Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет50/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Методичка ДЫХ каз

Ситуациялық есептер


Есеп № 1

Әйел, 30 жаста. Таңертең жұмысқа бара жатып, жолда жаңбыр астында қалды. Күндіз әлсіреп, қалтырау пайда болған, екі рет аспирин қабылдағаннан кейін құсқан. Түнде дене қызуы қатты көтеріліп, қалтырап, сандырақтаған. Келесі күні таңертең: әлсіз, мазасыз, дене қызуы 38,7 0С. , дем алғанда күшейетін, кеуде клеткасының оң жағының ауырсынуымен жүретін құрғақ жөтел пайда болған.


Объективтік тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауыр, беті гиперемияланған, ТАЖ минутына 22 рет, тынысы беткей, кеуде клеткасының оң жақ жартысының жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыс қысқарған, аускультацияда бронхиалды тыныс және осы жерде плевраның үйкеліс шуы естіледі. Пульсі минутына 94 рет, ырғақты, толымдылығы мен күші қанағаттанарлық. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. бойынша. Науқас госпитализацияланды.

1. Төменде көрсетілген рентгенограммалардың қайсысы осы


науқасқа тән (сурет 25)?



2. Жалпы қан анализінде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

3. Таңдамалы ем варианты:


А) ампиокс;
Б) моксифлоксацин;
В) эритромицин.
Есеп № 2

Ер адам, 40 жаста. Соңғы екі апта көлемінде әлсіздік пен тершеңдікті аңғарады. Ал соңғы күндері кешке қарай дене қызуы 38,5 0С-қа дейін жоғарылайтындығын айтады. Аурудың алғашқы күндерінде терең дем алғанда оң жақ жауырын үстінде қатты шаншу болған, кейін ауырсыну басылған, бірақ науқас дем алғанда кедергіні сезетіндігін айтады.


Жергілікті дәрігер төсектік режим (науқасқа оң бүйірде жату ыңғайлы), ампицил-лин 0,5 г*4 рет/тәул. тағайындаған. Бірақ науқас жағдайы жақсармады және емха-наға қаралғаннан кейін ауруханаға жатқызылды.
Бала кезінде ауырған аурулары есінде жоқ, 20 жасынан бастап күніне 10-15 тал темекі шегеді.
Тексергенде ернінде цианоз, ТАЖ минутына 22 рет, тынысы беткей, тыныс алуда кеуденің оң жақ жартысы қалып отырады және осы жақтың төменгі бөліктерінде қабырға аралықтар жазылған.



  1. Кеуде клеткасының перкуссиясы мен өкпе аускультациясында не анықтайсыз?

2. Сіздің болжамалы диагнозыңыз және осы аурудың жиі кездесетін себебі?
3. Науқастың тексеру жоспарын құрыңыз.

4. Науқастың жалпы қан анализінің нәтижесіне баға беріңіз :


Жалпы қан анализі № 9
Күні: 17.02.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова.
Науқас К., 40 жаста.

Көрсеткіштер




Бірлік СИ




Гемоглобин Ер
Әйел

76 г/л

130,0 –160,0
120,0- 140,0

г/л

Эритроциттер Ер
Әйел

4,3 *1012/ л

4,0 – 5,0
3,9 – 4,7

*1012/ л

Түсті көрсеткіш

0,9

0,85 – 1,05




Тромбоциттер

280*1012/ л

180,0 – 320,0

*109/ л

Лейкоциттер

8,9*109/ л

4,0 – 9,0

*109/ л

Таяқша ядролы нейтр.

4000%

1 – 6
0,040– 0,300

%*109/ л

Сегмент ядролы нейтр.

51%

47 – 72
2,000 – 5500

%*109/ л

Эозинофилдар

1%

0,5 – 50
0,20 – 0,300

%*109/ л

Базофилдар

0,5%

0 – 1
0 – 0,065

%*109/ л

Лимфоциттер

10%

19 – 371
200 – 3000

%*109/ л

Моноциттер

4%

3 – 11
0,090– 0,600

%*109/ л

ЭТЖ Ер
Әйел

35 мм/сағ.

2 – 10
2 – 15

мм/ сағ.




  1. Төменде көрсетілген рентгенограммалардың қайсысы осы науқасқа тән

(сурет 26)?



6. Науқастың плевральды сұйықтықтығын тексеру нәтижесіне баға беріңіз:
Сипаты – серозды, түсі – сарғыш, салыстырмалы тығыздығы –1022,
белок – 4,5 г %, Ривальт сынамасы – оң мәнді,
лейкоциттер – 30 - 50 к/а, эритроциттер – жоқ,
лимфоциттер – 92 %, нейтрофилдер – 5 %,
эозинофилдер – 1 %, моноциттер – 2 %.

7. Негізгі емдеу принциптері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет