабылуы);

  4. бронхогендік рак (түйін түзбей, бронх жолы арқылы);

  5. пневмония тәріздес формасы.

I. біріншіреттік рак (өкпенің өзіндегі рак)


II. екіншіреттік рак немесе метастаздық (басқа мүшелерден метастаз пайда болуы)
Клиникасы: бірінші кезеңде ауру белгісіз өтеді. Сосын науқасты үнемі құрғақ жөтел мазалайды, кеудесі ауырады, жалпы әлсіздік, еңбекке жарамдығы төмендейді, науқас тез арада арықтайды, дене қызуы көтеріледі, қан аралас қақырық тастайды. Соңғы кезде төсі қатты ауырады, кахексия дамиды.
Жалпы қарау: зақымданған жағы тыныс қимылында қалыңқы болады, бұғана үсті лимфа түйіндері үлкейеді, мойын және кеуде сарайының веналары кеңейеді.
Пальпация: перифериялық лимфа түйіндері және бауыр үлкейеді.
Перкуссия: перкуторлы дыбыс бәсеңдейді.
Аускультация: қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі.
Өкпенің қатерлі ісігінің метастаз тарайтын мүшелер – бауыр, сүйек, бүйрек үсті безі, бүйрек, ми. Өкпе ісігінің жиі артропатия кездеседі (сүйектері сырқырайды, қозғалу көлімі азаяды, саусақтар «дабыл таяқша», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді болады).
Қанда -  цитоз, ЭТЖ  , анемия.
Қақырықта – атипиялық клеткалар болады.
Қосымша тексеру әдісі – рентгеноскопия, рентгенография, бронхография, бронхоскопия, томография, плевральды пункция, лимфа түйіндерінің биопсия.


Емі: Құрама ем :

  • хирургиялық (лобэктомия, пульмонэктомия);

  • сәулелік терапия;

  • химиотерапия (бензоТЭФ, этимидин, циклофосфан, винкристин,

6-меркаптопурин, метотрексат);

  • симптоматикалық ем :

    1. ауырсынуды басу үшін наркотикалық емес (анальгин, баралгин) және наркотикалық (промедол, морфин) дәрілер;

    2. стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (диклофенак, кеторол);

    3. қан тоқтататын дәрілер (викасол, хлорлы кальций, желатиноль, аминокапрон қышқылы);

    4. жүрек кемшілігіне қарсы дәрілер;

    5. зәр айдағыштар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет