Клиникалық белгілері.
Шектеулі (локальді) пневмосклероз ұзақ уақыт белгісіз өтуі мүмкін, тек өкпеде қатаң тыныс және майда көріпшікті ылғалды сырылдар естіледі. Шектеулі склероз өкпе жетіспеушілігіне өте сирек әкеп соқтырады.
Диффузды пневмосклероз – бастапқы кезеңінде науқас еш нәрсеге шағымданбауы мүмкін, бірақ біраз ауқыт өткеннен кейін негізгі шағым пайда болады - үнемі ентікпе, қақырықпен жөтел (инфекция қосылса іріңді қақырық тастайды), тез шаршайды, көп терлейді.
Пальпация: пневмосклероз үстінде дауыс дірілі күшейген (өкпенің тығыздалуы).
Перкуссия: өкпе дыбысының бәсендеуі (өкпеде ауаның азаюы), өкпе шектерінің тарылуы (өкпенің семуі) және өкпенің төменгі шеті экскурсиясының азаюы (өкпе тканінің жазылу қасиетінің төмендеуі) анықталады.
Аускультация – везикула тынысының әлсіреуі немесе қатаң тыныс, құрғақ сырыл, кейін майда көпіршікті ылғалды сырылдар өкпенің төменгі бөлігінде естіледі.
Рентгенмен зерттегенде өкпе сүреті деформациялған, перибронхиальды тінінің инфильтрациясы және склерозы байқалады.
Спирография : өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуі анықталады.
Өкпе эмфиземасы
Өкпе эмфиземасы – альвеолдардың кеңуіне байланысты қайтымсыз патологиялық процесс. Альвеолалардың ауаға толуы нәтижесінде өкпенің тегістігі жоғалады.
Өкпе эмфиземасы 40-50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі, ер адамдар әйелдерге қарағанда 2-3 есе жиі ауырады.
Этиологиясы: Өкпе эмфиземасы созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, өкпе демікпесі, өкпе туберкулезі, өкпе абсцессі, пневмокониоздардан кейін дамитын ауру.
Жіктемесі .
І. Патогенезі бойынша:
1. Біріншілік
2. Екіншілік
ІІ. Орналасуы бойынша :
1. Диффузды
2. Локальді
ІІІ. Морфологиялық белгілері бойынша :
табылатын респираторлық бронхиолалар ұлғайып кеңейеді)
панацинарлық (ацинустық барлық бөліктерінің кеңеюі)
дистальдік ( респираторлық бронхиолалардың кейін орналасатын альвеолалық тармақтардың басым кеңеюі)
иррегулярлық (бұрыс) - ацинустардың тыртықытқ процеспен қатар әртүрлі ұлғаюы)
буллезды.
Клиникасы : Негізгі белгілері –экспираторлы ентікпе (дем шығаруы қиындайды), қақырықпен жөтел, бетінде және қол-аяқта цианоз, мойын веналар ісіңкі, «бөшке» тәрізді кеуде, қорапша перкуторлы дыбыс, өкпенің төменгі шеті төмендейді және өкпенің экскурсиясы азаяды, әлсіз везикула тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.
Rграфия және КТГ жасағанда диафрагманың төмендеуі, өкпенің айрықша мөлдірленуі, өкпе сүреті күшеюі байқалады. Вүертикальді орналасқан жүрек «тамшыға» ұқсайды
Емі : Пневмосклероздың және өкпе эмфиземасын жеке-дара емі жоқ, негізгі ем – себеп ауруларды емдеу (бронхолитиктер, қақырық түсіретін, кортикостероидтар, антибиотиктер, оттегі терапиясы).
Достарыңызбен бөлісу: |