Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер



бет20/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Жазба жұмысы.
Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. «Шоқан» деген ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.
Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.
Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихи мен этнографиясына байланысты материалдар жинады.
Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын, өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді.
1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П. П. Семенов Тян-Шанскиймен, Ф. М. Достоевскиймен дос болды. Ф. М. Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е.И.Ковалевский Шоқанды «қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы», - деп атады. Потанин оны «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деді.
Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым академиясының Тари, археология және этнография институтына Шоқан Уалихановтың есімі берілді.
Модаль сөздер. Б.Саттарханов.
Модаль сөздер айтушының пікірін, оның болған жайларға бағасын, сонымен бірге сөйлеушінің сезімін білдіреді: Әрине, саған бәрі бір! Кешігіп қалған шығармыз

Модаль сөздер қазақ тілінде көп емес. Олардың негізгілері мыналар:


Рас – действительно, верно, правда расында- на самом деле
Мүмкін – наверное, возможно, керек,қажет–необходимо, нужно
Шығар, болар- может быть тиіс – должен
әрине – конечно ғой – же
шынында – в действительности екен- оказывается
секілді, тәрізді, сияқты – как будто, как, кажется
шамасы – видимо, вероятно
ықтимал – вероятно
Мағынасына қарай оларды екі негізгі топқа бөлуге болады:



1. Болымды модаль сөздер

Рас, әрине, шынында, әлбетте, бәсе, ғой, керек, қажет

2. Болжаулық модаль сөздер

Мүмкін, шығар, болар, секілді, тәрізді, сияқты, тиіс, екен, шамасы, ықтимал



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет