Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1354 Қаулысы


Электрмен дәнекерлеу қондырғылары



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#124731
1   2   3   4   5   6   7   8


Электрмен дәнекерлеу қондырғылары

 

418. Қағидалардың осы тарауы тұрақты және айнымалы токты доғалы дәнекерлеу үшін тұрақты немесе жылжымалы (тасымалды) қондырғыларына арналады.

419. Электрмен дәнекерлеу қондырғылары, оларды монтаждау және орналастыру электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

420. Дәнекерлеу тогының көздері кернеуі 660 В-тан жоғарыламайтын таратушы электр тораптарына жалғастырылады.

421. Доғалы дәнекерлеудің барлық түрлеріне арналған дәнекерлеу тогының көздері ретінде тек осыған арналған арнайы және қолданыстағы стандарттардың талаптарын қанағаттандырушы дәнекерлеу трансформаторлары немесе түрлендіргіштер (электр қозғалтқышымен, немесе іштен жанатын қозғалтқышы болатын статистикалық немесе қозғалтқыш генераторлар) қолданылады.

422. Электрмен дәнекерлеу қондырғысының алғашқы тізбегі коммутациялық (істен ажыратушы) және қорғаныс электр аппараттарын қамтиды.

423. Дәнекерлеу тогының көп бекетті көзі бар электрмен дәнекерлеу қондырғылары асқын жүктемеден көзді қорғау үшін (автоматты ажыратқыш, сақтандырғыштар), сондай-ақ дәнекерлеу бекетіне баратын әрбір желіге коммутациялық және қорғаныс электр аппараттарының құрылғысы бар.

424. Тасымалды (жылжымалы) электрмен дәнекерлеу қондырғысы коммутациялық аппараттан оларға жалғанушы икемді кәбілдің ұзындығы 15 м аспайтындай қашықтықта болады.



Осы талап қондырғыларды троллейлік жүйе бойынша қуат алуға және оны орнатудың техникалық жағдайларына сәйкес конструкциялармен қарастырылған басқа ұзындық жағдайына жатпайды. Жылжымалы электрмен дәнекерлеу қондырғыларды басқа жаққа жылжыту уақытында тораптан ажыратылуы қажет.

425. Айрықша қауіпті жағдайларда (металл сыйымдылық ішінде, құдықтарда, үңгіжолдарда, қазандықтарда, кемелер бөлігінде) дәнекерлеу үшін немесе қауіптілігі жоғары үй-жайлардағы жұмыс үшін айнымалы және тұрақты ток көздерімен барлық электрмен дәнекерлеу қондырғылары дәнекерлеу тізбегінің үзілуі немесе осы жағдайлардағы мәнінің қауіпсіздігіне дейін шектелуі кезінде бос жүрістің кернеуін автоматты түрде істен ажырату құрылғыларымен жабдықталады.

426. Дәнекерлеу тогының көзінен қолмен доғалы дәнекерлеудің ұстатқыш қондырғысына ток жеткізу үшін резеңке оқшаулағыштағы және резеңке қабыршақтағы икемді дәнекерлеу электроды қолданылады. Тез жанғыш полимер материалдармен қапталатын немесе оқшаулағыштағы сымдарды қолдануға тыйым салынады. Кері қайтатын сым электрод ұстатқышқа тура жалғасатын сым секілді оқшауланған. Тұрақты пайдаланылатын электр қондырғыларында кері қайтатын сым ретінде икемді жүмсақ және қатты сымдар, сондай-ақ мүмкін болатын жерде қимасы жеткілікті кез келген пішінді, болат немесе алюминий шиналар, дәнекерлеу тақтайлары және дәнекерленетін конструкциясы қызмет етеді.

Кері қайтатын сым ретінде пайдаланылатын жеке элементтерді өзара жалғастыруды дәнекерлеу немесе бұранда, қысқыш, қыспақтардың көмегімен орындалады.

427. Жерге тұйықтау торабының өткізгіштерін, сондай-ақ ғимараттардың металл құрылыс конструкцияларын, құбырлар мен технологиялық жабдықты кері қайтатын өткізгіш ретінде пайдалануға жол берілмейді. Кері қайтатын сымның барлық тізбегі көзге көрінетіндей және қуат алу көзінен дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін жерге дейінгі жағдайларда ғимараттардың (оның ішінде кран асты жолдарын) металл құрылыс конструкцияларын монтаждау мен жөндеу кезінде осы мақсат үшін ерекше ретінде қолдануға рұқсат етіледі.

428. Дәнекерлеу тогының бірнеше көздерін жалғастыру схемасы олардың бір дәнекерлеу доғасындағы жұмысы кезінде бұйым мен электрод арасында алынатын кернеуі дәнекерлеу тогы көздерінің бірінен бос жүрісті неғұрлым үлкен кернеудің жоғарылауын бодырмайды.

429. Торапың нақты кернеуі кезінде доғалы дәнекерлеу қондырғыларындағы ток көзінің бос жүрісті кернеуі айнымалы ток көздері үшін қолмен және жартылай автоматты доғалы дәнекерлеу кезінде 80 В (қолданыстағы мәні), автоматты доғалы пісіру кезінде 140 В, тұрақты токтың көздері үшін (орташа мәні) 100 В деңгейінен жоғарыламауы қажет. Генераторлардың дәнекерлеу тогы тізбектерінде доғаның 0,5 секундқа созылатын үзіп тастауы кезінде кернеудің қысқа мерзімді қарқынына рұқсат етіледі.



Айнымалы ток доғасының жану орнықтылығын жоғарылату үшін қолданылатын импульстік генератор дәнекерлеу трансформаторының бос жүрісті кернеуін 1 В-тан (қолданыстағы мәні) ұлғайтпайды.

430. Плазмалық өңдейтін қондырғылардың пісіру тогы көздерінің бос жүрісті кернеуі нақты көрсеткішті торабы кезінде автоматты кесетін қондырғылар үшін 500 В-тан аспауға тиіс, жартылай автоматты кесетін немесе тозаңдатып бүркетін қондырғылар үшін - 300 В, қолмен кесетін, дәнекерленетін немесе балқытатын қондырғылар үшін - 180 В.

431. Электрмен дәнекерлейтін қондырғыларда жерге тұйықтайтын (нөлдік жағдайы) өткізгішке арналған бұранда (винт, шпилька) және оның айналасында «Жер» немесе жерге тұйықтаудің шартты белгісін жазу үшін түйіспелі алаңшасы болады. Жабдықтың ток жүрмейтін металл бөліктерін жерге тұйықтауден басқа, әдетте, дәнекерлеу ток көзінің екінші реттік тізбегі қысқыштарының (шықпаларының) бірінен жерге тұйықтау қарастырылады.

Технологиялық үрдістің жағдайлары бойынша электрмен дәнекерлеу қондырғыларын жерге тұйықтау мүмкін болмағанда, қорғаушы өшіретін құрылғылармен жабдықталады.

432. Жабық үй-жайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде олардың құрылуына тікелей жақын дәнекерлеу аэрозольдарын сору қарастырылуы керек. Электрмен дәнекерлеу қондырғыларына арналған үй-жайдың желдетілетін құрылғыларына қоршаған ортадағы зиянды заттардың таралуын болдырмайтын сүзгілер қойылады.

433. Дәнекерлеу орнында және қуыстары мен конструкциялары жабық үлкен ыдыстардың ішінде қоспалы зат, сондай-ақ, ашық доғалы пісіру кезінде желдетілуін қамтамасыз етіледі. Желдетілуі мүмкін болмаған кезде, дәнекерлеу бет пердесіне 6-8 м3/сағ мөлшерінде таза ауа беріледі.

434. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарына оқытылған, тиісті нұсқаулық алған және қауіпсіздік талаптарының білімін тексеруден өткізген, электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІІ тобын иемденіп, соған сәйкес куәлігі бар адамға рұқсат беріледі.



Арнайы оқытылған электрмен дәнекерлеушілерге белгіленген тәртіпте электр қауіпсіздігі бойынша жылжымалы электрмен дәнекерлеуші қондырғылардың торабына қосуға және одан ажыратуға құқығы бар ІІІ және одан да жоғары деңгейдегі тобы беріледі.

435. Тасымалды және жылжымалы электрмен дәнекерлеуші жабдық электрмен дәнекерлеушіге бекітіліп беріледі, тасымалды және жылжымалы электр қабылдағыштарды, соларға қосалқы жабдықты мүліктік есепке алынуын, кезеңді тексерілуін және жөнделуін тіркейтін журналда осы жайлы жазылады. Электрмен дәнекерлеушілерге бекітіліп берілмейтін доғалы дәнекерлеуге арналған токтың жылжымалы және тасымалды көздері есіктеріне құлып салынатын үй-жайларда сақталады.

436. Электрмен дәнекерлеу қондырғылардың торапқа жалғастырылуын және ажыратылуын, сондай-ақ, олармен пайдалану үрдісінде жай-күйінің жарамдылығын қадағалауды осы кәсіпорынның электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІІІ тобы бар электр техникалық персонал орындайды.

437. Электр тогымен зақымдалуы жоғары және айрықша қауіпті жағдайда дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде дәнекерлеуші арнаулы киімдерден басқа, ток өткізбейтін қолғаптарды, кебіс пен резеңке төсемелерді қосымша пайдалануға міндетті.



Тұйықталған немесе көрінуі қиын кеңістіктерде жұмыс істеу кезінде сондай-ақ қорғаушы (полиэтиленді, текстолитті немесе винипласты) қалпақ киюге міндетті; бұл жағдайда металл қалқандарды пайдалануға тыйым салынады.

438. Тұйықталған немесе көрінуі қиын кеңістіктердегі дәнекерлеу жұмыстарына жіберілген адам екі байқаушының бақылауымен орындалады, оның біреуінде электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ тобы бар. Байқаушылар дәнекерлеушінің жұмысты қауіпсіз жүргізуін сырт жақта тұрып бақылайды. Дәнекерлеушінің бір ұшы байқаушыда болатын арқан бойына бекітілетін сақтандырғыш белбеуі болады. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары, тек 532-тармақ талаптарының қойылымында жүргізіледі.

439. Қысымы бар жабық ыдыстарда (қазандықтар, баллондар, құбырлар және т.б) және тұтанғыш немесе қауіпті жарылғыш заттары болатын ыдыстарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Цистерна, бактар мен бөшкелер, резервуарлар және тез тұтанатын сұйықтардың көлемді ыдыстарын, сондай-ақ, жанатын және тез тұтанатын газдар ыдыстарын алдын ала мұқият тазартпай, оларды буламай, газдарын желдетіп шығармай электрмен дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Аталған ыдыстарда дәнекерлеу жұмыстарын орындауға осы шараларды қауіпсіз жүргізуге жауапты адам оларды өзі тексергеннен кейін ғана рұқсат береді.

440. Электрмен дәнекерлеу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі электр жабдығына сынау жасау нормалары мен жергілікті жағдайлар, дайындаушы зауыт нұсқаулықтарын, осы қондырғыларды пайдалану бойынша нұсқауларды, осы тараудың талаптарын есепке ала отырып, кәсіпорында қабылданған схемаға сәйкес әзірленіп, жүзеге асырылады.

441. Электрмен дәнекерлеу қондырғыларына сынау жасау және өлшеу қолданыстағы нормаларға сәйкес, сонымен қатар, дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарымен жүзеге асырылады. Бұған қоса, осы қондырғылардың оқшауламалы кедергісін өлшеу олардың жұмысындағы ұзақ үзілістен кейін, жабдықты ауыстырғаннан кейін, бірақ кемінде 6 айда 1 рет жүргізіледі.

442. Дәнекерлеу жабдығын пайдалану, техникалық жөндеудің жылдық кестесін орындау, дәнекерлеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге жауапкершілігі белгіленген тәртіпте кәсіпорын басшысы бекіткен лауазымдық жағдайлармен анықталады. Кәсіпорында бас дәнекерлеуші немесе оның функциясын атқарушы адамның (мысалы, бас механиктің) лауазымы болуы кезінде аталған жауапкершілік соған жүктеледі.

 

 

Электрқыздырғыш қондырғылары




Доғалық электр пештері

 

443. Доғалық пештерде тәжірибе жасау жолымен екінші реттік кернеудің барлық сатыларына және дроссельдің реактивтік кедергісі сатыларына арналған жұмыстық сипаттамалары алынуы қажет.

444. Цехта параметрлері біркелкі бірнеше пештің болуы кезінде сипаттамалары солардың бірінде анықталады.

445. Электр пештеріне салынуы кезеңінде электродтардың әбден қызған ұштары электр пештерінің күмбезі астында болуын қадағалаған жөн. Доғалы болат балқытқыш пештердің қондырғыларында ток қорғаушымен асқын жүктемеден жөнге келтіру электрлік режимнің автоматты реттегіш әрекеті арқылы келістірілуі керек. Пайдаланылу үрдісінде қысқа тұйықталуы автоматты реттегіш арқылы жойылуға тиіс және электродтарды жылжытумен қысқа тұйықталуды тез жоя қою мүмкіндігі болмай қалған жағдайда ғана асқын жүктемеден қорғаушы жұмыс істегені дұрыс.

446. Электрлік режимнің автоматты реттегішін жөнге келтіру доғалы электр пешінің қолайлы жұмыс режимін қамтамасыз етуі керек. Реттегіштерді жөнге келтіру параметрлерінің кезеңі бақылануы тиіс.

Автоматты реттегіштерді тексерудің көлемдері мен мерзімдері дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары және есепке алу жолымен құрастырылатын жергілікті нұсқаулықтармен анықталады. Автоматты реттегіштерді толық тексеру жылына бір рет жүргізілуі керек.

447. Ток жүретін сым мен электрод ұстатқыштардың қысқа торапты түйіспелі жалғамалары алты айда бір рет кезеңді қаралуға тиіс.



Электродтардың түйіспелерінде электр энергиясының шығынын қысқарту мақсатында олардың шеттері мен ниппельді жалғамаларының жоғары сапасы және электродтардың тығыз ширатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.

448. Трансформаторлар мен май айырғыштардағы май сапаларын, оның электрлік беріктігіне сынақ жасауды бақылау, трансформаторлар мен май айырғыштардың ток бағытын ауыстыруда түйіспелерін тексеру электр қондырғыларына жауапты адам белгілеген мерзімде, Осы Жалпы электр қондырғылары үшін қағидалармен көзделгеннен жиі жүргізілмейді.

449. Қондырғыларда қалдықты қайтадан балқытуға дайындығы бойынша барлық жұмыстар трансформатор өшіріліп тұрған кезде ғана атқарылады. Егер, бір трансформатор екі қалдықты қондырғыны алма-кезек қоректендіретін болса, біріншісі токка қосылғанда, екінші қондырғыны дайындау қауіпсіздігі жөнінде арнайы нұсқаулық әзірленуге тиіс. Бұл электр қондырғылары тізбесін тұтынушының басшысы бекітеді, ал нұсқаулық қызметшіге жеткізіледі.

450. Доғалы электр пештерін энергиямен жабдықтау келісім шартымен анықталатын шегінде электр энергиясы сапасының нашарлауына жол бермейтіндей құрылғылармен жарақтандырылғаны абзал.



Доғалы электр пештердің сүзгілі орнын толтырғышсыз құрылғылары жұмысына жол берілмейді.

451. Доғалы болат балқытқыш пештерінде электродтарды қайта салу, қарқынын арттыру және алмастыру бойынша, сондай-ақ, электродтың саңылауларын тығыздау бойынша жұмыстар электр пештері өшіріліп тұрғанда жасалуы қажет.



Рудалы қыздырғыш пештердің өздігінен балқитын электродтарын толтыруды, тежелетін таспаны дәнекерлеу және электродтық массаға күш түсіруді қайта жүргізу мен қарқынын арттыру шараларын 1000 В дейінгі электр қондырғыларында кернеуін түсірместен жүргізуге болады. Бұл жұмыстар фазааралық бөлгіш оқшауламалы қоршаулары болатын оқшауланған жұмыс алаңшаларында атқарылғаны жөн.

 

 



Плазмалы-доғалық және электронды-сәулелік қондырғылар

 

452. Плазмалы-доғалық және электронды-сәулелік қондырғыларға осы қондырғылардың жұмысына арнайы дайындығы бар жұмыскерлер қызметі көрсетуге тиіс.



453. Дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары негізінде плазмалы-доғалық және электронды-сәулелік қондырғыларды жергілікті жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсетілуі бойынша электротехникалық және электротехнологиялық қызметшілерге арналған біртұтас жергілікті нұсқаулығы құрастырылып, бекітілуі керек (бұдан әрі - плазмалы-доғалық және электронды-сәулелік қондырғылар электронды-сәулелік деп аталады).

454. Электронды-сәулелік қондырғылар мынадай блоктауғыштармен:



бүлендер (блоктар) қоршауының қақпақтары мен электр жабдығы орын-жайы есіктерінің ашылуы кезінде электрмен өшірілетін май айырғыштары (электрлік блоктағыш құлыптары);

май айырғыш камералары қақпақтарының ашылуына мүмкіндік беретін, сондай-ақ, түзеткіш ажыратқыштар мен қыздыратын бүленді ажыратқыштардың тек өшіріліп тұрған жағдайы кезінде ғана ажыратқыштар жетектерінің механикалық блоктағышпен жабдықталады.

455. Қондырғыны токқа қосу кезінде сигнализацияның бүлені есіктерін, басқару пульті қақпағын және электр жабдығының қорғаушы қаптарын ашуға жол етілмейді.

456. Электронды-сәулелік қондырғының сәулелі қыздыратын аймағындағы жөндеу жұмыстары оны тек өшіріп, жермен қосқан соң ғана жүргізіледі.

457. Электронды-сәулелік қондырғылардың рентгендік сәулелену деңгейі қолданысты санитарлық нормалардың мүмкіндікті мәндерінен жоғары болмауы керек. Қондырғыларды пайдалану үрдісінде кезеңді дозиметрлік бақылау жүргізілуге тиіс.

 

 

Кедергілік электр пештері



 

458. Электр пеш қаптамасының сыртқы бетінің температурасы дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарымен белгіленген мәндерінен жоғары болмағаны жөн.

459. Қыздырғыш элементтердің жай-күйін дайындаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес, жергілікті жағдайларды есепке ала отырып тексеру қажет.

 

 

Индукциялық балқытқыш және қыздырғыш приборлар



 

460. Осы тараудың тармақтары өнеркәсіптік (50 Гц), жоғарылатылған (30 кГц дейінгі) және жоғары (30 кГц жоғары) жиілікті электрмен қыздырғыш индукциялық қондырғыларға таратылады.

461. Су салқындатқыш жүйесінің металл құбырларын токтардың кемуінен тот басуды төмендету үшін оларды су салқындататын бөлшектері кернеуіне қосылымды оқшауламалы өңештерге өтетін алғашқы сәтінен жермен қосқан абзал.

462. Судың салқындатылуы қондырғы токқа қосылған сәтінен бастап, оны өшірген соң, бөлшектері толық суығанға дейін үзіліссіз жүзеге асырылуы керек. Қондырғы құрылғысы токқа қосылуымен салқындатылатын су блоктаушының болуы міндетті.

463. Индукциялық балқытқыш пештер мен қыздырғыш қондырғыларға қызмет көрсетуші жұмыскерлер, электромагниттік өрістермен жайылатын токтардан оның конструкциялық элементтерінің қызып кету деңгейіне үнемі бақылау жасауды жүргізуге міндетті. Алынатын нәтижелеріне қарай, шығынды бәсеңдету жөніндегі шаралар қабылдануға тиіс.

464. Электротехникалық қызметшілер қондырғыларды қарап шығу шараларын ұйымда бекітілетін кестеге сәйкес жүргізеді. Қарап шығу нәтижелері мен олқылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар қондырғы жұмысының журналына енгізіледі. Қарап шығу кезінде келесідегідей жайттарға көңіл аударылуы қажет:

қызметші еңбегінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуші блоктауышты барлық құрылғылардың тоқтап қалмауын, сондай-ақ, қондырғының барлық технологиялық, электрлік элементтерін қосудың кезектілігі және қажетті айқындылығы;

жекелеген бүлендердің қалқалануы және жермен қосылу сенімділігі;

қосылуы мен өшірілуінің неғұрлым көп мөлшері болатын реттеуші аппаратура түйіспелерінің тазалығы;

доғалы сөндіру арқылы түйіспелер жұмысының дұрыстығы;

қондырғы бөлшектерінің су салқындатқыш беттерінде қаспақтануының болмауы;

қондырғы бөліктерінде шаң-тозаңның болмауы.

465. Индукциялық қондырғыларды қарап шығу және жөндеу жұмыстары оларды қоректендіру көздерінен өшірген соң ғана жүргізіледі.

466. Индукциялық балқытқыш пештер индукторын салқындату жүйесінің су беруді тоқтату кезінде индуктор кернеуін түсіруді қамтамасыз етуші блоктауышы болуға тиіс.

467. Индукциялық балқытқыш пештерде балқытуды жүргізу кезінде пешке қабатталып салынған өнімдерді көсеп араластыру үшін оқшауламалы сабы бар аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Қолды күйдіріп алмас үшін қолғап киіп жұмыс істеген дұрыс.

468. Индукциялық балқытқыш пештердегі балқыту үрдісінде тербелмелі түйістіргішті жөнге келтіру үшін кернеудегі түйістіргішті конденсаторларды қосуға қашықтан басқаратын жетегі бар ажыратқыштардың болуы кезінде рұқсат етіледі. Кернеудегі түйістіргішті конденсаторларды өшіруге рұқсаттама берілмейді.

469. Қыздырып өңделетін операциялар атқарылатын және бейімдендірілген агрегаттардың бөлігі болып табылатын (ұстаханалық-престеу мен прокатты стандардың құбыр пісіргіші, және басқа) қыздырғыш орындары олардың жекелеген тораптары ретінде кіргізіледі.

470. Қыздырғыш орнында төмендетілуі ұйғарымды жоғары жиілікті трансформаторлар арқылы қосылатын ашық қыздырғыш индукторлармен жұмыс кезінде келесідегідей қорғаушы шаралары қарастырылуға тиіс:

қыздырғыш орнының ысытылуын және өшірілуін басқару тетіктері қыздырушы оператордың орны үшін қолайлы болатындай, қыздырғыш индуктордан тікелей жақын орналастырылуы керек;

ұйғарымды жоғары жиілікті трансформаторлардың екінші реттік орамасының бір нүктесі кез келген тұсында жермен қосылуы қажет;

қыздырушы оператордың жекелей қорғаушы құралдары болғаны жөн;

«қондырғы кернеуге қосылған кезде индукторға қол тигізуге рұқсат етілмейді» деген плакат ілінуге тиіс.

 

 



Жоғары жиілікті қондырғылар

 

471. Ультрадыбыс және радиожиілігі арқылы өңдейтін қондырғыларға материалдарды (металдарды - индукциялық қыздыруы кезінде, ток өткізбейтін материалдарды - конденсаторлардың электр өрісінде) қыздырып өңдеу және оларды ультрадыбыстық өңдеу үшін пайдаланылатын электр қондырғылары жатады.

472. Қоздырғыш тербелістерінің жиілігі кестесі бойынша кезеңді, сонымен бірге, тербелмелі түйістіргіштің бөлшектенуіне байланысты әрбір жөнделуі немесе оның бөлшектері алмастырылған соң паспорттық деректерге сәйкес тексерілуі қажет.

473. Жұмыс орнындағы электромагниттік немесе электр өрісі нормаланған мәндерінен жоғары қалқаланбайтын қыздырғыш орындарын, жұмыстық конденсаторларды және басқа да технологиялық құрылғыларды пайдалануға рұқсат етілмейді

474. Қойылған тұрақты қоршауды алып тастау немесе оның блоктағышынсыз кернеуде реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде блоктағышты немесе қоршауды алып тастаудың қажеттілігіне көз жеткізілуі және жұмыстың қауіпсіз жағдайларын құруға арналған қосымша шаралар қарастырылуы керек.

475. Жұмыс істеп тұрған қондырғыда өлшеу уақытында тұрақты қоршауларға еніп кетуге және ток жүретін бөліктерге жақындауға байланысты қандай да бір реттелетін жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

476. Ультрадыбыстық өңдеуге арналған қондырғылардың технологиялық элементтерінде қызмет көрсетуші жұмыскердің жанасып жүруіне тура келетін ортасы мен материалдарында электрлік шамалардың болмауын қамтамасыз етуші шаралар қарастырылуға тиіс. Барлық жоғары жиілікті бөліктері санитарлық нормалар мен ережелердің және мүмкіндікті радио бөгеуілдердің талаптарына сәйкес қалқалы болғаны дұрыс.

477. Қондырғылар, сақтандырғыштар және тағы басқаларының жарамсыз бөлшектерін алмастыру бойынша барлық жұмыстар кернеу түсірілген соң жүргізілуі қажет.

 

 

Электродты қазандықтар



 

478. Осы Қағидалар тұрғын үйлер, коммуналдық-тұрмыстық, қоғамдық және өндірістік ғимараттар, құрылыстар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қондырғыларын ыстық су және бумен жабдықтаушы жылыту жүйелері үшін тағайындалатын, кернеуі 1000 В және одан жоғары өнеркәсіптік жиілікті ток көздерінен қоректендіруші, солардағы ысытылатын судың температурасы және жұмыстық қысымына қарамастан, электродты су жылытқыш пен бу қазандықтарына таратылады.

479. Электродты қазандықтар мен құбыр желілерінің үлес салмағы аз және жылу өткізгіштігі төмен материалдан дайындалған жылулық оқшауламасы болу керек. Оқшауламаның сыртқы бетінің температурасы 550С-тан жоғары болмауы қажет.

480. Электродты қазандық жеке үй-жайға қойылуға тиіс. Бұл үй-жайда технологиялық жабдықты, қорғаушы және автоматика құрылғыларын орналастыруға болады. Жұмыстық кернеуі 1000 В дейінгі электродты қазандықтарды өндірістік үй-жайларда басқа да жабдықтармен бірге қоюға рұқсат етіледі. Қазандық үй-жайында жылыту немесе ыстық сумен жабдықтайтын жүйеден апатты және жөндеу кезіндегі суларды жинап алатын құрғатқыш құрылғылары қарастырылуы қажет.

481. Жұмыстық кернеуі 1000 В жоғары электродты қазандықта электротехникалық жұмыскерлерге арналған бөлек үй-жай қарастырылғаны жөн. Бұл үй-жайда телебасқару мен телеөлшегіш пульті, сонымен қатар, қорғаушы автоматика құрылғылары қойылуы мүмкін.

482. Энергияны тұтыну кестесін теңестіру қажеттілігінен жүргізіп реттеуші құрылғылары болмайтын жылуды пайдалану жүйелерінде электродты қазандықтарды пайдалануға жол берілмейді. Электродты қазандықтар берілген жұмыстың кестесіне сәйкес автоматты құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

483. Кернеуі 1000 В жоғары электродты бу қазандықтарын белгіленген тәртіппен тіркеп, тексеру және сынақ жасаған соң ғана пайдалануға жол етіледі.

484. Электродты қазандықтар автоматты немесе басқару пульті жұмыс режимін қалыпты жүргізуді қамтамасыз етуші, автоматты және қашықтан басқару құрылғыларының болуы кезінде, сондай-ақ, басқару пультінде жұмыс режимінің бұзылу сигналының берілуі кезінде қазандық тоқтатылуын қамтамасыз етуші қорғауышының болуы кезінде қызметшінің тұрақты кезекшілігісіз нақ жұмыс істей алады. Бұл кезде қазандықты басқару пульті арқылы тоқтату мүмкіндігі қарастырылуға тиіс.

485. Кернеудегі электродты қазандықтардың қуаттылығын реттеуге жол етілмейді.

486. Электродты қазандық:

1) жазатайым оқиға кезінде;

2) қашықтан және автоматты басқару құрылғыларында, сондай-ақ барлық бақылау-өлшеу приборларында кернеулердің жоғалуы;

3) қазандықтағы қысым жоғарылауының рұқсат етілгеннен 10%-ға көтерілуі және оның өсе түсуі;

4) су жылытқыш қазандық арқылы жұмсалатын судың ең аз мүмкіндікті деңгейінен төмендеуі немесе тоқтатылуы, сонымен бірге, өндірістік нұсқаулықпен қарастырылған басқа да оқиғаларда дереу өшірілуі қажет.

Жергілікті өндірістік нұсқаулықта, сондай-ақ апатты жай-күйді жоюдың, электродты қазандықты жүргізіп қосудың тәртібі де көрсетілуге тиіс.

487. Қазандыққа қойылатын, кернеуі 1000 В-тан жоғары болатын әрбір қазанда жөндеу түрі, қарап шығу нәтижелері, бөлшектерін алмастыру туралы мағлұматтар, апатты оқиғалар туралы деректері жазылып, айы-күні қойылатын журнал болуы қажет.

488. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электродты қазандықтарды қарап шығу әрбір жылыту маусымының алдында атқарылады, ал кернеуі 1000 В-тан жоғары қазандықтарды - кестемен белгіленетін белгілі бір кезеңділік арқылы, бірақ айына бір реттен жиі емес болуы тиіс. Қарап шығу электр қондырғылары жауапты адамы бекітетін жергілікті өндірістік нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қарап шығу нәтижелері мен олқылықтарын жою бойынша шаралар қарап шығуды жүргізуші қызметкер қолын қоятын журналға енгізіледі.

489. Жоспарлы-сақтықты жөндеу кернеуі 1000 В-тан жоғары қазандықтар үшін арнайы кестемен белгіленген кезеңділігі арқылы жүргізіледі, бірақ айына бір реттен жиі емес. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі жоспарлы-сақтықты жөндеудің қажеттілігін тұтынушының техникалық басшысы немесе жөндеуді жүргізуші ұйым анықтайды.

490. Электродты қазандықтарға алдын алу сынақтарын жасау және өлшеу электр жабдығына сынақ жасау нормаларына сәйкес атқарылуға тиіс.

 

 



Тұтынушылардың технологиялық электр станциялары

 

491. Осы тарау тұтынушылардың электрқабылдағыштарын қоректендіретін негізгі, қысқа мерзімді, қарқынды, резервтік және апаттық көздері ретінде пайдаланылатын бірлі-жарым қуаттылығы 10 000 кВт-ға дейінгі агрегаттар арқылы (бұдан әрі - тұтынушылардың технологиялық электр станциялары), белгіленген қуаттылығы 30 000 кВт-ға дейінгі электр энергиясының тұрақты жылжымалы (бензинді, дизельді, газтурбиналы) көздеріне таратылады.

492. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларындағы электр машиналары, аппараттар, приборлар және тағы басқа жабдықтың конструкциясы, атқарылуы және оқшаулама класы, сондай-ақ, сымдар мен кәбілдер, тораптар мен электрқабылдағыш параметрлеріне, қоршаған ортаның жағдайларына және сыртқы әсер етуші факторларға сәйкес келуге немесе осы әсер етулерден қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларында пайдаланылатын жабдық, аппараттар және басқа да құрылғылар белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар талаптарына сәйкес келгені жөн.

493. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларын қою және тұтынушының торабына (электр қабылдағышына) қосу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуі қажет. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының жобасыз шағын қуаттылығында (200 кВт) қойылуы кезінде, электр қондырғы құрылғыларының Қағидалары және дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтары орындалуға тиіс.

494. Жабдығы, қорғаушы және автоматика құрылғылары, бақылау-өлшеу приборлары мен сигнализациясы, сымдары мен кәбілдері, қорғаушы құралдары толықтай құрастырылып жиналған және қажетті көлемінде тексеріліп, сынақтан өткізілген тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының пайдаланылуына жол беріледі.

495. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының пайдаланылуға қабылдануы кезінде электр станциясының бейтарапты жұмыс режимі мен электр қауіпсіздігінің қорғанысты шаралары тұтынушылардың тораптарында (электрқабылдағыштардағы) қабылданған бейтарапты жұмыс режимі және қорғанысты шараларына сәйкес болуы қажет.

496. Тұтынушының тораптарына (электрқабылдағыштарына) апаттық немесе резервтік тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының қолмен қосылуын тек коммутациялық аппараттар арасында тұтынушының торабында және энергиямен жабдықтаушы ұйымның торабында кернеудің бір мезгілде берілу мүмкіндігін болдырмайтын блоктағыштарды болуы кезінде ғана рұқсат етіледі.

497. Энергетика жүйесі жағынан кернеудің кенеттен жоғалып кетуі жағдайында апаттық немесе резервтік тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының автоматты қосылуы энергиямен жабдықтаушы ұйымның торабынан тұтынушы электр қондырғыларының коммутациялық аппараттарын алдын ала өшіруді және келесісінде электр станциясынан электрқабылдағыштарға кернеудің берілуін қамтамасыз етуші автоматика құрылғысы көмегімен жүзеге асырылуға тиіс.

498. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының пайдаланылу кірмесіне дейін энергиямен жабдықтаушы ұйымның торабымен қатар болуы мүмкін жұмысына тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының жұмыс режимін анықтаушы нұсқаулығын әзірлеп, энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келістіріп алған жөн.

499. Негізгі және қысқа мерзімді қарқынды режимде тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының қосылуы мен өшірілуін электр энергиясы коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесі тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының баланстық құрамында болу шегіне қойылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйымның (электр тораптарының) жедел жұмыс атқарушы қызметшісінің хабарлауы арқылы жүзеге асырылады.

500. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларына қызмет көрсету үшін электр қауіпсіздігі бойынша біліктік тобын иемденген, дайындығы бар қызметші бөлінуге тиіс. Қызмет көрсететін жұмыскер өзінің әрекеттерінде нормативтік құжаттарға сәйкес тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының пайдаланылуы және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық талаптарды басшылыққа алғаны дұрыс.

501.Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының жөнделуі және техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі үшін дайындаушы зауыт құжаттамасын есепке алу мерзімдері белгіленуі керек. Резервте болатын станцияны қарап шығу 3 айда бір реттен жиі болмауы қажет.

502. Тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының жүргізілуіне дайындық, оның бос жүрісті немесе жүктемеде жұмыс істеуінің жалғасуы, сонымен бірге, станция жұмысын қарап шығу және тексеру нәтижелері пайдалану құжаттамасында толтырылуы қажет.

503. Резервтік тұрақты немесе жылжымалы тұтынушылардың технологиялық электр станцияларының болуы, олардың белгіленген қуаттылығы және нақты көрсеткішті кернеудің мәні туралы мағлұматтар энергиямен жабдықтау келісімшартында көрсетіліп, электр схемаларында кескінделеді.

504. Электр жабдығы (генераторлардан басқа), жерге тұйықтау құрылғылары, аппараттар, сымдар мен кәбілдердің т.б. параметрлерін өлшеу, сондай-ақ алдын алу сынақтарын жасау нормаларға сәйкес жүргізіледі.

 

 



Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштар

 

505. Қағидалардың осы тарауы мыналарға:



кернеуі 1000 В дейінгі тасымалданатын (алып жүруге болатын), жылжымалы электрқабылдағыштар, сондай-ақ оларға қосалқы жабдықтарға;

кернеуі 1000 В дейінгі және шықпалы кернеуі 1000 В аспайтын электрқабылдағыштар болып табылатын тасымалданатын, сынақ жасайтын жылжымалы электр қондырғыларына таратылады.

Көрсетілген құрылғылардың конструкциясы көлік құралдарын қолданбастан, оларды мақсаты бойынша қолмен алып жүру мүмкіндігін көздейді.

506. Тасымалданатын, жылжымалы электрқабылдағыштардың нақты түрін пайдалануды ұйымдастыру кезінде (электр аспап, электр машиналары, шырақ шамдар, дәнекерлегіш қондырғылар, сорғылар, пештер, компрессорлар, релелік қорғау автоматикасының қарапайым және күрделі құрылғыларын сынақтан өткізуге арналған, алғашқы токпен релелік қорғау автоматикасы құрылғыларын және кернеуі 1000 В дейінгі автоматты айырғыштарды күш түсіру және сынақ жасауға арналған қондырғылар), соларға қосалқы жабдықтың (тасымалды таратқыш және төмендеткіш трансформаторлар, кернеудің түрлендіргіштері, қорғаушы өшіргіш құрылғы, ұзартқыш кәбілдер және т.б.) аталған Қағидалар мен қауіпсіздік қағидалары, дайындаушы зауыт құжаттамасында баяндалып, соларға қойылатын қосымша талаптар ескерілуі қажет.

507. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарда, соларға қосалқы жабдықта, бұған қоса, міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдерде Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттары болуы қажет.

508. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды қолдануға тек паспортында олардың тағайындалуы көрсетілуіне сәйкес беріледі.

509. Әрбір тасымалданатын, жылжымалы электрқабылдағыштың, соларға қосалқы жабдық элементтерінің мүліктік нөмірлері болуы қажет.

510. Тасымалданатын немесе жылжымалы электрқабылдағыш пайдаланылатын жұмысқа электр қауіпсіздігі бойынша топтық деңгейі бар және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық алудан өткен қызметшілерге рұқсаттама беріледі.

511. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды электр қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырушы жарылғышты жалғамалар немесе тұтастырылған жалғамалар көмегімен электр торабына қосуды (өшіру) сонымен жұмыс істеуге жіберілген қызметшінің атқаруына рұқсат беріледі.

512. Тасымалданатын, жылжымалы электрқабылдағыштарды, оларға қосалқы жабдықты жинамалы түйіспелі жалғамалар көмегімен электр торабына қосуды және олардың электр торабынан ажыратылуын электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ тобы бар, аталған электр торабын пайдаланушы электротехникалық жұмыскер орындауға тиіс.

513. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды, оларға қосалқы жабдықты кезеңді тексеріп, жарамды жай-күйде ұстап тұру үшін тұтынушы басшысының жарлығымен жауапты қызметші немесе ІІІ тобы болатын жұмыскер тағайындалуы керек. Осы қызметшілер тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды, соларға қосалқы жабдықты тексеру мен жөндеуді, мүліктік есепке алуды тіркейтін журналды ашып, жүргізуге міндетті.

514. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштар, оларға қосалқы жабдық алты айда бір рет кезеңді тексеруден өтуі қажет. 692-тармақта көрсетілгеніндей, қызметшілердің тексеру нәтижелері тасымалды және жылжымалы электрқабылдағыштарды, оларға қосалқы жабдықты кезеңді тексеру және жөндеу, мүліктік есепке алынуы тіркелетін журналда қамтылып жазылады.

515. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды, оларға қосалқы жабдықты кезеңді тексеру көлеміне кіретіндері:

1) сыртынан қарап шығу;

2) жұмысты 5 минут бойы бос жүрісті және жүктемемен тексеру;

3) оқшаулама кедергісін өлшеу.

516. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды, соларға қосалқы жабдықты пайдалану процесінде осы электрқабылдағыштары мен соларға қосалқы жабдық, құжаттамада келтірілген дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден, сынақ жасау және өлшеуден, жоспарлы-сақтықты жөндеулерден өтуге тиіс.

517. Тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды, соларға қосалқы жабдықты жөндеуді мамандандырылған ұйым (бөлімше) жүргізеді.

518. Қолайсыз жағдайларда, аса қауіпті үй-жайларда және қауіптілігі жоғары үй-жайларда 0 класты тасымалданатын және жылжымалы электрқабылдағыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

Тұтынушылардың электр



қондырғыларын техникалық

пайдалану қағидаларына

қосымша

 

 



Тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануға
жауапкершілік жүктеу туралы міндеттеме-өтініш

 


____________________________________

ұйым атауы

____________________________________

Т.А.Ә.

электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жауапкершілігін жүктейді.

 

Келісілді



Мемэнергобақылау басқармасының бастығы

_____________________________________

(қолы, аты-жөні, тегі)

«___» ___________ 20__ ж.

                                 М.О.



Мемэнергобақылау басқармасының бастығына

________________________________________

Т.А.Ә.

________________________________________

(қолы, аты-жөні, тегі)

________________________________________

________________________________________

берілген куәліктің № ___________________ Тұратын мекенжайы:

________________________________________

________________________________________

«___» __________ 20__ ж.

 

Міндеттеме-өтініш

 

Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану қағидаларының



9-тармағына сәйкес Сізден __________________________________________________________________________________

(керексізі сызылсын)

мекенжайы бойынша орналасқан ____________________________________________________________________________

ұйым атауы

осы нысан басшысына, иесіне ________________________________________________________________________________

толық Т.А.Ә.

______________________________________________________________________ электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану

жауапкершілігі жүктелуіне келісім беруді сұраймын.

Мен қолданысты ережелер және басқа да нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес осы нысанның электр қондырғысын пайдалануға және күтіп-ұстауға міндеттенемін. Кернеуі 380 В-тан жоғары электр қабылдағыштарым жоқ.

«___» _______________ 20___ ж.    ___________________________________

Басшының, иесінің қолы

 

Тексерілді:



Мемэнергобақылау инспекторы _________________________________________

мөртабан және қолы

_____________________________________________________________________

Инспектордың тегі және аты-жөні

«___» ____________ 20___ ж.

Электр қондырғысын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты алды:

 

_____________   _______________________________



қолы             тегі және аты-жөні

Нұсқаулықты жүргізген _____________   _______________________________

қолы             тегі және аты-жөні

 

«___» _____________ 20___ ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет