Аурудың жұғу жолдары:
аэрогенді (тыныс алу жолы арқылы, жөтел, түшкіру, шаң – тозаң);
контакты жолы (ыдыс – аяқ жеке зат, киім арқылы жұғады);
алиментарлы – шикі сүт (ет) қолданғанда;
жатыр ішінде (бала жолдасының зақымдануы, қағанақ суын жұту);
тері зақымдалса (пат.анатом, сауыншы, лаборант);
ана сүтімен.
Патогенезі: микобактерия өкпеге осы жолдар арқылы еніп, туберкулез төмпешік – ошақты түзейді, жазылғаннан кейін ыдырап, тыртық пайда болады.
Жіктемесі:
Локализациясы бойынша өкпе туберкулезі (83-88%) және өкпеден тыс туберкулез (12-17%) түрлерін ажыратады.
Өкпе туберкулезінің түрлері:
Біріншілік туберкулез кешені (комплексі) ;
Трахеобронхиальды лимфа түйіндерінің туберкулезі ;
Жедел милиарлы туберкулез (тары тәрізді) ;
Гематогенді диссеминацияланған (шашыранды) туберкулез (қан арқылы микобактериялармен тұқымдандыру) ;
Инфильтративті туберкулез ;
Казеозды (ірімшік тәрізді) туберкулез ;
Өкпе туберкулемасы ;
Өкпенің кавернозды туберкулезі ;
Фиброзды – кавернозды туберкулез ;
Өкпе циррозы ;
Туберкулезды плеврит ;
Басқа түрлері (бронх туберкулезі, трахея туберкулезі, көмей туберкулезі т.б.) ;
Өкпеден тыс туберкулез:
Сүйек – буын туберкулезі ;
Зәр шығару, жыныс мүшелерінің туберкулезі ;
Көз туберкулезі ;
Туберкулезді менингит ;
Лимфа түйіндерінің туберкулезі ;
Іш пердесінің туберкулезі ;
Тері туберкулезі ;
Перикард туберкулезі ;
Ішек туберкулезі ;
Бүйрек үсті безі туберкулезі .
Компенсаторлық процесс – А
Субкомпенсаторлық процесс – В
Декомпенсаторлық процесс – С
Егер ВК бөлінсе, онда ВК+ деп (ашық формасы) жазылады.
Егер ВК жоқ болса, ВК – (жабық түрі) деп жазылады,
ал егер тұрақсыз болса – ВК .
Достарыңызбен бөлісу: |