Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет51/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Методичка ДЫХ каз

Есеп № 3

Ер адам, 67 жаста. Ұзақ жылдан бері созылмалы бронхитпен ауырады (темекілік) және ешқандай емсіз, өздігінен 2-3 күнде басылатын, бірнеше күнге созылған дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Сұрастырғанда соңғы жарты жыл көлемінде тез шаршағыштық, әлсіздік, дене қызуының кезеңді түрде жоғарылауы анықталды. Өз жағдайын қалыпты деп бағалайды, темекі шегеді, күні бойына аз көлемде сұр түсті қақырық бөледі.


Қарағанда өкпе эмфиземасының белгілері байқалады, тынысы қатаң, құрғақ сырылдар естіледі.

1. Науқастың жалпы қан анализінің нәтижесіне баға беріңіз :


Жалпы қан анализі № 9


Күні: 10.09.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова.
Науқас С., 67 жаста.



Көрсеткіштер




Бірлік СИ




Гемоглобин Ер
Әйел

81 г/л

130,0 –160,0
120,0- 140,0

г/л

Эритроциттер Ер
Әйел

4,3*1012/ л

4,0 – 5,0
3,9 – 4,7

*1012/ л

Түсті көрсеткіш

0,9

0,85 – 1,05




Тромбоциттер

280*1012/ л

180,0 – 320,0

*109/ л

Лейкоциттер

10,8*109/ л

4,0 – 9,0

*109/ л

Миелоциттер

0,5%




%*109/ л

Жас лейк.

0,5%




%*109/ л

Таяқша ядролы нейтр.

11%

1 – 6
0,040– 0,300

%*109/ л

Сегмент ядролы нейтр.

71%

47 – 72
2,000 - 5500

%*109/ л

Эозинофилдар

2%

0,5 – 50
0,20 – 0,300

%*109/ л

Базофилдар

0,5%

0 – 1
0 – 0,065

%*109/ л

Лимфоциттер

9%

19 – 371
200 – 3000

%*109/ л

Моноциттер

5%

3 – 11
0,090– 0,600

%*109/ л

ЭТЖ Ер
Әйел

34мм/сағ.

2 – 10
2 – 15

мм/ сағ.

2. Науқастың жалпы қақырық анализінің нәтижесіне баға беріңіз :


Жалпы қақырық анализі № 4


Күні: 10.09.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова.
Науқас С., 67 жаста.

Көлемі – 15,0 мл


Түсі – сұр түсті, қан аралас,
Сипаты – кілегейлі - іріңді
Консистенциясы – тығыз
Эозинофилдер – жекелеген к/а
Эластикалық талшықтар – анықталады к/а
Лейкоциттер – 80-100 к/а
Эритроциттер – 1-3 к/а және 100-150 ге дейін өзгермеген түрінің
жиналуы көрінеді
Жалпақ эпителий клеткалары – аз көлемде к/а
Цилиндрлік эпителий клеткалары – көп көлемде к/а
Микобактериялар – жоқ
Стрептококк, стафилококктар - аз көлемде к/а
3. Төмендегі тексерулердің қай түрін жүргізу керек?
А) бронхоскопия;
Б) ЭКГ
В) өкпе томографиясы;
Г) қақырықты цитологиялық тексеру.
4. Суреттегі тексеру әдісі қалай аталады (сурет 27) ?




  1. Ауруханада болған уақыттың барлығында науқастың оң жақ санында күшейе түскен ауырсыну пайда болды. Қандай патологиядан күдіктенесіз және науқастың осы жағдайын немен түсіндіресіз?

Суретте оң жақ сан сүйектің рентгенограммасы берілген (сурет 28) ?

.


Оқушылардың өзіндік жұмысының түрлері:

- Тақырыпқа сай ситуациялық есептерді құру.


- Плевриттердің графологиялық құрылымын жасаңыз.
- Фармакология курсынан «Антибиотиктер» және «Қақырық түсіретін
препараттар» тақырыптарын қайталау.
- Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.
- Диагностика және емдеу жоспарын құру.
- Ситуациялық есептерді иллюстрациялармен бірге құрастыру


ӨКПЕ ЭМФИЗЕМАСЫ, ПНЕВМОСКЛЕРОЗ, ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ.


Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту; оқушыларды ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен, емдеу және алдын-алу принциптерімен таныстыру; алған мағлұматтарды талдай білу.


Оқушы білуі тиіс:



  • Пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігінің анықтамасын;

  • Осы аурулардың себептерін;

  • Осы аурулардың клиникалық көріністерін;

  • Осы аурулардың диагностикасын;

  • Осы аурулардың емдеу принциптерімен профилактикасын.



Оқушы істей білуі тиіс:

- Пациенттің шағымын жинауды және обьективтік тексеру жүргізуді;


- Лабораторлы, инструментальды тексеру әдістерінен алынған
мағлұматтарға интерпретация жасауды;

  • Плеврит пен өкпе рагі анықталған науқастарға тексеру және емдеу

жоспарын құруды;
- Болжамалы диагнозды негіздеуді;

  • Пациенттің тексеру және емдеу жоспарын құруды;

  • Аурудың терминальды сатысында науқасты психологиялық демеу;

  • Оксигенотерапия жүргізу;

  • Емдік препараттарды тамшылатып құюды.



Бақылау сұрақтары



  1. Өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігіне әкелетін негізгі себептерді атаңыз?

  2. Өкпе эмфиземасының клиникалық көріністерін сипаттаңыз?

3. Өкпе эмфиземасы мен пневмосклероздың қосымша тексеру
әдістерін атаңыз?
4. Өкпе эмфиземасы мен пневмосклероздың негізгі емдеу
принциптерін атаңыз?
5. Өкпе эмфиземасы мен пневмосклероздың профилактикасы жайлы
айтыңыз?


Тапсырма № 1
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.



  1. Өкпе эмфиземасында кеуде клеткасының пішіні:

А) астеникалық;
Б) рахиттік;
В) воронка тәрізді;
Г) «бөшке» тәрізді.
2. Өкпе эмфиземасының перкуторлық белгісі:
А) өкпелік дыбыс;
Б) өкпе дыбысының қысқаруы;
В) қорапты дыбыс;
Г) тынық дыбыс.
3. Өкпе эмфиземасының рентгенологиялық белгісі:
А) өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарылауы;
Б) қараю ошағы;
В) сұйықтықтың көлденең деңгейі (сызығы) бар қуыс;
Г) бұлт тәрізді инфильтраттар.

4. Пневмосклероздың аускультативтік белгісі:


А) крепитация;
Б) ысқырықты құрғақ (трескучие) сырылдар;
В) ызылды (жужжащие) сырылдар;
Г) қатаң тыныс.

5. Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің диагностикалық әдісі:


А) ЭКГ;
Б) ЭхоКГ;
В) спирография;
Г) рентгенография.

6. Обструктивтік түрдегі тыныс жетіспеушілігінің белгісі:


А) өкпенің қалыпты тіршілік сыйымдылығы;
Б) тыныстың минуттық көлемінің ұлғаюы;
В) ФВД - ң қалыпты көрсеткіштері;
Г) тыныс шығару жылдамдығы көрсеткішінің төмендеуі.

7. Өкпелік жүректе ұлғаятын жүректің бөліктері:


А) сол қарынша мен оң жүрекше;
Б) оң қарынша мен оң жүрекше;
В) сол қарынша мен сол жүрекше;
Г) оң қарынша мен сол жүрекше.
8. Өкпелік жүрек кезінде тері қабатының ерекшелігі:
А) аяқ қолдарының бозаруы;
Б) сипағанда аяқ қолдарының салқын болуы;
В) сипағанда аяқ қолдарының салқын және көкшіл түсті болуы;
Г) сипағанда аяқ қолдарының жылы және көкшіл түсті болуы;

9. Декомпенсацияланған өкпелік жүректің клиникалық белгісі:


А) плевраның үйкеліс шуы;
Б) аяқтарының ісінуі, бауырының ұлғаюы;
В) перикардтың үйкеліс шуы;
Г) бетінің ісінуі.

10. Өкпелік жүректің декомпенсациясы бар науқас өмірінің болжамы:


А) қолайлы;
Б) салыстырмалы қолайлы;
В) қолайсыз;
Г) күдікті.


Тапсырма № 2


Төменде берілген тапсырмаларды толықтырыңыз.



  1. Өкпе эмфиземасы - бұл ... (сурет 29)





  1. Өкпе эмфиземасының клиникалық белгілері ...

3. Тыныс жетіспеушілігі - бұл ...


4. Тыныс жетіспеушілігінің түрлері:


А) …
Б) …
В) ...

5. Ағымына қарай тыныс жетіспеушілігінің мынадай түрлерін ажыратады:


А) …
Б) …

6. Пневмосклероз - бұл ...


7. Өкпелік жүрек ... нәтижесінде дамиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет