Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер



бет11/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қазақ жері


Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!


Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Сырласып сал сері кеткен жер.
Ғашықтар бір бірін өпкен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

/Мұқағали Мақатаев/




Есімше. М.Жұмабаев «Туған жер», Қ.Аманжолов «Туған жер»


Етістіктің ерекше бір түрі – есімше. Оның ерекшелігі - әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады.


Есімшенің үш түрі бар:
1.Келер шақтық есімше
2. Бұрынғы өткен шақтық есімше
3. Ауыспалы өткен шақтық есімше
Келер шақтық есімше етістіктің түбіріне -ар, -ер, -р жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Ертең ол айтар (Завтра он возможно скажет). Бұрынғы өткен шақтық есімше -ған/-ген, -қан/-кен, жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Мен саған айтқанмын (Я тебе говорил (когда-то).
Ауыспалы өткен шақтық есімше алдымен етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтары жалғанып, бұлардан соң есімшенің -тын, -тін жұрнақтары жалғау арқылы жасалады. Марал бұрын қонаққа жиі бар-а-тын. (Марал раньше часто ходила в гости).

1-жаттығу. Мына етістіктерді келер шақтық есімшеге қойыңыз.


Қуанау, стау, орындау, сатып алу, әңгімелесу, билеу, жазу, дайындау.

2-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыздар.


Айтқан адам, сатылған зат, ауырған кісі, қалған жұмыс, оқыған бала, жазылған хат, келген адамдар.

3-жаттығу. Мына етістіктерді ауыспалы өткен шақта жіктеңіз.


Жүгіру, секіру, апару, көшіру, үндемеу, дайындалу, есептеу, шаңғы тебу.


Мағжан Жұмабаев “Туған жер”

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,


Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер,
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім.


Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім .

Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,


Қалың нуың, қыр-суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет