Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Қасым Аманжолсв “Туған жер”



бет12/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қасым Аманжолсв “Туған жер”


Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:


Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер,


Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!


Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, –
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.


Туынды етістіктер.Етістіктің шақтарын қайталау. Табиғат болашағы. Ортаның, судың,ауаның ластануы.С.Сейфуллин “Көкшетау”.


Туынды етістіктер деп түбір етістікпен және басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған дара етістіктерді айтамыз.
Туында етістіктер әр түрлі сөз табынан болған түбірге жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтар

Негізгі сөздер

Туынды етістіктер

-ла/-ле,
-да/-де;
-та/-те

ой – мысль
арман – мечта
бас - начало

ой-ла-у – думать
арман-да-у – мечтать
бас-та-у - начинать

-лас/-лес;
-дас/-дес;
-тас/-тес

бір – один
ақыл – ум
сот – суд

бір-лес-у – объединяться
ақыл-дас-у – советоваться
сот-тас-у – судиться

-а/-е

ат – имя
түн – ночь

ат-а-у – называть
түн-е-у – ночевать

-қар/-кер;
-ғар/-гер

бас – голова
ес – память

бас-қар-у – возглавлять
ес-ке-ру – помнить

-ар/-ер

ақ – белый
көк – синий/зеленый

ағ-ар-у – белеть
көг-ер-у – синеть/зеленеть

Жұрнақтар үндестік заңы бойынша жалғанады.


1-жаттығу Төмендегі сөздерден –а/-е жұрнақтары арқылы туынды етістік жасаңыз
Ат,түн, тең, түз, бос
2-жаттығу –ла/-ле,-да/-де,-та/-те жұрнақтарын пайдаланып,төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз
Мереке, мейрам, құрмет, бас, есеп, сурет, ой, баян, тіс, жаза, баға,гүл, арман, ара

3-жаттығу Мына сөздерді оқып, олардың қалай жасалғанын түсіндіріңіз


Помогать,освобождаться,разговоривать,укорачиваться,лечить,искать, начинать,здороваться, возглавлять

“Етістіктің шақтары” бойынша жаттығу жұмыстары


1-жаттығу Мына етістіктерді мақсатты келер шаққа қойып, сөйлем құраңыздар


Сөйлесу, апару, орналасу, өлшеу, үйрену, зерттеу, дайындалу, іздеу.
2-жаттығу Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар
Я завтра собираюсь пойти в театр. Мы сегодня вечером идем в гости. Он,наверное,отправит письмо завтра. К нам на следующий год приедут родственники из России. Вы,наверное, пригласите гостей в пятницу. Мы собираемся подготовиться к уроку. Они намерены ждать их завтра. Можеть быть я поговорю с ним. Она, скорее всего,переедет в другой город.


Табиғат болашағы. Ортаның, судың, ауаның ластануы

Адамзат ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі – ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Өнеркесіптің, шахтаның, кен орындарының шайындылары арқылы суға тірі ағзалар, қалдықтар барады. Олардан судағы жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады.


Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын.
Қазіргі кезде ауаны жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден т.б. шығатын қалдықтар ластауда.
Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қаланың үстін түтінді тұман басып жатады. Ол тұман газ бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп, ауа температурасы біршама көтеріледі. Ауаның бұзылуынан адамдардың тыныс алу жолдары ауруға көп ұшырауда. Сол сияқты, орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Сөздік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет