Шөл далалар мен шөл зонасы топырақтарын пайдалану
Бұл зонадағы ағаш тектес өсімдіктер тіршілігінe қолайлы жағдай өзен анғарларында қалыптасады, бұнда тал, жиде, тораңғы, жыңғыл, акация және т.б. шалғындык сұр, шалғындық құба топырақтарда өседі. Сексеуіл ормандары кең аумақтарды, 20 млн. га қамтиды, олардың орташа ағаш қоры 35 м3/га. Жақсы өсетін топырақтары жер асты сулары 3-8 метрде орналасқан құмдақ және жеңіл саздақ топырақтар. Бұндай жерлерде олардың бойы 4-6 метрге жетеді. Сексеуілден басқа бұнда жүзгін, черкез, жыңғыл, жиде өседі. Бұнда ағаш тектес өсімдіктерді өcipy үшін, оларды суару, топырақты шаю қажет.
Минералдық тұздардың, жылу мен ылғалдын үлкен қоры бұл зонада әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Шөл далалар мен шел аймағы суармалы егістіктің ең көне орны. Бұнда мақта, қант қызылшасы, жүгері, бидай өciріледі, дихандар бағбандықпен, жүзім өсірумен де айналысады. Сондықтан, топырақты өндеу мен суару кезінде топырақтың су-физикалық қасиеттері өзгеруіне, тұздану дәрежесіне, суда еритін тұздар мөлшеріне көңiл аударып отыру және екіншілік тұздану үрдісін болдырмау шараларын icкe асыру қажет. Бұл зонаның көп бөлігі (29,7 %) жайылым ретінде пайдаланылады, оларды жақсарту жерді тиімді пайдаланумен тығыз байланысты.
Тұзданған топырақтар мен солодтар, олардың таралуы мен аумағы
Тұзданған топырақтарға кебірлер, сорлар және сортаңдар жатады. Олар интразоналық топырақтар, яғни олардың өз топырақ зонасы жоқ және әртүрлі зона топырақтары арасында араласа кездеседі. Дегенмен зоналық та маңызы бар, ceбeбi бұл топырақтар ыстық, құрғақ климат пен тұзданған жер асты сулары жағдайында қалыптасқан. Дегенмен, кебірлер, сорлар және сортаңдар тіпті Якутияда да кездесетінін айта кеткен жөн.
Тұзданған топырақтар мен солодтар зонасы ТМД аумағында 160 млн. га құрайды. Олардың 0,5 % (Фатьянов, 1972) солодтар мен солодтанған топырақтар. Кебірлер нeгiзi сұр топырақтар аймағында, бipaз бөлігі қаратопырақ, күрең және құба топырақтар аймағында таралған.
Сортандар
Сортандарға жоғарғы горизонтында мәдени өсімдіктер өсуіне зиян келтіретін суда еритін тұздары көп мөлшерде болатын топырақтар жатады. Іс жүзінде сортандарға құрамындағы тұздары 1 %-тен асатын топырақтар жатады. Сортаңдарда суда еритін тұздар А горизонтында жинақталған, олардың топырақтағы жалпы құрғақ салмағы 3-5 %, кейде 30-50 %-га да жетуі мүмкін. Тереңдеген сайын топырақтағы тұз мөлшері де көп кемиді.
Сортаңдар аналық жыныстар тұздануына байланысты қалыптасады. Бұндай тұзды жыныстар Орталық Азия мен Батыс Сібірде кездеседі. Сортаңдар тұзданған жер асты суларының булануы барысында топырақтың жоғарғы горизонттарында жинақталады. Олар құрғап кеткен көлдердің орындарында да қалыптасады.
Сортаңдар теңіз жағалауларындағы облыстарда жағалаудағы тұзды шаңды жел көтеріп, материк ішінe ұшырып әкетуі барысында пайда болады. Желдің бұндай жұмысы Арал мен Каспий маңында ерекше байқалады.
Өзен аңғарлары мен ойпандардағы сорғандардың пайда болуы жауын-шашынның тұздарды биіктеу жерлерден ойпандау жерлерге шайып апаруынан болады. Шығу тері осындай сортаңдар күрең және құба топырақтар аймағында, ойлар мен ойпаңдарда кездеседі. Кейде сортаңдар теңіз маңы жазықтарында кездеседі, олар құрғап кеткен, әсересе суы ащы көлдердің айналасын орай таралады. Топырақтарда тұздың көп мөлшерде жинақталуы биологиялық жолмен, галофит өсімдіктердің әсерінен де болуы мүмкін. Галофиттерге сораңдар - сарсазан, бұйырғын, ақтікен, қарабарақ және басқа да көптеген өciмдіктep жатады. Еттілігі және ылғалдылығы жоғары сораңдар тез еритін тұздарды топырақтан сіңіредi. Ол өсімдіктер құрап, өлген соң, тез еритін тұздар топырақтың жоғарғы горизонттарында жинақталады да, біртіндеп тұзданып, ақыры сортаңға айналады. Табиғатта сортаңдардың пайда болуы осындай, оларды біріншілік немесе табиғи сортаңдар деп атайды.
Табиғи сортаңдардан басқа жасанды, немесе екіншілік сортаңдар да пайда болады. Екіншілік тұздану егістікті суаруды немесе құрғатуды дұрыс жолмен жүргізбеген жағдайда пайда болуы мүмкін. Құрғату арықтары дұрыс салынбаған, суаруға суды көп мөлшерде ысырап еткен жағдайда, жер асты сулары көтерілуі және топырақ тұздануы болады. Іс жүзінде жақсы суару жүйесінің 1 л суындағы тұздар 0,5 г-нан аспауы тиic екендіг1 анықталған.
Сортаңдардың химиялық құрамы мен қасиеттері. Сортаңдар құрамында неше түрлі тұздар кездеседі, бipaқ жиі кездесетіндері Mg, Са, Na тұздары, тұз, көмір және күкірт қышқылдарының тұздары (NaCl, NaHC03, Na2SO4 СаС12, CaS04, СаСО3, Са(НСО3)2. Аталған тұздардың кейбіреулері өсімдіктерге зиян келтірмейді, ал кейбіреуінің аздаған мөлшерінің өзі өте зиянды.
Мәдени өсімдіктер мен ағаш тектестерге өте зиянды тұз Na2C03 содасы, ол гидролиз нәтижесінде күшті сілті түзеді. Өсімдік жасушасына енгенде плазмолиз жүреді, өсімдік өледі. Соданың топырақта болатын ең жоғарғы шекті мөлшері 0,005 %.
Сортаңдардың топырақ ерітіндісінде осмостық қысым 100-300 атм. болатындықтан, табиғи жағдайда, сортаңдарда тек галофиттер тірішілік етеді. Ондағы қарашірік мөлшері 1-2 %, тек Ciбip сортаңдарында ғана 5 %.
Сортаңдардың топырақтар ерітіндісіне бейтарап тұздар рН 7,0-7,5 реакциясын берсе, сілітілік (содалы) тұздар - күшті сілітілік реакция береді (рН 9-11).
Тұзданған топырақтар мен сортаңдарда микроағзалар өте аз, себeбi көп мөлшердегі тұздар олардың тipшiлiгiнe қолайсыз.
Тұз мөлшері мен тұзды горизонттардың орналасу тереңдігіне байланысты топырақтар тұзданбаған, шамалы сортаңданған, сортаңды және сортаңдар деп жіктеледі. Егер топырақ горизонтында тез еритін тұздар мөлшері 0,25 %-тен аз болса, немесе 150 см тереңдікке дейінгі топырақ кескінінде ондай горизонттар болмаса, олар тұзданбаған болып есептеледі. Егер 80-150 см тереңдікке дейінгі топырақ салмағында тұз мөлшері 0,25 % болса, топырақ шамалы сортаңданған, егер 5-30 см аралығында болса сортаңды деп есептеледі. Егер топырақтың ең жоғарғы қабатындағы тез еритін тұздар мөлшері 1 %-тен көп болса сортаң деп аталады. Тұздар концентрациясы 0-30 см қабатта болса беткі сортаң, ал егер тұздар бүкіл кecкiнi бойынша таралған болса - тереңкескескінді сортаң деп аталады.
Сортаңдардың жіктелуі. Барлық сортаңдарды аниондар мен катиондар және олардың тұздарының, сонымен қатар морфологиялық сипаттарына қарай жiктeйдi. Аниондарына байланысты хлоридті, сульфатты, содалы және аралас сортаңдарға, ал катиондарына байланысты натрийлі, магнийлі және кальцийлі сортаңдарға жіктеледі. Олардың біріншісінде Na+, екіншісінде - Mg2+, үшіншісінде - Са2+ катиондары басым болады.
Морфологиялық сипаттарына байланысты қабыршақты, борпылдақ, шалғынды және тақыр тәрізді сортаңдарға жіктеледі. Қабыршақты (дымқыл) сортаңдар құрғақшылық кезінде әртүрлі тұздардан тұратын, хлоридтерге байланысты ақ түсті, тығыз, қытырлақ қабыршақ түзеді. Қабыршақты сортаңдарға содалы немесе қара сортаңдар да жатады, олардың түci соданың әсерінен қарашірінді еритіндіктен
күңгірт болады.
Борпылдақ сортаңдардың құрамында құрғақ, шаңдауыт Na2S04 тұзы бар, қалыңдығы 5-7 см беткі горизонты болады. Шалғынды сортаңдар минерализацияланған жер асты сулары жақын орналасқан шалғын өсімдіктері астында қалыптасады. Олардың қрамында СаС03, кейде MgC03 тұздары болады, қарашірік мөлшері 6-8 %, азотқа бай, бipaқ фосфор мен калий мөлшеpi жеткіліксіз.
Тақыр тәрізді сортаңдар бөлек төбелдер ретінде кездеседі. Оларда өсімдіктер мүлде өспейді десе де болады, тығыз, беттері жарылып кетеді, тұзды горизонты кесекті, бірталай мөлшерде хлоридтер мен сульфаттар кездеседі. Жоғарыдан қарағанда бұл сортаңдар кебірлерді, ал бipaз тереңдіктегі құрамына кіретін тұздары бойынша - бeтi көк-жасыл балдырлармен жабылған сортаңдарды еске түсіреді.
Сортаңдар кескіні тұрақсыз: бірде нашар дифференциалданған, сондықтан генетикалық горизонттарға бөлінбейді (сор сортаңдары), бірде жақсы қалыптасқан (шалғынды сортаңдар).
Кебірлер
Кебірлер қалыптасуы. Кебірлер деп, сіңіруші кешені натрий катиондарымен қаныққан, ал суда еритін тұздары астынғы горизонттарға шайылып кеткен топырақтарды айтады. Кебірлерге құрамындағы сіңірілген натрий мөлшері 20 %-тен асатын топырақтар жатады. Егер сортаңдарда тұздар А горизонтында шоғырланған болса, кебірлерде олар төменгі, В горизонтында болады.
Кебірлер пайда болуының негізгі ceбeбi, натрийдің судағы ерітіндісінің төменгі горизонттардан капиллярлармен көтерілуі. Натрий тұздары топырақта биологиялық жолмен де жинақталуы мүмкін. Сонымен қатар натрий тұздары жусан, сораң өсімдіктер қалдықтарының органикалық заттарының ыдырауы кезінде де жинақталады.
Кебірлердің пайда болу жолы мынадай: топырақ ерітіндісінде натрий тұздары көбейген сайын, ciңipy кешенінен кальций мен магний ығыстырылып, олардың орнын натрий басады. Топырақтың нашар коагулятор болып табылатын натриймен қанығуына байланысты, органикалық және минералдық коллоидтар гель күйінен золь күйіне ауысады, жылжымалы болып жоғарғы горизонттардан төменге шайылады да тығыз иллювиалды немесе кебірлі горизонт түзеді. Жоғарғы горизонтта лайлы тұнба фракциясы азайып, төменгі горизонтта көбейеді, структурасы бұзылады, топырақ күшті ciлтiлiк реакцияға ие болады.
Жер асты сулары кейбір себептермен тартылып кеткен жағдайда, Са мен Mg еритін тұздары жауын-шашынмен топырақтан оқтын-оқтын шайылып отырады, ал топырақтың ciңipyшi кешені натрий катиондарымен қанығып, кебірлер түзеді.
Кебірлер құрылымы. Кебірлердің топырақ кескіні генетикалық горизонттарға жақсы бөлінеді. Онда үш горизонт бар: А - элювиалдық горизонт, В - иллювиалдық горизонт, С горизонты - аналық немесе топырақ түзуші горизонт.
Төменде кебірдің топырақ кескінінің мысалы берілген:
А0 - 10 см - элювиалдық горизонт, ашық-сұр, структурасыз, кейде қабыршақты структуралы, тұзда еритін тұздар мүлде жоқ немесе аздап болады, кейде бетінде үлбір түзіледі;
Ві 10-23 см — иллювиалдық-кебірлі горизонт, күңгірт-сұр, біржарымдық тотықтармен, қарашірік және лайлы тұнбамен қанықкан, вертикал сызаттарымен бөлінеді, ылғалды күйде тұтқыр, су өткізгіштігі нашар, құрғақ күйінде қатты жарылады, NaHC03, NaC03 бірталай мөлшерде болады, құрылымы тығыз, ауыр саздақ;
В2 – 23-58 см — иллювиалдық, кесекті-жаңғақты, күңгірт-құба, структурасы кесекті, тығыз, құрамында СаС03 бар ауыр саздақ;
В3 58-104 см — иллювиалдық-тұзды горизонт, сұрғылт-құба, тығыз, структурасы призмалы, ақкөздер ретіндегі кальций карбонаттары көп, кескіні бойында карбонаттар, хлоридтер, сульфаттардың ең көп мөлшеpi жинақталған;
Ск - аналық жыныс 104-120 см тереңдіктен басталады, құба-құқыл түсті, Са карбонаттары көп, ауыр саздақ;
Кебірлер қасиеттері. Кебірлердің өздеріне тән морфологиялық epeкшeлiгi, ондағы иллювиалдық-кебірлі горизонт өте тығыз болады, далалық жағдайда кебірді көбінесе сол арқылы анықтайды.
Кебірлердің физикалық және химиялық қасиеттері нашар. А горизонтының структурасыздығына байланысты ылғалдылық жоғары болғанда қатты ісініп кетеді, ал кеуіп кеткенде бетінде қабыршақ пайда болып, жарылып кетеді.
В горизонты - иллювиалдық-кебірлі, ылғалды күйінде өте тұтқыр, жабысқақ, су өткізбейді, сондықтан қар ерігенде, жауын жауғанда кебір бетінде су ұзақ тұрып қалады, су сіңбейді де ауаға буланып кетеді. Бұл горизонт кебу күйінде ешқандай өндеуге келмейді.
Кебірлердің физикалық және химиялық қасиеттерінің нашарлығына байланысты, олардың табиғи өнімділігі өте төмен. Онда тек ксерофит өсімдіктер: жусанның кей түрлері, изен және т. б. ғана өседі. Кебірлердің көп бөлігінде шөптесін өсімдіктер өспейді, бірен-саран көк-жасыл балдырлар мен қыналар кездеседі.
Кебірлердің жіктелуі. Кебірлердің жіктелуі олардағы элювиалдық горизонтың қалындығы, тұздану дәрежесі, грунт суларының орналасу тереңдігіне негізделген.
Элювиалдық горизонттың қалындығына байланысты кебірлердің жіктелуі мынадай: қабыршақты немесе таяз кебірлер - кeбip үстіндегі А горизонтының қалындығы 10 см-ге дейін; орташа бағаналы кебірлер – 10-нан 18 см-ге дейін; терең бағаналы кебірлер -18 см-ден терең.
Грунт суларының орналасуына байланысты кебірлердің жіктелуі мынадай: шалғынды - жер асты сулары 3 м-ге дейін, шалғынды-далалық және далалық - 6 м-ден терең.
Кебірлерді тұздану сипатына қарай содалы және хлоридті-сульфатты деп жіктейді. Содалы кебірлер орманды дала және шалғынды дала зоналарында, ал хлоридті-сульфатты құрғак дала мен шөлейт зоналарында таралған. Содалы кебірлер шалғындық кебірлер, ал хлоридті-сульфатты кебірлер далалық кебірлер болып табылады.
Далалық кебірлердің өзіндік ерекшелігі - онда гипсті горизонт беткі қабатына жақын орналасқан. Сұр топырақтар зонасында кебірленген топырақтар таралған да, кебірлер өте аз кездеседі.
Кей жағдайларда, кебірлерде далалық және шалғындық шөптесін өсімдіктер өскенде, олар кебірлерді органикалық заттармен, натрийді ығыстырып шығаратын кальциймен байытатындықтан, біртіндеп далаланады. Кебірдің В горизонтындағы бағаналы структурасы біртіндеп жойылып, өз қасиеттері мен морфологиясы бойынша айналасындағы қара топыраққа, күрең топыраққа және т.б. жақындайды.
Солодтар
Солодтар деп ұзақ уақыт аралығында шайылуына байланысты сіңірілен натрийдан толық айрылған, Са2+, Mg2+, Н+ катиондарымен қаныққан, кебірленген топырақтарды атайды. Кебірлердің солодтарға айналу жолын К.К. Гедройц анықтады. Кебірлердің солодтарға айналу үpдici солодтану деп аталады. Солодтардың пайда болуы микроойпаңдарда, қар суы және жауын суымен топырақтың ұзақ уақыт шайылуы арқасында жүреді. Кебірлі горизонттың топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы қарашірік коллоидтарының epyi мен алюмосиликаттардың төменгі горизонттарға шайылатын жылжымалы біржарымдық тотықтар және, элювиалды горизонтта жинақталатын кремнеземге ыдырауына ықпал етеді. Нәтижесінде А1 қарашірік горизонты астында бозғылт элювиалды солодтанған А2 горизонты, одан төмен - иллювиалды қалдықты-кебірленген В горизонты қалыптасады.
Солодтарда келесі генетикалық горизонттар бөлінеді:
А0 - орман төceніші, А1 - қарашірінділі-аккумулятивтік, Аэ - элювиалды немесе солодтанған, В - иллювиалдық және С - аналық жыныс.
Солодтар кәдімгі солодтарға - анық айқындалған А2 горизонты жоқ; шымды солодтар - айқындалған қарашірінділі А4 горизонты бар; шымтезекті солодтар - шымтезекті қабаты бар; кебірлеу және сортаңдау солодтар болып бөлінеді.
ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫ
Қазақстан территориясының 10 %-ға жуығын таулы аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады.
Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа температура 0,5°С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері бipaз көбейеді. Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. Климаттың өзгepyi ашық тау жыныстары мен минералдардың бұзылу жағдайын да өзгертеді. Нәтижесінде, мұнда механикалық құрамы және су - физикалық қасиеттері бойынша әр түрлі шөгінділер пайда болады. Таудағы пайда болған шөгінділерге байланысты, әр түрлі өсімдіктер формациялары мен микроағзалардың таралуы жүреді.
Таудағы өсімдік құрамы зоналарға бөлінеді, мысалы Алатаудың төменгі бөліктерінде шөл өсімдіктері өссе, жоғарылаған сайын оларды далалық өсімдіктер ауыстырады, оларды жалпақжапырақты ормандар, оларды қылқанжапырақты ормандар ауыстырады. Олардан да жоғары мәңгі қарларға ауысатын альпі шалғындары орналасады.
Топырақтардың вертикал горизонттары. Климаттың ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырактың өзгepyi мен бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы зерттеулерді В.В. Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикал зоналық заңдылықта-рын белгіледі.
Таулы аудандарда климаттың континент алдығы мен биіктікке байланысты топырақ зоналарының саны да әр түрлі болуы мүмкін және ол тау тізбектері мен жүйелерінің орналасуына, жел соғу бағыттарына, теңіздер мен мұхиттардан арақашықтығына тәуелді. Дегенмен тау топырақтарына ортақ бip ғана заң - ол барлық таулы аудандарда вертикал белдеулер заңдылықтарының болуы.
Топырақтардың таудағы вертикал белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің вертикал зоналардың негізгі топырақтары альпі мен субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғында-ры астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, калың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізеді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қанқалы топырақтардың пайда болуына жағдай жасайды. Олар мынадай горизонттардан тұрады: А1 - құба түсті, көбінесе шымтезектелген шым; А2 - күңгірт-сұр құысты, структурасы ұнтақты-дән тәріздес, қалындығы 50 см-ге дейін; В - өтпелі, күшті қанқалы, бұзылу қабықшасына өтетін қабат.
Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ке дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген.
Орал таулары бірнеше топырақ - климаттық зоналарды кесіп өтіп, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Таулардың аса биік еместігінен вертикал зоналық әр кезде байқалмайды. Тундра аймағында орналасқан Солтүстік Оралда таулы-тундралы топырақтар басым. Орталық Орал орманды зонада орналасқан. Беткейлердің көп бөлігінде қышқылды, күлгінденбеген, әртүрлі дәрежеде глей-ленген орман топырақтары таралған, тек 1000 м-ден жоғарыда ғана оңтүстікке қарай субальпі шалғындарына ауысатын таулы - тундралы топырақтардың жекелеген бөліктері кездеседі. Оңтүстік Орал тауының төменгі бөлігінде, жалпақ жапырақты орманның астында таудың сұр орман топырақтарымен ауысатын қаратопырақтар қалыптасады. Таудың жоғарғы жағында, 1000 м биікте таудың шалғынды шымды топырақтары орналасқан.
Орта Азия тауларының теңіз бен мұхиттардан шалғайлығы, климаттың континенталды, құрғақ болуына байланысты басым көпшілігінің жамылғысы күрделі далалық болып келеді, сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым болады. Аңғарлардың төменгі бөлiктepiндe (300 ден 1200-м дейін) жусанды-астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м дейінгі тауаралық шатқалдарда - таудың қаратопырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалыптасады.
Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлерде тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600 - 2500 м биіктіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсімдік жамылғысы астында коңыр және күрең топырақтар, 2000 м-ден биікте - қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың шалғынды шымды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары кездеседі.
Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану
Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар басым, олар аумактың 8 % алып жатыр, жайылымдар мен шабындықтар – 55 %, ал ормандар жалпы ауданның – 16 % ғана алып жатыр.
Таудың құба орман топырақтары орман өсімдіктерінің қасиеттеріне кескін қалыңдығына, экспозициясына және теңіз денгейінен биіктігіне тәуелді. Түгелдей алғанда олар құнарлы, ал оларға отырғызылған екпе ағаштардың өнімділігі жоғары. Құба топырақтар жүзiм, жеміс өcipy үшін жарамды.
Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады.
Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзiм, көкеністер өcipілeдi. Тау топырақтары орман және ауыл шаруашылықтарында жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады.
ӨЗЕН АРНАСЫНЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫ
Өзен жайылмасы жер бедеріне, климатқа және өзен суының ағу сипатына қарай ені бipнeшe ондаған метрден бастап (тар өзендерде) ондаған километрге дейін (үлкен өзендерде) жететін аумақтардан тұрады. Жайылма массивтері нeгiзiнeн ipi өзендердің - Epтic, Іле және Сырдарияның бойында орналасқан.
Топырақ түзілу үpдicтepi
В.Р. Вильямс (1949) өзен жайылмасын үш облысқа бөлді: арна маңы, орталық және терраса маңы. Оларда жер бедері сипатына, гидрологиялық жағдайларына, үйінділер құрамына және топырақтар құрылымына қарай айырмашылықтар бар.
Жайылма топырақтарының даму дәрежесі, әр өзендерде ғана емес, бip өзеннің өзінде де ағысы бойында әртүрлі болып өзгеріп отырады.
Ормандары жоқ арна маңы мен орталық бөліктерде астық тұқымдастар, ал террасса маңында – мүктер, қиякөлеңдер өседі.
Ж айылмалардағы ағаш тектес өсімдіктердің құрамы табиғи зоналары бойынша анықталады. Тайга аймағында қарағай, жалпақ жапырақты ағаштар, қайың, дала және орманды-дала зоналарында - емен, терек, қарағаш, ал шөлдер мен шөлейт зоналарда - сексеуіл, жаңғыл, тораңғы, жиде, тал басым.
Жайылма топырақтарының қалыптасуы мен дамуы екі үрдіс: жайылмалық және аллювиалдық үрдістер әсерінен жүреді.
Жайылмалық үрдіс - көктемде су тасқынының уақытша басып қалуы - топырақтың микробиологиялық тіршілігіне үлкен әсерін тигізеді, оның тұз режимін өзгертеді, грунт суларының көтерілуіне ықпалын тигізеді.
Аллювиалдық үрдіс - сапырылысқан бөлшектердің ағып келуі және қатталуы - жайылма аумағында әртүрлі дәрежеде байқалады және тасқын сулардың ағу жылдамдығына тәуелді.
Жайылманың арна алды аумағында тасқын сулардың жылдамдығы өте жоғары болады, сондықтан ондай жерлерде тек ауыр құмдауыт бөлшектер қатталады. Арна алды аумағы көтеріңкі орналасады, өте қысқа мерзімдік су тасқыны кезінде су басып қалады және де жеңіл механикалық құрамына қарай жақсы шымдалады. Арна алды топырақтары көбінесе құмдақ және құмдауыт. Бұл то-пырақтардың құрылымының ерекше сипаты оның айқын қатпарланғаны. Қарашіріктенген қабаттардың қалыңдығы 1-ден 10 см дейін, оңтүстік аудандарда 30 см.
Жайылманың орталық аумағында тасқын сулардың ағысы баяулаған кезде ұсақ (топырақты, тұнбалы), органикалық заттарға бай бөлшектер қатталады. Тұнба құрғаған кезде жарылып, кесектерге (2 – З мм) бөлініп, түйіршікті жайылма аумағын түзеді. Жыл сайынғы шөгетін тұнба қалыңдығы 1 - 3 мм және жайылманың орталық аумағында қалың қарашіріктенген горизонт, қарашірігі 10-нан 100 см (5-10 %) болатын жайылманың саздақ және сазбалшықты топырақтары басым болады.
Тасқын судың ағысы қатты кезде жайылманың қатпарлы аумағы түзіледі, өйткені органикалық заттары бар шаңды-құмдауыт бөлшектер қатталады. Арнадан алыста орналасқан терраса маңында тасқын судың жылдамдығы баяу, сонымен бipre тасқыннан кейін онда су ұзақ уақыт тұрып қалады. Топырақтар ұзақ ылғалдану жағдайында дамиды – өте ұсақ түріндегі бөлшектердің қатталуы батпақтану үрдісімен жиі сәйкес келеді. Шымтезекті пайда болы терраса маңы жайылмасында ойпандар типі бойынша жүреді. Шымтезек азотка, фосфорға және кальцийге бай. Террасса маңы жайылма топырағы терең қарашіріктенгенімен, су-физикалық қаси-еттерінің төмендігімен ерекшеленеді.
В. В. Докучаев (1967) атындағы топырақ институтының құрастырған жайылманың аллювиалды топырақтары классификациясында жайылмадағы топырақтың пайда болуының негізгі ерекшеліктері көрсетілген (2 кесте).
Аллювиальды шымды топырақтар орман аумағы жайылмаларының арна маңы мен орталық аумақтарында шалғынды ағаш және бұта өсімдіктерінің астында белсенді аллювиалды үрдістерде қалыптасады.
Аллювиалдық шымды-глейлі топырақтар кескіні:
Аш- қалыңдығы 3-5 см тығыз шым;
A1 - күңгірт сұр немесе құба сұр түсті қарашірік горизонты; структурасы түйіршікті, татты құба дақтары бар, қалындықтағы 30-50 см;
Bі - глейлену дақтары бар өтпелі горизонт, қалыңдығы 25-70 см;
В2 - көгілдір, көкшіл реңкті, структурасыз, көбінесе қатпарлы горизонт;
С /Д - механикалық құрамы бойынша да, түci бойынша да әртүрлі қатпарлы аллювий.
Аллювиалдық батпақты (даланың аллювиалдық батпақты топырақтары)
|
Лайлы тұнбалы
- шымтезекті - глейлі (шалғынды - шымтезекті
- тұнбалы - батпақты
|
Жайылманың терраса алды белігі
|
|
Лайлы тұнбалы-шымтезекті
|
|
Қapaшірік қабатының қалыңдығы бойынша шымды-глейлі топырақтар жұқа шымды (15 см-ге дейін), орташа шымды (25 см-ге дейін), терең шымды (25 см-ден жоғары), құрамындағы қарашірік бойынша - аз қарашірікті (3 %-ке дейін), орташа қарашірікті (3-5 %), көп қарашірікті (5-16 %) және қарашірінділі (16 %-тен жоғары) болып бөлінеді.
Жақсы структураланған аллювиалды шымдауыт топырақтардың су өткізгіштігі мен аэрациясы жоғары, негіздермен жоғары дәрежеде қаныққандығы (80 – 90 %) рН мәнінде (5,0 - 6,0) байқалады.
А горизонтындағы қарашірік құрамы 2 - ден 10 % дейін ауытқиды.
Аллювиалды батпақты топырақтар жоғары ылғалдылықты суйетін ағаштардың, бұталардың және алуаншөпті-мүкті өсімдіктердің астында пайда болады. Бұндағы жоғары ылғалдылық жер бедерінің биік бөліктерінен судың төмен ағуынан, су тасуынан, грунт суларынан ылғалдың жоғары көтерілуінен пайда болады. Бұл топырақтардың пайда болуына аллювиалдық және батпақтың үрдістердің әртүрлі дәрежеде қатысуы органикалық және минералдық бөлшектердің қатынасы мен құрамдарының алуан түрлі болуына себеп болады.
Аллювиалды батпақты топырақтар кескінінде лайлы тұнбаның немесе шымтезекті-лайлы тұнбаның ылғалымен қаныққан массаның қарашірікті (немесе шымтезекті) горизонты айқындалады. Жоғарғы горизонттың қарашіріктенуі жоғары, кейде 30 % дейін болады. Төменде жоғары жағы қарашірікпен боялған көксұр түсті глейлі горизонт орналасқан. Лайлы тұнбалы - шымтезекті горизонттың қалыңдығы бойынша аллювиалды батпақты топырақтар аз қалыңдықты (30 см дейін), орташа қалыңдықты (30-50 см) және қалың (50 см жоғары) болып бөлінеді.
Жайылма топырақтары топырақ түзілуінің ерекшеліктеріне қарамастан, жайылманың топырақтарына жатпайтын топырақтармен жалпы ортақ зоналық белгілері болады, сондықтан әр зона үшін жеке жайылма топырақтарының классификациясын құрастыру қажет болды. Зоналықтын пайда болуы ортақ климаттық факторларға, сонымен бipre жайылмада қатталатын бөлшектердің сапасы мен құрамына байланысты болады, сондықтан өзен кіші болған сайын, оның жайылмасының топырақтары да зоналыққа жақын болады. Бірнеше топырақтық-климаттық зонаны кесіп өтетін ipi өзендердің жайылмаларында (Волга, Дон, Днепр), әр зонаға тән бөлшектер қатталады.
Жайылманың әр аумақтарындағы топырақтарда қоректік заттардың құрамы мен ылғалдануы бірдей емес. Жайылма топырақтарының жоғарғы құнарлығы арна маңы аумағынан орталығына және терраса маңына қарай қарашірік, азот, кальций қорлары жоғарылайды.
Пайдалану үшін ең қолайлысы орталық жайылманың топырағы болып табылады. Олар ылғалмен, қоректік заттармен қамтамасыз етілген, бұл жердегі қарашіріктің жалпы қоры 600 т/га дейін жетеді. Терраса маңындағы қapaшipiктiң, азоттың, фосфордың және қоректік заттардың қоры жоғары топырақтары артық ылғалданған және батпақтанған.
Тайгалық зонада жайылманың биіктеу жерлерінде - арна маңын алып жатқан орман өсімдктері, орталық аумақтағы жалдарда - қарағай, шырша, көктерек, қайың, самырсындар таралған.
Орталық аумактың ойпандары мен терраса маңында талдар мен қарағаштар өседі.
Дала және орманды-дала жайылмаларында өсетін ағаш түрлері - емен, қарағаш, жөке ағашы, терек. Жайылмаларда, өз ареалының шекарасынан оңтүстікке қарай шырша кездеседі. Жайылмадағы екпе ағаштары жоғары бонитетті, дегенмен олардың биіктеу жерлерде өсуге бейім екені байқалады. Орталық және терраса маңы аумактарының ойпаң жерлерінде жоғары өнімді қара қандыағаш екпелері басым.
Шөл және шөлейт зоналардағы жайылма топырақтары ұзақ жаз мезгілінде атмосфералық жауын-шашын көрмейді, сондықтан терлеу су режимі, тұздалуға алып келеді. Топырағы аздап тұздалған жайылмаларда теректер, олардың астында тал, жыңғыл, жиде өседі. Жоғары дәрежеде тұзданған жайылмаларда қара сексеуіл кең таралған.
Достарыңызбен бөлісу: |