Алдын алу шаралары :
1. Пневмония, бронхит, өкпе туберкулезін ерте анықтап, дұрыс емдеу ;
2. Мұрын-жұтқыншақтың созылмалы аурулардың қозуын алдын алу ;
3. Газдалған және шаңы бар кәсіп орындарда жұмыс істейтін адамдардың тыныс жолдарын сақтау шараларын жүргізу.
4. Дене шынықтыру
5. Темекі шегумен күресу
Т у б е р к у л е з
Өкпе туберкулезі – созылмалы инфекциялық ауру, спецификалық өзгерістің өкпеде және басқа мүшелерде болуымен өтеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымның көрсетпелері бойынша әлімде 15 миллион адам туберкулездің ашық формасымен ауырады, жыл сайын 4 миллион адамға туберкулез жұғады, ал 0,5 млн адам қайтыс болады. Осы уақытқа дейін туберкулез мәселесі маңызды. Әлемде барлық мемлекеттерде туберкулездің өлім және аурушандық көрсеткіштері ерлер арасында әйелдерге қарағанда 2-3 есе жоғары.
Қоздырғышы: туберкулез таяқшасы, Кох микобактериясы
(5 түрі бар: адам, тауық, тышқан, өгіз, балық (пойколотермный).
Ауру көзі – туберкулездың ашық түрімен, бацилла бөлуші науқас (бір бацилла бөлетін науқас жылына 10 сау адамға жұқтырады). Микобактериялар қақырықпен, нәжіспен, терімен, сілекеймен және ана сүтімен бөлінеді.
Қауіп-қатер тобына жатады:
кәсіптік өкпе ауруларымен науқастар (пневмокониоздар - силикоз)
кортикостероидтармен емделген науқастар
қантты диабетімен сырқаттанатын науқастар
жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер
маскүнемдік
кәрі және мосқал жастағы, жалғыз басты адамдар, бомждар (үйі жоқ адамдар)
мемлекеттің жиі мекен жайын өзгертіп тұратын халқы
ағзасында аскорбин қышқылы жетіспейтін адамдар
ас қорыту жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын адамдар (гастриттер, жаралар, рак)
туберкулезге қарсы антибактериальды препараттармен емделген науқастар ( рецидив дамуы мүмкін)
Достарыңызбен бөлісу: |