Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет28/42
Дата25.02.2016
өлшемі2.62 Mb.
#21342
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

«Дінше! Мені алам деп онша белсенбесең де болады-ау деймін. Сөзіңді тыңдаушы бола ма екен? Бірақ мен жұмыстан қашатын кісі емеспін. Орындарың қандай баянды болар? Ордадан көшіп кететін болсаңдар, театрға зор план құрудан мән жоқ. Қайтсе де алды-артын ойларсың. Мен бір төңкеріс сарынды пьесаны аударып, бастыруға Исаға (Тоқтабаевқа – Т.Ж.) жіберіп отырмын. Қоятын шартым: басылмай ойналмасын дедім. Айналасы бір баспа табақтай-ақ. Тез бастырып алуға болады. Жазба күйінде ойналса бағасы кетеді. Сен: жазбадай бер, – деп Исаны қысып жүрме. Ойнауы жеңіл, үгіті мәнлі, жақсы нәрсе.

Зәуде менімен хабарласу керек болса хат жазарсың. Осының ішіндегі міне бір жабық адресті (хатты – Т.Ж.) иесінің өз қолына тапсырарсың. Бұл қатыныңа да айтылмайтын сыр болсын. Міне бір хатты Әміреге тапсырарсың. Оған айтатын сөздерім саған да зиянды болмас. Әзірше, қайыр. Жүсіпбек», – деп жалғастырған.

Хаттың соңына Д.Әділевтің қолымен:



«Мұнда, театрдың Қазақстанға гастрольге шығатынын айтып отыр. 2. Татимова Шәкітайға жазған хаты. Ол көңілдесі еді. 3. Әміре – әнші. Бұл 26 жылдың январына келді. 13/ІІІ – 29 жылы. Д.Әділ», – деп хаттарға түсініктеме берген.

Бұдан кейін Оқу комиссары С.Сәдуақасовқа ашықхат жолдаған:



«13/ІІ – 26 ж. Смағұл! Мектебіміз қыңырлық қылып мені оқу біткенше жібергісі келмей жатыр. Қандай заңы барын білмеймін. Біз өз еркімізбен кірген әскер адамы саналмайтын болсақ керек еді. Жасырын жарлығымыз бар дейді. Көрсетпейді. Ал заңын онда білуге болар. Менің сабағымды осы Әскер мектебінің оқытушысы Абай Байтенұлы деген жігіт оқытуға ырза, ие жарайды. Әдебиетке менен осал көріп, түсем дегендерді школ алмай жатыр. Мұнысы тым қыңырлық. Байтенұлын менің орныма қой деп тағы ұсынуға болады. Менде тартыншақтық жоқ. Жүсіпбек».

Бұл хатты орысшаға Жанұзақов деген аударыпты. Келесі сәлем сырты қатты, сарғыш ашықхатқа жазылыпты:



«25/ІІ-26 жыл. Бауырым Дінше! Смағұлға жолықтым. Ол мектеп басшыларымен сөйлесті. Олар кіндік рұқсатынсыз босата алмаймыз депті. Ең үлкен бастығы: орынбасар берсеңдер босаталық, – депті. Сонымен Смағұл УВУЗ-ға (Мәскеудегі) жолықпақ болып кетті. Қайтсем де баратын шығармын. Тек ресми жағы бөгет болып тұр. Пушкиннің екі пьесасын аударып, Мадиярға жібергем. Сыннан тезірек өткізуге қам қыларсың. Бара қалсам, артистерге, өзіме жетекші болғандай театрға қатысты әдебиеттерді ала қайтуға Смағұлға тапсырып жібердім. Ойындарың тәуірлеп келеді дегенге қуанамын, қазақтың тұңғыш өнерпаздарына (артистерге) менен түгел сәлем айт (Осы хатты оқып бер). Жүсіпбек»,– деп жазылған.

Сыртында:



«1/ІІІ-26 жауап қайтардым – Дінше. 18/ІІ-26 ж. алынды», – делінген есекерту бар.

Араға күн салып Д.Әділевке тағы да жауап жазады. Мұнда Ж.Аймауытов өзінің шығармашылық бағыт-бағдарына кеңірек тоқталады:



«26/ІІ-26 – Орынбор. Дінше! 3/ІІ салған хатыңды 6/ІІ-да алдым. Смағұлдан осының алдында алдым.

Менің орныма кісі керек болса табуға болатын. Майор ұлының көнер-көнбесін білмеймін. ПИНО-ны (педагог оқуын) бітіретін Әлсенұлы Әділ деген жігіт оқытушылыққа тіленіп жүр, ол менің орнымды басуға жарайды. Оған әзір сөйлесіп, уәдесін алғам жоқ, алсам – ділгірам саламын.

Газетте жазған сөздеріңді көріп жатырмын. Смағұлды қолдағаның жарайды. Бірақ сен театр туралы «парламан сарынды» әңгімеңде мені алдырудан зор нәрсе күткендей бадырайтып қойыпсың. Сонша үлкейткендей мен де театр ғылымын оқып, жетіліп шыққан кісі емеспін-ғой. Бәрімізге де жаңа нәрсе, бәрімізге де үйрену керек. Жалғыз-ақ – үйрене аламыз ба, жоқ па? Кәп сонда. Бірақ өзге оқудан қиын емес шығар деп ойлаймын.

Театр менің тәуір көретін де нәрсем еді. Баянды нәрсе болса театр арқылы әдебиетке алаңсыз қарауды көксеймін. Әдебиетке бұған дейін тұрақтай алмай, жағдай болмай жүрген кісімін ғой. Театр жанды да, қызық та жұмыс. Тек әлеумет көзінде «шуть-скоморых ...» – деген жеңілқой жаман аты болмаса, анығында ол – өнер ғой. Қайтсе де ол жаман аттан жиренуге болмайды, онсыз да қай бір маңызды кісіміз?

Мен баратын болсам, құралақан бармайын деп, пьеса қамдап жатырмын. Пушкиннен «Скупой рыцарьды» өлеңмен аударып болдым. «Каменный гость» деген 4 перделі пьесасын аударып жатырмын, бір пердесін бітірдім. Өзімде де бұрыннан жатқан бір-екі пьеса бар еді. Мыналарды болған соң соларды түзетіп жазуға кіріспекпін.

Ордадан хабар келмей тұрғанда осындағы Рязанов дейтін тарихшы орыспен қосылып, киноға лайықтап сақналық (сценарий) жазуға кірісіп едім. Бөкейлік Жәңгірхан тұсында болған Исатайдың көтерілісін жазбақ едік. Оны қалай жазу туралы мұнан да, Мәскеуден де үлгі кітап жинап, теориясымен, жазу әдісімен танысып едім. Сол кинолық жұмысымыздың бір-екі-ақ бөлімі нұсқаланды. Өзгерісі әлі біткен жоқ (7 бөлімді етіп жазбақ едік). Жазуымыз орысша, бітірсек, Қызыл-Ордаға (компросқа), Мәскеудің Госкиносына лентадағы сөздерді қазақша да, орысша да жазбақшымыз. Бұ да бізде соны жатқан жұмыс, қызық жұмыс. Бір жағынан Наркомпростан алған Покровскийді переводттап, екінші осындай көлденең жұмыстарға алданып (жүрмін), оның үстіне бала оқыту ауыр тиіңкірейтін көрінеді. Әйтсе де, жан кеудеде тұрғанда, арпалысып істемеске болмайды. Қай жерімізге қарасақ та, бәрі үңірейіп тұр, жан тыныштық іздеуге жол жоқ. Заманның әлеуметтік бұйрығын орындаймыз.

Сен осы хатты алған соң Смағұлға жолық. Мұндағы Рязанов деген орыс қазақ тарихынан көп материалдарды тауып, көп нәрсе жазған. Казақтарда төңкерістер болған көрінеді. Сол еңбегін научное Об-во арқылы бастыруға Наркомпросқа берген. Білімпаздар қарап, болуға лайық тауып, еңбек ақысын беруге Стародубцов резолюция салған. Кредит ашылмай, ақшасын ала-алмай жүрген көрінеді. Смағұл соған түсінбей қалып, әлде біреудің айтуымен пайдасыз деп танып, ақша бергізбей қойып жүрмесін. Тегінде қазақтың тарихын керек қылсақ, тарихынан әдебиет туғызбақ болсақ, оның еңбегінен көп пайдалы нәрселер табуға болатын.

Тоқтабаев Иса атына «Октябрь» деген пьесаны аударып жіберіп едім. Сол тиді ме? Тағдыры не болды? Жұмысың да көп шығар, әйтсе де тезірек хат жаз. Баруға бел байладым. Школ қай күні босатса, жолдық ақша сұрап ділгірам ұрамын. Бөгетпесіңдер қайыр. Ж.».

Д.Фурмановтың «Бүліншілік» атты романының негізінде жазылған М.Әуезовтің де «Октябрь үшін» деген аударма пьесасы бар. Ж.Аймауытовтың осы аудармасын жұмыс барысында М.Әуезовтің пайдалануы әбден мүмкін.

Д.Әділев (жалғасы): «Қожанов пен Сәдуақасовтың арасындағы айтыс шартты түрде ғана болатын. Орынборда және басқа жерде кездескенде бір-бірін ресторанға шақыратын. 1925 жылы Бөкейханов келіп Ермековтің үйінде жатты. Байтұрсынов қонаққа шақырды. Бөкейханов Қожановтың машинасын мініп жүргені есімде. Қожанов Қызылордаға жиі келетін. Голощекин оған жұмысқа бөгет жасайды деп ренжитін.

Театр директоры ретінде күш-қуатымды аямай жұмыс істедім. Бірақ мен отставкаға сұрандым да Ташкентке кеттім. Орыныма Әли Байсейітов тағайындалды. Содан Қаратауға барып қырда біраз дем алдым да, Қызылордаға келген соң Аймауытов екеуміз Мәскеуді көріп келуге кеттік. Мәскеуде Свердлов алаңындағы екі қабатты Кеңес үйінде тұратын Қожановтың пәтеріне түстім. Мәскеуде он күн тұрдым. Қожановтың әйелімен, ұлымен, Түркістандық бір қазақпен үлкен театрға бардым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды. «Руслан мен Людмила» операсын көрдім. Келесі күні Қожанов мені шығарып салды. Москваға келе жатқанда поезда Смағұл Сәдуақасовпен кездескемін. Әңгіме барысында ол өлкелік комитеттің мәжілісінде Голощекинмен және басқа да бюро мүшелерімен қатты ұрсысып қалдым деген болатын. Мен мұны Қожанов айтқанмын. Ол Аспандияровқа және Қазақстанның Москвадағы өкілі Досовқа хабарласты. Олар қонақ үйде біраз әңгімелесті. Аспандияров тапаншаның біренше оғын Қожановқа берді. Арыс бекетінен Шымкенке түйемен келіп, одан Әулиеатаға соғып, ауылға бардым.

1926 жылдың қысында аяғы ауыр әйелімді алып Қызылордаға келдім. Ол кезде Сәдуақасов құлдырағанның үстіне құлдырап келе жатқан. Сәлем беруге барғанымда үйінде Мыңбаев пен Жандосов отыр екен. Мыңбаев: Қазақ коммунистері қорқақ, әттең партияда жоқпын, – деді. Мен алғаш Қызылордаға келгенде Мыңбаевпен бір үйде тұрдым. Екеуміз проферанс ойнайтынбыз. Сонда ол маған: Егер маған салса Бөкейхановты қазақ үкіметінің төрағасы етіп қояр едім. Сонда ол бүкіл мұсылман еліне Қазақстан мен Өзбекстанды қосып алып билер еді, – деген болатын. Мұстанбаев пен Жұмат Шанин Сұмағұлдың үйіне келіп жүрді. Барлық қызметтен алынғандықтан да Мұстанбаевтың көңіл-күйі нашар болатын. Үйіне кіріп барғаным да Сәдуақасов бірден: «Сайтан алғыр, сен туралы Нұрмақов жаман пікірде. Коммунистен қатынға айналып кетті деп жүр», – деді. Ол бұл сөзді Мәскеуден естіп келіпті. Сондықтан да елге тездетіп кетіп қалдым.

Мен қырда жүргенде ағам Бәйсейіт жалпы жағдайды білу үшін Шымкент пен Қызылордаға кетті. Біздің жағдайымыз шындығында да қиын және ешкім араша түсе алмайтындай еді. Кінәмізді ашық мойындау сатқындық сияқты көрінді. Ағайым Сейфуллинмен сөйлесіпті. Қырдан Шымкентке келгенімізде Бәйсейіттің тұтқындалғанын естідік. Оразбек Наубаев пен Болысбекті жіберіп едік. Бәсейітті Қызылордаға алып кетті деген хабар әкелді».

Тағы бір хат түрмедегі Байсейітке арналған. Бұл хатта жасанған жаудың суыт жүрісі, өжет қимылы, қарулы айбары бар. Өзін де, өзгелерді де сергелдеңге түсірген оқиғаның қарбаласты қарсаңының екпіні аңғарылады.



«26/ҮІІ-27 жыл. Бәке! «Аманшылық. Рамазан мерген мен Нұрланды жіберіп отырмыз. Жетегінде сізге арнаған бос ат бар. Қаражатқа 175 сом бердік. Бір винтовка, бір бердеңке, 200 шама оқ бар. Мерген, 2 мылтық, 200 оқ, өз жігеріңіз, құдай қаласа бір әзірше жарап қалар. Не түрлі ақыл болса да о жерде өздеріңіз лайығына қарап істерсіздер. Жолыққанша. Қош боларсыз. Дінше.».
Тергеу ісінде түрмедегі жайларды қамтитын және Байсейітті алып қашып шығушының хаттары қатталған. Бұл түрмедегі бопсалардың түбіне жету өте қиын. Сондықтан да басқа хаттарды пайдаланбадық. Осы оқиға туралы «Советская степь» газетінің 1927 жылғы 4 январь күнгі санында «Көз-көрген» деген мақала жарияланыпты. Сонда бұл оқиғаның егжей-тегжейі толық баяндалған.

Істе Діншенің ағасы Байсейіт Әділевтің де хаты сақталған. Қолжазбасы төрт бүктеліп тіглген, қарындашпен жазылған, жазу өше бастаған. Оны тану өте қиынға соққандықтан да тек қана Қара-Ноғайға қатысты тұстарын көшіріп алдық. Хат «8/І-24»-жылы деп белгіленген. Жалпы сәлем мен ауыл-аймақтың жаңалығынан соң былай жалғасады:

“…Айтарлық сөз – ескіше бірінші июнь күні Шу бойында Өксікбай ауылында ойдағы, қырдағы кіші жүз бас қосып, қоныс жайын сөйлемек. Сол кеңеске біз де шақырылыппыз. Алдағы екінші күні жүремін. Ол жиылыста менің айтатыным: Жер таппағаның Арқаға шығып кетсін, Хұқмет Әулие-Атада болсын. Ақмоладан бір жолата қолыңды үз – демекпін. Ақмоланың өзі де бұл тамадан күдерін үзгендей болса керек. Бірақ кесірлі Әтидің баласы Плакстың ізденуімен, шақыруымен Шабдан Ералиев келіпті, Ахметжан Мықанов келіпті. Үшеуі елден мал жиып алып, (соның құнына бағалап – Т.Ж.) кездеме сатып жатыр. Шабдан Ералиев өзіне тиген сыбағасына інісіне бір қыз алып беріпті. Мал алған кісілерге берген тиянақты документ жоқ. Артықша қаһар қылған Жүсіп болды. Жалғыз Жүсіптен 13 мал алды. Бәрі де ірі малдар. Бұл қылғандарының толық мағлұмат екенін Ташкенге бір жеткізермін. Тілегім – “Ақ жолға” бастыру.

Ендігі сөз – тірі болсам февраль жұлдызында Әулие-Атаға барып, сендерге хабарласып, Ташкентке барамын. Басқа ел бері Арқаға кетсе де өзім жонға барамын.

Айтпақшы, Плакс Орынборға барамын деп кетіп, Түркістаннан қайтып келді. Бір Омар Диуанов деген ноғайды ертіп келіпті. Ол ноғай ел-елдің налогін алды, кеткеннен қалғанының есебін алды. Ақмоланың хүкімінде қалғандарды да, қашып кеткендерді де есепке алды, қашқындарды ұстайд. Ол ноғай әзір Шу жағасындағы наймандарда жүрсе керек. Тамаға әзір келген жоқ. “Жауды аяған жаралы қалады”, – деген. Не қылса да Плакстың ызасы өтті. Адамды құса қып.

Ендігі сөзді өзімнің ауызымнан естисің. Мен мынау Ескендірді разы қылып жібердім. Аман бол, бауырым. Наурыздың бас кезінде барамын. Асқарға көп-көп сәлем, шәкіртке…

Байсейіт Әділ ұлы.8/І-24 ж.”
Бұл хат – Дінше Әділевке арналған. Ал мұндағы айтылатын адамдардың жанама аттарының түсініктемесі былай беріліп, соңына «Д.Әділев» деп қол қойылған.

«Мұндағы Плакс Сәдуақас Жалмақанов. Иралиев Ақмола милициясының бастығы. Мықанов Ақмола уезінің Сарысу ВК-нан. Шақаев Жүсіп Сарысу ауданының бір байы. Ерденбаев Ескендір Ақмола округінен, ол кезде САКУ-дің –Орта Азия коммунистік университетінің студенті, хатты сол әкелген. Д.Әділев. 25/І-29 жылы”, – деп жазылған.

Д. Әділев (жалғасы): «Мен, Ағабек Байдуллаев, Ордабай Жарылғапов және Бейсенбай төртеуміз атпен Қызылордаға келдік. Мен қалаға кіргенім жоқ. Хат беріп жібердім. Кешке Дулатовтың үйіне бардым. Олар маған: қазірше сыртта жасырына жүр, – деп кеңес берді. Байсейітті босатып алудың мүмкіндігін қарастырдық. Махмұт деген бажамның үйінде екі-үш күн жаттым. Сол кезде «Еңбекші қазақ» газетінің қызметкері Мұстафаның өлтірілгенін естідім».

Дінше Әділевтің де үш-төрт хаты іске тігіліпті. Бір-бір жапырақ қағаз. Әбден тозған. Соның бірнешеуін ұсынамыз. Әуелгісі Міржақып Дулатовқа арналған:

«8/ІХ 27 жыл.

Жақа! Мырзағазы, Сейдазым ағай және басқа ағайлар! Жолдастар!

Аманшылық. Ептеп күнімді көріп жүрмін. Қалай, қаладағы жолдастарды сағындым. Ең әрісі бір айдан қалмай Қызылордаға жүремін. Иә, поезбен, иә, атпен барамын. Поезбен жүруді қауіпті көремін. Атпен жүрем. Байсейіттің жұмысын мүмкін болған қадарда бір жола аяқсыз қалдыру жағын қарастырарсыздар – деп өтінемін. Көрген-білгендеріңізді Мұқатай деген жігітке айтып жіберерсіздер.

Жолыққанша қош болыңыздар! Дінше».

Бұл хат заттай айғақ ретінде тіркеліп, М.Дулатовқа, Ж.Аймауытовқа, М.Есполовқа, С.Қадырбаевқа «терроршыл контрреволюционер» деген айып тағуға негіз қалады.

Сондай-ақ театр директоры ретінде одан «туысқандық көмек сұрап» жазылған қырғыздың ұлт көсемі, «Алашорданың» үкімет мүшесі Қ.Тыныстановтың ресми хаты да тіркеліпті. Онда:

«10/ІҮ-26 жыл. Пішпек.



Қазақ ұлт театры басшысы жолдаш Әділұлына жолдастық хат.

Біздің қырғыз облысында ұлт театры деген мәселе жаңа қозғалып тұрың. Ошу жаз айында курмакшымыз. Сіздерден бұл мәселенің орындалып жатқанына бірнеше жыл болды. Ошундуктан бул іште сіздерден ағайыншылық жардамын күтеміз. Әлбетте біздің ағайыншылық, жолдаштык сурообузға дездеп жүріп жәрдам берешіз деп сенеміз.

1.Труппаңыздың жобасы (положение).

2.Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы.

3.Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)

Мына, жоғарғы сұруооубозға, ағайыншылық, жолдаштық ретінде тезірек жауап қайтаруыңызды күтебуз.

Ағайыншылық, жолдоштық өтінішпен – Ағарту-саяси бөлімнің басқарушысы Үркіншіұлы.

Білім комиссиясының төрағасы – Тыныстанұлы».

Бұл ресмияттың Д.Әділевтің үйінен табылуына қарағанда жауап жазылмаған сияқты.

Д. Әділев (жалғасы): «1927 жылы өзімінің жақын туыстарым Мұқатай Бейсенбаев пен Нұржан Кәрібаевті ертіп Қызылордаға келдім. Қаладан шеткері орналасқан станцияның түбіндегі Алпысбайдың үйіне орналастым. Сол үйге Дулатов келді. Әңгіме барысында: ССРО мен Англияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгенін, соғыс бола қалған жағдайда Кеңес өкіметінің құлайтынын сонда естідім. Байсейітті түрмеден алып шыға алмадық. Коллегия мүшесі Қадырбаевтің кепілдігімен ғана босатты. Кейіннен оның ісін Ақмола уезінде – Петропавл қаласында қарайтыны белгілі болды. Содан кейін Бәйсейіт елге шығып кетті. Бұл 1927 жылдың күзі болатын. Біздің ауыл Сарысудағы жайлаудан Шу бойына көшкен еді. Түркістаннан ауылға бір өзбек келді. Ол: «Қожанов Мәскеуден келді. Әділевтер көзге түссе міндетті түрде ұсталады. Неғұрлым шет жүргені дұрыс», – деп айтыпты.

Сонымен 1928 жылдың көктемі де келді. Ауыл солтүстікке қарай жайлауға көшті. Қожанов Ташкентке келді дегенді естіп: мүмкін мені Өзбекстанда қызметке алар немесе шетелге баруға жолдама берер – деген үмітпен туысым Нұрлан Қарабаевты ертіп жолға шықтым. Ағабек Байдуллаевтің ауылына келсек Ордабай Жақыпов деген милициядан оның тұтқынға алынғанын естідік. Біз Шымкентке суыт жүріп кеттік.

Жүсіпбек Аймауытов Шымкенттегі Казпедтехникумда сабақ беретін. Ақшамда оның пәтерін тауып алып, терезесінен дауыстап шақырдым. Ол жазуын қоя сап сыртқа шықты. Ол мені дауысымнан таныпты. Ташкентке Қожановқа жолығуға бара жатқанымды айытым. Ол: «Сенің ашық жүруің өте қауіпті. Байдуллаевті босатып аламын десең – өзің біл. Бірақ Ташкентке барма. Қожанов пен Дулатовқа айтатын сәлеміңді менен айт, – деді. Біз сонымен тарқастық. Ағабек пен Отарбайды ертіп Сұлтанбекке бардық. Ол: «Таңертең Ағабек амбулаторияға барады. Сонда атты дайындап қойыңдар да өздерің оны қаланың сыртынан күтіңдер», – деді. Біз үш атпен Ағабекті күтіп тұрдық. Ол келісімен Темірланға қарай бет алдық. Онда Ағабектің туысының үйіне түстік. Мініске ат берді. Сөйтіп ауылға жеттік».

Бұдан кейін Д.Әділов өзінің ауылында үлкен ас болғанын, сол асқа келген Қалмұратов Тәжібай деген кісі Қожановтың: «Қалайда Әділевтер көзге түспесін», – деп сәлем айтқанын, бұл ойланып-толғанып жүрген кезінде тәргілеу науқаны басталып кеткенін жазады.

Д. Әділев (жалғасы): «Сөйтіп жүргенде... тәргілеу басталып кетті. Ақмола жақтан дүрліктірген үрейлі хабарлар келіп жатты. Тұрғындарда ес қалмады. Байлардың малы сыпыра алынады екен десті. Нақты істің барысынан ешкімнің хабары болмады. Қарбалас науқан бастала қалса, қосақ арасына бізді де ілестіре кететін шығар деп күдіктендік. Біз Қызылордаға Кәрібев Нұрланды жібердік. Он бес күннен кейін Дулатовтан хабар алып келді. Аймауытов оған барлық жайды баяндапты. Дулатов: «Шымкенттен Сарысу ауданына жасақ шығып, бүгін-ертең Әділевтерді тұтқындауға аттанады. Неғұрлым көзден таса жүрсін. Бүкіл қыр елінде дүрбелең жүріп жатыр. Қазір соғыс жағдайына жақынбыз. Егер де қауіп төне қалса мен де қыр еліне қарай ығысамын. Мүмкіндігі болса Қытайға қарай аусын, ол жақта да қазақтар көп. Үй-ішін таныстарына тастап кетсін. Сондай-ақ Қарқаралы жақта сексен адамнан құралған жасырын ұйым бар. Сәдуақасов та өздеріңді сақ ұста деп ескертіпті. Бізге де тықыр таянып қалды», – деп сәлем жолдапты.

Алдымызда – қыс, үй-ішін далаға тастап кетуге болмайды. Қазақтардың аяғы жетпейтін жерге қыстайық деп шештік. Әулиеатадан арнайы жасақ шығыпты, ішінде Әубәкіровтің адамдары бар екен. Олармен ауылнай Нұғман Тоқсанбаев жолығыпты. Шымкенттен үкімет өкілі боп Сүлеймен Шүленбаев келіпті. Ол: «Ешқандай мәміле болмайды. Оларды ұстап, ату керек», – деп кесіп айтыпты. Тоқсанбаев менің ағаммен кездесіп, осындай суық хабарды жеткізді. Көптің ортасында тұрып дағдарып қалдық. Бізді тұтқындауға ордер жіберетін шығар деп күтіп едік. Олай болмай шықты. Бізді заңнан тыс деп жариялап, тек атуға бұйырыпты...».

Осы хабарды естісімен Д.Әділев қыспаққа ұшырайды. Қуғын кезінде тәркіге түседі. Түйелері, аттары тартып алынады. Сарысудан шығып, Шудағы қайын-жұртына келеді. Одан қайтадан Сарысуға бет бұрады. Сол кезде қуғыншылар үстінен түсіп, атысып әзер құтылады. Аттан ат айырбастап отырып, бір көшке жолығады. Бала-шағаларын сол көшке тастап кетеді. Содан тұтқындағы Ағабек Байдулаевтың үйіне түнеп шығады. Таңға жуық Ахмет Шалқарбаев деген кісі келіп, бұларды Кеңес үкіметіне берілуге шақырады.

Бұдан кейінгі оқиға белгілі. Қолға түсіп, түрмеге қамалады. Алғашқы тергеудің өзінен-ақ «Алашорданың» әйгілі қайраткері болып көрсетінді бере бастайды.

Біз тергеу барысында тағылған айып пен анықталған-мыс делінген айыптау желісін Қазақ ССР жоғары сотының 1988 жылғы анықтамасы бойынша таныстырып барып, әр адамның тергеу ісіне жеке-жеке тоқталамыз. Сонымен, Д.Әділевтің жоғарыдағы көрсетіндісіне жүгінсек, Нағима Арықованың үйелменімен бірге Семейге (неге екені белгісіз) келіп Жүсіпбек Аймауытовпен танысады. Сол кезде:



«...Ол (Д. Әдiлев – Т.Ж.) 1921 жылы Орынбор қаласынан өзiнiң КирЦИК-ке мүше болып сайланғаны туралы телеграмма алады да, сонда жүрiп кетедi. Iшкi iстер халық комиссариатында iстейдi, онда КирЦИК-тiң жатақханасында танысы Болғанбаевпен бiр бөлмеде тұрды. Сол арқылы бұрынғы алашордашылар Бөкейхановпен, Байтұрсыновпен, Омаровпен, Сәрсеновпен жиi қарым-қатынас жасайды. 1921 жылы аталған адамдар Омаровтың бөлмесiне жиналады, онда Байтұрсынов шифрмен (бүркемеленiп) жазылған Валидовтың хатын оқып бередi. Соңғы адам (Валидов –Т.Ж.) Бұқара қаласында мұны қолдайтын үлкен күштiң тұрғандығын хабарлап, өзiмен келiсiм жүргiзу үшiн арнайы адам жiберуiн өтiнген. Бұл хатты талқылаудың барысында өздерiнiң жасырын ұйымын құру туралы шешiм қабылдайды және Валидовпен келiсiм жүргiзу үшiн – мұны, Әдiлевтi, ал шетелмен байланыс жасау үшiн – Болғанбаевтi жiберу керек деп келiседi. Соңғы адам (Болғанбаев Т.Ж.) «Алашорданың» Торғай бөлiмшесiнiң мөрi басылған арнайы мандатымен (ол кезде «Алашорда» партиясы таратылып кеткен. Барлық iс қағаздары, мөрi өкiметке тапсырылған – Т.Ж.) шетел державалармен келiсiм жүргiзуге кепiлдiк алады, ал Әдiлев болса Орта Азиядағы ұйымдармен байланыс жасайтын өкiл боп бекiтiледi.

Содан кейiн оны (Әдiлевті) Оқу-ағарту халық комиссариатына жұмысқа ауыстырып, оқулықтар әкеледi деген сылтаумен Ташкент қаласына командировкаға жiбередi. Ол онда Болғанбаевтан бұрын барады, Дулатовты, Досмұхамедовты iздеп тауып, өзiнiң келудегi мақсатын оларға айтады. Дулатов оған: өзiнiң қызметкерi Бiрiмжановты Бұқарадағы Валидовқа жiберiп қойғанын бiлдiредi. Соңғы адам (Бiрiмжанов – Т.Ж.) Бұқарадан қайтып оралған соң, олар Болғанбаев пен Битiлеуов (және Әдiлев – Т.Ж.) үшеуi тағы да Валидовқа барады. Валидов оларға Совет өкiметiне қарсы бiрiгiп күресу үшiн бiзге қосылыңдар деп ұсыныс жасайды. Болғанбаев пен Битiлеуов ол арадан керi қайтып кетедi де, бұл (Әдiлов – Т.Ж.) қалып қояды. Содан кейiн Валидовтың тапсырысы бойынша ол Ферғана маңындағы Жанұзақовтың басмашыларына аттанады. Алайда сол күнi қызылдар отрядқа шабуыл жасайды, отряд тарап кеткендiктен, Әдiлев тағы да Ташкентке қайтып келедi. Өзiнiң Валидовпен арадағы жүргiзген келiссөздiң қорытындысын ол Байтұрсыновқа да, басқа да адамдарға айтпаған.

1927 жылы СССР-дiң Англиямен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзуiне байланысты олардың бәрi де соғыс басталады деп күтеді. Сондықтан да осымен (Әдiлевпен) кездескен кезде, Дулатов оған: «Ендi бұрынғы алашордашыларды қуғындап, қысым жасауы мүмкiн», деген пiкiр айтады. Осыған байланысты ол: Байтұрсынов, өзi, Есполов және басқалары соғыс бола қалған жағдайда, қарулы көтерiлiс ұйымдастыру үшiн, қырға кетуге келiскенiн айтады.

Ол, Әдiлев Голощекиндi өлтiрудi көптен берi ойластырып жүрген екен-міс. Бұл турасында ол Дулатовпен, сондай-ақ Аймауытовпен пiкiр алысқан. Содан кейiн бұл тақырыпқа қайтып оралмаған» (1988 жылғы ақтау туралы сот шешімінен көшірме).
Осылай үш күннің ішінде барлық «айғақтарды жиып алған» тергеушілер осында аты аталғандардың ішінде Ә.Бөкейханов пен З.Валидовтен, Т.Рысқұлов пен С.Қожановтан, С.Сәдуақасовтан басқалардың барлығын тұтқынға алды. 1921-1922 жылғы Орынбордағы немесе Ташкенттегі ұйымға қатысты 40 адамнан, Бетпақдаладағы және Торғайдағы астыртын қарулы көтерілісті „дайындаған” 32 адамнан 2 жыл бойы ілгерінді-кейінді екі жүзден астам жауапқа тартты. Бұдан бұрын жүргізілген Ә.Бөкейхановтың, Е.Омаровтың, Х.Ғаббасовтың тергеулерін осы іске әкеп қосып, жоғарыдағы көрсетінділерге сүйене отырып олардың бәріне ортақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет