1-жаттығу. Септеулік шылауларды тауып, оларды қай септікте тұрғанын, қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтаңыздар.
Лейтенант орман шетіндегі зеңбіректер тұрған жерге қарай тұра кеп жүгірді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп келе жатқан менің алдыма келіп түсті. Полк командирі кеткеннен кейін, көп кешікпей, дем ала алмай ентігіп, түсі қашып, шәпеті денелі рота командирі пулеметшінің қасына жетті. Мақсаттың үйіне қарай булыға жүгірді. Онда Зылиқа сияқты жексұрындар бар ғой. Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр. Ғазиз әуелі сескеніп, кейін шегіншектеп кеткен.
Өздері тіркесетін сөздерге қосымша реңк үстейтін мағыналарын күшейте түсетін көмекші сөздер демеулік шылаулар деп аталады.
Түрлері (Типы)
|
Демеуліктер (Частицы)
|
1. Сұраулық (Вопросительные)
|
ма (ме, ба, бе, па, пе), ше
|
2. Күшейткіш (Усилительные)
|
-ақ, -ау, -ай, да (де, та, те), шы (ші)
|
3. Нақтылық (Достоверности)
|
қой (ғой), ды (ді, ты, ті)
|
4. Шектік (Ограничения)
|
қана (ғана), -ақ, тек
|
5. Болымсыздық (Отрицания)
|
түгіл, тұрсын, тұрмақ
|
6. Көңіл-күй (Эмоциональные)
|
-мыс, (-міс), екеш
|
2-жаттығу. Демеулік шылауларды тауып, мағынасына қарай топтап жазыңыздар.
Ауыл иелері Ақботаның артынан ұзақ қарап қалғанды. Ұлпан мен Шынар да бір-екі рет “алтыбақан” теуіп түсті. Сондай да сөз бола ма екен? Табиғаттың өзі-ақ адамға алуан түрлі сабақ беріп тұрған тәрізденеді. Апырау, Баукеннің атын сататын батырлар бар екен-ау. Скифтер қола дәуірінде өмір сүрген деседі-мыс. – Тірі ме, құлыным, жаны бар ма кеудесінде? – деп Тоқбике зар еңірейді. Бірақ Әбекең ол өлеңнің қай кітабында жарияланғанын еске түсіре алмаған. Генерал мен ақынның сенің әр тұлғаңды суреттеген сөзі мен жырын мақтаныш етемін мен!
Бәйге
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі көшпенді болғандықтан, ат жарыстары мен ат үстінде әр түрлі ойындар қазақ халқында кең тараған. Ат жарысы бірнеше түрге бөлінген: тай, құнан, дөнен, жорға т.б.
Аламан бәйге – бұл жарысқа ұзын және өте ұзын қашықтықтар (25, 50, 100 шақырым) белгіленген, ол ең ежелгі және танымал ойындарға жатады. Оның пайда болуы көшпенді тұрмыспен, аттарды ұзақ өткелдерге дайындықпен тығыз байланысты. Аламан бәйге ірі ұлттық мейрамдардың бағдарламасында бірінші және негізгі түрі болып табылады. Жарыстар табиғи бөгелістері бар, кең далада өткізілген. Аттардың саны мен олардың тұқымдарына шек қоймаған.
Аламан бәйге баланы табандылыққа , батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттық ойынның қызық та қиын түрі болып табылады. Ал бәйгеге қосатын атты баптау және оған мініп шабатын баланы іріктеп алу да оңай шаруа емес.
Жорға жарысының өзіне тән ерекшелігі бар. Жорғалардың алдыңғы аяқтары мен артқы аяқтары бірдей түсіп, қанша тез жүгіртсе де, өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісінен таймауы керек. Осы талап тұрғысындағы жорғаларды халқымыз «су жорға» деп атаған. Бұл ат жорғалағанда үстінде аузы ашық ыдысқа құйып ұстап отырған су төгілмейді дегенді білдіреді. Жорғасынан тайса, жорға иесі айып төлеген, тіпті жарыстан да шығарып тасталған. Жорға жарысы қысқа қашықтықта- 2-3 шақырым аралықта өткізілген.
Сөздік
табандылық – стойкость
талап – требование
бірге түсу – ступать одновременно
талап тұрғысындағы – по этим требованиям
батылдық – смелость
іріктеу – выбирать
оңай шаруа емес – не легкое дело
тапқырлық – находчивость
тұқым – порода
табиғи бөгеліс – естественные преграды
ұзақ өткел – длинный переход
көшпенді тұрмыс – кочевой быт
ежелгі – древний
танымал – популярный
құнан – жеребенок трехлеток
жорға – иноходец
дөнен – четырехлетний конь
тай – стрегун (годовалый жеребенок)
таймау – не сходить
Достарыңызбен бөлісу: |