Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»



бет13/14
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130609
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Нарядтың беткі жағы

 

7. «Бөлімше» деген жазу жолында кәсіпорынның жұмыс жүргізгелі жатқан құрылымдық бөлімшесі көрсетіледі.



8. Жұмыс басшысы тағайындалмаса, «Жұмыс басшысы» деген жазу жолында «Тағайындалмайды» деп жазу керек.

9. «Рұқсат берушіге» деген жазу жолында жұмысқа рұқсаттама берген жедел жөндеу жұмыскерінің немесе жөндеу жұмыскерлері ішінен жұмыс жүргізушінің аты-жөні жазылады. Рұқсат беруші ретінде кезекші жүретін электр қондырғылары үшін жазу жолында аты-жөні көрсетілмей, «Кезекшіге» деп жазылады.

10. «Бригада мүшелерімен» деген жазу жолдарында бригада мүшелерін жеке-жеке атағаннан өзге, бригада мүшелерінің қайсысы жүргізуші, кран жүргізушісі, матаушы екені, сонымен бірге оның жұмыс істейтін механизмінің типі көрсетіледі. Мысалы: «Бекмұратов Н.З., II топ, ТВ-26 телемұнарасының жүргізушісі».

11. «Жұмыс санаты» деген жазу жолында терминдер мен олардың анықтамаларына сәйкес жұмыстар санатының толық атауы көрсетіледі.

12. «Тапсырылады» деген жазу жолдарында: электр қондырғысының, қосылымдардың, әуе желісі учаскесінің, тіректердің нөмірлері, аралықтар, тізбек, ӘЖ фазасы, жұмыс мазмұны көрсетіледі.

13. 1-кестеде көрсетіледі:

1-бағанда - коммутация аппараттарымен іс-қимыл жүргізуді және жерлендіруді орнатуды қажет ететін электр қондырғыларының атауы;

2-бағанда - коммутация аппараттары ажыратылу жүргізілетін және жерлендіру орнатылатын орындар.

2-ші бағанды толтыру кезінде келесі қағидалар сақталынуға тиіс:

станциялар мен қосалқы станциялардың электр қондырғылары үшін көзге көрінетін үзікті қамтамасыз ету мақсатында токтан ажыратылатын коммутация аппараттарының атаулары (белгілері), сонымен бірге жерге тұйықтау құралдарын орнататын орындар керсетіледі;

оларға қызмет көрсетпейтін персонал ажыратылатын АЖ және КЖ үшін, электр қондырғысының атауына сәйкес келетін жазу жолында, 1-бағанда, ТҚ да және жұмыс орнында оны жерлендіру қажеттілігі туралы нұсқаулығымен желінің атауы (белгісі) жазылады.

жедел жөндеу персоналы ажырататын АЖ және КЖ үшін, көзге көрінетін үзікті қамтамасыз ету мақсатында ажыратылатын, ТҚ-да және АЖ-ның өзіндегі коммутация аппараттарының атауы (белгісі) көрсетіледі, сондай-ақ жерлендіру орнататын орындар (ТҚ-да және жұмыс орнында);

оған қызмет көрсетпейтін ажырататын персонал да, жедел жөндеу персоналы да АЖ және КЖ үшін, жазулар олардың әрқайсысы үшін жоғарыдағы қағидаларға сәйкес жазылады.

Жұмыс орнын әзірлеуді талап етпейтін жұмыстар кезінде 1-кестенің бағандарында «Талап етілмейді» деген жазу жазылады.

14. «Жеке нұсқаулар» деген жолдарда жазылады:

жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша шаралар (қосымша жерге тұйықтауды мен қоршаулар орнату, ауаны қауіпті газдың бар-жоқтығына тексеру, өрт қауіпсіздігінің шаралары және т.б.), сондай-ақ осы шараларды бригаданың өзінің орындауына рұқсат;

нарядты бақылаушыға ресімдеген кезде - бригаданы басқаратын қызметкер;

жетекшіге немесе жұмыс орындаушыға (бақылаушыға) бригаданы басқа жұмыс орнына көшіру үшін берілетін рұқсат;

электр қондырғыны немесе оның бөлігін кезекшінің өкімісіз қосу рұқсаты;

жерге тұйықтауды уақытыша алуға рұқсат; орындалатын жұмысқа байланысты басқа да жазулар.

15. 2-кесте жұмысқа алғаш рет рұқсаттама алғанда толтырылады.

1-бағанда рұқсат берушіге осы рұқсатты берген тұлғаның тегі және лауазымы көрсетіледі. Рұқсат беру кезінде 1-бағанда рұқсат берген тұлға тікелей өзі лауазымын көрсетіп, қол қояды.

 

 



Нарядтың келесі жағы

 

16. Электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы электр қондырғыларында жұмыс жүргізген кезде «Жұмыс орындары әзірленді. Кернеу беріліп тұр» деген жазу жолдарында рұқсат беруші жөнделініп жатқан қосылымның ток өткізгіш бөліктері, сонымен қатар, жұмыс орнына жақын көршілес қосылымдардың кернеу беріліп тұрған ток өткізгіш бөліктерін көрсетуі керек.



Әуе және кәбіл желідегі жұмыстар кезінде бұл жазу жолдарында жөнделіп жатқан желінің күзет аймағындағы қиып өтетін және жақындасатын басқа әуе және кәбіл желілері көрсетіледі.

Қажет болса, рұқсат беруші өзге де ток өткізгіш бөліктерді көрсетіп жазады.

Рұқсат беруші мен жұмыстарға жауапты басшы (жұмыс жүргізуші немесе бақылаушы, егер басшы тағайындалмаса) жұмыс орнын қабылдағаннан кейін және алғаш рет рұқсаттама берілгенде ғана «Жұмыс орындары әзірленді. Кернеу беріліп тұр» деген жазу жолдарының астына қол қояды.

17. 3-ші кестеде Күн сайын жұмысқа берілетін рұқсаттама, жұмыстың аяқталуы, сонымен бірге, бригаданың басқа жұмыс орнына ауыстырылғаны жазылады.

Егер жұмыстардың басшысы (жүргізуші) рұқсат берушінің міндеттерін қоса атқаратын болса, онда ол рұқсаттама беру кезінде 3-ші және 4-ші бағандарда қол қояды.

18. Бригада құрамындағы өзгерістер 4-ші кестеде көрсетіледі және кестенің 4-ші бағанында наряд берушінің қолымен куәландырылады. Бригада құрамының өзгеруіне телефон, радио немесе шабарман арқылы рұқсат бергенде, жұмыстардың басшысы (жүргізуші) 4-ші бағанда рұқсат берген тұлғаның аты-жөнін жазып, қол қояды.

Бригадаға автомобиль жүргізушісін немесе механизм және кран жүргізушісін енгізгенде немесе шығарғанда, оларға бекітіліп берілген автомобильдің, механизмнің түрі көрсетіледі.

19. Егер бригада жерлендіру құралдарын орнатпаса, онда мәтіннен

«бригаданың орнатқан жерлендіру құралдары алынды» деген сөздер

сызылып тасталуға тиіс. Наряд бланкісінің қалған жазу жолдары олардың атауларына және жолма-жол мәтінге сәйкес толтырылады. Пайдаланылмаған жазу жолдарында сызық салынады.

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

3-қосымша

 

 



Нарядтар және өкімдер бойынша орындалатын жұмыстардың тәртібі мен есебі

 

Жергілікті жедел персонал бар электр қондырғыларында нарядтар және өкімдер бойынша орындалатын жұмыстар (үй кезекшілігінен басқа) сол мақсатқа арналған жұмыстардың есебін жүргізу журналында төменде ұсынылып отырған үлгіде есепке алынуға тиіс.



Журналдың тиісті бағандарында жедел журналда ғана жазылатын, жедел жұмыс атқаратын персоналдың бакылауымен орындалатын жұмыстардан басқа: жұмысқа алғаш рет наряд бойынша берілетін рұқсаттама, ол жұмыстың толық аяқталуы, жұмысқа өкім бойынша берілетін рұқсаттама және оның аяқталуы есепке алынады.

Сондай-ақ жұмысқа наряд бойынша алғаш рет берілетін және күн сайынғы рұқсаттамалар жедел журналға жазылады, ондай кезде тек қана нарядтың нөмірі және жұмыс орны көрсетіледі.

Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстарды есепке алу журналын жергілікті жедел жұмыс атқаратын персонал жүргізеді. Журнал нөмірленуге, оған бау тағылуға және мөр жапсырылуға тиіс. Оның соңғы жазудан кейін сақталу мерзімі - 6 ай.

Электр қондырғыларында жергілікті жедел персоналсыз және үй кезекшілігімен жұмыстардың есеп журналы жүргізілмейді, нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстар жедел журналда есепке алынады.

 


Өкімнің нөмірі

Наряд нөмірі

Жұмыстың орны және атауы

Жұмыс жүргізуші немесе бақылаушы (тегі, аты-жөні, тобы)

Өкім бойынша жұмыс істейтін бригада мүшелері (Т.А.Ә., тобы)

Наряд және өкім берген тұлға (Т.А.Ә., тобы)

Жұмысқа кірісті (күні, уақыты)

Жұмыс аяқталды (күні, уақыты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпелер:

1. Өкім бойынша орындалатын жұмыстардың саны көп болғанда, оларды реттік нөмірлері бойынша жазу ай сайын жаңадан басталуға тиіс.

2. Наряд бойынша жұмыс жүргізген кезде 2, 3, 7, 8-бағандар ғана толтырылады.

Жергілікті жағдайларға байланысты журналдың ұсынылып отырған үлгісін толықтыруға немесе түрін өзгертуге рұқсат беріледі.

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

4-қосымша

 

 



Электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы

куәлік

 

1. Электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы куәлік оны көрсетуші тұлғаның аталған лауазым (кәсіп) бойынша өз бетінше жұмыс істеу құқын куәландырады.



2. Куәлік қызметкерге оны жұмысқа қабылдау кезінде беріледі және электр қондырғыларында жұмыс істеудің нормалары мен қағидалары бойынша білімін тексеру нәтижелері жөнінде тиісті жазулар жазылғаннан кейін ғана жарамды болып табылады.

3. Куәліктің екінші бетінде электр қондырғыларын құру, электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын, осы Қағидаларды және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі бойынша жалпы бағасы қойылады.

4. Үшінші бет лауазымдық міндеттері және өндірістік қызметінің сипаты бойынша өндірістік қауіпсіздік қағидалары және басқа арнайы қағидалар бойынша аттестат талап етілетін тұлғаларға арналып толтырылады.

5. Төртінші бет арнайы жұмыстарды (жоғарыға шығып орындайтын жұмыстар және сынақтар жүргізу және т.б.) орындауға рұқсаттама берілген персонал үшін толтырылады.

6. Қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін орындаған уақытта өзімен бірге куәлігін ұдайы алып жүруге және оны бақылаушы қызметкердің талабы бойынша керсетуге тиіс.

7. Куәлік қызметкердің лауазымы өзгерген жағдайда ауыстырылуға немесе ол жұмыстан босатылған уақытта қайтарылуға тиіс.

8. Куәлік тыстамасы матадан қапталған қатты мұқабадан және төрт бет қағаздан тұрады. Куәліктің көлемі 95 мм х 65 мм. Мұқабаға лайықты саналатын түс - қоңыр қызыл түс.

9. Мұқабаның оң бетінде қайшылықты (ақ немесе сары) түспен: КУӘЛІК деген сөз ойып жазылады.

10. Куәліктің үлгісі төмендегідей:

 

Бірінші беті:

 

КУӘЛІК № ____ _____________________________________________

(ұйым)

_____________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_____________________________________________________________________________________

лауазымы (мамандығы)

Кернеуі _______________________________________________________ электр қондырғыларында

____________________________________________________________________________________

ретінде жұмыс істеуге рұқсат берілді

 

Берілген күні: «___» ____________ 20 __ ж.



М.О.

Жұмыс беруші (электр шаруашылығына жауапты)

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




______________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

Білімін тексеру нәтижелері жазылмаса жарамсыз.

Қызметкер міндеттерін орындаған кезде өзімен бірге куәлігін ұдайы алып жүруге тиіс.

 

Екінші беті:

 


Нормативтік құжаттарды білуін тексеру нәтижелері

Тексеру күні

Тексеру себептері

Электр қауіпсіздігі жөніндегі тобы

Жалпы баға

Келесі тексеру күні

Комиссия төрағасының қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үшінші беті:

 


Өнеркәсіптік қауіпсіздік және басқа арнайы қағидалардың нормативтік құжаттарды білуін тексеру нәтижелері

Тексеру күні

Нормативтік құжаттардың атауы

Комиссияның шешімі

Комиссия төрағасының қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төртінші беті:

 


Арнайы жұмыстарды жүргізу құқығының куәлігі

Өткізілетін күні

Жұмыстардың атауы

Комиссия төрағасының қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

5-қосымша

 

 



Электр қондырғыларына бақылау жасайтын қызметкерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру туралы

куәлік

 

Бірінші беті:

 


Куәлік

 

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі электр қондырғыларындағы жұмыс нормалары мен қағидалары және еңбекті қорғау (қауіпсіздік қағидалары) қағидалары бойынша білімін тексеру туралы



 

Екінші беті:

 


______________________________________________________ министрлігі (ведомствосы)

_______________________________________________________________________ ұйымы

Куәліктің № ___________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

(аты-жөні)

Лауазымы ____________________________________________________________________

Кернеуі ______________________ электр қондырғыларына тексеру жүргізуге рұқсат берілді

 

М.О.

 

Берілген уақыты:

«___» ____________ 20___ ж.

 

Жұмыс беруші



(бас инженер)________________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты-жөні)

 

Үшінші беті:

 


Нормативтік құжаттарды білуін тексеру нәтижелері

Тексеру күні

Тексеру себептері

Электр қауіпсіздігі жөніндегі топ

Жалпы баға

Келесі тексеру күні

Комиссия төрағасының қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төртінші беті:

 


Куәлік білім тексеру нәтижелері жазылмаса жарамсыз. Қызметкер қызметтік міндеттерін орындаған кезде, өзімен бірге куәлігін ұдайы алып жүруге тиіс.

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік

техникасы қағидаларына

6-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет