Жалғаулықтар. Ақсүйек
Өзара тең тұрған сөздерді (бірыңғай мүшелерді), сөйлемдерді (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.
Түрлері (Типы)
|
Жалғаулықтар (Союзы)
|
І. Салаластырғыш (Сочинительные)
1. Ыңғайластық (Соединительные)
|
мен (бен, пен, менен) да (де, та, те) және, әрі, әм
|
2. Талғаулықты (Разделительные)
|
әлде, бірсе, я, бірде, болмаса, не, немесе, яки, құй, мейлі
|
ІІ. Сабақтастырғыш (Подчинительные)
1. Қарсылықты (Противительные)
|
бірақ, алайда, әйтседе, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, дегенмен, онда да, сондада, сөйтсе де
|
2. Себепті (Причинные)
|
себебі, өйткені неге десең, не үшін десең
|
3. Салдарлық (Следственные)
|
сондықтан, сол себепті, сол үшін, соның үшін
|
4. Шарттық (Условные)
|
егер, егер де, алда-жалда
|
5. Айқындағыш (Уточняющие)
|
яғни, демек
|
6. Ұстастырғыш (Присоединительные)
|
ал ендеше, ендеше, олай болса, онда
|
1-жаттығу. Текстен жалғаулықты шылауларды тауып, мағынасына қарай топтаңыздар.
Мағаш пен Кәкітай осы тұста бөгеліп қалды да, Әбіш ілгері басты. Абайдың қысылғанын Ділда сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ. Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Шоқанның Қащқариядан қайтып Омбыға келген хабары Петербургқа да барып жетті. Мына баланың ауылға асығуын-ай. Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты. Сорлы бала қыстай іш құса болып қалған-ды.
Ақсүйек
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдап алынады. Ойын үшін ірі қараның (крупный рогатый скот), жылқының, түйенің кепкен жілік сүйегі пайдаланылады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Жеребе тасталып, ойынды бастаушы анықталады. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топ ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Жеребеде бірінші кезек алған топтың бастығы сүйекті алысқа лақтырады. Енді екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы қуып жетіп, сүйекі тартып алса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Бұған топтың басқа да ойыншылары көмекке келуі керек. Ойын жалғасып, қайталана береді. Жеңілген топ ойыншылары ән салуға немесе басқа бір өнер көрсетуге тиіс.
Бұл ойын жастарды қараңғыда бағдарды айыра білуге және жылдам жүгіруге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |