550
1413. ...
Ағаш атқа ерсіз енді мінеді. Өлген кісіні жерлейтін
жеріне дейін салып алып баратын зембіл туралы айтылып отыр.
1452.
Дайын отыр – келсе хабар егер де... Бұл жерде әрбір
кісінің өлімі туралы хабар беріп, өзі келіп, оның жанын алатын
Әзірейіл періште туралы айтылып отыр.
1474.
«Айтқан, тыңда, шашы ағарып көп көрген, Сынап ұғып,
біліп бәрін өткерген» адамның айтқан ақыл сөзі біз аударып
отырған дастанда екі бәйіттен тұрады. Орысша баспасында оның
үшінші бәйіті бар екен [1495-бәйіт],
біз оны да аударып беріп
отырмыз. Ол мұндағы бәйіттердің жалпы алғандағы есеп санына
ол кірмейді.
1497
. Шаһадатпен оның тілі кесілді. 380, 386 түсініктемелерді
қараңыз.
1510.
Ол – белгісіз: ішіп, жеп ап жерінбей, Жүреді екен көз
алдында көрінбей. Бұл сөз
өлген адам туралы айтылып отыр,
бірақ оның ішіп-жеп алуы туралы мәселе күмәнді болса керек-ті.
Орысша аудармасында ішіп-жеу туралы әңгіме жоқ: Везде он – от
взора сокрыт и невидим, Везде перед очами стоит и невидим»
[1532-бәйіт]. Сондықтан оны былай деп аударған орынды болар
деп ойлаймыз:
Барлық жерде жүрсе көзге ілінбей, Көз алдыңда
ол тұрады білінбей.
1572.
Үш Орданың бегі айтыпты... Үш Орда Самарқант
пен Әндіжанның аралығында Сейхун (Сырдария)
жағалауына
орналасқан қарлұқтардың бір қаласы болса керек. М.Қашқари
«Оч – белгілі бір қаланың аты», – деп көрсетеді. С.Н.Иванов
«Үч-Орду» сөзін осы «Оч» сөзімен байланыстырып қарайды.
М.Қашқаридың айтып отырған қаласы Әндіжанның оңтүстік
шығыс жағындағы казіргі «Ош» қаласы болуы да мүмкін.
1622.
Оқы осыған меңзеген бір бәйітті... «Құтадғу біліктің біз
аударып отырған Наманган нұсқасында ол бәйіт жоқ, түсіп қалған.
С.Н.Ивановтың орысша аудармасында ол рубаят (төрт таған)
есебінде берілген, жоғарыда біз соны аударып беріп отырмыз
[1650-1654]. Қазақша аудармасында А.Егеубаев
оны жеке-жеке
екі бәйіт (қос таған) ретінде келтірген [1650-1654]. Бұл автор, неге
екені белгісіз, өз жанынан тағы бір бәйіт қосқан, оның мағынасы
аударылып отырған бәйіттердің мағынасына ұқсамайтын сияқты.
1641.
Мінез-құлық жаман болса – жер етер, Барлық ісі, күні
туса кері кетер. Түпнұсқада
Барлық ісі күні туса кері кетер деп
551
берілген. Қазіргі қазақ тілінде
күні туса деген тіркес жағымды
мағынада жұмсалады. Біз оны
«құт қонса да» деген тіркеспен
ауыстырып беріп отырмыз. С.Н.Иванов оны «таң атқаннан бастап»
деп аударыпты: «Когда в человеке все свойства худы, с
рассвета
во всем у него нелады» [1670-бәйіт]. А.Егеубаев аудармасында
Достарыңызбен бөлісу: