Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



бет11/14
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130609
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Оптикалық талшықты кәбілдер

 

519. Оптикалық кәбілдерді салу және құрастыру жұмыстарын орындауға КЖ-де жұмыс істеген тәжірибесі бар және арнайы дайындықтан өткен байланыс монтаждаушы рұқсат беріледі.

520. Оптикалық талшықтарды дәнекерлеуге арналған құрылғылармен жұмыс істеу барысында төмендегі шаралар орындалуға тиіс:

1) электр тізбектерін үзуді немесе құрылғының жоғары вольттық тізбектерімен жалғауды қажет ететін аспаптарды қосу және ажырату бойынша барлық жұмыстарды кернеу толық түсірілгенде орындау керек;

2) құрылғы жерге тұйықтауға тиіс;

3) оптикалық талшықтарды дәнекерлеу үшін құрылғымен жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі III топтан төмен емес тұлғаларға рұқсат беріледі.

Құрылғыны электродтар блогының қорғаныс қаптамасын алып тастап пайдалануға рұқсат берілмейді;

521. Оптикалық кәбілдің жалғағыш муфталарын монтаждау жұмыстарын арнайы жабдықталған монтаж-өлшеу машиналарында немесе тікелей кәбіл кәрізінің құдықтарында орындауға болады.



Жалғағыш муфталарды монтаждау және монтаждау процессінде бақылап өлшеуді құрамында:

1) өлшеуші инженер;

2) өлшеуші техник;

3) 6-разрядты байланыс монтаждаушы;

4) 5-разрядты байланыс монтаждаушы бар кешенді бригада жүргізеді.

522. Станциялар аралығындағы учаскелерде және станцияларда орларды дайындау және құбырларды орларсыз салу, сондай-ақ теміржол жолдары астынан қорғаныс құбырлары үшін өтпе жолдар жасауға кірісуге, жұмыс бастау үшін жол арақашықтығының сигнализация, байланыс, электрмен жабдықтау арақашықтығымен келіскен жазбаша рұқсаты және станция бойынша күзетшінің және пойыз диспетчері кезекшісінің рұқсатын алғаннан кейін ғана, рұқсат беріледі.

523. Теміржолдың жер төсемі шегінде жұмыстар теміржол бағытында машиналармен (құбырларды орсыз жабу үшін ор қазғыштармен кәбіл салғыштармен) орындау құрылыс-монтаж ұйымдарының жол бөлімшесінің бастығына, ал бөлінбейтін құрылымды жұмыстарда - теміржол басшылығына берген тапсырыстары бойынша «бос жерде» орындалуға тиіс.

524. Құбырлар мен түтіктерді орсыз салу жұмыстары кезінде, сондай-ақ оларды теміржол бағытында машиналармен салу үшін теміржол жолдарының электрленген учаскелерінде ор қазу кезінде, сондай-ақ, түйіспелі желі тірегінің ауқымында салынған электр жеткізу желілері бар дербес тарату учаскелерінде төмендегі шараларды орындау қажет:



1) егер ор қазу және құбырлар мен түтіктерді салу жұмыстары «бос жерде» түйісу желісінде және түйісу желісінің тіректері ауқымында орнатылған тіректердегі электр жеткізу желісінде кернеуді ажыратып орындалатын болса, онда осы «бос жерге» кернеудің түсірілген кезінде, ор қазғыш немесе құбыр салғыш теміржол бағытымен өткенге дейін, рельске немесе жолдық дрюссель-трансформаторлардың орта шықпаларына жалғанған түйісу желісі тіректерінің электр жеткізу желілері тіректерінің, және көпір конструкцияларының жерге тұйықтағыш өткізгіштері уақытша ажыратылады және құбыр салынатын жолдан шеткері әкетіледі.

Түтіктер мен құбырларды салғаннан кейін осы «бос жерге» түйісу желісі мен электр жеткізу желісіңде кернеудің түсірілген күйінде бұрын ажыратылған жерге қосқыш өткізгіштер жалғанады.

2) ор қазу және құбырлар мен түтіктерді салу жұмыстары түйісу желісі мен түйісу желісі тіректерінің ауқымында орнатылған тіректердегі электр жеткізу желісінде кернеу түсірілмей жүргізілген кезде, машина мен түтіктің (ордың ішіне жайма платформада немесе мотор тасығыш, теміржол бойымен жүргізілетін кішкене арба платформасында орнатылған барабаннан салынатын) жұмыс органының артына шунттаушы бөгет орнату қажет, ал содан кейін жерге қосқыш өткізгішті ажыратып, жол бойынан шеткері әкету керек.

Ор қазғыш пен құбыр салғыш өткеннен кейін жерге қосқыш өткізгішті жалғау және шунттаушы бөгетті ажырату жұмыстары жүргізіледі.

525. Шунттаушы бөгет ретінде оқшауланған жалғағыш қысқыштары бар солқылдақ мыс сымдарды пайдалану қажет. Айнымалы токтың электр күші және жеке күші бар кезде шунттаушы бөгеттің қимасы 50 мм2, ал тұрақты токтың электр күші бар кезде - 120 мм2 болуға тиіс. Құбырларды салу кезінде шунттаушы бөгеттерді орнату, жерге қосқыш өткізгіштерді ажырату және жалғау бойынша жұмыстар электрмен жабдықтау арақашықтығының және сигнализация мен байланыс арақашықтығы (жерге тұйықтағыш құрылғылардың осылардың қайсысына жататынын байланысты) өкілінің бақылауымен орындалуға тиіс.

526. Құбырлар салу үшін жолды әзірлеу жұмыстарын жүргізу барысында СЦБ-нің негізгі және резервті қоректендіру құрылғыларын токтан ажыратқан жағдайда, жерге қосқыш сымдар рельстерден ажыратылады және құбыр салынып жатқан жолдың бойынан шеткері әкетіледі. Құбыр салынып болғаннан кейін, негізгі және резервті қоректендірудің ажыратылған жағдайында, жерге тұйықтағыш өткізгіштер рельстерге жалғанады.

527. Автобұғаттау желілерін негізгі және резервті қоректендіруді ажыратпай құбыр салу кезінде, орларды дайындау жұмыстарын осы Қағидалардың 524-тармағының 1) тармақшасының және 525-тармағының талаптарына сәйкес шунттаушы бөгеттерді орната отырып, жүргізу қажет.

528. Металл элементтері жоқ оптикалық кәбілдері пайдаланылған талшықты-оптикалық байланыс желілері найзағайдан және жоғары кернеу желілерінің әсерінен қорғауды талап етпейді.

Металл элементтері (сауыт жабын, қабықтар, қашықтан қоректендірудің мыс талсымдары) бар оптикалық кәбілдер пайдаланылған талшықты оптикалық байланыс желілері найзағайдан және жоғары кернеу желілерінің әсерінен қорғалуға тиіс.

 

 



Қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттер аппаратурасы

 

529. ҚРП (ҚКП) жұмыстары наряд немесе жарлық бойынша жүргізілуге тиіс.



Газға қауіпті саналмайтын жер асты кәбіл құрылыстарын аралап тексеру жене онда жұмыс істеу кем дегенде екі жұмыскерге жүктеледі.

Зиянды газдар пайда болуы мүмкін жер асты кәбіл құрылыстарындағы жұмыстарды наряд бойынша кемінде үш жұмыскер, оның екеуі - сақтандырғыш орындайды. Жұмыс жүргізушінің біліктілік тобы IV, ал қалғандарынікі III топ болуға тиіс.

530. Жер асты кәбіл құрылыстарында, ҚРП (ҚКП) камераларында табиғи және мәжбүрлеп желдету қамтамасыз етіледі.



Мәжбүрлеп желдетілмейтін ҚРП (ҚКП) камераларын жұмыс басталар алдында және жұмыс кезінде желдетіп отыру қажет. Жұмыс жүріп жатқанда камера ашық болуға тиіс.

Мәжбүрлеп желдету желдеткіштің немесе компрессордың күшімен 10-15 минут ішінде қамтамасыз етіледі. Жер асты құрылысында ауаны толық алмастыру үшін төмен түсірілген және түбіне 0.25 м жетпейтін шланг көмегімен желдету шарасы іске асырылады.

531. III топтың бір жұмыскеріне сақтандыратын арқаны бар сақтандырғыш белдігін пайдаланып, құдықта жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

532. Қашықтан қоректендірілетін аппараттарды сынау алдында барлық ҚРП (ҚКП) және оларды қоректендіретін ҚКП арасында телефон байланысы қамтамасыз етіледі.

533. Аппараттардан жекелеген жолақтарды қашықтан қоректендіру кернеуін түсіргеннен кейін, жұмыстарға жауапты басшы рұқсат берген соң ғана алуға болады. Кернеу беріліп тұрған аппараттарды жөндеуге рұқсат берілмейді.

534. ҚРП (ҚКП) контейнерінің қақпағын ондағы кернеуді атмосфера деңгейіне дейін төмендетпей тұрып, ашуға рұқсат берілмейді.

 

 



Әуе байланыс желілері

 

535. Электрленген теміржолдардың, трамвайлар мен троллейбустардың түйісу желісінің сымдарымен түйісетін қиыспаларын құру және әуе байланыс желісінің сымдарын жөндеу дайындалған жұмыс жүргізу жобасына сәйкес түйісу жүйесі жұмыс орнында ажыратылған және жерге қосылған жағдайда, түйісу жүйесі дистанциясы (ауданның) өкілінің қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.

536. Елді мекендердің көшелеріндегі сымдарды қайта тарту кезінде көшеде жүргіншілер мен көліктерге ескерту беру үшін жалаушалар ұстаған белгі бергіштерді тұрғызу керек.

537. Электр жеткізетін желілердің астынан (үстінен) өтетін байланыс сымдары тарту және ретке келтіру кезінде осы Қағидалардың 16, 390-тармақтарының талаптары, осы Қағидалардың 28-тарауының талаптары есепке алына отырып, орындалуға тиіс.

538. Жұмыс бастаудың алдында әуе байланыс желісі сымдарында (сымдар мен жердің арасынан) 25 В асатын кернеудің жоқтығы тексерілуге тиіс.

Әуе байланыс желісі сымдарында 25 В асатын кернеу барлығы белгілі болған жағдайда, кернеудің пайда болу себептерін анықтағанға және оны 25 В дейін төмендеткенге дейін жұмысқа кірісуге рұқсат берілмейді.

539. Әсерден пайда болған кернеу беріліп тұрған әуе байланыс желісінде жұмыс жүргізгенде, әсерден пайда болған кернеу берілген ӘЖ жұмыстарға қатысты осы Қағидалардың 385-417-тармақтарының талаптары орындалуға тиіс.

540. Кернеу беріліп тұрған әуе байланыс желісі сымдарын жерге тұйықтау жұмыстары тасымалды жерге қосу құралдарын құрғату орағыштары арқылы штанга көмегімен орындалуға тиіс.

541. Кернеу беріліп тұрған әуе байланыс желісінде жұмыс жүргізгенде, тегістеліп жазылып құрастырылатын сымдар аралықтың басында және тікелей жұмыс орнында жерге тұйықтауге тиіс. Жерде жатқан сым желі сымдарымен және келесі учаскелерде тегістеліп жазылған сымдармен жанаспауға тиіс.



Салбырау жебесін ретке келтіруді және учаскедегі сымды бекемдеуді келесі учаскедегі сыммен жалғаудың алдында орындау қажет. Жұмыс орнында жекелеген учаскелерді жалғаудың алдында сымдар жалғанатын орынның екі жағынан жерге қосуға тиіс.

 

 



Радио және радиорелелі желілер

 

542. Радио аппараттарымен жарлық бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі. III топтағы бір жұмыскерге 25 В дейінгі кернеуден қоректенетін аппараттардағы жұмыстардан басқа, қандай да бір жөндеу жұмыстарын орындау құқынсыз, радио аппараттарымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

543. Электр-магниттік өрістерде диапазондағы жиілігі 60 кГц - 300 ГГц жұмыстарда қолданыстағы заңдардың талаптары орындалуға тиіс.

544. Жоғары жиіліктегі аппараттар толқынын қалыпқа келтіру және сынақтан өткізу кезінде электр тогынан және жоғары электр-магниттік сәулелерден зақымданудан қорғайтын құралдарды пайдалану қажет.

545. Ақауларды жою, схемаларда өзгерістер жасау, антенналық-фидерлік құрылғыларды бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын олардан кернеуді түсіргеннен кейін орындау қажет. Төмендегілерге:

1) электр-магниттік сәулеленудің бар екендігін қолға немесе дененің басқа жеріне жылулық әсерін беруіне қарай анықтауға;

2) энергия ағыны рұқсат етілген шамадан жоғары сәулелену аймағында қорғаныс құралдарынсыз болуға;

3) электр-магниттік сәулелену көзін экрандауды бұзуға;

4) жұмыс күйіндегі ашық антенналық-фидерлік құрылғының алдында тұруға рұқсат берілмейді.

546. Мұнаралар мен діңгектердегі сыртқы антенналық-фидерлік құрылғыларды монтаждау және қызмет көрсету жұмыстарын IV және III топтағы жұмыскерлерден тұратын бригада орындауға тиіс. Жұмыс басталмас бұрын жоғары жиілік аппараттарын ажырату керек.



Антенналық-діңгекті құрылыстарда жұмыс жүргізгенде, төмендегі талаптар орындалуға тиіс:

1) антеннаға, діңгекке шығатын жұмыскерлердің биіктіктегі жұмыстарды орындауға рұқсаттамасы болуға тиіс;

2) жұмыстың алдында діңгектің сигнал беру және антенналарды қыздыру жарығы сөндірілуге және: «Токқа қоспа! Адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді;

3) діңгектердің электрлі сигнал беру жарығының шамдарын ауыстырған кезде осы Қағидалардың 429, 430-тармақтарының талаптары сақталынуға тиіс.

 

 



ӘЖ және найзағайдан қорғайтын арқансымдар бойынша жоғары жиілікті байланыс

 

547. Кернеуі 1000 В жоғары ТҚ және ӘЖ орналастырылған жоғары жиілікті құрылғылардың жабдықтарына қызмет көрсету, реттеу және жөндеу жұмыстарын кемінде екі адам (оның біреуі IV топқа жататын) орындауға тиіс.



Жоғары жиілікті бөгегіштердің токтан ажыратылған сүйретпелеріне кернеу келіп тұруы мүмкін екенін есте ұстау қажет.

548. Жұмыс істеп тұрған аппараттардың қалқандарының панельдерін (блоктарын) ашып, қорғаныс құралдарын пайдаланып, электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бір жұмыскерге жұмыс істеуге рұқсат беріледі.



Жұмыс басталмас бұрын жалғағыш желіде кернеу жоқтығын тексеріп алу қажет. 25 В жоғары кернеу беріліп тұрғанда жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

549. Схемаларға өзгерістер енгізу, жоғары жиілікті сайманды бөлшектеу мен құрастыру және олардағы ақауларды жою жұмыстарын орындауға ӘЖ өңдеу және жалғау элементтерінен кернеуді түсіргеннен кейін ғана рұқсат беріледі.

550. Жерге қосқыш өткізгіштерді қорғағыш құрылғыларынан, аппараттардан және ӘЖ қосылған жоғары жиілікті жабдықтың өзге элементтерінен байланыс конденсаторының төменгі қоршауламаларын жерге қоспай ажыратуға рұқсат берілмейді.

551. Байланыс конденсаторлары мен қосылым сүзгілерінің арасындағы тізбекте аспаптарды қосуға және ажыратуға байланыс конденсаторының төменгі қоршауламаларын жерге тұйықтағыш пышақтың көмегімен жерге тұйықтаған жағдайда рұқсат етіледі. Өлшеу барысында аспаптарды бірнеше рет жалғағанда байланыс конденсаторының төменгі қоршауламалары жерге қосылуы тиіс.



1 сағаттан аспайтын өлшеу жұмыстарын нұсқау бойынша электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы қызметкердің, IV топтағы қызметкердің бақылауымен жедел персоналдың ішінен III топ жұмыскерінің орындауына болады. Мұндай өлшеулер қосылым сүзгісінің ішінде ғана байланыс конденсаторының төменгі қоршауламасының жерге тұйықтағыш пышағы ажыратылғанда жүргізілуге тиіс. Бұл кезде аспаптардың жерге тұйықталуы керек.

Өлшеулерді электрден қорғау құралдарын (диэлектрлік резеңке етіктер мен қолғаптар, оқшаулағыш саптары бар саймандар) қолданып жүргізу керек.

Ұзақтығы 1 сағаттан асатын өлшеулер наряд бойынша жүргізілуге тиіс.

 

 



Уақытша жоғары жиілікті байланыс

 

552. Тасымалды жоғары жиілікті байланыс посттарын монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын құрамында кемінде екі жұмыскер бар, электр қауіпсіздігі біреуі IV топтағы, ал екіншісі III топтағы бригада орындауға тиіс.

553. Антенна тіректерде кернеуі 154 кВ және 220 кВ ӘЖ үшін төменгі сымдардың орналасу деңгейінен 3 м кем болмайтын аралықта бекітілуге тиіс. Антеннаның салбырау жебесі ӘЖ сымының салбырау жебесінен үлкендеу болуға тиіс.

554. Антеннаны ілу алдында оның орауышының посты тірекке 1-1,5 м биіктікте бекітілуге және жерге тұйықтауға тиіс.



Кіретін антеннаның ұшы постының ішіндегі дроссель арқылы және дроссельмен қатарлас қосылған жерге тұйықтағыш пышақ арқылы жерге тұйықталуға тиіс.

Дрюссельге қатарлас 1 кВ кернеуге разрядтағыш жалғануға тиіс.

Антеннаны жұлқып тартпай, абайлап созу қажет.

555. Антеннаны жоғары көтеру және төмен түсіру кезінде жолдан шеткері аралықтың ортасында тұрған бір жұмыскер антеннаның кернеу келіп тұрған ӘЖ сымдарына осы Қағидалардың 553-тармағында көрсетілген қашықтықтан кем қашықтықта жақындаспауын қадағалап тұруға тиіс.

556. Антеннаны төмен түсірудің алдында жерге тұйықтағыш пышақтың немесе тасымалды жерге тұйықтау құралдарының көмегімен жерге тұйықтау керек.

 

 



Диспетчерлік және технологиялық басқарудың аппараттық құралдары

 

557. Аппараттық үй-жайларда орналастырылған құрылғыларда жұмыс істеу, оларды қосу және ажырату, сондай-ақ телефон байланысы, радиотрансляция және т.б. аппараттарын жөндеу жұмыстарын электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы бір жұмыскердің орындауына болады.

558. Қашықтан қоректендірудің енгізгіш және енгізгіш-сынақ тіреулерінің, кернеуді автоматты ретке келтіру тіреулерінің, ток таратқыш тіреулердің алдында еденнің үстінде резеңке диэлектрлік кілемше немесе оқшаулағыш табандықтар болуға тиіс.

559. Қашықтықтан қоректендіру кернеуі келтірілетін жабдықтың қаптауында кернеудің бар екендігі туралы ескертпе белгілер салынуға тиіс.

560. Іздегіштердің түйіспелерін (түйіспе өрістерін) және релені жуу одан кернеуді түсіргеннен кейін орындалуға тиіс.

561. Енгізу сынақ тіреуіне қосылған байланыс желісіне немесе кростың қорғаныс жолақтарына 25 В жоғары бөгде кернеу түскен жағдайда (электр жеткізу желілерінен, қашықтықтан басқару аппараттарынан), кезекші персоналға қорғағыш құралдарын пайдаланып, ондай желіні ажыратуға және жерге тұйықтауға тиіс. 25 В жоғары кернеудің бар екендігі туралы нысанның жедел персоналға, ал ол жоқ болғанда - жоғары тұрған жедел персоналға хабарлауға тиіс. Разрядтағыштарды немесе сақтандырғыштарды ауыстыру бөгде кернеу жоқ болғанда ғана рұқсат етіледі.

562. Электр жеткізу желілерінің және айнымалы токпен электрлендірілген теміржолдардың ықпалына ұшыраған байланыс желілерінің аппараттарында жұмыс жүргізгенде, желілік құрылғылардағы ауыстыру жұмыстарын диэлектрлік қолғаптарды (немесе оқшаулағыш сабы бар тістеуіктерді пайдаланып) және қорғағыш көзілдіріктерін киіп, резеңке диэлектрлік кілемшелердің үстінде тұрып орындау қажет.

563. Автоматты телефон станциясындағы (бұдан әрі - АТС) коммутаторлар мен қызмет көрсету үстелдеріндегі телефон байланысы қызметкерлерінің жұмыс орындары акустикалық күштерден шектегіштер арқылы қорғалуға тиіс. Күн күркірегенде ондағы қызметкерлер микротелефон жинағының орнына микротелефон тұтқасын пайдалануға тиіс.

 

 

32. Жылу автоматикасы, жылу-техникалық өлшеу және қорғау қондырғыларының электрлік бөлігі



 

564. Жылу автоматикасының, жылу-техникалық өлшеу, қорғау және автоматты басқару жүйесінің (бұдан әрі - АБЖ) техникалық құралдарының электрлік бөліктерінде қызмет ету төменде баяндалған электр қауіпсіздігі шаралары сақталына отырып орындалуға тиіс.

565. ЖАӨ құрылғыларының пульттарында, тарату қалқандарында және құрастырмаларында коммутация аппараттарымен операцияларды, егер мұндай операциялар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес рұқсат нарядтың «Ерекше нүсқаулар» деген жолындағы жазумен, ал жұмыстарды нұсқау бойынша орындағанда - нұсқау тіркеу кезінде расталған болса, III топтың жедел персоналы немесе IV топтың жұмыс жүргізушісінің орындауына болады.

566. ЖАӨ құрылғыларындағы жұмыстарға рұқсаттама берудің алдында технологиялық жабдықтың учаскесін дайындау жұмысын цехтың, технологиялық жабдықты басқаратын учаскенің жедел персоналы жүргізуге тиіс.

567. Жөндеу ЖАӨ құрылғыларының жекелеген элементтерінің және схемасының учаскелерін немесе тораптарын кернеу беріліп тұрғанда сынақтан өткізу және тексеру, байқау үшін қосып көру технологиялық цехтың, учаскенің ауысым бастығының рұқсатымен төмендегі шарттар сақталғанда:



1) жұмыс тоқтатылғанда;

2) бригада сыналып жатқан жабдықтан шеткері шығарылғанда;

3) қорғаныстық жерге қосу құралдары, қоршаулар және плакаттар алынып тасталған жағдайларда орындалады.

Аралас учаскелерде бұл учаскелер токтан ажыратылған, сыналатын жабдықтан қоршалған және жұмысшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жұмысты жалғастыра беруге болады.

568. Сынақ барысында электр жабдығын бірнеше рет токқа қосуға және ажыратуға байланысты жұмыстарды нарядта үзілістерді жазбай, бірақ қауіпсіздік бойынша қажетті техникалық шараларды орындап жүргізуге рұқсат етіледі.

569. Жылу автоматикасы, жылу-техникалық өлшеу және қорғаныс құрылғылары, АБЖ қашықтықтан басқару бойынша технологиялық схеманы немесе жабдықтың жұмыс тәртібін өзгертуді талап етпейтін жұмыстарын жарлық бойынша орындауға рұқсат етіледі. Нұсқау бойынша III топтағы жұмыскердің жеке өзінің төмендегі жұмыстарды орындауына болады:

1) аспаптардың тіркелетін бөліктерін ретке келтіру;

2) манометрлерді (электр түйіспеден басқа) дифманометрлерді, термобуларды, кедергі термометрлерін ауыстыру;

3) басқарудың блоктық және жылу қалқандарындағы жылу-техникалық бақылау аспаптарының ақауларын жою;

4) температуралық өзгерістер нүктелерінің ауыстырып қосқыштарының алдын алу шараларын жүргізу;

5) автоматты басқару жүйесінің АБЖ есептеу техникасы техникалық құралдары кешенін жөндеу;

6) автореттегіштердің электронды блоктары (бүлендері) баптау параметрлерін ретке келтіру және тексеру;

7) қысқыштардың қораптарын тығыздау;

8) стендтердің, таратқыштардың, атқарғыш механизмдердің, қалқан бөліктерінің (панельдерін) жазуларын, таңбаларын жасау;

9) қалқан бөліктерін тығыз ауамен үрлеу.

570. Жұмыс істеп тұрған жабдықта орналасқан АБЖ қашықтықтан басқару және әртүрлі цехтарда, учаскелерде орналасқан құрастырмалардағы барлық жұмыстар жұмыс жүргізілгелі жатқан учаске бастығының рұқсатымен орындалады.

571. АБЖ құрылғыларындағы жұмыстарға рұқсат беруші технологиялық цехтың, учаскенің жедел жұмыс атқаратын жұмыскері саналады. Цехта, учаскеде жергілікті жедел жұмыс атқаратын жұмыскер жоқ болған жағдайда, IV топтағы жұмыс жүргізуші рұқсат беруші бола алады. Жұмыс жүргізушінің рұқсаттама беру, жұмыс орнын дайындау барысында қауіпсіздік шараларын белгілеу құқығы осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жазу жолында жазылуға тиіс.

 

 



33. Тасымалды электр аспаптары және шамдары, қолмен басқарылатын электр машиналары, бөлгіш трансформаторлар

 

572. I класты тасымалды электр аспаптарымен және қолмен басқарылатын электр қол машиналарымен қауіптілігі жоғары үй-жайларда жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі бойынша II топтағы жұмыскерге рұқсат етіледі.



Көмекші жабдықты (трансформаторларды, жиілікті түрлендіргіштерді, қорғаныс-ажыратқыш құрылғыларын) электр желісіне қосу жұмысын III топтағы осы электр желісін пайдаланатын электротехникалық қызметкер орындауға тиіс.

573. Тасымалды электр аспаптары мен электр машиналарының класы үй-жайдың санатына және осы Қағидалардың 8-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген талаптарға сай, кей жағдайларда электрден қорғау құралдарын пайдаланып жұмыстарды жүргізу шарттарына сәйкес болуға тиіс.

574. Қауіптілігі жоғары және қауіптілігі айрықша жоғары үй-жайларда тасымалды шамдардың кернеуі 50 В аспауы керек.

575. Айрықша қолайсыз жағдайларда (айырғыштардың құдықтарында, ЖТҚ бөліктерінде, қазандық барабандарында, металдан істелінген сұйық зат сақтағыштарда) жұмыс жүргізгенде, тасымалды шамдардың кернеуі 12 В аспауға тиіс.

576. Қолмен басқарылатын электр машиналарымен, тасымалды электр аспаптарымен және шамдармен жұмыс істеудің алдында төмендегі шараларды орындау қажет:

1) паспорты бойынша машинаның немесе аспаптың класын анықтау;

2) бөлшектердің жинақтылығын және бекітпелерінің беріктігін тексеру;

3) сырттай қарап кәбілдің (баудың), оның қорғағыш түтікшесі мен штепсельді ажыратқышының жарамдылығына, щетка ұстағыштар корпусының оқшаулағыш бөлшектерінің тұтқасы мен қақпақтарының қорғағыш қаптамасының бүтіндігіне көз жеткізу;

4) ажыратқыш жұмысының айқындығын тексеру;

5) қорғаныстың ажырату құрылғысын (ҚАҚ) тестілеу (қажет болғанда);

6) электр аспабының немесе машинасының жұмысын бос жүріс арқылы тексеру;

7) I кластық машинаның жерге тұйықтау тізбегінің жарамдылығын (машинаның корпусын - штепсельді ажыратқыштың жерге қосу түйіспесін) тексеру.

577. Электр аспаптарын, қолмен басқарылатын электр машиналарын, тасымалды шамдарды пайдаланған кезде, олардың сымдары және кәбілдер, мүмкіндігінше, ілініп қойылуға тиіс.



Сымдар мен кәбілдердің ыстық, ылғалды және майланған жазық бетпен тікелей жанасуына жол берілмейді.

Электр аспабының кәбілі кездейсоқ механикалық бүлінуден және ыстық, ылғалды және майланған жазық бетпен тікелей жанасудан қорғалуға тиіс.

Кәбілді қатты тартып созуға, ширатып бұрауға және майыстыруға, үстіне жүк қоюға, сондай-ақ, оның арқансымдармен, кәбілдермен, газбен дәнекерлеу өңештерімен қиылысуына жол берілмейді.

Қандай да бір ақаулар табылған жағдайда, қолмен басқарылатын электр машиналарымен, тасымалды электр аспабымен және шамдармен жүргізіліп жатқан жұмыс сол мезетте тоқтатылуға тиіс.

578. Қолға берілетін және жұмыста пайдаланылатын қолмен басқарылатын электр машиналары, тасымалды электр аспаптары және шырақтар, көмекші жабдықтар мемлекеттік стандарттың, техникалық шарттардың электр жабдықтары бұйымдары және электр қондырғыларының аппараттары үшін белгілеген мерзімдерде және көлемде тексеруден және сынақтан өтуге тиіс.



Қолмен басқарылатын электр машиналарын, тасымалды электр аспаптарын және шырақтарды, көмекші жабдықтарды жарамды жай-күйінде сақтап тұру, мезгіл-мезгіл сынақтардан және тексеруден өткізіп отыру үшін ұйымның басшысының нұсқауымен электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы жауапты жұмыскер тағайындалуға тиіс.

579. Кернеу жоғалып кеткенде немесе жұмыста үзіліс болғанда электр аспабы және қолмен басқарылатын электр машиналары токтан ажыратылуға тиіс.

580. Электр аспабын және қолмен басқарылатын электр машиналарын пайдаланатын жұмыскерлерге:

1) қолмен басқарылатын электр машиналарын және электр аспабын аз уақытқа болса да басқа жұмыскерлерге беруге;

2) қолмен басқарылатын электр машиналарын және электр аспабын бөлшектеуге, қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

3) қолмен басқарылатын электр машиналарының және электр аспабының сымынан ұстап тұруға, айналып жатқан бөліктерге жанасуға немесе аспап немесе машина толық токтағанға дейін жоңқалар мен үгінділерді жинап сыпыруға;

4) жұмыс бөлігін аспаптың, машинаның патронына (іші қуыс түтік) салуға немесе одан шығаруға, сондай-ақ аспапты желіден штепсель ажыратқыш арқылы ажыратпай тұрып, оны ретке келтіруге;

5) сүйеп қоятын басқыштарда тұрып, биіктіктегі жұмыстарды орындау үшін мықты ағаштар немесе төсеме тақтай қойылуға тиіс;

6) қазандардың, металл су сақтағыштардың және т.б. барабандарының ішіне тасымалды трансформатор мен түрлендіргіш жиіліктерді енгізуге рұқсат берілмейді.

581. Бөлгіш трансформаторды пайдаланғанда төмендегілерді басшылыққа алу керек:



1) бөлгіш трансформатордан бір электр қабылдағышты ғана қоректендіруге рұқсат етіледі;

2) қоректендіруші электр желісінің бейтараптылығының режиміне байланысты трансформатордың корпусы жерге қосуы және нөлге жеткізілуге тиіс. Бұл жағдайда бөлгіш трансформаторға жалғанған электр қабылдағышты жерге тұйықтау талап етілмейді.

 

 



34. Электр қондырғыларында автомобильдерді, жүк көтергіш машиналарды, механизмдер мен басқыштарды пайдаланып жұмыс істеу

 

582. Қолданыстағы электр қондырғыларында жүк көтергіш машиналарды, механизмдерді қолданатын жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі.

583. Жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларында және ӘЖ күзет аймағында жүргізушілердің, кран жүргізушілерінің, машина жүргізушілерінің, матаушылардың электр тоғының қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы II-ден төмен болмауға тиіс.

584. Автомобильдердің, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің ашық ТҚ-ның аумағында және ӘЖ күзет аймағындағы қозғалысы, сондай-ақ машиналар мен механизмдердің орнатылуы мен жұмыс істеуі жедел персоналдың, наряд берген жұмысшының, жауапты басшының немесе - кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында - электр тоғының қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жұмыс жүргізушінің, ал құрылыс-құрастыру жұмыстарын ӘЖ күзет аймағында орындаған кезде - электр тогының қауіпсіздігі бойынша III топтағы жауапты басшының немесе жұмыс жүргізушінің бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс.

585. Ашық ТҚ-нан және ӘЖ-нің астынан өткенде жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің көтергіш және жылжымалы бөліктері көлік жағдайында болуға тиіс.

Жұмыс орны шегінде жүк көтергіш машиналардың көтергіш және жылжымалы бөліктеріндегі жұмыс органдарының көтерілген, бірақ жылжытылмаған күйінде жүксіз және адамдарсыз тегіс жердің бетімен орын ауыстырып қозғалуына рұқсат етіледі, бұл жағдайда осылай орын ауыстырып қозғалуға зауыт нұсқаулығында рұқсат етілуі және токтан ажыратылмаған шиналардың және ӘЖ сымдарының астынан өту талап етілмеуі керек.

Ашық ТҚ қозғалыс жылдамдығы жергілікті шарттармен белгіленеді, бірақ сағатына 10 шақырымнан аспауға тиіс.

ӘЖ-ің астынан автомобильдер, жүк көтергіш машиналар мен механизмдер сымдар аз салбырап тұрған (тіректерге жақын) жерден өтуге тиіс.

586. Жүк көтергіш машина мен механизмді жұмыс орындарына жұмыстарға жауапты басшы немесе жұмыс жүргізуші рұқсат берушімен бірлесе отырып қойған жағдайда, телескопия мұнарасының жебесінің, себетінің орын ауыстыруға қажетті секторы немесе биіктігі осы Қағидаларға 10-қосымшасының 1 кестесіне сәйкес рұқсат етілген қашықтықта айқындалуға тиіс.



Бұл сектор немесе көтерілу биіктігі жұмыс басталғанға дейін жалаушалар ілінген сырықтармен, ал түнгі уақытта оттармен шектелуге тиіс.

587. Машина залдары мен цехтардың төбесіне орналастырылған жарықтандыру аспаптарына көпірлі кранның арбасында тұрып, кемінде екі жұмыскер қызмет көрсетеді, оның электр қуіпсіздігі бойынша электр қауіпсіздігі бойынша III топтағы біреуі жұмысты орындайды. Екінші жұмыскер жұмыс істеп жатқан жұмысшыға жақын жерде тұрып, оның қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауына бақылау жасауға тиіс.



Көпірлі кранның арбасына уақытша төсеме тақтайлар мен басқыштарды орнатуға рұқсат берілмейді. Тікелей арба төсенішінің үстінде немесе осы төсеніштің үстіне орнатылған орнықты төсеме тақтайда тұрып жұмыс істеу қажет.

Жұмыскерді көпірлі кранның арбасына шығарудың алдында тройлерлік сымдардан кернеу түсірілуге тиіс. Жұмыс кезінде сақтандырғыш белдікті пайдалану керек.

Кран жүргізуші көпірді немесе кранның арбасын жұмыс жүргізушінің бұйрығымен ғана қозғалтуға тиіс. Көпірлі кранның қозғалысы кезінде жұмыскерлер кабинада немесе арбада орналасуға тиіс. Бұл кезде арбаның қозғалуына рұқсат берілмейді.

588. Жүк көтергіш механизмдердің 35 кВ дейінгі кернеу беріліп тұрған ӘЖ сымдарының тікелей астына қойылуына және сонда жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.



Жүк көтергіш машинаны (механизмді) шығарылатын тіректерге орнату және оның жұмыс бөлігін көлік жағдайынан жұмыс жағдайына ауыстыру жұмыстарын оны басқаратын жүргізуші орындауға тиіс. Бұл жұмыс үшін басқа жұмыскерлерді тартуға рұқсат берілмейді.

Автомобильдердің, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің өтуі, орналасуы немесе жұмыс істеуі кезінде олардың көтергіш және жылжымалы бөліктерінен, жүк артқыш арқандардан, жүктерді іліп алатын саймандардан, жүктерден кернеу келіп тұрған ток өткізгіш панельдерге дейінгі аралық осы Қағидаларға 10-қосымшасының 1 кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем болмауға тиіс.

589. Телескопия мұнараларының және су көтергіштердің жылжымалы және көтергіш бөліктері жұмыс істеу жағдайында әр кез жұмыс басталар алдында тексерілуге тиіс, ал телескопия мұнараларының, одан өзге, көтергіш бөлігі тік орнатылуға және сол қалпында сақталынуға тиіс. Жебелі крандардың бұрғыш және көтергіш құрылғыларының жұмысы тексерілуге тиіс.

590. Бұрыштық тіректердегі оқшаулағыштарды, сымдарды ауыстыруға немесе арматураны жөндеуге байланысты жұмыстарды орындау кезінде, сымдардан пайда болған бұрыштың ішіне телескопия мұнарасын (гидравликалық көтергішті) орнатуға рұқсат берілмейді.

591. Жүктер немесе олардан бос жүк көтеретін арқансымдар мен арқандардың рұқсат етілмеген қашықтықта кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жақындауына себеп болатын жел көтерілген кезде, жүк көтергіш машиналардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

592. Автомобильдердің, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің жүргізушілері, сондай-ақ матаушылар ашық ТҚ-на және ток жүріп тұрған ӘЖ-де жұмыс істеуге рұқсаттама алғанда, осы қондырғыларға өту немесе жұмыс істеу тәртібі жөнінде нұсқаулықтан өтуге тиіс.

Өзге ұйымдардың осындай жұмыскерлеріне рұқсаттама беру уәкілетті органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

593. АТҚ және кернеу түсірілместен ӘЖ-нің күзет аймағында жүргізілетін барлық жұмыстар кезінде жүк көтергіш машиналар мен механизмдер жерге қосылуға тиіс. Жерге қосқыш сымдардың қимасы осы электр қондырғысы үшін қабылданған қимадан кем болмауға тиіс. Шынжыр табан жүк көтергіш машиналарды тікелей жерге орнатқанда, оларды жерге қосу талап етілмейді.

594. Жүк көтергіш машиналардың және механизмдердің жұмысы кезінде адамдардың көтерілетін жүктің, телескопия мұнарасының (су көтергіштің) себеті астында, сонымен қатар тартылып жатқан сымдарға (арқансымдарға) тарту арқансымдары мен тартқыштарға, таяныштарға, бекіткіштерге және жұмыс істеп тұрған механизмдерге тікелей жақын (5 метрден жақын) жерде болуға рұқсат берілмейді.

595. Телескопия мұнарасында (гидравликалық көтергіште) тұрып жұмыс жүргізгенде, себеттің (бесіктің) ішіндегі бригада мүшесі мен жүргізуші арасында бір-бірін көріп тұратын байланыс орнатылуға тиіс. Мұндай байланыс болмаған кезде, мұнараның қасында жүргізушіге себетті (бесікті) көтеру немесе түсіру туралы бұйрық беретін бригада мүшесі тұруға тиіс.



Телескопия мұнарасында (гидравликалық көтергіште) тұрып жұмыс жүргізгенде, сақтандырғыш белдіктің жүк артқыш арқанынан ұстап, себеттің (бесіктің) табанына түсу қажет. Себеттен (бесіктен) тірекке ауысу немесе жабдықты ауыстыру жұмыс жүргізушінің рұқсатымен ғана орындалады.

596. Егер ток өткізгіш бөліктермен жанасу немесе электр разрядының пайда болуы нәтижесінде механизмге немесе жүк көтергіш машинаға кернеу беріліп кетсе, кернеу түсірілгенше жақын тұрған адамдардың оларға жанасуына, сондай-ақ олардан жерге түсуге рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда жүргізуші пайда болған түйіспені тезірек үзу және механизмнің қозғалмалы бөлігін ток өткізгіш бөліктерден осы Қағидалардың 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аралықтан кем емес аралықта алыстату шараларын қабылдауға, айналадағы адамдарға механизмге кернеу келіп тұрғаны және оған жақындауға, ал жанасуға мүлдем болмайтыны туралы ескертуге тиіс.

597. Кернеу беріліп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жанасу салдарынан жүк көтергіш машина тұтанып, жана бастаған жағдайда, жүргізуші оған қолын тигізбей, сол бойда екі аяғымен жерге тік қарғып түсуге және бір аяғымен секіре аттап немесе табанының ұзындығынан аспайтын қысқа адымдармен аяғын сүйрете басып, 8 метрдей жерге алыстап кетуге тиіс.

598. ТҚ тасымалды металл заттарды қолдануға рұқсат берілмейді.

599. Ұзын металл заттарды (түтіктерді, арматураларды, оның ішінде басқыштарды) ішке кіргізуді жүргізушінің, электр қауіпсіздігі бойынша IV топтағы жедел персоналдың үздіксіз бақылауымен екі адам орындауға тиіс.

Кернеуі 330 В және одан жоғары электр қондырғыларында тасымалданушы ұзын металл заттардан әсерден пайда болған әлеуетті түсіру үшін оларға жерге дейін жететін металл тізбек жалғануға тиіс.

600. Тегіс бетке тұрғызылатын ағаш сатылардың



аяқтарының табаны резеңкемен қапталуға тиіс, ал жерге тұрғызылатын сатылар сирақтарының табандарына үшкір металл ұштама орнатылуы керек. Сатылардың жоғарғы бастарын мықты негізге тіреу қажет. Сатыны сымға тіреу қажет болғанда, оның жоғарғы бөліктеріне ілмек орнатылуға тиіс.

Сатыны пайдаланатын жұмыстарды екі жұмыскер орындауға, оның біреуі төменде тұруға тиіс.

 

 



35. Құрылыс-монтаж ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларында және электр жеткізу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге рұқсат беру

 

601. Жұмыс басталар алдында электр қондырғысында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның аумағында, құрылыс-монтаж ұйымдары (бұдан әрі - ҚМҰ) осы ұйымға жұмыстардың мазмұны, көлемі және орындалу мерзімдері жөнінде мәлімет беруге, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адамдардың тізімін, онда олардың аты-жөндерін, лауазымдарын және электр тоғының қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобын көрсете отырып, табыс етуге тиіс.

602. Жұмыстарды орындауға рұқсат беру кезінде, электр қондырғысында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым, ҚМҰ өкілімен бірлесе отырып, осы ұйым аумағында жұмыс жүргізу үшін В-қосымшасының «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі» 12-03-99 ҚНжЕ нормаларымен көзделген нысан бойынша акт-рұқсаттама жазуға тиіс.

603. Акт-рұқсаттама бойынша төмендегілер:



1) ҚМҰ-ның жұмыс аймақтарын бөлектеу үшін құрылған электр схемасының көзге көрінетін үзіктерін құру орындары, қорғағыштық жерге тұйықтау құралдарын орнату орындары;

2) ҚМҰ жұмыс орындарының қоршауларының шекаралары мен түрлері. Қоршаулар ҚМҰ жұмыскерлерінің қоршалған аймақтарының шектерінен тыс жерлерге қателікпен еніп кету мүмкіндігін болдырмауға тиіс;

3) жұмыс аймағына кіру (шығу), көліктің кіру (шығу) орындары;

4) жұмыс аймағында қауіпті және зиянды факторлардың болуы айқындалуға тиіс.

ҚМҰ-ның жұмыскерлеріне рұқсаттама беруге және наряд-рұқсаттамаға қол қоюға құқылы қызметкерлер акт-рұқсаттамада көрсетілуге немесе электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым басшысының жарлығымен айқындалуға (бұл құжаттың бір данасын құрылыс-монтаждау ұйымдарының өкіліне беру жолымен) тиіс.

604. Жұмыс жүргізілетін орынға келгеннен кейін құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскері, бөлінген учаскеде қауіпті факторы бар жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтан өтуге тиіс, ал наряд беруге құқылы қызметкерлер, жауапты басшылар (қажет болғанда) және жұмыстардың жауапты орындаушылары электр қондырғыларының схемалары бойынша қосымша нұсқаулықтан өтуге тиіс.



Нұсқаулықты электр қондырғысында жұмыс жүргізілгелі жатқан ұйым бөлімшесінің басшысы (басшының орынбасары) өткізуге тиіс.

Нұсқаулықтың өткізілуі электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның және ҚМҰ-ның бөлімшелерінің нұсқаулықтарды тіркеу журналдарында атап көрсетілуге тиіс.

605. Электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның аумағында, сондай-ақ электр жеткізу желілерінің күзет аймағында жүргізілетін жұмыстарға алғаш рет рұқсаттаманы осы ұйымның қызметкерлерінің өкілі (рұқсат беруші) береді. Ол жұмыстарға жауапты басшыға немесе жұмыстың жауапты орындаушысына рұқсаттаманы осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес береді.

606. Акт-рұқсаттамада қарастырылған шаралардың сақталынуына ҚМҰ-ның және электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның басшылары жауапты.

 

 



Тарату құрылғыларындағы жұмыстарға рұқсаттама беру. Жұмыс аймағы қоршалған

 

607. ҚМҰ-ның үшін бөлінген жұмыстар аймағы электр қондырғысының жұмыс істеп тұрған бөлігіне құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскерлерінің қателесіп еніп кетуіне тосқауыл болатын тұтас немесе торлы қоршаумен қоршалады.

608. Жұмыс орындау үшін бөлініп қоршалған аймаққа ҚМҰ-ның жұмыскерлерінің жаяу өтетін және машиналар мен механизмдердің өтетін жолдары, қағида бойынша, жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларының аумағын және үй-жайды қиып өтпеуге тиіс.

609. Қоршалған аймақта ҚМҰ-ның жұмыскерлері жұмыстарды электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйым қызметкерлері берген наряд бойынша құрылыс нормалары мен ережелері «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі» 12-03-99 ҚНжЕ үлгісіне сәйкес орындауға тиіс.

 

 

Жұмыс аймағы қоршалмаған немесе толық қоршалмаған



 

610. Жұмыс аймағы қоршалмаған немесе құрылыс-монтаждау ұйымдарының жұмыскерлерінің қоршалған аймаққа баратын жолы, оның ішінде күн сайынғы жолы жұмыс істеп тұрған ТҚ-ның аумағы ішінен немесе үй-жайы арқылы өткен жағдайларда, бұл аймаққа етуге рұқсаттаманы, оның ішінде күн сайынғы рұқсаттаманы, электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның өкілі беруге тиіс.

611. Құрылыс-монтаждау ұйымдарының үшін бөлінген аймақ қоршалмаған болса, ондағы жұмыстар, электр қондырғыларында жұмыс жүргізіліп жатқан ұйымның өз міндеттерін осы ұйым берген наряд бойынша атқаратын өкілінің үздіксіз бақылауымен орындалуға тиіс.

612. Бақылаушы рұқсаттама берілген кезде орнатылған қоршаулардың, ескерту беретін плакаттардың сақталуына және қызметкерлердің кернеу келіп тұрған ток өткізгіш бөліктерге жақындаудың рұқсат етілген қашықтықтарын ұстануына құрылыс-монтаждау ұйымдарының жауапты жұмыс орындаушысымен тең жауапты.

 

 



Электр жеткізу желілерінің күзет аймағындағы жұмыстарға рұқсат беру

 

613. ҚМҰ жұмыскерлеріне кернеу келіп тұрған электр жеткізу желілерінің күзет аймағындағы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ӘЖ-нің қиылысу аралығындағы жұмыстарға рұқсаттама беруді пайдаланушы ұйымның өкілі (рұқсат беруші) іске асырады. Бұл кезде рұқсат беруші ҚМҰ әр бригадасының жауапты басшысына және жауапты жұмыс орындаушысына ғана рұқсат бере алады. Ажыратылған электр жеткізу желісінің күзет аймағындағы жұмыстарға рұқсат берушінің ҚМҰ жауапты басшысына ғана рұқсаттама беруіне рұқсат етіледі, содан кейін соның өзі қалған қызметкерлерге рұқсаттама беруге тиіс.

614. Ажыратылған ӘЖ жауапты орындаушыларға рұқсаттама беру кезінде рұқсат беруші әрбір бригаданың жұмыс учаскесіне бір-бірден жерге қосу құралын, ал жұмыстарға жауапты басшыға рұқсаттама бергенде - жұмыс учаскесіне мүмкін жақындықта бір жерге қосу құралын орнатуға тиіс.

615. Ажыратылған ӘЖ жұмыс жүргізгенде құрылыс-құрастыру ұйымдарының жұмыс учаскелерінде жерге тұйықтау құралдарын наряд бойынша ӘЖ пайдаланатын ұйымның қызметкерлері ішінен рұқсат беруші орнатуға тиіс. Жерге қосу ажырату үшін бөлек наряд берілуге тиіс. Мұндай кезде бригада мүшесі ретінде құрылыс-құрастыру ұйымдарының жұмыскерлері ішінен III топ жұмыскерін тартуға рұқсат беріледі.

616. КЖ күзет аймағында жұмыс жүргізуге берілген рұқсат қағазында және акт-рұқсаттамада КЖ орналастырылуы мен салыну тереңдігі көрсетілуге тиіс.

617. КЖ күзет аймағында жер қазу жұмыстарын бастаудың алдында КЖ пайдаланатын ұйымның қызметкерлері ішінен бір жұмыскердің бақылауымен кәбілдердің орналасуын және салыну тереңдігін дәл анықтау мақсатында топырақтың тексерістік қазылуын (шурф) жүргізу керек, сондай-ақ жер қазғыш машиналардың жұмыс аймағын белгілейтін уақытша қоршаулар орнатылуға тиіс.

618. Қажет болғанда кәбілді тесуді КЖ пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері ішінен рұқсат беруші орындауға тиіс. Бригада мүшесі ретінде ҚМҰ IV топтағы жұмыскерін тартуға болады.

619. ӘЖ-нің күзет аймағында әртүрлі көтергіш машиналарды және жылжымалы бөліктері бар механизмдерді пайдаланып жұмыс істеуге, машинадан (механизмнен) немесе оның жылжымалы немесе көтергіш бөліктерінен, сондай-ақ оның жұмыс органынан немесе кез келген қалпындағы көтерілетін жүктен (оның ішінде өте жоғары көтерілу немесе ұшу қалпында) жақын тұрған кернеу берілген сымға дейінгі ауадағы қашықтық осы Қағидалардың 10-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген қашықтықтан кем болмайтын жағдайда рұқсат етіледі.

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

1-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет