Алтыбақан жазда ойналады. Алтыбақанды құру үшін ұзындығы 3-4 метрдей ұзын алты сырық ағаш және көлденең қоятын бір сырық пен мықты үш арқан керек. Мосыға ұқсатып үш-үштен сырғауылды бір жақ басынан байлайды да, екі жерге қадап, төбесінен көлденен тағы бір сырық қояды. Сонан соң оны сырықтармен қосып, жылжып кетпес үшін арқандармен мықтап байлайды. Үш арқан да осылай екі жағын мықтап байланады. Алтыбақан тебушілер екі-екіден жақтаудағы және ортадағы арқанға аяқтарын тірейді. Арқандар не тым биік, не жерге тиердей тым аласа болмауы керек. Алтыбақанға отырған екі ойыншы ән бастайды. Жерде тұрып, екі жағынан тербетіп тұрған екі ойыншы оларға қосылады да, қалғандары да бірге қосылып ән айтады. Алтыбақаннан шыққан ән кешке жақын бүкіл ауыл адамдарына естіліп тұрады.
Сөйтіп, ойнаушыларды алтыбақанға кезек-кезек отырғызып, алмастыра береді. Олар өздері білетін әндерін айтады. Қалғандары оларды кезекпен тербеп, әнге қосылады. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
Сөздік
Құру – строить, создать
Сырық ағаш – длинный шест с развилиной служащий подпоркой в юрте во время сильного ветра
Байлау – связывать; завязывать
Естілу – слышаться
Жылжыту – передвинуться
Жалғаса береді – продалжается
Қосылады – присоединяются
Мықтап – прочно, крепко
Алмастыру – чередование, обменивать
Қадау – воткнуть
Тіреу – подпирать
Тербету – укачевать
Септеулік. Демеуліктер. Бәйге
Атаушы сөздер арасындағы мезгілдік, мекендік, мақсаттық, себептік қатынастарды білдіріп, байланыстырушылық қызметте жұмсалатын көмекші сөздер септеулік шылаулар деп аталады. Септеуліктер белгілі бір септік жалғаудағы сөзбен тіркесіп, оның грамматикалық мағынасын нақтылап, толықтыра түседі.
Меңгерілетін септіктер
(Падежи)
|
Септеуліктер
(Послеслоги)
|
1.Атау (Именительный)
|
арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы
|
2. Барыс (Дательно-направительный)
|
дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, торта, жуық, таяу
|
3. Шығыс (Исходный)
|
бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек,өзге
|
4. Көмектес (Творительный)
|
қатар, бірге, қабат, қоса
|
Достарыңызбен бөлісу: |