547
жайында
айтылады, бірақ ол айтылған ой осы екі тәржімашы
аударған екі еңбекте де жоқ, қолыңыздағы біздің аудармамызда
бар:
Ердің аты мақтауменен шығады [892-бәйіт]. Біздің
тоқталып отырған мәселеміздің негізгі
мағынасы осыған келіп
тіреледі: мақтаулы (қатардағы қарапайым адам емес), ақылды
адам түсіне қоятындай мін бар ма? Айтолды осындай сұрақ
қояды. Аталып өткен екі аудармашының еңбектерінде қойылатын
сұрақ қарапайым екі (жақсы, жаман) адам туралы болып отыр.
953. Бұл бәйіт дастанда төрт таған ретінде берілген (ұйқасы:
а–а–ә–а). С.Н.Иванов екі бәйіт есебінде келтірген (а–а, а–а,
966, 967-бәйіттер). А.Егеубаев та солай етіп аударған (966,
967-бәйіттер). Айтпақшы,
бұл тәржімашының қазақша
аудармасында төрт таған өлең әсте жоқ. Шамасы, бұл автор*
(аудармашы автор, әрине) рубаят пен бәйіттің өзара айырмасын
ажырата алмаған болу керек! Біз аударып отырған нұсқада екі
жүзге тарта рубаят бар. Олардың бәрін С.Н.Иванов төрт таған
етіп аударған.
959.
Білімді кісі сөзі таусылмайды,
Ағысты бұлақ суы
таусылмайды. Бұл екі жол бәйіттің өзара ұйқасы бір сөздің
қайталап келуі арқылы берілген. С.Н.Иванов аудармасында да
солай [973-бәйіт]. А.Егеубаевтың аудармасында: «Білімнің нұрлы
сөзі сарқылмас, Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас» деп берілген
[973-бәйіт]. Мұндағы
«нұрлы, бастауы кең, көзі деген сөздердің
басы артық, олар қостармақтың құрамында жоқ. Бұл бәйіт мәтел
сияқты, сондықтан оған басы артық сөздерді әкеліп тықпалаудың
да қажеті жоқ сияқты.
966.
Бір әйел шығады ғой бір-ақ ерге, Егіз ұл табады ғой
Достарыңызбен бөлісу: