Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет125/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

күні туса деген тіркес ескерілмей қалған: «Пейілі – тар, жаман 
адам жұғысса, қырсық шалып кері кетер жұмыс та!» [1670-бәйіт]. 
«Барлық істің кері кетуі» бұл жерде қырсық шалуға байланысты 
емес, адамның мінез-құлқының жаман болуына байланысты 
«Басыңа бақ қонып (яғни «күнің туып») тұрса да, мінез-құлқың 
жаман болса, барлық ісің кері кетеді» деген пікір айтылып тұр. 
1727. Айтқан жақсы Йагма бегі – текті ерден. С.Н.Иванов 
Йағма тайпасын Қарахан әулеттерінің мемлекетіне басшылық 
еткен қарлұқтар тайпасының батыс жағындағы бір бөлігі деп 
түсіндіреді. Тараз қаласына жақын жерде Йагма деген ауыл 
болған көрінеді (М.Қашқари).
1735. Сый-мәртебе патша беріп баққан-ды...Патшаның 
Өгдүлмішке Бұл жерде берген нәрселері бесеу: құрметті атақ 
(дәреже, яғни – айағ), тамға, ат, үстем, шапан. Бұлардың 
ішіндегі «үстем» сөзін Қ.Каримов «зийнат» (әшекей бұйымдары: 
сақина-жүзік, сырға, т.б.) деп түсіндірген. «ДТС-дың» аудармасы 
бойынша, үстем – алтыннан немесе күмістен жұқалап құйып 
жасалған кесінді (пластинка). Ол белдікке не ерге жапсырылған 
әшекей зат ретінде қолданылады (1022-түсініктемені қараңыз). 
Бұл зат орысша аудармасында аталмай қалған, онда төрт нәрсе 
көрсетілген [1766-бәйіт]. С.Н.Иванов осыған байланысты «бұл 
жерде жоғарғы мемлекеттік мәртебені көрсетіп тұратын нәрселер 
(атрибуттар) аталып өтеді» деп анықтама берген, бірақ бұл автор 
айағ деген ескі түркі сөзін «чаша» (ыдыс) деп қате аударған
оны құрметті атақ (дәреже) деп тәржімалаған орынды болмақ. 
Сонда ол С.Н.Ивановтың өзінің айтып отырған ойына сай келеді. 
Бұл сөздің аудармасы туралы тек бұл автор ғана емес, «ДТС-
дың» авторлары да қателескен. Олар айағ деген бір сөзді екі 
түрлі аударған: бірде «почетное звание» деп [26-бет], енді бірде 
«чаша» деп берген [628-бет]. Ыдыс («чаша,чашка») есебінде 
қолданылатын затты бұрынғы түркі тілдерінде айақ (айағ емес) 
деп атаған [27-бет]. Дастанды қазақ тіліне аударған А.Егеубаев, 


552
әрине, бұл жерде де С.Н.Ивановтың ізімен кеткен, бірақ бәйіттің 
аудармасы да, оған берілген түсінік те дәл емес. Онда былай 
аударылған: «Ыдыс, таңба, құрал-жабдық, киімін, Атын берді – 
құты өсті үйінің» [1766-бәйіт]. Мұндағы асты сызылған сөздер өз 
орнында тұрған жоқ, мысалы, ыдыс емес – «құрметті атақ»; таңба 
емес – тамға, құрал-жабдық емес – алтын пластинка; киім емес – 
шапан (киім – жалпы атау, шапан – киімнің нақтылы бір түрі). Осы 
бәйітке берілген түсінік 1765-бәйіт деп қате берілген, шынында 
бұл, С.Н.Ивановтағы сияқты, 1766-бәйіт Айтпақшы, орысша 
«платье» деген де дәл аударма емес. Жоғарыда аталған сөздікте ол 
«халат, одежда, предподносимая в качестве приданного или дара» 
деп көрсетілген. Осы бәйітке орай ол «халат» (шапан, халат) деп 
аударылған, бірақ «сбруя (үстем), чаша (айағ)» деген аудармалар 
онша жарасып тұрған жоқ [294-бет].
1748. Тыңда, мұндай Ыла бектен сөз қалған... Мұндағы Ыла 
– Түркістандағы бір өзеннің аты (М.Қашқари). Сол сияқты бір 
өлкенің де аты болып есептеледі («ДТС», 128). Түпнұсқада Ыла 
бектің айтқан сөзі деп осы еңбектегі бұрын тек бәйіт деп берілген 
1678-1679 бәйітгер [төрт таған ретінде] келтірілген. Біз бұл жерде 
оны қайталамай, С.Н.Ивановтың орысша аудармасынан Ыла 
бектің сөзі деп берілген төрт тағанды тәржімалап беріп отырмыз 
[ 1780-1781-бәйіттер]. Оның есесіне біз аударып беріп отырған 
Наманган нұсқасындағы 1749–1752 бәйіттер С.Н.Иванов пен 
А.Егеубаевтың аудармаларында жоқ. С.Н.Иванов келтіріп отырған 
төрт тағанды А.Егеубаев қос таған ретінде бес рет аударып, 10 
жол өлең етіп шығарыпты [ 1780-1781 -бәйіттер].
1752. ...Білімсіз жан бықсыған от сиықты. Бұл жердегі сиықты 
сөзі Шығыс Қазақстан аймағында «секілді, тәрізді сияқты» деген 
мағына береді (диалектизм) [«Қазақ тілінің диалектологиялық 
сөздігі», 1969, 305].
1781-1782. Бұл төрт таған рубаят ретінде келтірілген, бірақ 
оны айтқан шайыр туралы алдын ала мәлімет беретін бәйіт 
түпнұсқада түсіп қалған. Оны біз дастанның орысша аудармасы 
(1813-1814-бәйіттер) бойынша тәржімалап беріп отырмыз: Дәл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет