Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


« 2-ші Бүкілқазақтық құрылтай кеңесі делегаттарының 1921 жылғы 4 қазан күнгі коммунист-қазақтардың мәжілісінің хаттамасы



бет8/42
Дата25.02.2016
өлшемі2.62 Mb.
#21342
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

« 2-ші Бүкілқазақтық құрылтай кеңесі делегаттарының 1921 жылғы 4 қазан күнгі коммунист-қазақтардың мәжілісінің хаттамасы.

Қатысқандар: РК обкомының мүшелері ж. Меңдешев, Мырзағалиев және Асылбеков, Түркістан республикасының төрағасы т. Ходжаев, Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе және Бөкей губернияларының делегаттары, жиыны 51 адам қатысты.

Мәжіліс төрағасы – Әуезов.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Қазақ арасындағы жұмыстарды күшейту және кеңес аппаратын жөнге келтіру.

  2. Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.

Тыңдалды: Қаулы етті:

І. Жер-жерден хабарламалар. 1. Отарлаушылармен аяусыз күрес

1. Кіндік аппарттың губерния- жүргізілсін, оларды КССР-дің жерінен

лардан қол үзіп қалғандығы. аластатып, партиядан шығаруға дейінгі

шаралар қолданылсын.

2. Қыр адамдарын кеңес пен 2. Сондай-ақ, партиядағы жолдастарды

партия жұмысына тартудың ұлтшыл шовинистермен де аяусыз

жеткіліксіздігі. күресуге шақыру және кейбір

жолдастардың ұлтшылдыққа бет

алғанын сынау.

3. Қыр елінің мұқтаждығы 3. КЦИК пен КСНК құрамын сайлағанда

мен ерекшелігін ескеруге қазақ кедейлері мен еңбекшілерін кеңінен

дәрменсіз және оған құлықсыз тарту, орыстармен тығыз байланысты

отаршылдардың зорлығы, сақтап, қатаң бағыт ұстау және

сондай-ақ тамыр-таныстық құрылтайдың шешімдерін жүзеге асыру.

пен арандату арқылы тартысты

күшейтіп отырған қызметкерлерді

қызметтен алу.

4. Кейбір аса мүдделі және 4. Орталық мекемелердегі съездің

тәжірибелік мәні зор мәселелерді шешімдерін орындауда әрбір жауапты

жүзеге асыру үшін қатаң тәртіп қызметкерлердің сессия алдындағы -

орнату және ұлт мәселесі жөніндегі жауапкершілігін арттыруды талап ету

Х съездің қаулысын орындау. және жауапты қызметкерлерді

ауыстыра беретін өктемдікті жою.

Қаулының жалғасы:

5. Жергілікті халық өкілдері партия,

кеңес орындарына тартылсын.

6. Партия қатарын тазалау жөніндегі

губерниялық және уездік

комиссиялардың құрамында кемінде

жергілікті халықтан шыққан бір

коммунист кіретін болсын (Осы

қаулыны шығарған М.Әуезовтің өзі сол

тазартуға ілігіп, «тазарып» кетті – Т.Ж.)

ІІ. Сәдуақасов жолдастың мәлімдемесі.

Қаулы етілді:

Сәдуақасов жолдастың қысқаша мәлімдемесін тыңдағаннан кейін мәжіліс мынадай қаулы қабылдады. Оның бейберекеттікке жол беріп, отаршылдық саясатын жүргізген Семей губерниялық атқару комитеті мен губревкомын таратқаны жөніндегі шешімі өте дұрыс деп табылсын. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясындағы іс басына қыр елінің азаматтарын тартып, отаршылдарды жұмыстан босатқан ісі де дұрыс деп табылсын, сондықтан да обком мен бақылау комиссиясы құрылтай кезінде қабылданған Сәдуақасов жолдас туралы шешімді қайтадан қарап, Сәдуақасов жолдасты ақтау туралы мәселе көтерсін. Және обком мен бақылау комиссиясы Сәдуақасовтың ісі туралы Семей мен Ақмола губерниясының өкілдеріне жолығып, қосымша материал жинауды қамтамасыз етсін.

Жиналыс төрағасы – М.Әуезов.

Хатшысы – Ә.Байділдин».

Сөйтіп, мемлекет басындағы қазақ қайраткерлерiнiң солқылдақтығы мен намыссыздығының салдарынан Смағұлдың тағдыры талқыға түсті.

«Мен үкiметтi түсiнемiн: болашақ Дума – бiздiң 1907 жылғы шiлде-ақпан айларындағы оқиғаларымыз үшiн қиямет соты болмақ», – деп В. О. Ключевский айтқандай, дәл осы күнгi, осы кештегi қайраткерлiгi Мұхтар мен Смағұлды қашан көз жұмғанша талқының тезiне салып, өмiр бойы жауапқа тартқызып кеттi.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Бұл мәжiлiсте талқыланған екiншi мәселе – С. Сәдуақасовтың мәлiмдемесi болды. Ол отарлаушылардың өзiнiң соңынан шам алып түскенi және облыстық бақылау комиссиясының сергелдеңге салғаны туралы мәлiмдеп, мәжiлiске қатысушылардың осы жөнiнде пiкiрлерiн бiлдiрiп, тиiстi көмек көрсетуiн өтiндi. Мәжiлiс оны қолдау керек деп шешiм шығарды (Бұл жиналыстың протоколы менде сақталған едi, оны ГПУ тергеушiлерi алып қалды). Мiне, бүкiлқазақтық көлемдегi сәдуақасовшылдық осылай қалыптасты. Алайда осы бағыттың басты рухтандырушысы – С. Сәдуақасовты бұл шешiм де қанағаттандыр-мады. Қанша өрекпiгенiмен де съезден соң оның ұнжырғасы түсiп кеттi. Өйткенi ол, бұрынғыдай Қазақстан Орталық Атқару комитетiнiң төралқа мүшелiгiне өтпей қалды, оны жауапқа тарту әрекетi жалғаса бердi, өзiн қанағаттандыратын үлкенді-кiшiлi қызмет орыны ұсынылмады. Осының барлығы жанына батып, не iстерiн бiлмей теңселдi де жүрдi. Күнi бойы қабағын ашпайтын, ал кешке Әуезовтiң бөлмесiнен шықпай онда ұзақ отыратын».

Қазақ ұлты мен кеңес өкiметiнiң саясат сахнасындағы мүдделерiнiң бағыт-бағдары анықталып, қайтып ымыраға келмейтiндей қарама-қарсы жiкке бөлiнiп, iргелерiн ажыратқан ең соңғы және шешушi талқы едi бұл. Қазақ елiнiң маңдайына қандай бақыт пен сор бiттi, қандай келешек күтiп тұр, тағдырын кiмге тапсырды, үкiмет билiгi жанашырдың қолына тие ме, жоқ жалаңтөс жаhангердiң тырнағына iлiне ме, олар жақсылық әкеле ме, әлде жаманатқа бастай ма, мiне, осындай өзектi өртеген күйiндi мәселелер тiкелей

Алаш ардагерлерінің ақпарымен шешiлдi.

Айтты-айтпады, дәл осы 1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктем айларына дейiнгi аралықтағы ұлттың мүддесiн қорғайтын аса көкейкестi шаралардың бiрде-бiреуi Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың «қаратаяқтары» (зиялыларды қыр қазақтары солай атаған) бұрынды-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, iшiнара сая iздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденiң айналасына топтасты.

Тергеудегі екінші басты сұрақ: осы екінші қазақ конференциядағы ұлттық интеллигенцияны қызметке тарту, жинақтап айтқанда, Ә.Бөкейхановтың саяси платформасының С.Сәдуақасов арқылы кеңес өкіметінің құрылымына ықпалы туралы қойылды.

2.

Қазақ жері мен елі талқыға түскен тұста айқындала бастаған ұлттық зиялылардың арасындағы бұл жік осы 1921 жылғы ашаршылық тұсында басталған еді. Қазақстанның солтүстiк батыс аймағын жайлаған аштық қазақ елiнiң ұлт боп өмiр сүруiне қауiп төндiрдi. Кiсiнiң етiн кiсi жеп жатқандығы туралы үрейлi хабарлар Орынборға суыт жетiп жатса да, негiзгi құрамы қазақ емес ұлттардан құралған өлкелiк Революциялық комитеттiң мүшелерi өзiнiң жұмыс жоспарын:



1). ВПК(б)-ның ХII съезiне дайындық жасауға 2). Ресейдегi аштыққа ұшыраған аудандарға азық-түлiк жөнелту үшiн жергiлiктi ұлттың ең соңғы қолүздiгiн сыпырып-сиырып алуға (Лениннiң Арал балықшыларына Повольжьеге балық жiберу туралы жеделхатын еске алыңыз) 3). Бұған қарсы халықтың наразылығын ұйымдастырып, істі бүркемелеп отырған «қазақ ұлтшылдарына» қарсы күреске жұмылдырды.

Мiне, осындай қиын-қыстау кезеңде Өлкелік үкiмет басшыларының арасындағы пiкiр таласы саяси және ұлттық жiктелуге алып келдi. Большевиктер Қазақстандағы төніп келе жатқан аштыққа қарсы шара қолданбақ түгiл, назарын да салмады.

Коммунистер бұған үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып:

«Партия съезiнiң назарын басқа жаққа аударуға, таптық күрестi әлсiретуге жол бермеймiз» – деп өршелендi.

Мұны ұлтшылдардың даурығуы деп бағалап, саяси күрестi одан әрi қатаң жүргiзуге, партия қатарын тазалауға рұқсат сұрап, Мәскеуден жарлық күттi. Үкiмет билiгiнен айырылып қалудан қауiптенген С.Меңдешев бастаған большевиктер де Мәскеуге:



«Ашаршылық туралы қауесеттi таратып жүрген ұлтшылдар. Олар қарапайым шаруаның мұң-мұқтажын жоқтағансып, еңбекшiлердiң назарын өздерiне аудару үшiн қасақана байбалам салуда», – деп жеделхат жолдады.

Шындығында, тура сол кезде С. Меңдешевтiң өзiнiң туған ауылында түтiнi тiк шығатын бiрде-бiр үй қалмап едi.

Тақ пен бақты көздеп, ұлт мүддесiн сатқандар ғана екi жаққа бiрдей жалтақтап, жағымпаздықпен күн көрдi. Егерде солар өз iстерiн дұрыс атқарып, ұлт аймақтарындағы экономика мен ұлттық шеттету мәселесiн Орталықтың алдына дер кезiнде қойса, қанша қытымыр саясатты ұстанса да жаппай ашаршылыққа ұшырауға жол бермес едi. Ұлы орыстық рухтың бұл тұста өршiгенi сондай, пролетарлық бауырмалдықты да ұмытып, Аштарға көмек комиссиясы тек орыстарға ғана қызмет еттi. Өзi аштыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан ұлттың мал-мүлкiн тартып алып, Ресейдегi және Қазақстандағы орыстар қоныстанған селолар мен деревняларға үлестiрдi. Ал қазақ ұлтының қамын ойлайтын қайраткерлер «балапан басында, тұрымтай тұсында» кеттi.

Қазақ қайраткерлерiнiң бұл кеңесi «ұлы орыстық коммунистiк-колонизаторлыққа» қарсы бағытталған саяси ашық күресiмен тарихтан тиiстi орнын алатыны сөзсiз. Өкiнiшке орай, Кеңес өкiметi тұсында дербес саяси ағым ретiнде қалыптасып, саясат сахнасына шыққан бұл қоғамдық қозғалысты партия мен кеңес кезеңiн зерттейтiн тарихшылар әр адамның iс- әрекетiне қарсы бағытталған жекелеген көрiнiс ретiнде бағалап жүр. Шындығына жүгiнсек, тек ресми тiркеуден өтпегенi болмаса, бұл ұлттық даму бағдарын ұстанған саяси ағым едi. Оны «мемлекеттiк көсем» Сталин мен Голощекин бiлдi. Сондықтан да Троцкиймен бiрге бұлардың да көзiн жойып жiберуге тырысып, тергеу iсiн барынша тұқырта жүргiздi. Жоғарыдағы кеңестен кейiн де «коммунистiк колонизаторлық» пиғылға тосқауыл қойылмады. Қайта екпiнi күшейiп, таптық тартыс – ұлттық тартысқа ұласты.

Ол үшiн оларды аштықпен есеңгiреттi. 1921-1922 жылғы аштық бұл саладағы алғашқы «тәжiрибе» ретiнде сынақтан өттi. Мұқым қазақ халқын «табиғи түрде жоюға» мұршасы жетпедi. Өйткенi қазақтың дәстүрлi көшпелi экономикасы мен өмiр сүру тәсiлi оған мүмкiндiк бермедi. Ендi, «мойынсерiк», «қосшы ұйымы», «кедей қостары» арқылы, Ә.Бөкейханов «ақ шом экономикасы» деп атаған, тiрi қалудың, күн көрудiң, жұтамаудың ғасырлар бойы сыннан өткен тәсiлi мансұқталды.

1921 жылдың күзi мен 1922 жылдың көктемi қазақ мемлекетi мен ұлты үшiн осындай саяси, экономикалық, ұлттық мәселелердiң ширыға шиеленiскен тұсы болды. Бұл «Алашорда» қайраткерлерiнiң өкiмет басындағы ықпалы сақталған ең соңғы маусым едi. Олар жазға қарай жаппай қамауға алынғанына қарамастан өздерiнiң ұлт алдындағы парызын орындап кеттi. Ел iшiндегi жағдайды толық көрiп-бiлiп, шындыққа көзiн жеткiзу үшiн қызмет бабының ретiн пайдаланып:



«...Губерниялық партия конференциясын өткiзу үшiн Орал қаласына барды. Ол Жолдыбаевпен, Қаратiлеуовпен бiрге Орынбор қаласына кiрекештердiң көлiгiмен қайтты. Әуезов өзiнiң бұл жүрiсiн: жол-жөнекей аштардың жағдайын көзiммен көруiм қажет болды деп түсiндiрдi. Ол Орал губерниясындағы ашаршылық жайлаған қазақ тұрғындарының қасiреттi көрiнiсiне (иттiң өлексесiн, шөптiң тамырын жеген адамдарға, жолдың шетiнде үйiлiп жатқан аштан қырылғандардың өлiгiне, т.б.) қатты күйiнiп келдi, оның есесiне Оралдағы партия қызметкерлерiне риза болды. Бiздiң бағытымызды сенiмдi түрде ұстаған Жолдыбаев, Жантiлеуов, Қаратiлеуов сияқты жiгiттер туралы өте жақсы пiкiр бiлдiрдi. Сонымен қатар Кенжин, Мырзағалиев пен Асылбеков қатарлы бiздiң өз адамдарымыздың Орал губерниясыдағы беделi жоғары екендiгiн айтты. Соны айта тұрып, ат төбелiндей көк езу Әйтиевшiлдiң де бар екендiгiн, конференцияда оларға есе теңдiк бермегенiн мысқылдай баяндады».

Ашаршылықтың қазақ арасына ажал тырнағын салғанын, әр бұтаның түбiнде көмусiз қалғанын көрген Әуезов қызметке оралысымен дабыл қақты. Бiр аймақта ғана емес, Орал, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Ақмола губернияларын жайлаған аштық қазақтардың кеңес өкiметiнiң жазалауынсыз-ақ қырылып бiтетiнiне көз жеткіздi. Кеңестiк партия қызметкерлерiнің Мәскеуден жасырған қылмысын әшкерелеп, барлық қазақ қайраткерлерiн аштарға көмек комитетiн құруға шақырды. Мұндай хабарды алысымен Ташкентте С. Қожанов, Ғ. Бiрiмжанов, Семейде М. Дулатов пен Ж. Аймауытов бастаған зиялылар «Ақ жол», «Қазақ тiлi» газеттерi арқылы бүкiл қазаққа сауын жариялады. Содан кейiн барып Орынбордағылар қозғалды. Бұл жөнiнде тергеуде берген куәлiгiнде Ә. Байдiлдин:



«Бұл iстiң де бастамашысы Әуезов болғаны тегiн емес. Ол (1921 жылдың желтоқсанында ғой деймiн) қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң атынан қазақ қызметкерлерiнiң (партия мүшелерiн де, партияда жоқтарын да) үлкен мәжiлiсiн шақырды, оған үкiмет мүшелерiмен қоса жекелеген еуропалық жауапты қызметкерлер де қатысты, ашаршылық туралы мәселенi талқылауды күн тәртiбiне қойды. Мәселенi талқылау барысында бұл мәжiлiс: аштарға көмек көрсетудi дереу қолға алу керек, ол үшiн Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң жанынан аштарға көмек көрсету комиссиясы құрылсын – деген шешiм қабылдады. Бұл комиссияның құрамын бекiту кезiнде әдеттегiдей жiкшiлдiк ұсыныстар жасалды. Әр топ (меңдешевшiлер, сәдуақасовшылар, Асылбековтiң өкiлдiгiмен айқындалатын сейфуллиншiлер, алашордашылар) өз адамдарын кiргiзуге ұмтылды. Соның iшiнде өте тосын: «Комиссияның төрағалығына Ахмет Байтұрсынов сайлансын, ал партияда жоқ көрнектi адамдар да оның құрамына мүше боп кірсін» – деген ұсыныс (ұмытпасам Әуезов) жасалды. Ол бұл пiкiрiн: коммунистерге қарағанда олардың (алашордашылардың) қазақ тұрғындары арасындағы беделi зор, сондықтан да комиссияның жұмысы жемiстi болады – деп дәлелдемек болды. Бұл ұсыныс iшiнара ғана қабылданды. Меңдешев төраға, Байтұрсынов пен Әуезов төрағаның орынбасары болып сайланған бұл комиссияның мүшелiгiне сол кездегi жауапты қызметкерлердiң көпшiлiгi сайланды», – деп көрсетті.

Әрине, тергеудiң аты – тергеу. Сондықтан да (Ә.Байділдиннің) Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтi кекете еске түсiруі заңды. Алайда кiмнiң қандай қайрат көрсетiп, елiнiң тағдырына қаншалықты қамыға араша түскенi онсыз да бiлiнiп тұрғандықтан да, бiз бұған қосымша түсiнiк берiп жатпаймыз. Қазақ елiнiң басынан кешкен, қолдан жасалған 1932 жылғы ашаршылықтың зауалы сұмдық. Ешқашанда орыны толмайтын қасiрет. Алайда содан тура он жыл бұрын, яғни 1921-1922 жылғы ашаршылықтан Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң Мәскеуге жолдаған толық емес ақпараты бойынша 1,5 миллион (!) адам аштықтың тұзағына iлiнген. Ашаршылыққа қарсы кеңес өкiметi дер кезiнде шара қолданбай, Мәскеу мен Өлкелiк партия комитетi самарқаулық танытып, тек сырттай бақылаушы ғана болып отырған.



Сондықтан да ұлты үшiн күйiнген қайраткерлердiң, оның iшiнде Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтiң дабыл қағып, мәжбүр етуiмен өткен жоғарыдағы мәжiлiстiң протоколын (оны бiзге танымал тарихшы, абзал ғалым марқұм Ақыжан Игенбаев дегдар ұсынып еді) толық келтiрудi жөн көрдiк. Көсемсөзбен баяндап беру тiлге де, түсiнiкке де жеңiл. Бiрақ та бұл тарихи құжатта сондай қысылтаяң, қасiретi мол күндердiң күйiнiшi мен сүйiнiшiнiң табы, аяулы жандардың жан айқайы, отты лебi жатқандықтан да дерекке жүгіндік. Сонымен 1921 жылы 10 желтоқсан күнi өткен қазақ қызметкерлерi қатысқан кеңестiң күн тәртiбiне қойған мәселесi екеу:

«І. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру.

1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және оларды тиiмдi пайдалану, сондай-ақ Түркiстан Республикасына қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.

Қатынасқандар: Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Нахимжан, Кенжин, Байтұрсынов, Байдiлдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игiлiков, Қаржасов, Тұнғаншин, Бiржаров, Оразбаева, Саматов, т. б.

Жолдас Жангелдин төрағалық еттi.

Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы М. Әуезовтiң баяндамасы тыңдалды. Әуезов жолдас: аштарға көмек көрсету ұйымдарының аяғы әлi қыр елiне жеткен жоқ. Олардың таяу арада жетуi де неғайбыл екенiн айтты. Әуезов оның себебi мынада деп көрсеттi:

1. Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ.

2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бiр жетекшi адам болмаса, олар аштарға арналып мемлекет тарапынан бөлiнген сыбағаның өзiне де қол жеткiзе алмайды, өйткенi қазақтар бiр үзiм нан үшiн жат жерде қол жайып қаңғып жүргеннен көрi үйiнде өлгендi артық санайды, тiптi көмек сұрап ел кезе қалған күннiң өзiнде де қараңғы, аңқау қазақ оларды өз бетiмен iздеп таба алмайды, көмекке қолы жетпейдi.

3. Жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымы қолтығының астындағы, яғни жақын жердегi қалалар мен қала маңындағы селолардағы күйзелгендерге ерекше қамқорлық жасауға тырысады, сондықтанда қаладан шалғай орналасқан қазақ ауылдары үнемi кейiнге ысырылып қалады. Шындығына көшсек, – дедi Әуезов, – ашаршылық жайлаған қырдағы елдiң қырылғанының жанында, қаладағы аштықтың үрейлi көрiнiстерi ойын сияқты әсер етедi. Егерде бұл аудандарды аштықтан құтқару үшiн дәл қазiр шұғыл түрде шешушi шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақтар көптен берi тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, тағы сол сияқты ұсақ жәндiктермен өзегiн жалғауда, соның кесiрiнен әртүрлi жұқпалы аурулар мен iндеттер естiп-бiлмеген деңгейде таралып барады.

Мұның барлығы, аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр елiне жаны ашымайтындығын, оларға немкеттi қарайтындығын көрсетедi, сондай – ақ осындай қасiреттi өрттi өшiруге қазақ қызметкерлерiнiң де бейғамдығы байқалады. Өкiмет басында отырған қазақ қызметкерлерi, бұл iстi дәл осы күйiнде қалдырып қоюға болмайтыны өз алдына, бұл – сiздер үшiн қылмыс, бiз бұл үшiн қазақ елiнiң алдында, өзiмiздiң арымыздың алдында жауаптымыз, – дедi Әуезов жолдас.

Баяндамасының соңында Әуезов жолдас қырдағы аудандарға аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын ұсынды, жарыс сөз бен талқылаудан кейiн iшiнара өзгерiстер мен толықтырулар еңгiзiлген соң бұл ұсыныс қаулының негiзi етiп алынды.

1. Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.

Алманов жолдас мынаны атап айтты: Бiз ешқашанда қазақ қызметкерлерiн орынды пайдаланып көргемiз жоқ. Аштық болса тамағымыздан алып, қылқындырып жатқан кездiң өзiнде бiз ешқандай қолғанатсыз, жергiлiктi жердегi жетекшiсiз отырмыз. Оның үстiне, былтыр, одан арғы жылы осында iстеген партия қызметкерлерiнiң өзi бiзден кетiп қалды. Мұның басты себебi – орыс коммунистерiнiң жүргiзiп отырған отарлаушы бағытында. Бiз әу баста қазақ қызметкерлерiн орынымен пайдаланбадық, – дедi бұдан әрi Алманов жолдас, – бiз оларды жан-жаққа қуып, жыртығымыз бен тесiктерiмiздi бiтедiк, бұл онсызда саны аз қызметкерлердi есiнен тандырды, белгiлi бiр нақты жұмыспен айналысуға мүмкiндiгi болмады. Қазақ арасындағы аса зәру iстерге де жұмсайтын адамымыз жоқ. Бұл мәселенi дәл қазiр шешу керек, қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарта отырып, олардың мiндетiн анықтауымыз қажет. Сөйлеген адамдардың пiкiрi осыған тоғысып жатыр, – деп ойын қорытты Алманов жолдас.

Жарыс сөзден кейiн кеңес төмендегiдей қаулы қабылдады.

Қаулы:

1. Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:

Осы уақытқа дейiн аштыққа ұшыраған қырдағы аудандардың бiрде-бiр тұрғыны мемлекет тарапынан нақты көмек алған жоқ, олар өз беттерiмен тентiреп кеттi, сөйтiп өлiм тырнағына iлiндi. Олардың ешқандай көмек алмағаны былай тұрсын, тiптi ҚССР-дiң партия және кеңес ұйымдарының, орталықтың да, жергiлiктi жердiң де, тiптi қаперiне де iлiнбеген, яғни, турасын айтқанда, ұмыт қалған, тағдырдың тәлкегiне тастаған. Жоғарыда айтылған жайларды көрсете отырып, бишаралыққа ұшыраған қазақ елiне бұдан былай немкеттi және самарқау қарауға төзуге болмайтынын атап өтiп, жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi – барлық өлкелiк және жергiлiктi партия және кеңес, сондай-ақ кәсiподақ ұйымдарын белсендi түрде көмек көрсетуге шақырады. Пәрмендi көмек көрсету үшiн кеңес өзiнiң тарапынан мынадай нақты шараларды белгiледi:

а). Аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарға көмек көрсету үшiн Орталықтағы және жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымының басты мiндеттерiн анықтап, оларды топ-топқа бөлсiн.

б). Қыр елiне көмек көрсету үшiн барлық жерде салауат-сауын (компания) жүргiзiлсiн: бұл мәселенiң осы уақытқа дейiн ескертiлмегендiгiне мән берiлiп, барлық партия, кеңес және кәсiподақ ұйымдары, бұл мекемелерде iстемейтiн жекелеген қазақ қызметкерлерi салауат-сауынға белсендi түрде тартылсын, сондай-ақ баспасөз мекемелерi халықтың санасын оятып, съездер мен жиналыстарда оларға ықпал етуге тырыссын.

в). Аштарға көмек көрсету ұйымының жергiлiктi жердегi құрамына адал қазақ қызметкерлерi кiргiзiлсiн, оларды неғұрлым көбiрек тартуға ұмтылсын, қыр елiне тiкелей көмек көрсету үшiн оларды аштарға көмек ұйымының жауапты өкiлi ретiнде пайдалансын.

г). Республикалық және уездiк аштарға көмек ұйымының қызметкерлерi тек қана аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарда жұмыс iстеу үшiн төтенше өкiл боп барсын.

Оларды (Республикалық деңгейдегі өкілдерді – Т.Ж.) аштарға көмек көрсету ұйымының өлкелiк төтенше өкiлдiгi ұсынады, обком мен қазақ Орталық Атқару Комитетi бекiтедi, соңғысын мандатпен қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өкiлдердi аштарға көмек көрсету ұйымының төтенше өкiлi бекiтiп, мандат бередi, оны жергiлiктi партия және әкiмшiлiк мекемелерi растайды.

д). Аштарға көмек көрсететiн орталық комиссияға аштарға бөлiнетiн азық-түлiктiң жайы туралы мынадай ұсыныс жасалсын: аштарға көмек көрсететiн губерниялық ұйымға қолдағы бар азық-түлiк қорының белгiлi бiр мөлшерi нақты санмен көрсетiлсiн; уездерге бөлiнген кезде мiндеттi түрде аштарға азық тарататын бiр қазақ өкiлi қатысып тұрсын.

2. Орталық және жергiлiктi партия, кеңес мекемелерiн көмекке тартуды қатаң, кеңсе тәртiбiмен жүргiзудi, сонымен қатар осы мақсатпен арнайы адамдарды жол сапарға шығаруды облыстық комитет, ҚазЦИК және жекелеген халық комиссариаттары өз мiндетіне алсын.

1. Партия, кеңес мекемелерiнде жұмыс iстейтiн және жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмiн губерния өкiлдерiмен бiрлесе жасау мiндетi ҚазЦИК-ке тапсырылсын, аштарға көмек комиссиясы мен өлкелiк төтенше өкiлдiктiң қатысуымен олар аштық жайлаған губернияларға жөнелтiлсiн, сондай-ақ арнайы азық-түлiк жинау үшiн Түркiстан Республикасына жiберiлсiн.

2. Аштарға көмек комиссиясымен келiсе отырып осы қаулының негiзiнде шара қолдану құқына ие болатын ҚазЦИК-тiң бiр мүшесiн өлкелiк төтенше өкiл етiп тағайындау мiндетi ҚазЦИК- ке жүктелсiн.

3. Тұрған жерлерiнен босып, темiр жолдың бойында (Ақбұлақ, Ақтөбе, т.б.), сондай-ақ Түркiстан бағытындағы бекеттерде жиналып қалған аш қазақтарға ерекше көңiл бөлiп, назарда ұстау Аштарға көмек комиссиясына тапсырылады: босқындардың ұйлығып қалу себебi шұғыл анықталып, оларды уақытында отырғызып жiбермеген барлық мекемелердiң басшылары сотқа тартылсын.

4. Барлық тиiстi мәліметтердi жинақтап, ашаршылыққа ұшыраған қыр елiне көрсетiлетiн көмектiң мөлшерiн өсiру туралы қалайда Орталықтың келiсiмiн алу мiндетi Меңдешев пен Әуезовке жүктелсiн. Соның iшiнде бұл жолдастарға мына мәселенi шешу тапсырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет