Түстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V


Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы



бет5/18
Дата23.02.2016
өлшемі2.68 Mb.
#3275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

Өңір өнеркәсібінің жүйетүзегіш мекемелерінің сатып алған тауарларындағы қазақстандық мазмұн дәрежесінің жоғары болмауына:



  • республика экономикасындағы қосалқы салалардың даму деңгейінің жеткіліксіз болуы, шикізатты сатып алуға мәжбүрлік;

  • өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілетінің төмен болуы, осыған себеп алдымен мекемелердің технологиялық деңгейінің төмен болйына, олардың физикалық тозығына және жабдықтардың моральды түрде ескіруіне байланысты;

  • отандық мекемелердің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

  • айналым қаржыларының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзын несиелердің қолжетімсіздігі әсерін тигізеді.

Одан басқа, өнеркәсіп мекемелерінің маркетинг қызметтерінің әлсіз деңгейі тұтынушылар жағынан сұранысты төмендетеді.

Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатымен келесі іс-шаралар өткізілуде:

Отандық тауарөндірушілердің республикалық Форумы, семинарлар, жұмыс бабында кездесулер. 2011-2015 жылдарға арналған қазақстандық мазмұнды дамытудың облыстық бағдарламасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде, онда бірінші жетекшілердің қазақстандық мазмұн индикаторларына жетудегі жауапкершілігі қарастырылады. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмысқа тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы 2 жылдық кезеңнің (2011-2012жж.) және 2013 жылдың қорытындысы бойынша, жергілікті қамтуды дамытудың көрсеткіштері бойынша Республикада көш басында келеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сатып алынған көлемі 196,3 млрд. теңгені құрады, жергілікті қамтудың үлесі - 80,4 %.


Облыс мекемелерінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру

Қазіргі уақытта, өнімді үлестіру нарығын жаулап алу жоғары сапалы өнім шығармай, озық технологияларды қолданбай, ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджментін енгізбей мүмкін емес.

Облыста «ИСО 9001, 14001, 22000, OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандартатрына сәйкес менеджмент жүйесін енгізу бойынша жоспар» бекітілген. ИСО халықаралық стандарттары қазіргі уақытта облыста кең танымал және ИСО стандарттарының рөлі жыл сайын артып отыр. Облыс мекемелерімен және кәсіпорындарымен менеджмент енгізу динамикасы, ол келесідей көрініс тапты: 2010 жыл – 129, 2011 жыл – 73, 2012 жыл – 100, 2013 жыл -102 кәсіпорын.

2014 жылдың 1 қаңтарына 515 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізді.

Оның ішінде:

1. ИСО 9001 сериясындағы – СПМ енгізген 510 кәсіпорын;

2.ИСО 14001 сериясындағы–СПМ енгізген (экологиялық стандарт) – 19 кәсіпорын;

3. OHSAS 18001 сериясындағы (еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы) – 13 кәсіпорын;

4. ҚР СТ РК ИСО 22000 сериясындағы СМБПП серии (тамақ өнеркәсібіндегі стандарт) – 5 кәсіпорын.

2015 жылға халықаралық сапа менджментінің сертификатын алған мекемелер саны 520 жетеді.

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2009 жылдың 3 тамызындағы «Отандық өндірушілердің халықаралық стандарттарға өтуге дайындығын анықтау бойынша жұмыс топтарын құру туралы» №388-од бұйрығына сәйкес, облыста жұмыс тобы құрылды.

Жергілікті бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ынталандыру мақсатымен, жыл сайын өңір деңгейінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесі өтіп тұрады. Өңірлік байқаулар дипломанттары республикалық байқауларға қатысады.

2009 жылдың 12 қарашасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің «Қазақстанның таңдаулы өнімдері» байқау-көрмесіне Оңтсүтік Қазақстан облысынан 8 мекеме қатысты:

Республикалық Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйылығына үміт білдірушілердің байқауы қорытындылары бойынша «Меланж» АҚ «Тұрғындар үшін тауар өндіретін үздік мекеме» номинациясында жеңімпаз танылды.



Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 14 кәсіпорын қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жеңімпазы «Химфарм» АҚ атанды.



Инвестициялар
2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 319,0 млрд. теңгені немесе 2008 жылға қарағанда 151,3% құрады, 2010 жылы - 262,6 млрд. теңге (78,6%); 2011 жылы – 273,0 млрд. тенге (97,5%); 2012 жылы – 318,2 млрд. теңге (110,2%); 2013 жылы – 415,3 млрд. теңге (124,7%).

Қаржыландыру көздері бойынша





2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

Негізгі капиталға инвестициялар

319 043

100,0

262595

100,0

273 094

100,0

318 168

100,0

415276

100,0

республикалық бюджет



75 202

23,6

68 053

25,9

60 103

22,0

78 908

24,8

51 963

12,5

жергілікті бюджеті



11 364

3,6

25 589

9,7

41 110

15,1

44 519

14,0

56 712

13,6

меншікті қаражаттар



52 615

16,4

79 881

30,5

87 491

32,0

124 950

39,2

113622

27,4

шетелдік қаражаттар



161 504

50,6

60 983

23,2

54 297

19,9

24 347

7,7

20 396

4,9

қарыз қаражаты



18 357

5,8

28 089

10,7

30 093

11,0

45 445

14,3

172583

41,6
Технологиялық құрылымы бойынша

жалпы көлемге пайызбен





Пайдалану бағыттары бойынша

жалпы көлемге пайызбен

Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіп инвестициялар үшін басым сала бола тұрып, 2009 жылы негізгі капиталға жұмсалып отырған инвестициялардың жалпы көлемінің 23,8 %, 2010 ж. – 47,6 %, 2011 ж. – 45,5 %, 2012 ж. – 44,0 % және 2013 ж. – 32,3 % құрайды.

2009 жылы өнеркәсіптің негізгі капиталына жұмсалған 75950,4 млн.теңгеге құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 33734,2 млн.теңге инвестициялар тартылды (2008 жылға - 79,5 %), өңдеу өнеркәсібіне түскен инвестициялар – 24957,7 млн.теңгені құрады (2008 жылға – 164,5 %). Өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері кесіндісінде: бюджеттік салымдар – 13603,7млн.теңге, кәсіпорындардың өз қаражаттары - 26610,4 млн.теңге, шетелдік – 20639,1 млн.теңге және қарыз қаражаттар – 15097,2 млн.теңге.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінде (2011-2013 жж.) өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі келесідей қалыптасты: 2011 ж. – 124187,3 млн. теңге (ИКИ – 93,1 %), о.і. тау-кен саласында – 37015,6 млн. теңге (ИКИ – 96,4 %), өңдеуде – 23922,2 млн. теңге (ИКИ – 58,0%); 2012 ж. – 140066,5 млн. теңге (ИКИ – 106,7 %), о.і. тау-кен саласында – 32384,1 млн. теңге (ИКИ – 82,8 %), өңдеуде – 23125,0 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %); 2013 ж. – 134121,6 млн. теңге (ИКИ – 91,5 %), о.і. тау-кен саласында – 44254,0 млн. теңге (ИКИ – 130,5 %), өңдеуде – 35486,4 млн. теңге (ИКИ – 146,6 %).

2012 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 318,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылға қарағанда 10,2 %-ға, 2013 жылы 355,3 млрд.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 46,6%-ға, ал 2008 жылға қарағанда 59,2 %-ға өскен.

2014 жылы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіптің негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 104,1 млрд. теңгені, 2013 жылы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,1 % құрады.



Облыста «Оңтүстік»АЭА қызмет етеді. 2005 жылы мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның жалпы ауданы 200 га, негізгі мақсаты – тоқыма және тігін өнеркәсібінің дамуы үшін жағдай жасау және үстеме бағасы жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісне көшу үшін қолайлы жағдай жасау.

2014 жылдың 1 қаңтарына «Оңтүстік» АЭА 20 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 7-уі іске қосылды: «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС, «ПК «АГФ групп» ЖШС, «Kazbiolife» ЖШС және «Бал Текстиль» ЖШС. 2013 жылы кәсіпорындармен 1145,0 млн.теңгеге өнім шығарылды, бұл бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда (504,6 млн.тг) 640,4 млн.тенгеге жоғары. 2014 жылдың 9 айына 2432,7 млн. тенгеге өнім шығарылды.



«Оңтүстік»АЭА инфрақұрылымы жасалды. ҚР Үкіметінің 2007 жылы 28 желтоқсандағы №1331 қаулысымен 2010 жылы жалпы аумағы 337,0 га жер телімінде Шымкент қаласында бұрынғы фосфор зауыты аумағында индустриялық аймақ құрылды. Индустриалды аймақты ашудың мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, облыс индустриализациясын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын өсуіне ықпал ету.

Жеке кәсіпкерліктің индустриалды аймақ аумағында қолайлы жағдай жасау, инженерлік-коммуникация жартылай жаңартылған. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

«Оңтүстік» индустриалды аймағына жалпы құны 1 439,0 млн.теңгеге инфрақұрылым құрылысының 4-ші кезеңі жүргізілуде.

Индустриялды аймаққа инвестицияларды тарту

«Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында жалпы құны 76,2 млрд.теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба іске асырылуда, 6539 жаңа жұмыс орындарының ашылуы күтілуде. Оның ішінде 23 жоба жалпы құны 51,7 млрд.теңге Өңірлік индустриалды картасына енгізілген, онда 3985 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланған.

«Оңтүстік» индустриалды аймақ аумағында - 31 жоба іске асырылды, 15 млрд.теңгені құрайтын - 2312 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2011 жылы – 8 жоба (6,8 млрд.тг, 811 ж.о.), 2012 жылы – 10 жоба (2,8 млрд.тг.,505 ж.о.), 2013 жылы – 13 жоба (5,4 млрд.тг., 996 ж.о.) іске асырылды. 2014 жылы жалпы құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын 11 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, онда 866 жұмыс орындары ашу күтілуде.

Индустриалды аймақтарды барлық аудан және қалаларда құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда жалпы құны 60,9 млн.теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, 4999 жұмыс орындарын құру күтілуде.

Арнайы экономикалық аймақта және индустриалды аймақта эскпортқа бағытталған, импортты алмастыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде үдемелі индустриалды-инновациялық бағытында өз септігін тигізеді. Осы мақсатта тікелей инвестицияларды тарту, отандық және шетелдік инвесторларды ынталандыру механизмдері бойынша кешенді институттық жүйе құрылды. («Шымкент» ӘКК, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Шымкент –инновация», Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» АИО, Техносаябақтар, бизнес инкубаторлар ж т.б.).

2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту шеңберінде облыста сауда-экономикалық байланыстар және шетел мемлекеттерімен бәсекелестікке сай өнімдерді шығару үшін бірлескен кәсіпорындарды ашу және инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

Индустриалды аймақтарға отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда және шағын, орта кәсіпкерлік саласын дамыту, қазақстандық қамтуды ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру және салық түсімдерін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- «Шымкент қаласының Индустриялық аумағы Дирекциясы» ГКП-МКМ-мен (мемлекеттік коммуналды мекемесімен) инвесторларға қызмет көрсету мақсатымен инвестициялық орталық құрылды. Орталық инвесторлардың барлық рұқсат беруші құжаттамаларын (экология, сәулет, СЭС, жер комитеті және басқалармен) бір терезе қағидасымен келістіріп отырады.

- «Шымкент қаласының Индустриялық аймағы» Веб-сайты құрылды. Сайт атауы: www.iz-ontustik.gov.kz/
Индустриялизация картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді.



Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустрияландыру картасы шеңберінде облысымызда жалпы құны 705,2 млрд.тг. құрайтын және 21,4 мың жаңа жұмыс орнының ашылуымен 170 жоба жүзеге асырылуда (бүкіл Республикадағы жобалар санының 18,3 %). Бұл көрсеткіш бойынша облыс өңірлер арасында көш бастап тұр. Облыстың барлық аудан, қалалары бағдарламамен қамтылған. Жобалардың 65 % ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда.

2010-2013 жж. жалпы құны 146,7 млрд. тг. құрайтын 103 жоба іске қосылып (олардың қатарында, 48,3 млрд.тг. ҚР ТЖМ (МЧС РК) «Селге қарсы Көксарай су реттегіші» инфрақұрылымдық жобасына тиесілі), 8873 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде:

–2010 ж. – 7 жоба (33,7 млрд.тг, 1775 ж.о.);

–2011 ж. – 21 жоба (57,3 млрд.тг, 1235 ж.о.);



  • 2012 ж. – 29 жоба (14,7 млрд.тг, 2226 ж.о.);

  • 2013 ж. – 46 жоба (41,0 млрд. тг, 3637 ж.о).

Жалпы инвестиция көлемі 57,4 млрд. тг. құрайтын (ҚР ТЖМ инфрақұрылымдық жобасын есепке алмағанда) 2010-2012 жж. іске қосылған жобалармен 2013 жылы 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде, 27,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылған (өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 7,8 %).

2014 жылдың 1-жартыжылдығында аталған кәсіпорындармен 25,8 млрд. тг өнімі шығарылған, оның ішінде 24,8 млрд.тг өнеркәсіп өнімі өндірілген (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8,5 %).

Сондай-ақ, Индустрияландыру картасының іске қосылған кәсіпорындарымен мемлекеттік бюджетке 1,8 млрд.тг. астам салық төлемдері жасалған (2012 жылы – 1,5 млрд.тг.). 2014 жылы құны 43,3 млрд. тг. құрайтын 41 жобаны іске қосып, соның есебінен 3,1 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Облыс өнеркәсібінің және кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі проблемалары:


  • электрқуатының тапшылығы;

  • өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы;

  • өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік;

  • облыстағы, әсіресе «дәстүрлі емес» өндірістік аудандарындағы жалпы өнеркәсіптің баяу дамуы;

  • өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының жоғары дәрежеде тозығына жетуі (40-80%) сонымен қатар олардың жаңару дәрежесі өте төмен;

  • өңдеу өнеркәсібінің отандық және шетелдік инвестициялар жағынан тартымсыз болуы;

  • мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы;

  • отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы;

  • көлік шығындарының жоғары болуы;

  • табиғи монополиялар қызметіне тарифтердің жоғары болуы;

  • техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі;

  • арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.


Инновациялар

Инновациялық-белсенді мекемелер үлесі 2009 жылы - 2,2 % құрады, 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 5 %, 2013 жылы - 6,4 % құрады, оны 2015 жылға қарай 9,6 % жеткізу жоспарлануда.



Мекемелердің инновациялық белсенділігі

2008 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 3 есеге өсіп, 4422,5 млн.теңгені құраған, инновациялық сипатта көрсетілген қызметтер – 352,9 млн.теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға арналған капиталдық және ағымды шығындар 713,0 млн.теңгені құрады (2008 жылы – 1367,9 млн.теңге). Бұл жағдайда технологиялық инновациялармен байланысты машиналарды және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар 46,4 %, жаңа өнімдерді, өндірістік үрдістерді зерттеуге және әзірлеуге – 46,1 % бағытталды. Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі мекемелердің жеке қаржысына түседі – 55,1 %, республикалық бюджетке – 41,0 %, дамыту институттарының қаржысына – 3,7 %, жергілікті бюджетке – 0,2 %.

2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 367,0 млн.теңгені құрады, ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде негіз қалаушы зерттеулер үлесі – 17,7 %, қолданбалы – 61,9 %, ғылыми-техникалық әзірлемелер – 20,4 %.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2081 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 104 шаруашылық жүргізуші субъектілер технологиялық инновацияларға ие болды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2009 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистика-лық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 129 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2012 жылы – 104 кәсіпорын).



2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 22588,7 млн. теңгені құрады, (2009 ж. - 4422,5 млн.тг) инновациялық сипаттағы қызметтер 936,7 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

2013 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 46,9 %-ға өсіп, 33177,5 млн. теңгені құрады (2009-4422,5 млн. тг) және одан 37134,9 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 3591,4 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.

Жүргізілген зерттеулер бойынша өнімдік және үдерістік инновациялар үлесі 2,3 есе өскен, өткен жылмен салыстырғанда 26382,3 млн.теңгені құрады (2012 ж. – 11208,2 млн. теңге). Кәсіпорынның өз қаражаты 10726,4 млн.теңге, жалпы қаражаттың 40,7 % құрайды.

2013 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында (67,4 %), Сайрам ауданында (8,5 %) және Түркістан қаласында (7,0 %) істейді.

Инновациялық қызметті белсендіру және технологияларды трансферттеу мақсатында облыс әкімдігінің жанынан «Шымкент инновация» ЖШС 2012 жылы 18 мамырда құрылды. Нәтижесінде облыста жалпы сомасы 527,5 млрд. теңгені құрайтын шетелдік қатысуы бар 46 жаңа инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.

2013 жылы «Шымкент инновация» ЖШС және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірге мемлекетке тиесілі гранттар бойынша "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында үш байқау өткізілді.



Инновациялық қызметтің негізгі проблемалары:

  • Инновациялық қызметті дамыту үшін қаржыландыру көздеріне қол жеткізу.

Проблемаларды шешу жолдары:

- Қазіргі таңда, «Шымент инновация» ЖШС қызметін қаржыландыру бойынша, «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» 004 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде (қызмет көрсету) Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қызметін облыс бюджетінен тікелей қаржыландыруды ұсынылды. (Анықтама: Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қаржыландыру бойынша Ұлттық даму институттарының және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесіне «Шымкент инновация» ЖШС енгізу туралы ұсыныс ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына жолданған (2013 жылдың 13 қыркүйекте №05/73 облыс әкімдігінің хаты)).



1 кесте
Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық

Карта жобаларының тізбесі




Жобаның атауы

Жобаның өтінім берушісі

Жүзеге асыру мерзімі, жылдары

Пайдалануға беру, жылы

1

2

3

4

5

1

«Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ-да іске қосылған қуаттарды кеңейту және GMP стандарттарына сәйкестеп Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу»

«Химфарм» АҚ

2009-2013

2013

2

«Үшбас пен Герес кен орындарының базасында моноаммоний- және диаммонийфосфатты өндіру»

ЖШС «МК «Казахстанские минеральные ресурсы»» («ҮшГер» АҚ )

2010-2016

2016

3

«Шардара ГЭС-сын модернизациялау»

«Самрук-Энерго» АҚ

2011-2016

2016

4

«Мақтаның сұрыптық ұрығын өндіруге арналған зауытын салу»

«Қазақстан мақтасы» АҚ

2008-2010

2010

5

«Мақта жіп өндірісін ұйымдастыру»

«Oxy-Textile» ЖШС

2008-2010

2010

6

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта тоқыма өндірісін ұйымдастыру»

«Ютекс KZ» АҚ

2007-2016

2016

7

«Мақтақұрамдас шикізаттан ылғал жұтқыш мақта, мақталық целлюлоза және техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру»

«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС

2008-2010

2010

8

«Түйе тауықты өсіретін, оның етін өндіретін және қайта өндіретін тауықкомплексі»

«Ордабасы Құс» ЖШС

2009-2010

2010

2 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет